Батыршылдық - көшпелі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер болған батырлар әлеуметтік жігінің кәсіби әскери іске негізделген әлеуметтік институттардың бірі. Батырлардың әлеуметтік жік ретіндегі басты қоғамдық функциясынан туындаған, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік идеологиясы, өзіне тән әскери салт-дәстүрлері, әскери кәсіптің тәжірибесінен қалыптаскан өзіндік жауынгерлік этикасы, моралдық ережелері, басқа әлеуметтік жіктермен арақатынасын реттейтін әлеуметік нормалары болды. Бұл әлеуметтік нормалардың институциялануы барысында «батыршылдық» институты қапыптасып, батырлар көшпелі қоғамдағы әскери жікке айналды. «Батыршылдық» институты патриархалды-рулық құрылым кезеңінде пайда болды. Батыр болып өмір сүрген адам тек әскери іспен ғана айналысуы тиіс болды, оның бар өмірі соғыста өтті, батыр үшін басқа іспен айналысу ар саналды, сондықтан батырлар әулетінде әскери кәсіппен өмір сүру әкеден балаға мұрагерлікке жалғасатын еді. Батыршылдықта өлімге деген көзқарас өзгеше болып, батыр қашанда өлімді қарсы алуға дайын болуға тәрбиеленетін. Қартайғанша қаруын тастамайтын батырлар үшін соғыста қаза болу қасиетті өлім саналып, үйде төсекте өлу өкініш болды. Олар үшін өзінің жауынгерлік намысы, әскери парызы өлімнен жоғары қойылды. Өлімге мұндай көзқарас қалыптастыру батырлық рухты тәрбилеудің бір бөлігі болатын.
Батыршылдықтың басты мұраттары (идеалдары): ерлік, батылдық, ханға, елге сенімділікпен қызмет ету, адалдық, асылдық, тектілік, осы мұраттар үшін жан қию. Жауынгерлік қаруды қастерлеп, киелеу, қаруға табыну, қаруға ат қою, айқас алдында қарумен серттесу, қаруды жаман іске жұмсамау, қаруды әртүрлі символға айналдыру сияқты әскери қарумен байланысты салт-дәстүрлер батыршылдық салттың бір бөлігі болған. Батыршылдықта басты өнер - ер қаруы-бес қаруды жетік меңгеріп, шебер қолдана білу. Батырлық эпостарда, батырлар әулетінен шыққан батыр-жыраулар поэзиясында батыршылдықтың осы мұраттары дәріптеледі. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы осы батыршылдықтың гимні (әнұраны) десе болады. Батыршылдық өткен ғасырлардағы ұлттық салт-дәстүрімізде елдің айбыпы болған батыршылдық рухты тәрбиелеудің негізі болды.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batyrshyldyk koshpeli kazak kogamyndagy kәsibi әskeriler bolgan batyrlar әleumettik zhiginin kәsibi әskeri iske negizdelgen әleumettik instituttardyn biri Batyrlardyn әleumettik zhik retindegi basty kogamdyk funkciyasynan tuyndagan gasyrlar bojy kalyptaskan ozindik ideologiyasy ozine tәn әskeri salt dәstүrleri әskeri kәsiptin tәzhiribesinen kalyptaskan ozindik zhauyngerlik etikasy moraldyk erezheleri baska әleumettik zhiktermen arakatynasyn rettejtin әleumetik normalary boldy Bul әleumettik normalardyn instituciyalanuy barysynda batyrshyldyk instituty kapyptasyp batyrlar koshpeli kogamdagy әskeri zhikke ajnaldy Batyrshyldyk instituty patriarhaldy rulyk kurylym kezeninde pajda boldy Batyr bolyp omir sүrgen adam tek әskeri ispen gana ajnalysuy tiis boldy onyn bar omiri sogysta otti batyr үshin baska ispen ajnalysu ar sanaldy sondyktan batyrlar әuletinde әskeri kәsippen omir sүru әkeden balaga muragerlikke zhalgasatyn edi Batyrshyldykta olimge degen kozkaras ozgeshe bolyp batyr kashanda olimdi karsy aluga dajyn boluga tәrbielenetin Қartajgansha karuyn tastamajtyn batyrlar үshin sogysta kaza bolu kasietti olim sanalyp үjde tosekte olu okinish boldy Olar үshin ozinin zhauyngerlik namysy әskeri paryzy olimnen zhogary kojyldy Өlimge mundaj kozkaras kalyptastyru batyrlyk ruhty tәrbileudin bir boligi bolatyn Batyrshyldyktyn basty murattary idealdary erlik batyldyk hanga elge senimdilikpen kyzmet etu adaldyk asyldyk tektilik osy murattar үshin zhan kiyu Zhauyngerlik karudy kasterlep kieleu karuga tabynu karuga at koyu ajkas aldynda karumen serttesu karudy zhaman iske zhumsamau karudy әrtүrli simvolga ajnaldyru siyakty әskeri karumen bajlanysty salt dәstүrler batyrshyldyk salttyn bir boligi bolgan Batyrshyldykta basty oner er karuy bes karudy zhetik mengerip sheber koldana bilu Batyrlyk epostarda batyrlar әuletinen shykkan batyr zhyraular poeziyasynda batyrshyldyktyn osy murattary dәripteledi Aktamberdi zhyraudyn Kүldir kүldir kisinetip dep bastalatyn tolgauy osy batyrshyldyktyn gimni әnurany dese bolady Batyrshyldyk otken gasyrlardagy ulttyk salt dәstүrimizde eldin ajbypy bolgan batyrshyldyk ruhty tәrbieleudin negizi boldy DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet