Гауһар Дәуленқызы Зақұмбаева (1 қаңтар 1932 жыл, Шымкент) — кеңестік және қазақстандық ғалым, химия ғылымдарының кандидаты (1961), докторы (1971), профессор (1972), Ғылым академиясының академигі (1994).
Өмірбаяны
С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген (1954), химик, катализ саласының маманы.
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Кезеңдік жүйенің VIII тобы металдарының адсорбциялық және катализдік қасиеттерін зерттеу».
«VIII топ металдарындағы адсорбция мен катализ» (1973), «Органикалық қосылыстардың VIII топ металдарының беттерімен өзара әсері» (1982), «Металдық катализаторлар» (1982), «Жоғары бөлшектік металдық катализаторлар» (1987), «Синтез-газды катализдік қайта өңдеу» (2000) тәрізді 8 монографияның; Халықаралық және республикалық басылымдар, конференциялар, конгрестер және жарияланған 500-ден астам мақалалар мен баяндама тезистерінің авторы. 67 патенті және авторлық куәлігі бар.
КОКП мүшесі (1972–1991).
1954 жылдан бастап ол — ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының аспиранты, аға зертханашысы, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1969 жылдан бастап — ҚазКСР ҒА (1995 жылдан ҚР БҒМ) Органикалық катализ және электрлі химия институты директорының орынбасары, зертхана жетекшісі, 1988 жылдан — директоры, бас ғылыми қызметкері.
Республикалық «Бейбітшілік үшін күрес» қоғамы төрағасының орынбасары (1975–1985); Президент жанындағы «Әйелдер, отбасы және демографиялық саясат» Республикалық Кеңесінің мүшесі (1992–1998); РҒА «Нефтехимия» және РҒА «Электрохимия» ресейлік журналдары редакциялық алқаларының мүшесі; Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметов басқаратын Жаңа индустриалдық саясат кеңесінің мүшесі.
ҚазКСР ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). ҚазКСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). Құрмет орденімен (1999), медальдармен марапатталған.
Отбасы
Әкесі — Дәулен Нетәліұлы Неталиев, марқұм, Ұлы Отан соғысының ардагері, инженер болып жұмыс істеген. Анасы — Марфуға Себғатқызы Неталиева, марқұм.
Қызы — Зарема Әбдірахманқызы Зақұмбаева. Немерелері — Темір және Төлеген.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gauһar Dәulenkyzy Zakumbaeva 1 kantar 1932 zhyl Shymkent kenestik zhәne kazakstandyk galym himiya gylymdarynyn kandidaty 1961 doktory 1971 professor 1972 Ғylym akademiyasynyn akademigi 1994 ӨmirbayanyS M Kirov atyndagy Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetinin himiya fakultetin bitirgen 1954 himik kataliz salasynyn mamany Doktorlyk dissertaciyasynyn takyryby Kezendik zhүjenin VIII toby metaldarynyn adsorbciyalyk zhәne katalizdik kasietterin zertteu VIII top metaldaryndagy adsorbciya men kataliz 1973 Organikalyk kosylystardyn VIII top metaldarynyn betterimen ozara әseri 1982 Metaldyk katalizatorlar 1982 Zhogary bolshektik metaldyk katalizatorlar 1987 Sintez gazdy katalizdik kajta ondeu 2000 tәrizdi 8 monografiyanyn Halykaralyk zhәne respublikalyk basylymdar konferenciyalar kongrester zhәne zhariyalangan 500 den astam makalalar men bayandama tezisterinin avtory 67 patenti zhәne avtorlyk kuәligi bar KOKP mүshesi 1972 1991 1954 zhyldan bastap ol ҚazKSR ҒA Himiya gylymdary institutynyn aspiranty aga zerthanashysy kishi gylymi kyzmetkeri aga gylymi kyzmetkeri zerthana mengerushisi 1969 zhyldan bastap ҚazKSR ҒA 1995 zhyldan ҚR BҒM Organikalyk kataliz zhәne elektrli himiya instituty direktorynyn orynbasary zerthana zhetekshisi 1988 zhyldan direktory bas gylymi kyzmetkeri Respublikalyk Bejbitshilik үshin kүres kogamy toragasynyn orynbasary 1975 1985 Prezident zhanyndagy Әjelder otbasy zhәne demografiyalyk sayasat Respublikalyk Kenesinin mүshesi 1992 1998 RҒA Neftehimiya zhәne RҒA Elektrohimiya resejlik zhurnaldary redakciyalyk alkalarynyn mүshesi Қazakstan premer ministri Danial Ahmetov baskaratyn Zhana industrialdyk sayasat kenesinin mүshesi ҚazKSR gylym zhәne tehnika salasyndagy Memlekettik syjlygynyn laureaty 1974 ҚazKSR Enbek sinirgen gylym kajratkeri 1982 Қurmet ordenimen 1999 medaldarmen marapattalgan OtbasyӘkesi Dәulen Netәliuly Netaliev markum Ұly Otan sogysynyn ardageri inzhener bolyp zhumys istegen Anasy Marfuga Sebgatkyzy Netalieva markum Қyzy Zarema Әbdirahmankyzy Zakumbaeva Nemereleri Temir zhәne Tolegen DerekkozderҚazakstan Respublikasynda kimnin kim ekeni 2011 zhyl Eki tomdyk anyktamalyk Almaty 2011 ISVN 978 601 278 473 2 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz