Booth Memorial ауруханасында Нью-Йорктың маңайында 1925 жылы дүниеге келді. Балалық шағын Нью-Йорктың маңында өткізеді. Оның әкесі 60 жылдардағы әйгілі әйелдер журналының басып шығарушысы болды, ал анасы 1949 жылы көлік апатында қайтыс болады. Әкесінің жағынан АҚШ-тың он төртінші президенті Франклин Пирстің алыс туысы болып келеді.
Болашақ күйеуі Джордж Бушпен он алты жасында Жаңа жыл кешінде танысады. Бір жарым жылдан кейін Буштың әскерге кетуінің алдында атастырылу өтті. Авиацияда ұшқыш болған кезде Джордж Буш өзі ұшқан ұшақтардың бәрін болашақ әйелінің атымен атаған – «Барбара І», «Барбара ІІ», «Барбара ІІІ». Кезекті демалысы кезінде 1945 жылы6 қаңтарда олар үйленеді. Соғыс аяқталған соң олар Мидленд, Техас штатына көшеді. Сол жерде оларда алты бала дүниеге келеді.
Балалары
Джордж Буш (6 шілде 1946) — АҚШ-тың қырық үшінші президенті, Техастың қырық алтыншы губернаторы.
Дороти Буш Кох (18 тамыз1959) — жұбайлардың соңғы баласы, қайырымдылықпен айналысады.
Қазіргі кезде Барбара Буш күйеуімен бірге Хьюстон, Техас штатында тұрып жатыр. Өзінің атынан ашылған қамқорлық фондты басқарады. Барбара Буштың атында бірнеше мектеп бар: 3 бастауыш және екі орта мектеп Техаста және бір бастауыш мектеп Аризонада. Барбара Буш және оның отбасысы2009 жылы наурызда Барбара Бушқа жүрекке ота жасалды. 2014 жылы1 қантардапневмонияға күдікпен ауруханаға түседі. 2016 жылдың6 наурыздаНэнси Рейганның қазасынан кейін АҚШ-тың Бірінші ханымдардың ішінде ең көп өмір сүрген адамдардың бірі болып саналады.