Гравитация өрісі. Жердің білінетін ауқымдағы кеңістік ауырлық күші немесе гравитация (лат. гравитас - ауырлық) өрісі деп аталады. Ол біздің планета қойнауындағы массалардың таралу сипатын көрсетеді және тығыз байланысты. Жер бетіндегі әр нүктеге ауырлық күшінің белгілі бір шамасы тән. Жердің орталығында (центрінде) ауырлық күші нөлге тең.
Ауырлық күшінің жердегі өрісін зерттейтін ғылым гравиметрия деп аталады. Еркін құлау үдеуін арнайы құрал - гравиметр көмегімен елшейді. Жер бетіндегі немесе оған жақын ауырлық күші өрісін (Жердің гравитация өрісін) зерттеуге негізделген әдісті гравиметриялық әдіс немесе деп атайды.
Ауырлық күші Жердің массасына және тығыздығына байланысты. Жердің тығыздығын алғаш рет И.Ньютон 1736 ж. 5-6 г/см3 шамасында деп анықтаған. Осыдан кейінгі дәлдігі жоғары әдістер, яғни жер қыртысын құрайтын таужыныстар тығыздығына жүргізілген нақты өлшеулер 2,40-2,90 г/см3 шамасындағы мәнді береді. Заттың тығыздығы тереңге қарай артады. Жердің центрінде заттың тығыздығы 12,5 г/см3-тен асуы ықтимал.
Жер қойнауында қысым мен еркін құлау үдеуінің таралуы:
Жердің заты тереңдеген сайын өзінің үстінде жатқан таужыныстар қатқабатының қысымына ұшырайды да осыған байланысты оның тығыздығы артады. бойынша 1 км терендікте қысым 275 атм, жер қыртысы табанының маңындағы 50 км тереңдікте - 13 мың атм (1300 МПа). Мантия мен ядроның шекарасында (2900 км тереңдікте) қысым 1,3—1,4 млн атм шамасына жетеді, ал Жердің центрінде - 3 млн атмосферадан (300 ГПа) асады.
Ауырлық күшінің шамасы галмен өлшенеді (Г.Галилейдің құрметіне, ол еркін құлау үдеуін алғаш өлшеген ғалым). 1 гал = 1 см/с . Практикада әдетте галдың мыңнан бір бөлігі - миллигал пайдаланылады.
Жер бетінде ауырлық күшінің орташа мәні 979,7 галға тең. Ауырлық күшінің мәні заңдылық бойынша экватордан полюске қарай артады - 978,04 галдан 983,24 галға жетеді. Жер бетінің әр нүктесі үшін масса біркелкі деген жорамал бойынша ауырлық күшінің теориялық мәнін есептеп шығаруға болады. Бірақ жер қыртысындағы массалардың әркелкі болуы салдарынан, құлау үдеуінің өлшенген мәні қалыптыдан (теориялықтан) өзгеше. Ауырлық күшінің фактілік мәндері есептеп шығарылатын теориялықтан, яғни массалар таралуының әркелкілігіне және басқа себептерге байланысты ауытқулары гравитацияның аномалиялар (грекше "а" - кері, "«номос" - заң) деп аталады. Олар гравибарлауда кен іздеудің негізгі нысандары болып табылады.
Гравитация өрісінде аймақтық және жергілікті аномалиялар (ауытқылар) бөлінеді. Аймақтық аномалиялар ондаған және жүздеген мың км2 аудандарды алып жатады және жоғары (ондаған-жүздеген миллигал) қарқындылығымен ерекшеленеді. Олардың ауқымында жергілікті (локальдық) ауытқулар білінеді. Гравитациялық өлшеулер немесе гравитациялық түсіру нәтижелері бойынша гравитацияльщ карталар жасалады.
Жер затының тығыздығы оның койнауында сейсмикалық толқындар таралу жылдамдығын анықтайды. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындарды зерттеуге сейсмометриялық әдіс (немесе сейсмобарлау) негізделеді. Ол қазіргі кезде басқа геофизикалық әдістер арасында жетекші орын алады. Сейсмобарлауда серпімді толқындарды қоздыратын жасанды толқын көзі қажет. Бұл көз ретінде тереңдігі аз ұңғымалардағы жарылыс пайдаланылады. Сейсмикалық толқындар жылдамдық өзгеретін шекараға жеткенде шағылысып, тіркеуші жүйелерге түседі. Бұл жүйе құралдар сериясынан - сейсмографтардан тұрады. Жарылыс пунктінен әр сейсмографқа дейінгі қозғалыс уақыты графиктерге қисықтар түрінде салынады. Бұл қисықтар годографтарден аталады.
Мұнай мен газға жүргізілген іздеу-барлау жүмыстарына бағытталған сейсмобарлаудың алдына көмірсутек шоғырлануына қолайлы құрылымдарды іздеу мәселесі қойылады. Сейсмобарлау нәтижелері ең перспективалы бөлікшелерде қымбатқа түсетін жұмыстар жүргізуге — ұңғымалар бұрғылауға негіз болады.
Дереккөздер
- Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық. Алматы: ҚазҰТУ, 2008 ISBN 987-601-228-001-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gravitaciya orisi Zherdin bilinetin aukymdagy kenistik auyrlyk kүshi nemese gravitaciya lat gravitas auyrlyk orisi dep atalady Ol bizdin planeta kojnauyndagy massalardyn taralu sipatyn korsetedi zhәne tygyz bajlanysty Zher betindegi әr nүktege auyrlyk kүshinin belgili bir shamasy tәn Zherdin ortalygynda centrinde auyrlyk kүshi nolge ten Auyrlyk kүshinin zherdegi orisin zerttejtin gylym gravimetriya dep atalady Erkin kulau үdeuin arnajy kural gravimetr komegimen elshejdi Zher betindegi nemese ogan zhakyn auyrlyk kүshi orisin Zherdin gravitaciya orisin zertteuge negizdelgen әdisti gravimetriyalyk әdis nemese dep atajdy Auyrlyk kүshi Zherdin massasyna zhәne tygyzdygyna bajlanysty Zherdin tygyzdygyn algash ret I Nyuton 1736 zh 5 6 g sm3 shamasynda dep anyktagan Osydan kejingi dәldigi zhogary әdister yagni zher kyrtysyn kurajtyn tauzhynystar tygyzdygyna zhүrgizilgen nakty olsheuler 2 40 2 90 g sm3 shamasyndagy mәndi beredi Zattyn tygyzdygy terenge karaj artady Zherdin centrinde zattyn tygyzdygy 12 5 g sm3 ten asuy yktimal Zher kojnauynda kysym men erkin kulau үdeuinin taraluy Zherdin zaty terendegen sajyn ozinin үstinde zhatkan tauzhynystar katkabatynyn kysymyna ushyrajdy da osygan bajlanysty onyn tygyzdygy artady bojynsha 1 km terendikte kysym 275 atm zher kyrtysy tabanynyn manyndagy 50 km terendikte 13 myn atm 1300 MPa Mantiya men yadronyn shekarasynda 2900 km terendikte kysym 1 3 1 4 mln atm shamasyna zhetedi al Zherdin centrinde 3 mln atmosferadan 300 GPa asady Auyrlyk kүshinin shamasy galmen olshenedi G Galilejdin kurmetine ol erkin kulau үdeuin algash olshegen galym 1 gal 1 sm s Praktikada әdette galdyn mynnan bir boligi milligal pajdalanylady Zher betinde auyrlyk kүshinin ortasha mәni 979 7 galga ten Auyrlyk kүshinin mәni zandylyk bojynsha ekvatordan polyuske karaj artady 978 04 galdan 983 24 galga zhetedi Zher betinin әr nүktesi үshin massa birkelki degen zhoramal bojynsha auyrlyk kүshinin teoriyalyk mәnin eseptep shygaruga bolady Birak zher kyrtysyndagy massalardyn әrkelki boluy saldarynan kulau үdeuinin olshengen mәni kalyptydan teoriyalyktan ozgeshe Auyrlyk kүshinin faktilik mәnderi eseptep shygarylatyn teoriyalyktan yagni massalar taraluynyn әrkelkiligine zhәne baska sebepterge bajlanysty auytkulary gravitaciyanyn anomaliyalar grekshe a keri nomos zan dep atalady Olar gravibarlauda ken izdeudin negizgi nysandary bolyp tabylady Gravitaciya orisinde ajmaktyk zhәne zhergilikti anomaliyalar auytkylar bolinedi Ajmaktyk anomaliyalar ondagan zhәne zhүzdegen myn km2 audandardy alyp zhatady zhәne zhogary ondagan zhүzdegen milligal karkyndylygymen erekshelenedi Olardyn aukymynda zhergilikti lokaldyk auytkular bilinedi Gravitaciyalyk olsheuler nemese gravitaciyalyk tүsiru nәtizheleri bojynsha gravitaciyalsh kartalar zhasalady Zher zatynyn tygyzdygy onyn kojnauynda sejsmikalyk tolkyndar taralu zhyldamdygyn anyktajdy Zher kyrtysyndagy sejsmikalyk tolkyndardy zertteuge sejsmometriyalyk әdis nemese sejsmobarlau negizdeledi Ol kazirgi kezde baska geofizikalyk әdister arasynda zhetekshi oryn alady Sejsmobarlauda serpimdi tolkyndardy kozdyratyn zhasandy tolkyn kozi kazhet Bul koz retinde terendigi az ungymalardagy zharylys pajdalanylady Sejsmikalyk tolkyndar zhyldamdyk ozgeretin shekaraga zhetkende shagylysyp tirkeushi zhүjelerge tүsedi Bul zhүje kuraldar seriyasynan sejsmograftardan turady Zharylys punktinen әr sejsmografka dejingi kozgalys uakyty grafikterge kisyktar tүrinde salynady Bul kisyktar godograftarden atalady Munaj men gazga zhүrgizilgen izdeu barlau zhүmystaryna bagyttalgan sejsmobarlaudyn aldyna komirsutek shogyrlanuyna kolajly kurylymdardy izdeu mәselesi kojylady Sejsmobarlau nәtizheleri en perspektivaly bolikshelerde kymbatka tүsetin zhumystar zhүrgizuge ungymalar burgylauga negiz bolady DerekkozderZhalpy geologiya Zher dinamikasy Okulyk Almaty ҚazҰTU 2008 ISBN 987 601 228 001 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet