Бақытжан Байтақов (1898 жыл, бұрынғы Орал облысы, Темір уезі, Ойыл ауылы - 1938 жыл) - Батыс Алашорда кайраткері.
Өмірбаяны
Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер семинариясын «халық мұғалімі» мамандығымен бітірген. Ойыл өңірінде болыстық және қалалық орыс-қазақ мектептері мен училищелерінде мұғалім болып қызмет етті. Ойыл өңірінен бірінші (1917, сәуір), екінші (1917, шілде), үшінші (1918, ақпан) және төртінші Орал облыстық қазақ сиезіне делегат болып, жергілікті жер басқармаларын, сондай-ақ Ойыл облыстық Уақытша үкіметін («Ойыл уәлаяты») сайлауға (1918, мамыр) қатысты. 1917 жылы қарашада Ойыл бекінісінде өткен Жайық сырты қазақтары өкілдері кеңесіне катысушы. Жымпиты сиезінің қарарымен Ойыл облысының (уәлаятының) орталығы болып белгілшген Ойыл бекінісінде үкімет, земство мекемелерін жайғастыру және Темір, Елек, Гурьев уездері шегіндегі Қиыл, Қарағанды, , Жетікөл, , 1-Ойыл, 2-Ойыл, , Ақшатау, Ақжал, Бестөбе, Қарашағыр, қазақ болыстары мен , , , , орыс болыстары есебінен Ойыл облысына қарасты Ойыл уезін күру ісімен шұғылданды. Ойыл уездік сотының төрағасы болып істеді (1918-1919). Майдан шебі Ойыл жеріне ауысқан 1919 жылдың аяқ шеңінде жергілікті халықтың текетірескен күштерден зардап шекпеуін қадағалады. Сол жылы қарашаның ортасында Ойыл бекінісін Қызыл Армияның З-Татар атқыштар полкі мен 1-Кавбригадасы алған соң А.Қалменов, Ғ.Есенғұловпен бірге Батыс Алашорда үкіметі атынан алғашқылардың бірі болып кеңес жағына шығу әрекеттерін жасады. Татар полкі командирлерінің Қызылқоғадағы Батыс Алашорда үкіметіне ұсынысы бойынша екі арада жүргізіле бастаған келіссөздерге қатысты. 1 желтоқсанда басталған келіссөз нәтижесінде Қызылқоғада тұрған Елек қазақ-орыс корпусына екі жақтан бір уақытта соққы беру туралы келісім жасалды. Бұл істе, әсіресе Ойыл мен Қызылқоға ортасындағы қазақ әскери бөлімшелері жайынан толық нақты мағлұмат бере білген Байтақов едәуір рол атқарды. Ол Батыс Алашорда үкіметі мен кеңес басшылығы арасындағы алыстан арбасқан, сенімсіздікке толы күрделі келіссөздер тарихының Қызылқоға-Ойыл кезеңінің негізгі, екінші бөлігінде де айтарлықтай еңбек сіңірді. 1919 жылы 19 желтоқсанда А.Қалменовпен бірге Ойылдагы З-Кавдивизия штабына Батыс Алашорда үкіметінің 10 желтоқсан күні Қызылқоғада өткізген кеңесінің қаулысын әкеп тапсырды. Соның нәтижесінде 20 желтоқсанда Түркістан майданының қолбасшысы М.Фрунзе Батыс Алашорда үкіметімен арадағы келіссөзді бұрынғыдан нақтырақ жүргізуге бұйрық беріп, өзіне Батыс Алашорда делегаттары келгенін В.И. Ленинге хабарлады. Делегациямен арадағы келіссөз әсерімен: «Батыч Алашорда үкіметі әскери жағынан әлсіз, бірақ олардың бізге берілуінің саяси және экономикалык астары күшті, сонда Каспийге дейінгі қазақ даласы біздің қолға кәшеді», - деген пікір түйді. 23 желтоқсанда Қалменов екеуі Ақтобе қаласына келіп, Қызылқоғада өткен кеңес қаулысын осындағы Қызыл армияның уәкілетті өкілі Лежава-Мюратқа, Қазәсревком мүшелері Ә.Әйтиев пен Б.Қаралдинге де табыстады. Соның нәтижесінде Лежава-Мюрат пен Қазәсревком мүшелері Алашорданың бүкіл пәрменді күштері өлкені басқару органдарының қатарына қосылатындығы жөнінде Батыс Алашорда үкіметі үшін айрықша маңызды шешім қабылдап, бұл шешімді делегация хат түрінде 1920 жылы 3 қаңтарда Қызылқоғаға жеткізді. Батыс Алашорда үкіметінің бұған толық қосылатындығын білдірген және өзінің Қазәсревкоммен бірге өлкені басқару жүйесін ретке келтіруді кезек күттірмес іс деп білетіндігі туралы ұсыныс-пікірлері толық баяндалған 1920 жылы 5 қаңтардағы маңызды жауап хатын табыстау міндеті де Байтақовқа жүктелді. Осы келіссөз нәтижесінде Қызыл армия мен Қазәсревкомның уәкілетті өкілдері Наумов пен Бегімбетов және Батыс Алашорда үкіметі мүшелері қатысқан 11 каңтардағы бірлескен Қызылқоға мәжілісінде Батыс Алашорда үкіметін Қазәсревкомға, әскери бөлімшелерін З-Татар полкіне қосу, Қызылқоғада Алашорда мүшелерінің қатысуымен әскери бөлім құру туралы қолайлы шешім қабылданды. Әскери бөлімге 1919 жылы 20 желтоқсанға дейін кеңес жағына шыққан алашордашылар (А.Кенжин, М.Ғалиев, т.б.) кірді. Солардың қатарында Байтақов та Ойыл өңірінде шаруашылық ісін қалпына келтіру жұмысына араласты. 1920 жылы ақпанда Мәскеуден Ойылға келген Берковскийдің Жем (Ембі) кәсіпшіліктерінен орталыққа мұнай тасу жөніндегі арнаулы экспедициясына қолғабыс беру, аудандық мұнай тасымалдау басқармаларын кұру, мұнай таситын керуендер жасақтау ісін ұйымдастырды. Орал губерниялық партия комитеті жіберген Кирпичников, Шнейдерман, Финогенов сияқты шовинистік пигылдағы кызметкерлердің жергілікті оқығандарды шеткақпайлауына, Ойыл уезін Темір уезіне немесе жаңадан құрылмакшы Адай уезіне косу, сөйтіп Батыс Алашорда орталығының маңызын әдейі кеміту пиғылдарына қарсы тұрды. 1920-1921 жылдары Ойыл уездік атқару комитетінің еңбек бөлімінде қызмет істеді. 1921 жылы қыркүйекте С.Меңдешев пен М.-Х.Мырзағалиевтің ұсынуымен Қазақ РК(б)П облыстық комитеті президиумы қабылдаған шешім бойынша обком жанындағы кеңес-партия мектебіне оқытушылыққа шақырылды. Байтақов 1925-1935 жылдар аралығында өлкелік деңгейдегі әртүрлі жауапты кызметтерде болды. 1935-1936 жылдары БК(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстык комитеті ұйымдық-партия бөлімінің меңгерушісі. 1936 жылғы тамыз айынан Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағасы, ҚК(б)П ОК-нің мүшесі. 1937 жылы партия қатарынан, сол жылғы 26 қазанда ҚК(б)П ОК 3-пленумының қаулысымен «халық жауы» деген айыппен ҚК(б)П ОК мүшелігінен шығарылып, ісі НКВД органына тапсырылды. Осы оқиғадан кейін өзіне өзі қол салды. НКВД қызметкерлері ауыр жаралы күйінде тұтқындап, алып кетті. КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының каулысымен 1938 жылы ақпанда атылды. Сол шамада туысқандары да қуғындалды. 1921 жылдың соңында ағасы, халық мүғалімі, Ойыл уездік атқару комитетінің төрағасы Ерғазы Байтақов офицер Далматовтың қолынан қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында тұратын Бисенғали Байтақов 1938 жылы атылды, Темірғали Байтақов 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bakytzhan Bajtakov 1898 zhyl buryngy Oral oblysy Temir uezi Ojyl auyly 1938 zhyl Batys Alashorda kajratkeri ӨmirbayanyOrynbor orys kazak mugalimder seminariyasyn halyk mugalimi mamandygymen bitirgen Ojyl onirinde bolystyk zhәne kalalyk orys kazak mektepteri men uchilishelerinde mugalim bolyp kyzmet etti Ojyl onirinen birinshi 1917 sәuir ekinshi 1917 shilde үshinshi 1918 akpan zhәne tortinshi Oral oblystyk kazak siezine delegat bolyp zhergilikti zher baskarmalaryn sondaj ak Ojyl oblystyk Uakytsha үkimetin Ojyl uәlayaty sajlauga 1918 mamyr katysty 1917 zhyly karashada Ojyl bekinisinde otken Zhajyk syrty kazaktary okilderi kenesine katysushy Zhympity siezinin kararymen Ojyl oblysynyn uәlayatynyn ortalygy bolyp belgilshgen Ojyl bekinisinde үkimet zemstvo mekemelerin zhajgastyru zhәne Temir Elek Gurev uezderi shegindegi Қiyl Қaragandy Zhetikol 1 Ojyl 2 Ojyl Akshatau Akzhal Bestobe Қarashagyr kazak bolystary men orys bolystary esebinen Ojyl oblysyna karasty Ojyl uezin kүru isimen shugyldandy Ojyl uezdik sotynyn toragasy bolyp istedi 1918 1919 Majdan shebi Ojyl zherine auyskan 1919 zhyldyn ayak sheninde zhergilikti halyktyn teketiresken kүshterden zardap shekpeuin kadagalady Sol zhyly karashanyn ortasynda Ojyl bekinisin Қyzyl Armiyanyn Z Tatar atkyshtar polki men 1 Kavbrigadasy algan son A Қalmenov Ғ Esengulovpen birge Batys Alashorda үkimeti atynan algashkylardyn biri bolyp kenes zhagyna shygu әreketterin zhasady Tatar polki komandirlerinin Қyzylkogadagy Batys Alashorda үkimetine usynysy bojynsha eki arada zhүrgizile bastagan kelissozderge katysty 1 zheltoksanda bastalgan kelissoz nәtizhesinde Қyzylkogada turgan Elek kazak orys korpusyna eki zhaktan bir uakytta sokky beru turaly kelisim zhasaldy Bul iste әsirese Ojyl men Қyzylkoga ortasyndagy kazak әskeri bolimsheleri zhajynan tolyk nakty maglumat bere bilgen Bajtakov edәuir rol atkardy Ol Batys Alashorda үkimeti men kenes basshylygy arasyndagy alystan arbaskan senimsizdikke toly kүrdeli kelissozder tarihynyn Қyzylkoga Ojyl kezeninin negizgi ekinshi boliginde de ajtarlyktaj enbek sinirdi 1919 zhyly 19 zheltoksanda A Қalmenovpen birge Ojyldagy Z Kavdiviziya shtabyna Batys Alashorda үkimetinin 10 zheltoksan kүni Қyzylkogada otkizgen kenesinin kaulysyn әkep tapsyrdy Sonyn nәtizhesinde 20 zheltoksanda Tүrkistan majdanynyn kolbasshysy M Frunze Batys Alashorda үkimetimen aradagy kelissozdi buryngydan naktyrak zhүrgizuge bujryk berip ozine Batys Alashorda delegattary kelgenin V I Leninge habarlady Delegaciyamen aradagy kelissoz әserimen Batych Alashorda үkimeti әskeri zhagynan әlsiz birak olardyn bizge beriluinin sayasi zhәne ekonomikalyk astary kүshti sonda Kaspijge dejingi kazak dalasy bizdin kolga kәshedi degen pikir tүjdi 23 zheltoksanda Қalmenov ekeui Aktobe kalasyna kelip Қyzylkogada otken kenes kaulysyn osyndagy Қyzyl armiyanyn uәkiletti okili Lezhava Myuratka Қazәsrevkom mүsheleri Ә Әjtiev pen B Қaraldinge de tabystady Sonyn nәtizhesinde Lezhava Myurat pen Қazәsrevkom mүsheleri Alashordanyn