Қантүзілу немесе гемопоэз — қан жасушаларының түзілу, даму және толық пісіп жетілу процесі, яғни қан жасушаларының адам мен жануарлар организмінде белгілі бір қызмет атқаруға маманданған жасушаларға айналғанға дейін, көпсатылы дамудан өтетін күрделі процес. Омыртқасыз жануарларда қантүзу мүшелерінің жетілмеуіне байланысты қантүзілу негізінен қуыстық сұйықта және қанның өзінде, ал адам мен омыртқалы жануарларда бұл процесс қан жасау мүшелерінде жүреді. Қан тірі ұлпа ретінде ұрықтық кезеңде дамып жетіледі. Ал іштегі төл (нәресте) туғаннан соң, қанда негізінен физиологиялық қалпына келу процесі жүреді. Осыған байланысты қантүзілудің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық және туғаннан кейінгі қантүзілу.
Ұрықтық қантүзілу
Ұрықтық қантүзілу — қанның ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Қан мен қан тамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып дамиды. Аралшықтардың орталығында орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп, қан жасушаларының діңгекті клеткаларына айналады. Ал аралшықтардың шеткі жағындағы мезенхима жасушалары жалпақтанып бір-бірімен байланыса жалғасып, алғашқы қан тамырларының эндотелий қабаттарын түзеді. Қан тамырлары қуысындағы біріншілік қан жасушалары қатарларынан, өздерінің цитоплазмасында гемоглобин жинақтаған жасушалардан — біріншілік эритробласттар жетіледі. Олардың біраз бөлігі мөлшері әртүрлі ядролы және ядросыз ірі біріншілік эритроциттерге ( мен мегалоциттерге) айналады. Бұл процесті мегалобласттық қантүзілу деп атайды. Мегалобласттық қантүзілу адам мен жануарлардың эмбриондық кезеңіне тән процесс. Ал қалған біріншілік эритробласттардан ұзақ даму процесінің нәтижесінде есейген адамдар мен жануарлар эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі. Сарыуыз қапшығы қан тамырларының сыртқы жағындағы мезенхима клеткаларынан қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан дәншелі лейкоциттердің (гранулоциттердің) діңгекті жасушалары дамиды. Бұл процесс деп аталады. Бұдан кейінгі кезендерде сарыуыз қапшығы қабырғасында қалыптасқан діңгекті қан жасушалары қанның ағысымен ұрықтың қан жасау мүшелеріне барып қоныстанып орналасады да, ұрық организміндегі қантүзілу процесінің бастамасын жасайды. Ұрық организміндегі алғашқы қан жасушаларының түзілу процесі бауырда жүреді. Іштөлінің (іштегі нәрестенің) туу мерзіміне қарай бауырдағы қантүзілу процесі тоқтап, қанның түзілу процесі сүйектің қызыл кемігі майына ауысады. Қанның діңгекті жасушаларынан тимуста Т-лимфациттер жетіліп, одан соң көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Эритроциттердің, гранулациттердің, қан табақшаларының түзілу процестері сүйектің қызыл кемігі майында, ал В-лимфоциттердің бастама жасушалары алдымен сүйектің қызьш кемігі майында түзіліп, онан соң жетілу, көбею, мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндерінде жүреді.
Туғаннан кейінгі қантүзілу
Туғаннан кейінгі қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемік майының миелоидты(гр. myelos ми, жілік майы) және тимустың, көкбауырдың, лимфа түйіндері мен лимфа түйін- шіктерінің лимфоидты ұлпаларында жүреді. Туғаннан кейінгі кезеңінде қан жасушалары эмбриондық кезеңде ұрықтың қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанған қанның діңгекті жасушаларынан дамиды. Діңгекті жасушалар - барлық қан жасушаларына ортақ, олардың бастама ізашар жасушалары. Олар құрылысы мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас. Адам мен жануарлар организмдерінде діңгекті жасушалар сан жағынан әр уақытта салыстырмалы тұрақты деңгейде болады. Олар митоздық бөліну арқылы өздігінен қалпына келу қасиеттерімен ерекшеленеді. Діңгекті жасушалардан қанның қандай жасушаларының дамып жетілуі керек екендігін, оларды қоршаған қан жасау мүшелері стромасының микроорталары анықтайды. Сүйектің қызыл кемігі майы мен көкбауырда аталған микроортаны ретикулалы ұлпаның түрлі жасушалары, ал тимус пен фабриций қапшығында олардың стромасын түзетін торлы эпителий жасушалары құрайды.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қantүzilu nemese gemopoez kan zhasushalarynyn tүzilu damu zhәne tolyk pisip zhetilu procesi yagni kan zhasushalarynyn adam men zhanuarlar organizminde belgili bir kyzmet atkaruga mamandangan zhasushalarga ajnalganga dejin kopsatyly damudan otetin kүrdeli proces Omyrtkasyz zhanuarlarda kantүzu mүshelerinin zhetilmeuine bajlanysty kantүzilu negizinen kuystyk sujykta zhәne kannyn ozinde al adam men omyrtkaly zhanuarlarda bul process kan zhasau mүshelerinde zhүredi Қan tiri ulpa retinde uryktyk kezende damyp zhetiledi Al ishtegi tol nәreste tugannan son kanda negizinen fiziologiyalyk kalpyna kelu procesi zhүredi Osygan bajlanysty kantүziludin eki tүri azhyratylady Olar uryktyk zhәne tugannan kejingi kantүzilu Gemopoezdin karapajym syzbanuskasyҰryktyk kantүziluҰryktyk kantүzilu kannyn ulpa retindegi damu zhәne kalyptasu procesi Қan men kan tamyrlary uryktyn algashky damu satysynda uryk organizminen tys saryuyz kapshygynyn kabyrgasynda mezenhimadan kan aralshyktary retinde kalyptasyp damidy Aralshyktardyn ortalygynda ornalaskan mezenhima zhasushalary dongelenip kan zhasushalarynyn dingekti kletkalaryna ajnalady Al aralshyktardyn shetki zhagyndagy mezenhima zhasushalary zhalpaktanyp bir birimen bajlanysa zhalgasyp algashky kan tamyrlarynyn endotelij kabattaryn tүzedi Қan tamyrlary kuysyndagy birinshilik kan zhasushalary katarlarynan ozderinin citoplazmasynda gemoglobin zhinaktagan zhasushalardan birinshilik eritroblasttar zhetiledi Olardyn biraz boligi molsheri әrtүrli yadroly zhәne yadrosyz iri birinshilik eritrocitterge men megalocitterge ajnalady Bul procesti megaloblasttyk kantүzilu dep atajdy Megaloblasttyk kantүzilu adam men zhanuarlardyn embriondyk kezenine tәn process Al kalgan birinshilik eritroblasttardan uzak damu procesinin nәtizhesinde esejgen adamdar men zhanuarlar eritrocitterine uksas ekinshilik eritrocitter tүziledi Saryuyz kapshygy kan tamyrlarynyn syrtky zhagyndagy mezenhima kletkalarynan kalyptaskan birinshilik kan zhasushalarynan dәnsheli lejkocitterdin granulocitterdin dingekti zhasushalary damidy Bul process dep atalady Budan kejingi kezenderde saryuyz kapshygy kabyrgasynda kalyptaskan dingekti kan zhasushalary kannyn agysymen uryktyn kan zhasau mүshelerine baryp konystanyp ornalasady da uryk organizmindegi kantүzilu procesinin bastamasyn zhasajdy Ұryk organizmindegi algashky kan zhasushalarynyn tүzilu procesi bauyrda zhүredi Ishtolinin ishtegi nәrestenin tuu merzimine karaj bauyrdagy kantүzilu procesi toktap kannyn tүzilu procesi sүjektin kyzyl kemigi majyna auysady Қannyn dingekti zhasushalarynan timusta T limfacitter zhetilip odan son kokbauyr men limfa tүjinderinde kobejip mamandanady Eritrocitterdin granulacitterdin kan tabakshalarynyn tүzilu procesteri sүjektin kyzyl kemigi majynda al V limfocitterdin bastama zhasushalary aldymen sүjektin kyzsh kemigi majynda tүzilip onan son zhetilu kobeyu mamandanu procesteri kokbauyr men limfa tүjinderinde zhүredi Tugannan kejingi kantүziluTugannan kejingi kantүzilu procesi sүjektin kyzyl kemik majynyn mieloidty gr myelos mi zhilik majy zhәne timustyn kokbauyrdyn limfa tүjinderi men limfa tүjin shikterinin limfoidty ulpalarynda zhүredi Tugannan kejingi kezeninde kan zhasushalary embriondyk kezende uryktyn kan zhasau mүshelerine kelip konystangan kannyn dingekti zhasushalarynan damidy Dingekti zhasushalar barlyk kan zhasushalaryna ortak olardyn bastama izashar zhasushalary Olar kurylysy men molsheri zhagynan kishi limfocitterge uksas Adam men zhanuarlar organizmderinde dingekti zhasushalar san zhagynan әr uakytta salystyrmaly turakty dengejde bolady Olar mitozdyk bolinu arkyly ozdiginen kalpyna kelu kasietterimen erekshelenedi Dingekti zhasushalardan kannyn kandaj zhasushalarynyn damyp zhetilui kerek ekendigin olardy korshagan kan zhasau mүsheleri stromasynyn mikroortalary anyktajdy Sүjektin kyzyl kemigi majy men kokbauyrda atalgan mikroortany retikulaly ulpanyn tүrli zhasushalary al timus pen fabricij kapshygynda olardyn stromasyn tүzetin torly epitelij zhasushalary kurajdy DerekkozderBiomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 zhyl ISBN 9965 822 54 9 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet