Боспор патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауында болған ертедегі мемлекет. Б.з.б. 480 ж. шамасында және түбектеріндегі грек қалаларының бірігуінің нәтижесінде құрылған. Астанасы — Пантикапей (қазіргі Керчь) қаласы болды. Бұдан басқа ірі қалалары — Фанагория, Гермонасса (қазіргі Тамань), Феодосия, Тиритана, Нимфей, т.б. Бұл мемлекетте негізінен гректер мен скиф тайпалары тұрған. Боспор патшалығын алғашында Ахеанак әулеті (б.з.б. 480 — 38), кейіннен Спарток әулеті (б.з.б. 438 — 109) биледі.
- Б.з.б. 4 — 3 ғасырларда экономикалық және мәдени даму жағынан қатты гүлденіп, Грекия мен Кіші Азияға астық, мал, балық, былғары өнімдері, сондай-ақ, құлдар сататын негізгі елге айналды. Сырттан (Жерорта т. аймағы елдерінен) шарап, зәйтүн майы, металл бұйымдар, мата әкелінді. Боспорлық көпестер Жерорта т. жағалауы елдерімен солт.-шығыстағы көшпелілерді (скиф, сақтар, сарматтар, т.б.) байланыстырып тұрған сауда жолдарын өз қолдарында ұстады. Елде егіншілік, мал шаруашылығы, әсіресе, балық аулау мен қолөнер қатты өркендеді.
- Б.з.б. 2 ғасырда Боспор патшалығы әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырап, Қырымдағы скиф мемлекеті мен Кубандағы сарматтардың қыспағында қалды.
- Б.з.б. 107 ж. құлдардың көтерілісі болып, көтерілісшілер Перисад V патшаны өлтірді. Көтерілісшілерді көршілес Понт мемлекетінің патшасы Митридат VІ Евпатордың әскерлері талқандады.
- Осыдан кейін Боспор патшалығы Митридат VІ Евпатор мен Рим империясының арасындағы ұзаққа созылған соғысқа еріксіз араласуға мәжбүр болды. Бұл соғыс Понттың жеңілуімен аяқталып, б.з.б. 63 жылдан бастап Б. п. Рим империясының құрамына кірді. Дегенмен б.з. 1 — 2 ғ-ларында Боспор патшалығы қайтадан қалпына келіп, дами бастады. Оған Қырым түбегі мен Херсон жерінің көпшілік бөлігі қарады.
- 3 ғ-дан бастап көрші , , т.б. тайпалалардың шабуылынан Боспор патшалығы қайтадан әлсіреді. 4 ғ-дың аяғында бұл өңірге ғұн тайпалары келіп қоныстанды да, Боспор патшалығы өзінің өмір сүруін тоқтатты.
- Боспор патшалығыда кескіндеме, мүсін өнері едәуір дамыды. Боспор патшалығы билеушілерінің мүсіндері мен күміс теңгеге салған бейнелері осы күнге дейін жеткен. Боспорлық суретшілер арттарына кульоб ыдыстары деп аталатын ғажайып үлгі қалдырған. Бұл алтын ыдыстардың бүйірлері мен бетінде скифтердің бейнелері өте дәл берілген.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bospor patshalygy Қara tenizdin soltүstik zhagalauynda bolgan ertedegi memleket B z b 480 zh shamasynda zhәne tүbekterindegi grek kalalarynyn biriguinin nәtizhesinde kurylgan Astanasy Pantikapej kazirgi Kerch kalasy boldy Budan baska iri kalalary Fanagoriya Germonassa kazirgi Taman Feodosiya Tiritana Nimfej t b Bul memlekette negizinen grekter men skif tajpalary turgan Bospor patshalygyn algashynda Aheanak әuleti b z b 480 38 kejinnen Spartok әuleti b z b 438 109 biledi B z b 4 3 gasyrlarda ekonomikalyk zhәne mәdeni damu zhagynan katty gүldenip Grekiya men Kishi Aziyaga astyk mal balyk bylgary onimderi sondaj ak kuldar satatyn negizgi elge ajnaldy Syrttan Zherorta t ajmagy elderinen sharap zәjtүn majy metall bujymdar mata әkelindi Bosporlyk kopester Zherorta t zhagalauy elderimen solt shygystagy koshpelilerdi skif saktar sarmattar t b bajlanystyryp turgan sauda zholdaryn oz koldarynda ustady Elde eginshilik mal sharuashylygy әsirese balyk aulau men koloner katty orkendedi B z b 2 gasyrda Bospor patshalygy әleumettik ekonomikalyk dagdaryska ushyrap Қyrymdagy skif memleketi men Kubandagy sarmattardyn kyspagynda kaldy B z b 107 zh kuldardyn koterilisi bolyp koterilisshiler Perisad V patshany oltirdi Koterilisshilerdi korshiles Pont memleketinin patshasy Mitridat VI Evpatordyn әskerleri talkandady Osydan kejin Bospor patshalygy Mitridat VI Evpator men Rim imperiyasynyn arasyndagy uzakka sozylgan sogyska eriksiz aralasuga mәzhbүr boldy Bul sogys Ponttyn zheniluimen ayaktalyp b z b 63 zhyldan bastap B p Rim imperiyasynyn kuramyna kirdi Degenmen b z 1 2 g larynda Bospor patshalygy kajtadan kalpyna kelip dami bastady Ogan Қyrym tүbegi men Herson zherinin kopshilik boligi karady 3 g dan bastap korshi t b tajpalalardyn shabuylynan Bospor patshalygy kajtadan әlsiredi 4 g dyn ayagynda bul onirge gun tajpalary kelip konystandy da Bospor patshalygy ozinin omir sүruin toktatty Bospor patshalygyda keskindeme mүsin oneri edәuir damydy Bospor patshalygy bileushilerinin mүsinderi men kүmis tengege salgan bejneleri osy kүnge dejin zhetken Bosporlyk suretshiler arttaryna kulob ydystary dep atalatyn gazhajyp үlgi kaldyrgan Bul altyn ydystardyn bүjirleri men betinde skifterdin bejneleri ote dәl berilgen Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet