Бувайсар Сайтиев - Олимпиада ойындарын үш мәрте ұтқан балуан (74 кг, еркін стиль). Өз шеберлігіне дүние жүзі мықтыларын бас идіріп, алты мәрте әлем чемпионы атанған саңлақ спортшыға кәрі құрлықта да қарсы келер қарсылас табылмады. 1975 жылғы 11 наурызда Хасавюрт жерінде кіндік қаны тамған жігіт барша шешен жұртының мақтанышы болып қана қоймай, иісі мұсылман қауымының ардақтайтын ұлына айналып үлгерді. Себебі, мұсылман қауымында Бувайсардай Олимптің алтын шыңында үш мәрте ат ойнатқан балуан әзірге жоқтың қасы.
Бувайсар Сайтиев | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Жынысы | Ер |
Азаматтығы | |
Мамандандыру | еркін күрес |
Туған күні | |
Туған жері | |
Бойы | 183 |
Салмағы | 74 |
Спорттық ғұмырнамасы
Ол күрес әліппесімен алты басынан бастап танысады. 1992 жылы Красноряскіге қоныс аударып, Ресейдегі мықты еркін күрес мектебі саналатын қарашаңырақта екі дүркін Олимпиада чемпионын тәрбиелеген аты аңызға айналған бапкер Дмитрий Миндиашвилидің қарамағына келіп жазылады. Журналистерге берген сұхбатында: – Мен Красноярскіге орта мектепте білім алу үшін емес, атақты бапкер Дмитрий Миндиашвилиден тәлім алуға бардым. Жас едім, оның үстіне спорттық шеберлігім де анау айтқандай, жоғары болмады. Сөйте тұра, Миндиашвилидің назарына ілігуге тырыстым. Бірақ, бір жылға тарта уақыт бұл мүмкін болмады. Басшылықты қатар алып жүргендіктен, бапкерімнің уақыты тығыз, сол себепті жаттығуды тек өзі ғана өткізбей, өзге жаттықтырушыларға кезек беріліп тұратын. 1993 жылы мен жасөспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігін ұттым. Міне, содан бастап Дмитрий Георгиевичтің назарына іліктім, – дейді.
Бувайсар 1995 жылы алғаш рет жастардың әлем чемпионатын ұтады, содан кейін талантты жігіттің тасы өрге домалай береді. Ол бұл жетістігін 1997, 1998, 2001, 2003 және 2004 жылдары қайталап, әлемнің алты дүркін чемпионы деген құрметті атаққа қол жеткізеді. Алайда Олимпиада медалінің кез келген спортшы үшін жөні бөлек-ті. Бувайсар көп ұзамай бұл арманына жетті.
1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында 25 жастағы Сайтиев сол кездегі күрес ережесі бойынша 76 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынады.
2003 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында белдесіп жатқанда Бувайсар бет сүйегін сындырып алады. Жанына батқан ауруға қарамастан, намысқой жігіт Австралия өкілі Ильсовты атойлап жеңіп, келесі айналымға жолдама алады. Жартылай финалда әлем чемпионы ирандық Хабибиді сан соқтырып, ақтық сайыста Минск өкілі Гайдаровты тізе бүктіреді. Мәскеуге оралған соң, Бурденко атындағы госпиталь дәрігерлері спортшыны операция үстеліне жатқызады. Шытынап сынған бет сүйегінің әсерінен миға қан құйылу қаупі байқалғандықтан, бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Труханов дейтін профессор операцияны өзі жасайды. Екі ғасыр тоғысындағы Сидней аламанында жарақаты жазылып үлгермеген спортшы ел намысын қорғамай қалуды жөн көрсін бе? Боз кілемге қайта жол алып, Сиднейде күміс жүлдеге қол жеткізеді.
Олимпиаданың өз Отанында алауы тұтанған сайыста Сайтиев бабына қайта еніп, жеңіс тұғырынан қол бұлғайды. Бұл талантты балуанның Олимп тұғырының екінші мәрте бағындыруы болатын. Еркін күрес өнеріндегі даңқы жер жарған атақты Александр Медведьтен кейін батылы жетіп, Олимпиада ойындарын үш дүркін ұтқан балуан бұл кезде әлі жоқ-тын. Осы бақытқа Бувайсар Бейжіңдегі ойындары кезінде қол жеткізіп, әлемдік күрес тарихында өз есімін алтын әріптермен жазды. Әлемдегі еркін күрес балуандары арасында әлденеше рет үздік балуан атанды. Еркін күрестегі ең атақты балуан Александр Медведь екені белгілі. Ол Олимпиаданың үш дүркін, әлем чемпионатының жеті мәрте чемпионы атанған саңлақ.
Бувайсар өзі жайлы Чеченский Спортивный Порталға берген сұхбатында: «Күрес – бұл менің өмірім, кәсібім. Күрестің қамытын кигеніме отыз жылдан асты. Жаттығуда тынбай еңбектенгенді жақсы көрем, боз кілемде төккен теріңнің өтелгені жақсы. Бірақ, спортта әрқашан жеңіс тұғырынан көріну мүмкін емес» деген екен. «Сіздің табысыңыздың сыры неде?» деген сұраққа «Денсаулықта. Қанмен берілген қасиетте. Отбасында дұрыс тәрбие алуда» деп түсіндіреді.
Боз кілемде айбыны асқан Бувайсардың спорттық ғұмырнамасында күтпеген жағдайлар да кездесті. 1994 жылы екі дүркін Олимпиада чемпионы Иван Ярыгиннің мемориалында қызық жайт орын алды. Ол кездегі күрестің ережесі бойынша белдесу 5 минутқа созылатын. Бувайсар екінші айналымда америкалық спортшымен белдесіп ұтылып жатты. Электронды есептегіштегі уақыт – 4.56. Төрт секундтың ішінде төрт ұпай алу мүмкін емес. Оның үстіне төрешілерге 18 жастағы балуанның есімі беймәлім еді. Сайтиевке тиесілі бір ұпай берілместен қалды. Кілемдегі төрешінің ысқырығын ести сала америкалық балуан Сайтиевтің аяғына жармаса кетті. Міне, осы мезетте біздің кейіпкеріміз қарсыласын өзінен асыра лақтырып, 3 ұпайға қол жеткізді. Және тағы бір ұпайды белсенділігі үшін алды. Есеп теңесті: 7:7. Енді бір ұпай алса, келесі айналымға жолдама алмақ. Америкалықтан ес кетті. Бойын қорқыныш билеген болар сірә, кілемге бапкерінің итермелеуімен шығып, ұтылып қалды. Осы жарыста есімі күрес жанкүйерлері мен мамандарына бейтаныс Бувайсар Сайтиев алтыннан алқа тағынды. Ресей ұлтты құрамасы осыдан бастап Сайтиевті жаттығу жиындарына шақыра бастады. Бір қызығы, Сайтиев өзінің барлық белдесулерін еске сақтайды екен. Бір кездері еркін күресте ағайынды Сайтиевтердің даңқы аспандап тұрды. Бувайсардың інісі Адам Сайтиев Сидней Олимпиадасының чемпионы тәжін киген балуан. Бүгінгі таңда ол омыртқа жарығының кесірінен күрестен қол үзуге мәжбүр. Адам Сайтиевтің боз кілемге қайтып шығар-шықпасы әзірге белгісіз. Бір отбасынан шыққан балалардың спорт әлемінде құлаштап қанат қағулары бір бұл емес. Әлемдік күрес тарихындағы соңғы жайтты алып қарайықшы. Бейжің Олимпиадасында белдескен ағайынды француз жігіттері Стив пен Христоф Женолар алғашқысы чемпион атаққа қол жеткізсе, соңғысы жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Бұл жігіттер төрт жылда алауы бір рет тұтанатын Олимпиада ойындарында олжа салуымен ерекшеленбек, әйтпесе, бір ұядан түлеп ұшып, халықаралық деңгейге жеткен спортшылар қазақ қоғамында да бар.
Жеке өмірі
Бувайсар қазіргі жары Индирамен отбасын құруды түбегейлі шешкен соң барып, танысқан. Екі жас бір жылдай телефон арқылы тілдесіп тұрды. Жаттығу жиындарынан, жарыстардан балуанның қолы босай бермейтін. Афины Олимпиадасына бір ай қалғанда 29 жастағы Бувайсар болашақ жарымен некелесті. Қазір Сайтиевтер отбасында Әбдірахым, Әлихан, Дэни атты үш ұл өсіп келеді.
Төрт рет Олимпиада ойындарына қатысып, үшеуінде топтың алды болған Бувайсар екі мәрте Меккеге қажылыққа барғанын мақтанышпен айтады. «Қажылық – адамның жан-дүниесін тазартып, рухани күш береді. Ислам дінінде иман деген ұғым бар. Бойында иманы бар адам қайырсыз нәрседен аулақ жүреді. Адам баласы былайғы өмірінде күнәлі істерге көп ұрынады, Алла тағалаға құлшылық етіп отырмасақ, біз жаратушы иемнен алыстап кетеміз» деген болатын. Айтпақшы, Бувайсардың анасы да қасиетті Меккеге төрт рет сапар шеккен жан. Ол ұлының жауапты жарыстар кезіндегі қамқоршысы, сүйенері.
Бүгінгі таңда күрес жанкүйерлері «Бувайсар Сайтиев Лондон Олимпиадасына қатыса ма, жоқ па?» деген сауал төңірегінде бас қатыруда. Бұл жайлы спортшы: «Мен өз өмірімде түрлі қалаларды мекен етіп, көптеген дос таптым. Боз кілемдегі жеңістеріме олар менен бетер қуанады. Мен мұны неге айтып отыр дейсіз? Күресте қалар-қалмасым ұжымдық түрде шешілмек. Ол шешімнің қашан қабылданатыны әзірге белгісіз» деген түсініктеме таратты.
Бувайсар Сайтиевке Шыңғысхан кубогын Мәскеуде Ресейдегі Моңғолия елшілігі өкілдері табыстады. Аталған кубокты күрес әлеміндегі ең мықты балуанға екі жылда бір рет беруге 2006 жылы Моңғолия президенті мен Ұлттық олимпиадалық комитеті шешім шығарған болатын. Ұйымдастырушылардың назары бұл жолы Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының алты мәрте жеңімпазы Бувайсар Сайтиевке түскен екен.
– Шынымды айтсам, айналамда не болып, не қойып жатқанын әлі түсінбей жатырмын. Әрине, Шыңғысханның кім болғанын білемін. Бала кезімде Василий Янның романын оқығанмын. Жақында Қытай мен Моңғолия бірлесіп түсірген 30 сериялы көркем фильмін көріп шықтым. Маған фильм керемет әсер етті. Маған Шыңғысхан кубогын табыстап отырған Моңғолияның ұлттық олимпиадалық комитеті мен ел президентіне алғысым шексіз. Бұл сыйлықтың неліктен маған берілгенін білмедім. Тұтастай алғанда, 2008 жыл Моңғолия мемлекеті үшін тарихи жыл болды. Бейжіңдегі ойындарда бұл ұлттың бүкіл спорттық тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік орын алып, үш бірдей спортшы Олимпиада алтынына қол жеткізді. Шыңғысхан кубогын алуға ол спортшылардың да мүмкіндіктері бар болатын.
Мені Моңғолия жерінде көп таниды, балуан достарым да бар. Аты аңызға бергісіз Хорлоогийн Баянмунхпен жақсы доспын, ол Мюнхен Олимпиадасында аса ауыр салмақта белдесіп, менің ұстазым Дмитрий Миндиашвилидің шәкірті саналатын атақты Иван Ярыгиннен ұтылған еді. Баянмунхпен бір кездескенімде, бизнесмен достарымен бірігіп, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы қарсаңында жүз шақты талантты жеткіншектің басын қосып, дайындағалы жатқандықтарын айтып берген-тін. Айтпақшы, көп жылдан бері моңғол жерінде менің атымда дәстүрлі турнир өтіп келеді. Бұл жарыста топ жарып, ерекше танылғандар болашақта ел намысын қолдан бермейтін тастүлектер болып қалыптасатынына сенімім мол, – деді журналистерге берген қысқаша сұхбатында Сайтиев.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Buvajsar Sajtiev Olimpiada ojyndaryn үsh mәrte utkan baluan 74 kg erkin stil Өz sheberligine dүnie zhүzi myktylaryn bas idirip alty mәrte әlem chempiony atangan sanlak sportshyga kәri kurlykta da karsy keler karsylas tabylmady 1975 zhylgy 11 nauryzda Hasavyurt zherinde kindik kany tamgan zhigit barsha sheshen zhurtynyn maktanyshy bolyp kana kojmaj iisi musylman kauymynyn ardaktajtyn ulyna ajnalyp үlgerdi Sebebi musylman kauymynda Buvajsardaj Olimptin altyn shynynda үsh mәrte at ojnatkan baluan әzirge zhoktyn kasy Buvajsar SajtievZheke maglumattarZhynysyErAzamattygy ResejMamandandyruerkin kүresTugan kүni11 nauryz 1975 1975 03 11 49 zhas Tugan zheriDagystan AKSRBojy183Salmagy74Bul үlgini koru talkylau ondeuSporttyk gumyrnamasyOl kүres әlippesimen alty basynan bastap tanysady 1992 zhyly Krasnoryaskige konys audaryp Resejdegi mykty erkin kүres mektebi sanalatyn karashanyrakta eki dүrkin Olimpiada chempionyn tәrbielegen aty anyzga ajnalgan bapker Dmitrij Mindiashvilidin karamagyna kelip zhazylady Zhurnalisterge bergen suhbatynda Men Krasnoyarskige orta mektepte bilim alu үshin emes atakty bapker Dmitrij Mindiashviliden tәlim aluga bardym Zhas edim onyn үstine sporttyk sheberligim de anau ajtkandaj zhogary bolmady Sojte tura Mindiashvilidin nazaryna iliguge tyrystym Birak bir zhylga tarta uakyt bul mүmkin bolmady Basshylykty katar alyp zhүrgendikten bapkerimnin uakyty tygyz sol sebepti zhattygudy tek ozi gana otkizbej ozge zhattyktyrushylarga kezek berilip turatyn 1993 zhyly men zhasospirimder arasyndagy Europa birinshiligin uttym Mine sodan bastap Dmitrij Georgievichtin nazaryna iliktim dejdi Buvajsar 1995 zhyly algash ret zhastardyn әlem chempionatyn utady sodan kejin talantty zhigittin tasy orge domalaj beredi Ol bul zhetistigin 1997 1998 2001 2003 zhәne 2004 zhyldary kajtalap әlemnin alty dүrkin chempiony degen kurmetti atakka kol zhetkizedi Alajda Olimpiada medalinin kez kelgen sportshy үshin zhoni bolek ti Buvajsar kop uzamaj bul armanyna zhetti 1996 zhyly Atlantada otken Olimpiada ojyndarynda 25 zhastagy Sajtiev sol kezdegi kүres erezhesi bojynsha 76 keli salmakta oner korsetip altynnan alka tagynady 2003 zhylgy әlem chempionatynyn shirek finalynda beldesip zhatkanda Buvajsar bet sүjegin syndyryp alady Zhanyna batkan auruga karamastan namyskoj zhigit Avstraliya okili Ilsovty atojlap zhenip kelesi ajnalymga zholdama alady Zhartylaj finalda әlem chempiony irandyk Habibidi san soktyryp aktyk sajysta Minsk okili Gajdarovty tize bүktiredi Mәskeuge oralgan son Burdenko atyndagy gospital dәrigerleri sportshyny operaciya үsteline zhatkyzady Shytynap syngan bet sүjeginin әserinen miga kan kujylu kaupi bajkalgandyktan bet hirurgiyasy boliminin mengerushisi Truhanov dejtin professor operaciyany ozi zhasajdy Eki gasyr togysyndagy Sidnej alamanynda zharakaty zhazylyp үlgermegen sportshy el namysyn korgamaj kaludy zhon korsin be Boz kilemge kajta zhol alyp Sidnejde kүmis zhүldege kol zhetkizedi Olimpiadanyn oz Otanynda alauy tutangan sajysta Sajtiev babyna kajta enip zhenis tugyrynan kol bulgajdy Bul talantty baluannyn Olimp tugyrynyn ekinshi mәrte bagyndyruy bolatyn Erkin kүres onerindegi danky zher zhargan atakty Aleksandr Medvedten kejin batyly zhetip Olimpiada ojyndaryn үsh dүrkin utkan baluan bul kezde әli zhok tyn Osy bakytka Buvajsar Bejzhindegi ojyndary kezinde kol zhetkizip әlemdik kүres tarihynda oz esimin altyn әriptermen zhazdy Әlemdegi erkin kүres baluandary arasynda әldeneshe ret үzdik baluan atandy Erkin kүrestegi en atakty baluan Aleksandr Medved ekeni belgili Ol Olimpiadanyn үsh dүrkin әlem chempionatynyn zheti mәrte chempiony atangan sanlak Buvajsar ozi zhajly Chechenskij Sportivnyj Portalga bergen suhbatynda Kүres bul menin omirim kәsibim Kүrestin kamytyn kigenime otyz zhyldan asty Zhattyguda tynbaj enbektengendi zhaksy korem boz kilemde tokken terinnin otelgeni zhaksy Birak sportta әrkashan zhenis tugyrynan korinu mүmkin emes degen eken Sizdin tabysynyzdyn syry nede degen surakka Densaulykta Қanmen berilgen kasiette Otbasynda durys tәrbie aluda dep tүsindiredi Boz kilemde ajbyny askan Buvajsardyn sporttyk gumyrnamasynda kүtpegen zhagdajlar da kezdesti 1994 zhyly eki dүrkin Olimpiada chempiony Ivan Yaryginnin memorialynda kyzyk zhajt oryn aldy Ol kezdegi kүrestin erezhesi bojynsha beldesu 5 minutka sozylatyn Buvajsar ekinshi ajnalymda amerikalyk sportshymen beldesip utylyp zhatty Elektrondy eseptegishtegi uakyt 4 56 Tort sekundtyn ishinde tort upaj alu mүmkin emes Onyn үstine toreshilerge 18 zhastagy baluannyn esimi bejmәlim edi Sajtievke tiesili bir upaj berilmesten kaldy Kilemdegi toreshinin yskyrygyn esti sala amerikalyk baluan Sajtievtin ayagyna zharmasa ketti Mine osy mezette bizdin kejipkerimiz karsylasyn ozinen asyra laktyryp 3 upajga kol zhetkizdi Zhәne tagy bir upajdy belsendiligi үshin aldy Esep tenesti 7 7 Endi bir upaj alsa kelesi ajnalymga zholdama almak Amerikalyktan es ketti Bojyn korkynysh bilegen bolar sirә kilemge bapkerinin itermeleuimen shygyp utylyp kaldy Osy zharysta esimi kүres zhankүjerleri men mamandaryna bejtanys Buvajsar Sajtiev altynnan alka tagyndy Resej ultty kuramasy osydan bastap Sajtievti zhattygu zhiyndaryna shakyra bastady Bir kyzygy Sajtiev ozinin barlyk beldesulerin eske saktajdy eken Bir kezderi erkin kүreste agajyndy Sajtievterdin danky aspandap turdy Buvajsardyn inisi Adam Sajtiev Sidnej Olimpiadasynyn chempiony tәzhin kigen baluan Bүgingi tanda ol omyrtka zharygynyn kesirinen kүresten kol үzuge mәzhbүr Adam Sajtievtin boz kilemge kajtyp shygar shykpasy әzirge belgisiz Bir otbasynan shykkan balalardyn sport әleminde kulashtap kanat kagulary bir bul emes Әlemdik kүres tarihyndagy songy zhajtty alyp karajykshy Bejzhin Olimpiadasynda beldesken agajyndy francuz zhigitteri Stiv pen Hristof Zhenolar algashkysy chempion atakka kol zhetkizse songysy zhenis tugyrynyn үshinshi satysynan korindi Bul zhigitter tort zhylda alauy bir ret tutanatyn Olimpiada ojyndarynda olzha saluymen erekshelenbek әjtpese bir