Дүзен – тас дәуіріндегі адамдар тұрағы. Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағалауындағы биік төбе үстінде орналасқан.
1992 жылы Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Шашылып жатқан тас құралдарға қарағанда тұрақ аумағы 6 га-дан асады. Тас дәуірі адамдарының бұл төбені тұрақты мекен етуінің себебі, ол құрал-жабдық жасауға ыңғайлы күлгін, сарғыш, қызғылт түсті шақпақ тастардан тұрады. Тас қазып алған бес шұңқыр сақталған. Олардың кейбірінің ернеуінің диаметрі 30 м, тереңдігі 2,5 м. Шұңқыр айналасында тас құрал жасауға ыңғайланып қойылған сопақша және жұмыр тастар өте көп. Сақталған кейбір құралдарға қарап, бұл жерде палеолиттен бастап, қола дәуіріне дейінгі тұрақ-шеберхана болғаны анықталды. Оған екінші бір дәлел — осы жерден алынған шақпақ тастан жасалынған құралдар Ұлытау, Жезқазған төңірегіндегі неолит, энеолит, қола дәуір тұрақтары мен қоныстарынан көп табылды. Тұрақ үстінде кейінгі кезеңдерде салынған үш тас оба (оның біреуі мұртты) және табиғи бор немесе гипс алған карьер бар. Дүзен — Орталық Қазақстанда, оның ішінде Ұлытау төңірегінде тұңғыш рет кездесіп отырған аумағы үлкен, әлі толық зерттелмеген құнды ескерткіш.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dүzen tas dәuirindegi adamdar turagy Ұlytau oblysy Ұlytau audanyndagy Қarakengir ozeninin on zhagalauyndagy biik tobe үstinde ornalaskan 1992 zhyly Ortalyk Қazakstan arheologiya ekspediciyasy zhetekshisi Zh Қurmankulov zerttegen Shashylyp zhatkan tas kuraldarga karaganda turak aumagy 6 ga dan asady Tas dәuiri adamdarynyn bul tobeni turakty meken etuinin sebebi ol kural zhabdyk zhasauga yngajly kүlgin sargysh kyzgylt tүsti shakpak tastardan turady Tas kazyp algan bes shunkyr saktalgan Olardyn kejbirinin erneuinin diametri 30 m terendigi 2 5 m Shunkyr ajnalasynda tas kural zhasauga yngajlanyp kojylgan sopaksha zhәne zhumyr tastar ote kop Saktalgan kejbir kuraldarga karap bul zherde paleolitten bastap kola dәuirine dejingi turak sheberhana bolgany anyktaldy Ogan ekinshi bir dәlel osy zherden alyngan shakpak tastan zhasalyngan kuraldar Ұlytau Zhezkazgan toniregindegi neolit eneolit kola dәuir turaktary men konystarynan kop tabyldy Turak үstinde kejingi kezenderde salyngan үsh tas oba onyn bireui murtty zhәne tabigi bor nemese gips algan karer bar Dүzen Ortalyk Қazakstanda onyn ishinde Ұlytau tonireginde tungysh ret kezdesip otyrgan aumagy үlken әli tolyk zerttelmegen kundy eskertkish DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz