Базарбай Мәметов (20 мамыр, 1888, Сарқант ауданы) — Алаш зиялысы, Алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қозғалысының көрнекті мүшелерінің бірі, заңгер. 1888 жылы (екінші бір архивтік құжатта 1891 жылы туған деп көрсетілген) Жетісу облысы, Лепсі уезі, (қазіргі Сарқант ауданы) дүниеге келген.
Өмірбаяны
Найман тайпасының Садыр руынан шыққан. 1900-1911 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқиды. Алғашында Мәскеудегі Алексеев әскери училищесіне оқуға ынтасы болғанымен, 1911 жылы Қазан университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1917 жылы бітіріп шығады.
ЖОО-да оқып жүргенде-ақ, ол әр түрлі жұмыстарға белсене араласады. 1916 жылы атақты «маусым» жарлығы шыққанда Қазанда оқитын қазақ студенттері ішінде Б. Мәметов те бар, тыл жұмысына бара жатқан орыс тілін білмейтін қазақ жігіттеріне бас-көз болу үшін «Қазақ» газетінің бетінен «бүкіл ақ жүрек бауырларын» шақырып, үндеу жолдайды. Бұл үндеуді Ә. Бөкейханов «Бауырларым, ден сау, жас шақтарыңда жұрт үшін жұмылыңдар!» — деп жылы қабылдайды.
Ақпан төңкерісінен соң Алаш қозғалысына белсене араласады. 1917 жылғы шілде айындағы Жалпықазақтық съезде Жетісу облысынан бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып және бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне (Шоро-и-Исламға) өкіл етіп сайланады.
Ал сол жылғы желтоқсанда өткен Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары, яғни жалпы қазақ атынан кіреді. Осының өзінен-ақ Б.Мәметовтің абыройының қаншалықты екенін аңғаруға болады.
Азамат соғысы жылдары басқа да ұлтжанды қазақ зиялылары сияқты Б.Мәметов те ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасында қалған қазақ жұртшылығын аман сақтап, қорғау мақсатында Семейде 1918 жылы 1 Алаш полкін жасақтауға және Жетісу жерінде қазақ жігіттерінен алаш сарбаздарын ұйымдастыруға ат салысады. Жетісуда С. Аманжоловпен бірге аштық-күйзеліске ұшыраған жұртшылыққа көмек комитетін ұйымдастырады.
1918 жылы 10-31 тамыз аралығында Лепсіде өткен Алаш орданың Жетісу облыстық 2 қазақ съезіне қатысып, оның кеңесінің мүшелігіне сайланады. Колчак үкіметі тарапынан большевиктермен қатысы бар деген жалған желеумен Алашорда мүшесі Лепсі көмек комитетінің төрағасы Б.Мәметов қуғын-сүргінге ұшырайды. Қуғынға ұшыраған Алаш зиялысы Б. Мәметовке М. Тынышпаев ара түсіп, адмирал Колчакқа хат жазады.
Жетісуда казак-орыстардың қазақ ауылдарына жасаған адам айтқысыз айуандық істерін, Отыншының ерлік өлімін Семейге алғаш жеткізген және осыларды «Абай» журналына жазған Б.Мәметов пен Ы. Жайнақов болатын.
Кеңес кезеңінде де Б. Мәметов қуғын-сүргінге ұшырап, 1928 жылы ұсталынып, тұтқындалады. 1931 жылы отбасымен Саратовқа жер аударылады.
Саратов, Қарақалпақстан, Жамбыл, Талдықорғанда әр түрлі шаруашылық қызметте болып, 1946 жылы Бөрлітөбе ауданында қайтыс болды. Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығының 1 – бабына сәйкес «30-40 жылдар мен 50-ші жылдардың басында қуғын-сүргінге ұшырағандар мен құрбандарына байланысты әділдік орнатуға толықтыру іс-шаралары» негізге алынып, 1989 жылы 6 сәуірде Мәметов Базарбай ақталды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- https://adebiportal.kz/kz/news/view/19200
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bazarbaj Mәmetov 20 mamyr 1888 Sarkant audany Alash ziyalysy Alashorda үkimetinin mүshesi Zhetisudagy Alash kozgalysynyn kornekti mүshelerinin biri zanger 1888 zhyly ekinshi bir arhivtik kuzhatta 1891 zhyly tugan dep korsetilgen Zhetisu oblysy Lepsi uezi kazirgi Sarkant audany dүniege kelgen ӨmirbayanyNajman tajpasynyn Sadyr ruynan shykkan 1900 1911 zhyldary Vernyj erler gimnaziyasynda okidy Algashynda Mәskeudegi Alekseev әskeri uchilishesine okuga yntasy bolganymen 1911 zhyly Қazan universitetinin zan fakultetine tүsip ony 1917 zhyly bitirip shygady ZhOO da okyp zhүrgende ak ol әr tүrli zhumystarga belsene aralasady 1916 zhyly atakty mausym zharlygy shykkanda Қazanda okityn kazak studentteri ishinde B Mәmetov te bar tyl zhumysyna bara zhatkan orys tilin bilmejtin kazak zhigitterine bas koz bolu үshin Қazak gazetinin betinen bүkil ak zhүrek bauyrlaryn shakyryp үndeu zholdajdy Bul үndeudi Ә Bokejhanov Bauyrlarym den sau zhas shaktarynda zhurt үshin zhumylyndar dep zhyly kabyldajdy Akpan tonkerisinen son Alash kozgalysyna belsene aralasady 1917 zhylgy shilde ajyndagy Zhalpykazaktyk sezde Zhetisu oblysynan bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattykka usynylyp zhәne bүkilresejlik musylmandar kenesine Shoro i Islamga okil etip sajlanady Al sol zhylgy zheltoksanda otken Alashorda үkimetinin mүsheligine oblystardan tyskary yagni zhalpy kazak atynan kiredi Osynyn ozinen ak B Mәmetovtin abyrojynyn kanshalykty ekenin angaruga bolady Azamat sogysy zhyldary baska da ultzhandy kazak ziyalylary siyakty B Mәmetov te ak pen kyzyldyn teke tiresinde tekten tekke kosak arasynda kalgan kazak zhurtshylygyn aman saktap korgau maksatynda Semejde 1918 zhyly 1 Alash polkin zhasaktauga zhәne Zhetisu zherinde kazak zhigitterinen alash sarbazdaryn ujymdastyruga at salysady Zhetisuda S Amanzholovpen birge ashtyk kүjzeliske ushyragan zhurtshylykka komek komitetin ujymdastyrady 1918 zhyly 10 31 tamyz aralygynda Lepside otken Alash ordanyn Zhetisu oblystyk 2 kazak sezine katysyp onyn kenesinin mүsheligine sajlanady Kolchak үkimeti tarapynan bolsheviktermen katysy bar degen zhalgan zheleumen Alashorda mүshesi Lepsi komek komitetinin toragasy B Mәmetov kugyn sүrginge ushyrajdy Қugynga ushyragan Alash ziyalysy B Mәmetovke M Tynyshpaev ara tүsip admiral Kolchakka hat zhazady Zhetisuda kazak orystardyn kazak auyldaryna zhasagan adam ajtkysyz ajuandyk isterin Otynshynyn erlik olimin Semejge algash zhetkizgen zhәne osylardy Abaj zhurnalyna zhazgan B Mәmetov pen Y Zhajnakov bolatyn Kenes kezeninde de B Mәmetov kugyn sүrginge ushyrap 1928 zhyly ustalynyp tutkyndalady 1931 zhyly otbasymen Saratovka zher audarylady Saratov Қarakalpakstan Zhambyl Taldykorganda әr tүrli sharuashylyk kyzmette bolyp 1946 zhyly Borlitobe audanynda kajtys boldy Kenes Odagy Zhogargy Kenesinin 1989 zhylgy 16 kantardagy Zharlygynyn 1 babyna sәjkes 30 40 zhyldar men 50 shi zhyldardyn basynda kugyn sүrginge ushyragandar men kurbandaryna bajlanysty әdildik ornatuga tolyktyru is sharalary negizge alynyp 1989 zhyly 6 sәuirde Mәmetov Bazarbaj aktaldy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 https adebiportal kz kz news view 19200 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz