Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова — палеонтолог, биология ғылымдарының кандидаты (1964).
Балдырған Сералықызы Қожамқұлова | |
Аспирант Қожамқұлова | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны | Қазақ КСР Ғылым академиясының Зоология институты |
Ғылыми дәрежесі | Биология ғылымдарының кандидаты |
Альма-матер | |
Ғылыми жетекші | В.С.Бажанов |
Несімен белгілі | Алғашқы палеонтолог ғалым |
Марапаттары |
|
Өмірбаяны
Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова 1930 жылы 30 наурызда Алматы қаласында, КСРО мен Қазақстанның танымал халық артисі Серәлі Қожамқұловтың отбасында дүниеге келді. Анасы - Хадиша да қазақ театр өнерінің жарық жұлдыздарының бірі. Балдырған Серәліқызы отбасындағы жеті баланың үлкені. Балаларының маман музыкант болуын қалаған әке барлығын қосымша музыка мектебіне бергендіктен, Балдырған Серәліқызы пианино сабағына қатысқан екен. Балдырғанның музыкалық дарынына ата-ана үміт артқанымен, табиғатқа деген сүйіспеншілік бала кезден ерекше баураған Б.Серәліқызы өнер жолын емес, биологияны таңдап, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Биология факультетінде білім алды.
Еңбек жолы
- 1954-1957 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Зоология институтының аспиранты. Жетекшісі: В.С.Бажанов.
- 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Зоология институтында палеобиология зертханасының техник-геологі.
- 1958 жылы Осы институтта кіші ғылыми қызметкер.
- 1964 жылы «Қазақстанның антропогендік қазба териофаунасына шолу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 1964-1986 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Зоология институтында палеобиология зертханасын басқарды.
- 966-1986 жылдары Б.Қожамқұлова зертхананың бесжылдық іргелі ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болды.
- 1990-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің палеонтология секторының ғылыми кеңесшісі.
Ғылыми бағыты
Балдырған Серәліқызы республикалық және одақтық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдер бойынша кең көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауға қомақты үлесін қосты. Балдырған Сералықызы Қазақстанның соңғы кайнозой дәуіріндегі омыртқалылардың таксономиялық биоалуантүрлілігін, палеофауна, палеозогеография салаларындағы зерттеулерімен қазіргі омыртқалы жануарлар дүниесінің қалыптасу тарихына және Қазақстанның плейстоцендік шөгінділерінің биостратиграфиясына анықтауда ғылыми жұмыстарын жүргізді, Қазақстандағы ғылымның осы саласының дамуына орасан зор ықпал етті.
Еңбектері
Балдырған Серәліқызының 170-тен аса ғылыми еңбегі жарық көрді, олардың ішінде:
- 1969 жылы «Қазақстанның антропогендік қазба териофаунасы»
- 1981 жылы «Қазақстанның соңғы кайнозой тұяқтылары»
- 1984 жылы «Қазақстанның қазып алынған жануарлары»
- 1999 жылы «Қазақстан динозаврлары: құрлық, ұшатын және теңіз»
- 2009 жылы «Ақмола облысының мамонт фаунасы» және т.б. еңбектердің, «Қазақстанның кайнозой сүтқоректілері каталогының» бірлескен авторы. Оның редакциясымен «Қазақстанның фаунасы мен флорасы тарихы» сериясынан V-X томдық зертханалық жұмыстары, «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы неогендік фауна» монографиясы және «Қазақстан палеоботаникасының жаңалықтары» жинағы жарық көрді.
Естеліктер
Балдырған Серәліқызы ежелгі жануарлардың сүйектерін зерттеуге маманданған кезде, әкесі Серәлі академик Қаныш Сәтбаевтан бұл қандай мамандық екенін сұрап, қазақтар мұндай жұмысты ешқашан таңдамағанын айтып, кеңеседі. Қаныш Имантайұлы «Балдырған – ерекше тұлға, бұл өте қажет мамандық және оны мақтан тұту керек» деп, Серәлі Қожамқұловты қызының дұрыс таңдау жасағанына сендіреді.
Мамонт қаңқасын табуы
1957 жылы мамырда Мәскеуден Қазақстанның Зоология институтына Новосібір облысы Қасқыр жалы аулына палеонтолог-ғалымдарды жіберуді өтінген жеделхат келеді. Қасқыр жалы аулында жергілікті құрылысшылар шұңқыр қазып, бір жарым метр тереңдіктен ежелгі жануардың сүйектерін тапқан. Олар қазбаларды геолог-мамандарға көрсеткен. Мамандар өз кезегінде ежелгі құстардың сүйектері деген шешімге келіп, Мәскеуге хабар жіберген. Бірақ палеонтологтардың бәрі экспедицияға кеткендіктен Қазақстанға жүгінуге шешім қабылданған. Бұл кезде Қазақстанның барлық палеонтологтары да қазба орнында жұмыс істеп жүрген . Сондықтан үшінші курс аспиранты Балдырған Серәліқызын іссапарға жібереді. Қасқыр жалы аулына келіп, ол жер қыртысын зерттеп, бұл құстың сүйектері емес, мамонт тістерінің тамыры екенін түсінеді. Қазба жұмысын жалғыз өзі жүргізу қиындық тудыратын болғандықтан жақын ауылдық кеңестен көмекшілер беруін өтінеді. Көмекшілер ретінде тоғызыншы сыныптың екі баласын қасына алып, олар бір айда үш тонна сүйек материалдарын жер бетіне шығарады. Жұмыс барысында бұл қазбалар мамонттардың аталығы, аналығы және екі мамонт төлінің сүйек қалдықтары екені анықталған. Олардың ішінде ересек мамонттың қаңқасы толық болып шықан. Ересек мамонттың толық қаңқасы Алматы музейіне қойылды.
Дереккөздер
- Назымбетова Г. Қазақтың тұңғыш палеонтолог қызы.Ана тілі газеті.30 Сәуір, 2020 http://anatili.kazgazeta.kz/news/56978
- Балдырған Серәліқызы Қожамқұлова: Қазақстан ғалымдарының библиографиясы./Құраст.: Тілеубердина П. Алматы: 2010. -88 б. http://kazneb.kz/FileStore/dataFiles/f3/e8/1155280/content/full.pdf?time=1615494027039&key=5ba64f47a1b52d83a2b330f06ee352e2&isPortal=true
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baldyrgan Serәlikyzy Қozhamkulova paleontolog biologiya gylymdarynyn kandidaty 1964 Baldyrgan Seralykyzy ҚozhamkulovaAspirant ҚozhamkulovaTugan kүni30 nauryz 1930 1930 03 30 Tugan zheriAlmatyҚajtys bolgan kүni14 kantar 2014 2014 01 14 83 zhas Қajtys bolgan zheriAlmatyAzamattygy KSRO ҚazakstanҒylymi ayasyPaleozoologiyaZhumys ornyҚazak KSR Ғylym akademiyasynyn Zoologiya institutyҒylymi dәrezhesiBiologiya gylymdarynyn kandidatyAlma materӘl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetiҒylymi zhetekshiV S BazhanovNesimen belgiliAlgashky paleontolog galymMarapattaryӨmirbayanyBaldyrgan Serәlikyzy Қozhamkulova 1930 zhyly 30 nauryzda Almaty kalasynda KSRO men Қazakstannyn tanymal halyk artisi Serәli Қozhamkulovtyn otbasynda dүniege keldi Anasy Hadisha da kazak teatr onerinin zharyk zhuldyzdarynyn biri Baldyrgan Serәlikyzy otbasyndagy zheti balanyn үlkeni Balalarynyn maman muzykant boluyn kalagan әke barlygyn kosymsha muzyka mektebine bergendikten Baldyrgan Serәlikyzy pianino sabagyna katyskan eken Baldyrgannyn muzykalyk darynyna ata ana үmit artkanymen tabigatka degen sүjispenshilik bala kezden erekshe bauragan B Serәlikyzy oner zholyn emes biologiyany tandap kazirgi әl Farabi atyndagy ҚazҰU din Biologiya fakultetinde bilim aldy Enbek zholy1954 1957 zhyldary Қazak KSR Ғylym akademiyasy Zoologiya institutynyn aspiranty Zhetekshisi V S Bazhanov 1957 zhyly Қazak KSR Ғylym akademiyasynyn Zoologiya institutynda paleobiologiya zerthanasynyn tehnik geologi 1958 zhyly Osy institutta kishi gylymi kyzmetker 1964 zhyly Қazakstannyn antropogendik kazba teriofaunasyna sholu takyrybynda kandidattyk dissertaciya korgady 1964 1986 zhyldary Қazak KSR Ғylym akademiyasynyn Zoologiya institutynda paleobiologiya zerthanasyn baskardy 966 1986 zhyldary B Қozhamkulova zerthananyn beszhyldyk irgeli