bүkil pәrmendi kүshteri olkeni baskaru organdarynyn kataryna kosylatyndygy zhoninde Batys Alashorda үkimeti үshin ajryksha manyzdy sheshim kabyldap bul sheshimdi delegaciya hat tүrinde 1920 zhyly 3 kantarda Қyzylkogaga zhetkizdi Batys Alashorda үkimetinin bugan tolyk kosylatyndygyn bildirgen zhәne ozinin Қazәsrevkommen birge olkeni baskaru zhүjesin retke keltirudi kezek kүttirmes is dep biletindigi turaly usynys pikirleri tolyk bayandalgan 1920 zhyly 5 kantardagy manyzdy zhauap hatyn tabystau mindeti de Bajtakovka zhүkteldi Osy kelissoz nәtizhesinde Қyzyl armiya men Қazәsrevkomnyn uәkiletti okilderi Naumov pen Begimbetov zhәne Batys Alashorda үkimeti mүsheleri katyskan 11 kantardagy birlesken Қyzylkoga mәzhilisinde Batys Alashorda үkimetin Қazәsrevkomga әskeri bolimshelerin Z Tatar polkine kosu Қyzylkogada Alashorda mүshelerinin katysuymen әskeri bolim kuru turaly kolajly sheshim kabyldandy Әskeri bolimge 1919 zhyly 20 zheltoksanga dejin kenes zhagyna shykkan alashordashylar A Kenzhin M Ғaliev t b kirdi Solardyn katarynda Bajtakov ta Ojyl onirinde sharuashylyk isin kalpyna keltiru zhumysyna aralasty 1920 zhyly akpanda Mәskeuden Ojylga kelgen Berkovskijdin Zhem Embi kәsipshilikterinen ortalykka munaj tasu zhonindegi arnauly ekspediciyasyna kolgabys beru audandyk munaj tasymaldau baskarmalaryn kuru munaj tasityn keruender zhasaktau isin ujymdastyrdy Oral guberniyalyk partiya komiteti zhibergen Kirpichnikov Shnejderman Finogenov siyakty shovinistik pigyldagy kyzmetkerlerdin zhergilikti okygandardy shetkakpajlauyna Ojyl uezin Temir uezine nemese zhanadan kurylmakshy Adaj uezine kosu sojtip Batys Alashorda ortalygynyn manyzyn әdeji kemitu pigyldaryna karsy turdy 1920 1921 zhyldary Ojyl uezdik atkaru komitetinin enbek boliminde kyzmet istedi 1921 zhyly kyrkүjekte S Mendeshev pen M H Myrzagalievtin usynuymen Қazak RK b P oblystyk komiteti prezidiumy kabyldagan sheshim bojynsha obkom zhanyndagy kenes partiya mektebine okytushylykka shakyryldy Bajtakov 1925 1935 zhyldar aralygynda olkelik dengejdegi әrtүrli zhauapty kyzmetterde boldy 1935 1936 zhyldary BK b P Ontүstik Қazakstan oblystyk komiteti ujymdyk partiya boliminin mengerushisi 1936 zhylgy tamyz ajynan Қostanaj oblystyk atkaru komitetinin toragasy ҚK b P OK nin mүshesi 1937 zhyly partiya katarynan sol zhylgy 26 kazanda ҚK b P OK 3 plenumynyn kaulysymen halyk zhauy degen ajyppen ҚK b P OK mүsheliginen shygarylyp isi NKVD organyna tapsyryldy Osy okigadan kejin ozine ozi kol saldy NKVD kyzmetkerleri auyr zharaly kүjinde tutkyndap alyp ketti KSRO Zhogargy Soty Әskeri kollegiyasynyn kaulysymen 1938 zhyly akpanda atyldy Sol shamada tuyskandary da kugyndaldy 1921 zhyldyn sonynda agasy halyk mүgalimi Ojyl uezdik atkaru komitetinin toragasy Ergazy Bajtakov oficer Dalmatovtyn kolynan kaza tapty Batys Қazakstan oblysy Қaratobe audanynda turatyn Bisengali Bajtakov 1938 zhyly atyldy Temirgali Bajtakov 20 zhyl merzimge bas bostandygynan ajryldy Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet