Батыс Актас газ конденсаты кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклин белдеміндегі газ конденсаты кен орны. Құрылым 1952-1958 жылдары дайындалып, кенорын 1987 жылы ашылды, барлап-игеру жұмыстары 1989 жылы қолға алынған.
Батыс Ақтас газ конденсаты кен орны | |
42°58′56″ с. е. 51°56′43″ ш. б. / 42.98222° с. е. 51.94528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°58′56″ с. е. 51°56′43″ ш. б. / 42.98222° с. е. 51.94528° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Статусы | Тоқтатылған |
Ашылған уақыты | 1987 жыл |
Географиялық орны
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде.
Геологиялық құрылымы
Ортаңғы триастың төменгі жағындағы шағылдырушы горизонтпен шектелген кен сыйыстырушы құрылым тектоникалық блок ауқымындағы шағын биіктік болып табылады. Тұйықтаушы -3200 м-лік изогипса бойынша оның өлшемдері 2x0,8 км, амплитудасы 50 м. Өнімділігі жоғарғы триас шөгінділерінің терригендік-карбонаттық таужыныстарымен байланысты.
Жатыс сипаты, қанығуы
Жинауышы аралас құрамды, ашық кеуектілігі 14%. Жапқышы қалыңдығы 144 м-ден астам аргилиттерден құралған. Жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Газ-су жапсары -2975 м белгіде. Жатынның газды бөлігінің ауданы 1,5 км2, биіктігі 30 м. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 6,8 м, газбен қаныққан қалыңдығы 4,8 м, газдылық коэффициент 0,72. Көтерілім күмбезіндегі өнімді қойнауқат бетінің ең аз тереңдігі 3110 м. 5 мм-лік штуцердегі газ шығымы 29,8 мың м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысымы 32 МПа.
Құрамы, тығыздығы
Газ құрамы этанды (15,1%), метаны 71,6%. Ауыр көмірсутектердің үлесіне 26% тиеді. Тұрақты конденсаттың газдағы мөлшері 21,1 г/м3. Шығымы 9,6 м3/тәу. Тығыздығы 766 кг/м3, тұтқырлығы 1,74 Сст. Конденсатта 1,2% парафин, 67,7% метандық, 30% нафтендік, 2,3% хошиісті көмірсутектер бар. Хлоркальций типті қойнауқаттық сулардың минералдылығы жоғары. Жатын режимі газарынды. Кен орнында жұмыс тоқтатылған.
Дереккөздер
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batys Aktas gaz kondensaty ken orny Ontүstik Mangystau ojysynyn Өzen Zhetibaj antiklin beldemindegi gaz kondensaty ken orny Қurylym 1952 1958 zhyldary dajyndalyp kenoryn 1987 zhyly ashyldy barlap igeru zhumystary 1989 zhyly kolga alyngan Batys Aktas gaz kondensaty ken orny42 58 56 s e 51 56 43 sh b 42 98222 s e 51 94528 sh b 42 98222 51 94528 G O Ya Koordinattar 42 58 56 s e 51 56 43 sh b 42 98222 s e 51 94528 sh b 42 98222 51 94528 G O Ya El ҚazakstanAjmakMangystau oblysyStatusyToktatylganAshylgan uakyty1987 zhylBatys Aktas gaz kondensaty ken ornyBatys Aktas gaz kondensaty ken ornyGeografiyalyk ornyMangystau oblysynyn Қarakiya audanynda Aktau kalasynan ontүstik shygyska karaj 110 km zherde Geologiyalyk kurylymyOrtangy triastyn tomengi zhagyndagy shagyldyrushy gorizontpen shektelgen ken syjystyrushy kurylym tektonikalyk blok aukymyndagy shagyn biiktik bolyp tabylady Tujyktaushy 3200 m lik izogipsa bojynsha onyn olshemderi 2x0 8 km amplitudasy 50 m Өnimdiligi zhogargy trias shogindilerinin terrigendik karbonattyk tauzhynystarymen bajlanysty Zhatys sipaty kanyguyZhinauyshy aralas kuramdy ashyk keuektiligi 14 Zhapkyshy kalyndygy 144 m den astam argilitterden kuralgan Zhatyn kojnaukattyk tektonikalyk turgydan kalkalangan Gaz su zhapsary 2975 m belgide Zhatynnyn gazdy boliginin audany 1 5 km2 biiktigi 30 m Өnimdi gorizonttyn zhalpy kalyndygy 6 8 m gazben kanykkan kalyndygy 4 8 m gazdylyk koefficient 0 72 Koterilim kүmbezindegi onimdi kojnaukat betinin en az terendigi 3110 m 5 mm lik shtucerdegi gaz shygymy 29 8 myn m3 tәu Bastapky kojnaukattyk kysymy 32 MPa Қuramy tygyzdygyGaz kuramy etandy 15 1 metany 71 6 Auyr komirsutekterdin үlesine 26 tiedi Turakty kondensattyn gazdagy molsheri 21 1 g m3 Shygymy 9 6 m3 tәu Tygyzdygy 766 kg m3 tutkyrlygy 1 74 Sst Kondensatta 1 2 parafin 67 7 metandyk 30 naftendik 2 3 hoshiisti komirsutekter bar Hlorkalcij tipti kojnaukattyk sulardyn mineraldylygy zhogary Zhatyn rezhimi gazaryndy Ken ornynda zhumys toktatylgan DerekkozderҚazakstannyn munaj enciklopediyasy 2 tomdyk Almaty Munajshy Қogamdyk kory 2005 ISBN 9965 9765 1 1