Дүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні 1953 жылдан бастап, «Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы Жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсететін болған.
1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ түстегі Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.
Дереккөздер
- 8 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dүniezhүzilik Қyzyl Zharty aj zhәne Қyzyl Krest kүni 1953 zhyldan bastap Қyzyl Krest zhәne Қyzyl Zharty Aj halykaralyk kozgalysy halykaralyk kogamynyn negizin kalaushy shvejcar gumanisi kogam kajratkeri Nobel syjlygynyn iegeri Anri Dyunannyn kurmetine zhyl sajyn atap otiledi Al kozgalystyn ozi 1863 zhyly Zharalylarga komek korsetu zhonindegi halykaralyk komissiya kurylgan kezde pajda bolyp algashynda sogys majdangerlerine zhәne urys barysynda zharakattangandarga komek korsetetin bolgan 1864 zhyldyn tamyzynda Shvejcariyada kol kojylgan konvenciyaga sәjkes dәrigerler men medicina kyzmetkerlerinin simvoly retinde ak tүstegi Қyzyl Krest alyngan 1906 zhyly Osman imperiyasynda musylman elderinin Қyzyl Krestke uksas Қyzyl Zharty aj kajyrymdylyk kory kuryldy Osy eki kauymdastyk ta Zheneva kalasynda shtab pәteri ornalaskan Halykaralyk komitetke bagynyshty Әskeri uakytta Komitet sogysushy eldermen zhәne Қyzyl Krest pen Қyzyl Zharty aj aumaktyk bolimsheleri arasynda deldalyk kyzmet atkarady Bul ujymnyn okilderi tutkyndar men boskyndar lagerleri ajmagyna bogetsiz otu kukyktary bar Bүgingi tanda zhogaryda atalgan eki kozgalys әlemnin 180 elindegi 400 millionnan astam adamdy biriktiredi 2002 zhyly Қazakstan Respublikasynyn Қyzyl Zharty aj ulttyk kogamy kurylyp 2003 zhyldyn zheltoksan ajynda Қyzyl Krest zhәne Қyzyl Zharty aj kogamdary Halykaralyk federaciyasyna kabyldandy Derekkozder8 mamyr ҚAZAҚPARAT KҮNTIZBESI ATAULY KҮNDER OҚIҒALAR ESIMDER