uyadan tүlep ushyp halykaralyk dengejge zhetken sportshylar kazak kogamynda da bar Zheke omiriBuvajsar kazirgi zhary Indiramen otbasyn kurudy tүbegejli sheshken son baryp tanyskan Eki zhas bir zhyldaj telefon arkyly tildesip turdy Zhattygu zhiyndarynan zharystardan baluannyn koly bosaj bermejtin Afiny Olimpiadasyna bir aj kalganda 29 zhastagy Buvajsar bolashak zharymen nekelesti Қazir Sajtievter otbasynda Әbdirahym Әlihan Deni atty үsh ul osip keledi Tort ret Olimpiada ojyndaryna katysyp үsheuinde toptyn aldy bolgan Buvajsar eki mәrte Mekkege kazhylykka barganyn maktanyshpen ajtady Қazhylyk adamnyn zhan dүniesin tazartyp ruhani kүsh beredi Islam dininde iman degen ugym bar Bojynda imany bar adam kajyrsyz nәrseden aulak zhүredi Adam balasy bylajgy omirinde kүnәli isterge kop urynady Alla tagalaga kulshylyk etip otyrmasak biz zharatushy iemnen alystap ketemiz degen bolatyn Ajtpakshy Buvajsardyn anasy da kasietti Mekkege tort ret sapar shekken zhan Ol ulynyn zhauapty zharystar kezindegi kamkorshysy sүjeneri Bүgingi tanda kүres zhankүjerleri Buvajsar Sajtiev London Olimpiadasyna katysa ma zhok pa degen saual tonireginde bas katyruda Bul zhajly sportshy Men oz omirimde tүrli kalalardy meken etip koptegen dos taptym Boz kilemdegi zhenisterime olar menen beter kuanady Men muny nege ajtyp otyr dejsiz Kүreste kalar kalmasym uzhymdyk tүrde sheshilmek Ol sheshimnin kashan kabyldanatyny әzirge belgisiz degen tүsinikteme taratty Buvajsar Sajtievke Shyngyshan kubogyn Mәskeude Resejdegi Mongoliya elshiligi okilderi tabystady Atalgan kubokty kүres әlemindegi en mykty baluanga eki zhylda bir ret beruge 2006 zhyly Mongoliya prezidenti men Ұlttyk olimpiadalyk komiteti sheshim shygargan bolatyn Ұjymdastyrushylardyn nazary bul zholy Olimpiadanyn үsh dүrkin chempiony әlem chempionatynyn alty mәrte zhenimpazy Buvajsar Sajtievke tүsken eken Shynymdy ajtsam ajnalamda ne bolyp ne kojyp zhatkanyn әli tүsinbej zhatyrmyn Әrine Shyngyshannyn kim bolganyn bilemin Bala kezimde Vasilij Yannyn romanyn okyganmyn Zhakynda Қytaj men Mongoliya birlesip tүsirgen 30 seriyaly korkem filmin korip shyktym Magan film keremet әser etti Magan Shyngyshan kubogyn tabystap otyrgan Mongoliyanyn ulttyk olimpiadalyk komiteti men el prezidentine algysym sheksiz Bul syjlyktyn nelikten magan berilgenin bilmedim Tutastaj alganda 2008 zhyl Mongoliya memleketi үshin tarihi zhyl boldy Bejzhindegi ojyndarda bul ulttyn bүkil sporttyk tarihynda buryn sondy bolmagan zhetistik oryn alyp үsh birdej sportshy Olimpiada altynyna kol zhetkizdi Shyngyshan kubogyn aluga ol sportshylardyn da mүmkindikteri bar bolatyn Meni Mongoliya zherinde kop tanidy baluan dostarym da bar Aty anyzga bergisiz Horloogijn Bayanmunhpen zhaksy dospyn ol Myunhen Olimpiadasynda asa auyr salmakta beldesip menin ustazym Dmitrij Mindiashvilidin shәkirti sanalatyn atakty Ivan Yaryginnen utylgan edi Bayanmunhpen bir kezdeskenimde biznesmen dostarymen birigip 2012 zhylgy London Olimpiadasy karsanynda zhүz shakty talantty zhetkinshektin basyn kosyp dajyndagaly zhatkandyktaryn ajtyp bergen tin Ajtpakshy kop zhyldan beri mongol zherinde menin atymda dәstүrli turnir otip keledi Bul zharysta top zharyp erekshe tanylgandar bolashakta el namysyn koldan bermejtin tastүlekter bolyp kalyptasatynyna senimim mol dedi zhurnalisterge bergen kyskasha suhbatynda Sajtiev Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz