Бетеге боз немесе Бетеге боз қау (лат. Stipa lessingiana) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық, таулы аймақтарының тасты және майда топырақты жерлерінде тараған. Қазақстанда кездесетін осы туыс өкілдерінің кең тарағаны. Өсімдіктер бірлестігінің доминанты болып табылады. Құрғақ далалардың қаулы-бетегелі жолағында қаулай өседі, шөлге айналған далаларда Тарбағатайдан Тянь-Шаньға дейінгі таулы өңірде аз мөлшерде кездеседі.
Бетеге боз | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
Stipa lessingiana & | ||||||||||||||||||
Stipa lessingiana var. zeberbaueri |
Ботаникалық сипаттамасы
Бұл түбі мықты көпжылдық , тамыр жүйесі жақсы жетілген, 1 метр және одан да тереңге кетеді. Жапырақ саны көп, өте жұқа, оралған (ені 1 мм-ден аз), сабағы 70 см дейінгі биіктікте. Гүлшоғыры жіңішке, сыпыртқы тәрізді, біргүлді масақтан тұрады. Масақ қабыршақтары әр түрлі, төмендегілері үш есе қысқа(1 см айналасында), ұзындығы (26 см дейін) қатты ұшы екі қайтара иілген.
Оның биіктігі 30 — 70 см. Тамыры тығыз, шымдана өседі. Сабағы тықыр, тегіс болады. Жапырақтары жіңішке, қабыса біткен. Гүлі шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді. Жеміс қылтанының ұзындығы 20 — 26 см, екі рет иіліп келген. Төменгі жағы жалаң, жоғарғы бөлігін түк басқан. Бетеге боз — жақсы мал азығы. Жаңбырлы жылдарда оны 2 рет оруға болады.
Бұл тұрдің ажыратылу ерекшелігі, басқа қауырсынды қаулардың тобындай қатты, жоғары бөлігінің біркелкі иіліп тұруы. Гүлдеу кезеңнде (сәуірдің аяғы-мамыр) қаулы дала ерекше ідемі. Желмен біркелкі тербелген ақшыл қаулар, бір қарағанда күмісті жібек толқынға ұқсайды. Қаудың гүлдеу ырғағы өзінше ерекше. Алғашқыда түнгі сағат үште гүл шоғырының жоғарғы масақтары ашыла бастайды, таңғы беске дйін гүлдердің басым көпшілігі ашылады, жетіге дейін аракідік (бірен-саран) аталықтардың тозаңдануы сағат алтыға жуықтағанда басталып сағат тоғызға қарай аяқталады. Әрбір гүл барлығы 1-2 сағат тозаңданады. Сағат 11-ден кейін алғашқы гүлдер жабыла бастайды, ал сағат 15-те барлығы жабылып қалады. Мұндай гүлдеу жылдамдығын тек ауа райының ашық күндері көруге болады. Бұлтты күндері жай , ал жаңбырлы күндері мүлдем гүлдемейді. Ауа райы қолайсыз құрғақшылық жылдары біржола ашылмайтын (плейстогамды) гүлдер салады, ішінде өзіндік тозаңдану жүреді. Жемістердің пісуі (дәнектер) өте тез жүреді, гүлдеген соң 15-16 күннен кейін, 20-25 күннің ішінде дәнектер шашылады (шілденің басында). Жемістердің қауырсынды өстіктері олардың желмен таралуына ықпал етеді. Әдетте аналық өсімдіктен барлығы бірнеше метрге ғана таратады, бірақ қатты жел соққанда 50-100 метрге дейінгі қашықтыққа алып кетеді. Дәндердің топыраққа енуінің өзіндік ерекшелігі бар. Өткір ұшының (өзегінің) көмегімен жерге қадалады да біртіндеп (1-1,5 см) бұрғы тәрізденіп тереңдей береді. Тұқым көктемде өнеді, бірақ өну мүмкіндігі 3 жылға дейін кейде одан да көбірек сақталады. Жас өсімдік алғаш рет өз тіршілігінің 5-6- жылында гүлдейді. Одан кейін әр түбір біртіндеп тарала өсіп 20-25 жылға дейін гүлдейді және жеміс береді, қартайған өсімдіктің тіршілігін жоюы тез жүреді, барлығы бірнеше жылдың ішінде. Қаудың дала жайылымындағы мал азығы ретінде бағасы жоғары. Мал жайылып өткен соң қаулай өседі, сонымен бірге өсіп жетілу ырғағы бойынша көктемдік-жаздық-қыстық жасыл өсімдік болып табылады. Жазғы тыныштықтан соң және алғашқы күзгі жаңбырдан соң, жапырақ қайта өседі және ол жасл түбіртек түрінде қыстайды. Қаудың бұл ерекшелігі ерте көктемде малға жақсы азық болуына мүмкіндік туғызады. Ауа райы қолайлы жылдары кейбір жерлерде шауып малға шөп даярлайды.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”
- "Қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы (А.А.Иващенко,Алматыкітап баспасы,2008)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Betege boz nemese Betege boz kau lat Stipa lessingiana astyk tukymdasynyn kau tuysyna zhatatyn kop zhyldyk osimdik Қazakstannyn dalalyk tauly ajmaktarynyn tasty zhәne majda topyrakty zherlerinde taragan Қazakstanda kezdesetin osy tuys okilderinin ken taragany Өsimdikter birlestiginin dominanty bolyp tabylady Қurgak dalalardyn kauly betegeli zholagynda kaulaj osedi sholge ajnalgan dalalarda Tarbagatajdan Tyan Shanga dejingi tauly onirde az molsherde kezdesedi Betege bozDүniesi Өsimdikter unranked Dara zharnaktylar unranked Saby Tukymdasy PoaceaeKishi tukymdasy Tajpasy Tegi StipaTүri S lessingianaStipa lessingiana amp Stipa lessingiana var zeberbaueri Stipa lessingiana subsp cyllenaea Stipa lessingiana subsp brauneri Stipa lessingiana var brauneri Stipa cyllenaea Stipa brauneri Botanikalyk sipattamasyBul tүbi mykty kopzhyldyk tamyr zhүjesi zhaksy zhetilgen 1 metr zhәne odan da terenge ketedi Zhapyrak sany kop ote zhuka oralgan eni 1 mm den az sabagy 70 sm dejingi biiktikte Gүlshogyry zhinishke sypyrtky tәrizdi birgүldi masaktan turady Masak kabyrshaktary әr tүrli tomendegileri үsh ese kyska 1 sm ajnalasynda uzyndygy 26 sm dejin katty ushy eki kajtara iilgen Onyn biiktigi 30 70 sm Tamyry tygyz shymdana osedi Sabagy tykyr tegis bolady Zhapyraktary zhinishke kabysa bitken Gүli shashak gүlshogyryna toptalgan Sәuir mamyr ajlarynda gүldejdi Zhemis kyltanynyn uzyndygy 20 26 sm eki ret iilip kelgen Tomengi zhagy zhalan zhogargy boligin tүk baskan Betege boz zhaksy mal azygy Zhanbyrly zhyldarda ony 2 ret oruga bolady Bul turdin azhyratylu ereksheligi baska kauyrsyndy kaulardyn tobyndaj katty zhogary boliginin birkelki iilip turuy Gүldeu kezennde sәuirdin ayagy mamyr kauly dala erekshe idemi Zhelmen birkelki terbelgen akshyl kaular bir karaganda kүmisti zhibek tolkynga uksajdy Қaudyn gүldeu yrgagy ozinshe erekshe Algashkyda tүngi sagat үshte gүl shogyrynyn zhogargy masaktary ashyla bastajdy tangy beske djin gүlderdin basym kopshiligi ashylady zhetige dejin arakidik biren saran atalyktardyn tozandanuy sagat altyga zhuyktaganda bastalyp sagat togyzga karaj ayaktalady Әrbir gүl barlygy 1 2 sagat tozandanady Sagat 11 den kejin algashky gүlder zhabyla bastajdy al sagat 15 te barlygy zhabylyp kalady Mundaj gүldeu zhyldamdygyn tek aua rajynyn ashyk kүnderi koruge bolady Bultty kүnderi zhaj al zhanbyrly kүnderi mүldem gүldemejdi Aua rajy kolajsyz kurgakshylyk zhyldary birzhola ashylmajtyn plejstogamdy gүlder salady ishinde ozindik tozandanu zhүredi Zhemisterdin pisui dәnekter ote tez zhүredi gүldegen son 15 16 kүnnen kejin 20 25 kүnnin ishinde dәnekter shashylady shildenin basynda Zhemisterdin kauyrsyndy ostikteri olardyn zhelmen taraluyna ykpal etedi Әdette analyk osimdikten barlygy birneshe metrge gana taratady birak katty zhel sokkanda 50 100 metrge dejingi kashyktykka alyp ketedi Dәnderdin topyrakka enuinin ozindik ereksheligi bar Өtkir ushynyn ozeginin komegimen zherge kadalady da birtindep 1 1 5 sm burgy tәrizdenip terendej beredi Tukym koktemde onedi birak onu mүmkindigi 3 zhylga dejin kejde odan da kobirek saktalady Zhas osimdik algash ret oz tirshiliginin 5 6 zhylynda gүldejdi Odan kejin әr tүbir birtindep tarala osip 20 25 zhylga dejin gүldejdi zhәne zhemis beredi kartajgan osimdiktin tirshiligin zhoyuy tez zhүredi barlygy birneshe zhyldyn ishinde Қaudyn dala zhajylymyndagy mal azygy retinde bagasy zhogary Mal zhajylyp otken son kaulaj osedi sonymen birge osip zhetilu yrgagy bojynsha koktemdik zhazdyk kystyk zhasyl osimdik bolyp tabylady Zhazgy tynyshtyktan son zhәne algashky kүzgi zhanbyrdan son zhapyrak kajta osedi zhәne ol zhasl tүbirtek tүrinde kystajdy Қaudyn bul ereksheligi erte koktemde malga zhaksy azyk boluyna mүmkindik tugyzady Aua rajy kolajly zhyldary kejbir zherlerde shauyp malga shop dayarlajdy Derekkozder Қazak Enciklopediyasy Қazakstannyn osimdikter әlemi enciklopediyasy A A Ivashenko Almatykitap baspasy 2008