Беғазы қорымы – Қарағанды облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Қазақстанның ең маңызды және көрнекті ескерткіштерінің бірі.

Орналасқан жері
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Қаратал (Беғазы) өзенінің оң жағалауында.
Кезеңі
б.з.б.ХІІ-Х ғғ., б.з.ХV-ХVІІ ғғ.
Зерттелуі
Қорымды алғаш рет 1946 жылы Ә.X. Марғұлан зерттеген. 1947-1952 жылдар аралығында зерттеу және қазба жұмыстарын Ә.X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, Л.Р. Кызласов (Мәскеу қ.) жүргізді. 2003 жылы Беғазы қорымын зерттеу жаңартылды. Оған Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тұсындағы Сарыарқа археологиялық институты, Қарағанды облысы мәдениет департаменті және облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау Мемлекеттік инспекциясы ат салысуда.
Мамандармен Беғазы шатқалында Андронов дәуірінің 50 қоршауы, Беғазы-Дәндібай кезеңінің 6 кесенесі, 12 тас, тас-топырақ қорғандары, 3 шитті мазар және қазақ уақытының 250-ге жуық кішкентай тас қабірлері тіркелген. Мұндай ескерткіштердің кең уақыттық ауқымы Беғазы қорғанын шын мәнінде бірегей киелі нысандар қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.
Қорым сипаты
Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірлерінің бейіттері және ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100-ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аумағы 240x570 м. 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері өңделген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішімді жалпақ гранит тастарды қырынан, жоғарғы жағын ортаға қарай еңкейте көміп, құрастырылған қоршаулар түрінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған. Сақталған мәйіт сүйектерінің қалдығына қарап, олардың бүктетіліп, қырынан, басын батысқа беріп жерленгені, кейбірінің мүрдесін өртеп, күлін көмгені анықталды.
Бейіттер ішінен андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішімі жақсы сақталған көзелер мен олардың сынықтары, жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағылатын өрнекті жапсырмалар, алтынмен аптаған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды.
Беғазы қорымындағы қоршаулардың пішімі мен құрылысы, табылған бұйымдар Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген тайпалардың жерлеу салты, діни сенімдері, қолөнері туралы құнды мағлұмат береді.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Begazy korymy Қaragandy oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishter tizimine engen kola erte temir dәuirinen saktalgan bejitter toby Қazakstannyn en manyzdy zhәne kornekti eskertkishterinin biri Begazy obasy Ornalaskan zheriҚaragandy oblysy Aktogaj audany Aktogaj auylynan ontүstik shygyska karaj 40 km zherde Қaratal Begazy ozeninin on zhagalauynda Kezenib z b HII H gg b z HV HVII gg ZertteluiҚorymdy algash ret 1946 zhyly Ә X Margulan zerttegen 1947 1952 zhyldar aralygynda zertteu zhәne kazba zhumystaryn Ә X Margulan K A Akyshev A M Orazbaev L R Kyzlasov Mәskeu k zhүrgizdi 2003 zhyly Begazy korymyn zertteu zhanartyldy Ogan Ә H Margulan atyndagy arheologiya instituty E A Buketov atyndagy Қaragandy memlekettik universiteti tusyndagy Saryarka arheologiyalyk instituty Қaragandy oblysy mәdeniet departamenti zhәne oblystyk tarih zhәne mәdeniet eskertkishterin korgau Memlekettik inspekciyasy at salysuda Mamandarmen Begazy shatkalynda Andronov dәuirinin 50 korshauy Begazy Dәndibaj kezeninin 6 kesenesi 12 tas tas topyrak korgandary 3 shitti mazar zhәne kazak uakytynyn 250 ge zhuyk kishkentaj tas kabirleri tirkelgen Mundaj eskertkishterdin ken uakyttyk aukymy Begazy korganyn shyn mәninde biregej kieli nysandar kataryna zhatkyzuga mүmkindik beredi Қorym sipatyBegazy korymynda kola erte temir dәuirlerinin bejitteri zhәne ortagasyrlyk 57 kejingi kezderdegi 100 ge zhuyk kazak bejitteri bar Қorymnyn aumagy 240x570 m 20 bejit zertteldi Onyn 14 i andron mәdenietinen Begazy Dәndibaj mәdenietine otu kezenine zhatady Өtpeli kezen bejitteri ondelgen tortburysh sharshy dongelek pishimdi zhalpak granit tastardy kyrynan zhogargy zhagyn ortaga karaj enkejte komip kurastyrylgan korshaular tүrinde bolady Mәjitti onyn ortasyndagy tas zhәshikterge zherlegen Kejbir korshaudyn ishinde kos zhәshik katar salyngan Olar erterekte tonalgan Saktalgan mәjit sүjekterinin kaldygyna karap olardyn bүktetilip kyrynan basyn batyska berip zherlengeni kejbirinin mүrdesin ortep kүlin komgeni anyktaldy Bejitter ishinen andron mәdenietinin songy kezenine tәn ornegi men pishimi zhaksy saktalgan kozeler men olardyn synyktary zhebenin tastan zhasalgan ushy mystan ilemeden zhasalgan monshaktar kiimge tagylatyn ornekti zhapsyrmalar altynmen aptagan salpynshaktar men eki dongelek syrga t b zattar tabyldy Begazy korymyndagy korshaulardyn pishimi men kurylysy tabylgan bujymdar Ortalyk Қazakstanda kola dәuirinin songy kezeninde omir sүrgen tajpalardyn zherleu salty dini senimderi koloneri turaly kundy maglumat beredi DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Қazak enciklopediyasy Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8