Бастауыш Мектеп — білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. 1917 жылға дейін Қазақстандағы білім берудің бағыттарына сәйкес Бастауыш Мектептердің құрылымдық жүйесі әр түрлі болды (қара Мектеп, Ауылдық мектептер, Бастауыш халық , т.б.). Олардағы оқу мерзімі 1—2, 3—4, 5—6 жылдық еді. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Кеңес Одағы елдерінде жаппай міндетті бастауыш білім беру ісі қолға алынды. 1919 жылдан жұмыс істеген 2—3 жылдық Бастауыш Мектептер 1941 жылы 4 жылдық болып өзгерді. Мектеп жасындағы қыз балаларды оқытуға да айрықша көңіл бөлінді. Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты халықтың көпшілігі үшін Бастауыш Мектеп білім беру жүйесінің алғашқы әрі соңғы сатысы ретінде қызмет етті. Ел экономикасының жедел қарқынды дамуы барысында Бастауыш Мектептер үлкен әлеуметтік қызмет атқарды. 1960 жылдан бастап жаппай орта білім алуға көшу Бастауыш Мектептің құрылымдық жүйесін, негізгі мақсатын түбегейлі өзгертті. Бастауыш Мектеп жалпы білім беретін орта мектептің құрамындағы бастауыш сыныптарға айналды. Оқу мерзімі 3 жылдық болды. Кейбір аз қоныстанған елді мекендерде ғана Бастауыш Мектеп дербес күйінде қалды. Оқу жоспарына математика, , көркем жазу, ана тілі, орыс тілі, ]]дене шынықтыру]], еңбек пәндері енгізілді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жетістіктер, педагогикалық, психологиялық ғылымындағы іргелі зерттеулер ықпалымен Бастауыш Мектептің оқыту мазмұны күрделі өзгеріске ұшырады. 1990 жылдан бастап Бастауыш Мектептің жаңа оқу бағдарламалары жасалды. Оқу мерзімі қайтадан 4 жылдыққа ауысып, оқыту мазмұны тәуелсіздік рухының талабымен қайта жасалды. ҚР-ның “Білім беру туралы заңында” орта білім берудің сатылары: бастауыш (1—4 сыныптар), негізгі (5—9 сыныптар), жоғарғы (10—11 сыныптар) болып нақтыланды.
Сілтеме
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
- Мектеп жайлы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bastauysh Mektep bilim beru zhүjesinin algashky satysy 1917 zhylga dejin Қazakstandagy bilim berudin bagyttaryna sәjkes Bastauysh Mektepterdin kurylymdyk zhүjesi әr tүrli boldy kara Mektep Auyldyk mektepter Bastauysh halyk t b Olardagy oku merzimi 1 2 3 4 5 6 zhyldyk edi 20 gasyrdyn 30 zhyldarynan bastap Kenes Odagy elderinde zhappaj mindetti bastauysh bilim beru isi kolga alyndy 1919 zhyldan zhumys istegen 2 3 zhyldyk Bastauysh Mektepter 1941 zhyly 4 zhyldyk bolyp ozgerdi Mektep zhasyndagy kyz balalardy okytuga da ajryksha konil bolindi Sol kezdegi әleumettik ekonomikalyk zhagdajga bajlanysty halyktyn kopshiligi үshin Bastauysh Mektep bilim beru zhүjesinin algashky әri songy satysy retinde kyzmet etti El ekonomikasynyn zhedel karkyndy damuy barysynda Bastauysh Mektepter үlken әleumettik kyzmet atkardy 1960 zhyldan bastap zhappaj orta bilim aluga koshu Bastauysh Mekteptin kurylymdyk zhүjesin negizgi maksatyn tүbegejli ozgertti Bastauysh Mektep zhalpy bilim beretin orta mekteptin kuramyndagy bastauysh synyptarga ajnaldy Oku merzimi 3 zhyldyk boldy Kejbir az konystangan eldi mekenderde gana Bastauysh Mektep derbes kүjinde kaldy Oku zhosparyna matematika korkem zhazu ana tili orys tili dene shynyktyru enbek pәnderi engizildi Қogamnyn әleumettik ekonomikalyk zhagdajy zhetistikter pedagogikalyk psihologiyalyk gylymyndagy irgeli zertteuler ykpalymen Bastauysh Mekteptin okytu mazmuny kүrdeli ozgeriske ushyrady 1990 zhyldan bastap Bastauysh Mekteptin zhana oku bagdarlamalary zhasaldy Oku merzimi kajtadan 4 zhyldykka auysyp okytu mazmuny tәuelsizdik ruhynyn talabymen kajta zhasaldy ҚR nyn Bilim beru turaly zanynda orta bilim berudin satylary bastauysh 1 4 synyptar negizgi 5 9 synyptar zhogargy 10 11 synyptar bolyp naktylandy MektepSiltemeҚazak Enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Syrtky siltemelerMektep zhajly