«Бекет» — Мұхтар Әуезов авторлығындағы , опера.
Пьесаның түпнұсқасы мұражай-үйдің қолжазба қорында сақтаулы, көлемі- 79 бет. Соңына «1938 жыл» деп белгі қойылған. «Төрт актілі, бес суретті күйлі (музыкалық) пьеса» алғаш рет «Әдебиет және искусство» журналының 1939 жылғы N 2 санында жарияланған. Әуезовтің таңдамалы шығармаларының 6 томдық жинағының 5-томында (1956), 12 томдық шығармалар жинағының 10-томында (1982) қайталанып басылды. Пьеса ақ өлеңмен жазылған. Оқиға 19 ғасырдың ортасында Жем өзенінің бойында өтеді.
Бекет пен Зеренің үйлену тойы үстінде Арыстан сұлтан келіп, елдің шырқын бұзады. Оларды туған жерінен көшугө бұйырады. Батыр Бекет қарсылық көрсетіп, ақыры итжеккенге жер аударылады. Одан достарының көмегінің арқасында қашып шығып, дұшпанынан кегін алады. «Бекет» операсы 1940ж. 29 ақпан күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында қойылды. Композиторы - А. Зильбер, оркестрге түсірген - Р. Глиэр, режиссері - Қ. Байсейітов, дирижері - Ф. Кузьмич (кейіннен Б. Врана), суретшісі - А. Ненашев, биді қойған - Ю.Ковалев, хордың жетекшісі - Г. Петров. Би көріністерінде Шара Жандарбекова мен Е. Лифанова өнер көрсетті.
Музыкалық шығарманың бұл қойылымы мамандардың арасында екі ұдай пікір тудырды. «Бекет» операсы туралы: «Қазақ операсының ұйымшыл ұжымы табанды ізденістің нәтижесінде қызықты спектакльді сахнаға шығарды. «Бекет» операсы, әрине, қазақ опера өнерінің шыңы емес, алайда бұл оның даму жолындағы ілгері басқан қадамы» (Ғ. Шарипова, «Бекет»); «Театр ұжымы үлкен жеңіске жетті» (Д. Прянишников, «қазақтың жаңа операсы «Бекет»); «Бекеттегі» мәніссіз, мазмұнсыз айғайдың мұнда да жүргенін көреміз» (А. Жұбанов, «Тұтқын қыз») - деген қарама-қарсы пікірлер білдірілді. Әсіресе, қазақтың халық әндерін өндеусіз пайдаланған композитор А. Зильбердің атына көптеге ескертулер мен сын айтылды. Қалай дегенмен «Бекет» операсы өзінің тарихи міндетін орындаған сахналық музыкалық қойылым болып табылады. Мұнда тұңғыш рет орыс әншілері (С. Колтон, О. Хан) қазақ операсында өнер көрсетті.
Дереккөздер
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Beket Muhtar Әuezov avtorlygyndagy opera Pesanyn tүpnuskasy murazhaj үjdin kolzhazba korynda saktauly kolemi 79 bet Sonyna 1938 zhyl dep belgi kojylgan Tort aktili bes suretti kүjli muzykalyk pesa algash ret Әdebiet zhәne iskusstvo zhurnalynyn 1939 zhylgy N 2 sanynda zhariyalangan Әuezovtin tandamaly shygarmalarynyn 6 tomdyk zhinagynyn 5 tomynda 1956 12 tomdyk shygarmalar zhinagynyn 10 tomynda 1982 kajtalanyp basyldy Pesa ak olenmen zhazylgan Okiga 19 gasyrdyn ortasynda Zhem ozeninin bojynda otedi Beket pen Zerenin үjlenu tojy үstinde Arystan sultan kelip eldin shyrkyn buzady Olardy tugan zherinen koshugo bujyrady Batyr Beket karsylyk korsetip akyry itzhekkenge zher audarylady Odan dostarynyn komeginin arkasynda kashyp shygyp dushpanynan kegin alady Beket operasy 1940zh 29 akpan kүni Abaj atyndagy memlekettik akademiyalyk opera zhәne balet teatrynyn sahnasynda kojyldy Kompozitory A Zilber orkestrge tүsirgen R Glier rezhisseri Қ Bajsejitov dirizheri F Kuzmich kejinnen B Vrana suretshisi A Nenashev bidi kojgan Yu Kovalev hordyn zhetekshisi G Petrov Bi korinisterinde Shara Zhandarbekova men E Lifanova oner korsetti Muzykalyk shygarmanyn bul kojylymy mamandardyn arasynda eki udaj pikir tudyrdy Beket operasy turaly Қazak operasynyn ujymshyl uzhymy tabandy izdenistin nәtizhesinde kyzykty spektakldi sahnaga shygardy Beket operasy әrine kazak opera onerinin shyny emes alajda bul onyn damu zholyndagy ilgeri baskan kadamy Ғ Sharipova Beket Teatr uzhymy үlken zheniske zhetti D Pryanishnikov kazaktyn zhana operasy Beket Bekettegi mәnissiz mazmunsyz ajgajdyn munda da zhүrgenin koremiz A Zhubanov Tutkyn kyz degen karama karsy pikirler bildirildi Әsirese kazaktyn halyk әnderin ondeusiz pajdalangan kompozitor A Zilberdin atyna koptege eskertuler men syn ajtyldy Қalaj degenmen Beket operasy ozinin tarihi mindetin oryndagan sahnalyk muzykalyk kojylym bolyp tabylady Munda tungysh ret orys әnshileri S Kolton O Han kazak operasynda oner korsetti DerekkozderMuhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8