gylymi zhobalarynyn gylymi zhetekshisi boldy 1990 1996 zhyldary Қazakstan Respublikasy Ortalyk memlekettik muzejinin paleontologiya sektorynyn gylymi kenesshisi Ғylymi bagytyBaldyrgan Serәlikyzy respublikalyk zhәne odaktyk dengejde sondaj ak halykaralyk dengejde gylymi yntymaktastyk turaly kelisimder bojynsha ken kolemdi gylymi zertteu zhumystaryn dajyndauga komakty үlesin kosty Baldyrgan Seralykyzy Қazakstannyn songy kajnozoj dәuirindegi omyrtkalylardyn taksonomiyalyk bioaluantүrliligin paleofauna paleozogeografiya salalaryndagy zertteulerimen kazirgi omyrtkaly zhanuarlar dүniesinin kalyptasu tarihyna zhәne Қazakstannyn plejstocendik shogindilerinin biostratigrafiyasyna anyktauda gylymi zhumystaryn zhүrgizdi Қazakstandagy gylymnyn osy salasynyn damuyna orasan zor ykpal etti EnbekteriBaldyrgan Serәlikyzynyn 170 ten asa gylymi enbegi zharyk kordi olardyn ishinde 1969 zhyly Қazakstannyn antropogendik kazba teriofaunasy 1981 zhyly Қazakstannyn songy kajnozoj tuyaktylary 1984 zhyly Қazakstannyn kazyp alyngan zhanuarlary 1999 zhyly Қazakstan dinozavrlary kurlyk ushatyn zhәne teniz 2009 zhyly Akmola oblysynyn mamont faunasy zhәne t b enbekterdin Қazakstannyn kajnozoj sүtkorektileri katalogynyn birlesken avtory Onyn redakciyasymen Қazakstannyn faunasy men florasy tarihy seriyasynan V X tomdyk zerthanalyk zhumystary Қazakstannyn ontүstik shygysyndagy neogendik fauna monografiyasy zhәne Қazakstan paleobotanikasynyn zhanalyktary zhinagy zharyk kordi EstelikterBaldyrgan Serәlikyzy ezhelgi zhanuarlardyn sүjekterin zertteuge mamandangan kezde әkesi Serәli akademik Қanysh Sәtbaevtan bul kandaj mamandyk ekenin surap kazaktar mundaj zhumysty eshkashan tandamaganyn ajtyp kenesedi Қanysh Imantajuly Baldyrgan erekshe tulga bul ote kazhet mamandyk zhәne ony maktan tutu kerek dep Serәli Қozhamkulovty kyzynyn durys tandau zhasaganyna sendiredi Mamont kankasyn tabuy1957 zhyly mamyrda Mәskeuden Қazakstannyn Zoologiya institutyna Novosibir oblysy Қaskyr zhaly aulyna paleontolog galymdardy zhiberudi otingen zhedelhat keledi Қaskyr zhaly aulynda zhergilikti kurylysshylar shunkyr kazyp bir zharym metr terendikten ezhelgi zhanuardyn sүjekterin tapkan Olar kazbalardy geolog mamandarga korsetken Mamandar oz kezeginde ezhelgi kustardyn sүjekteri degen sheshimge kelip Mәskeuge habar zhibergen Birak paleontologtardyn bәri ekspediciyaga ketkendikten Қazakstanga zhүginuge sheshim kabyldangan Bul kezde Қazakstannyn barlyk paleontologtary da kazba ornynda zhumys istep zhүrgen Sondyktan үshinshi kurs aspiranty Baldyrgan Serәlikyzyn issaparga zhiberedi Қaskyr zhaly aulyna kelip ol zher kyrtysyn zerttep bul kustyn sүjekteri emes mamont tisterinin tamyry ekenin tүsinedi Қazba zhumysyn zhalgyz ozi zhүrgizu kiyndyk tudyratyn bolgandyktan zhakyn auyldyk kenesten komekshiler beruin otinedi Komekshiler retinde togyzynshy synyptyn eki balasyn kasyna alyp olar bir ajda үsh tonna sүjek materialdaryn zher betine shygarady Zhumys barysynda bul kazbalar mamonttardyn atalygy analygy zhәne eki mamont tolinin sүjek kaldyktary ekeni anyktalgan Olardyn ishinde eresek mamonttyn kankasy tolyk bolyp shykan Eresek mamonttyn tolyk kankasy Almaty muzejine kojyldy DerekkozderNazymbetova G Қazaktyn tungysh paleontolog kyzy Ana tili gazeti 30 Sәuir 2020 http anatili kazgazeta kz news 56978 Baldyrgan Serәlikyzy Қozhamkulova Қazakstan galymdarynyn bibliografiyasy Қurast Tileuberdina P Almaty 2010 88 b http kazneb kz FileStore dataFiles f3 e8 1155280 content full pdf time 1615494027039 amp key 5ba64f47a1b52d83a2b330f06ee352e2 amp isPortal true