Ақыр заман, заманақыр — адам баласының және бүкіл әлемнің ең соңғы тағдыры туралы ерте замандардан бері қалыптасқан түсінік. Әділдік пен зұлымдықтың, жақсылық пен , жарық пен түнектің көрінбейтін, жасырын күресінен бастау алады. Жер бетінде имансыздық пен зұлымдық ниеттің басым күш алуы Ақыр заманды, яғни адамзат ұрпағының түгелдей апатқа ұшырау сәтін жақындатады-мыс. Ақыр заман туралы мұндай түсінік дүниедегі ірі діндердің (ислам, христиан, иудей т.б.) бәрінде де бар.
Мұсылман дінінде ақыр заман туралы ұғым құдайдан қорқу қағидасымен байланыстырылады. Аллатағала тек құдайдан қорқатын адамдарды ғана сүйеді. Ондай адамдар үрейлі сәттерде де, қуаныш-сүйініш кезінде де, қайғыда да бір құдайға табынады. Өз ашуларын көп сақтамай, басқалардың кінәсін тез кешіреді. Аллатағала тек жақсылық жасайтын адамдарды ғана сүйеді. Оларға ақыр заман кезінде жәрдем етеді.
Қиямет Күні (арабша يوم القيامة — Иәум әл-Қиямә) — ислам діні бойынша Ақыр заман дегенді білдіреді. Қиямет Күнге иман келтіру - иман тіректерінің бір, мұсылман ақидасының ажырамас бөлігі. Ақырет Күнi - адамдардың сый не жаза алу үшін және есепке тартылу үшін қайта тiрiлетiн күн. Оның бұлай аталуының себебі, өйткенi одан кейiн күн жоқ, ол – ақырғы күн. Яғни жәннаттықтар – өз мекенiне, тозақтықтар өз мекенiне қоныстанатын күн деген сөз.
Ақырет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:
- 1. Қайта тiрiлуге иман келтіру.
Яғни ол күнi екiншi рет Сұр үрленгенде өлiлер тiрiлiп, аяқ киiмсiз, жалаңаш, сүндетке отырғызылмаған күйде бүкiл әлемнiң Жаратушысының алдында тұрады. Аллаһ Тағала былай деген:
«Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бiзге бiр мiндет. Шынында Бiз (оны) орындаймыз» (Әнбия сүресі, 104-аят).
Қайта тiрiлу - Құран мен Сүннетте дәлелi келген, сондай-ақ бүкіл мұсылмандар бірауыздан келіскен хақ, ақиқат болып табылады.
«Бұдан кейiн әрине сендер өлесiңдер. Сосын Қиямет күнi әлбетте тiрiлесiңдер» (Муминун сүресі, 15-16-аяттар).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Адамдар Қиямет күнiнде сүндетсiз, жалаң-аяқ жиналады» (Бухари, Муслим).
Бұл - мұсылмандарда айтыс-тартысы жоқ шешiмдi мәселе. Ақырет күнiнiң болуы даналықтың сұранысы десек те болады. Өйткенi пайғамбарларының тiлiмен Аллаһтан мiндеттелеген бұйрықтарды орындаған, орындамағанына қарай, оларды сауапқа бөлейтiн немесе жазаға тартатын қайта тiрiлтетiн күн адамзатқа керек.
Аллаһ Тағала былай деді:
«Біз сендерді босқа жараттық, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» (Муминун сүресі, 115-116-аяттар).
- 2. Есеп-қисап және сый мен жазаға иман келтіру
Әрбiр пенде iстеген амалына қарай есеп берiп, соған қарай сый не жазасын алады. Бұған Құран да, хадистер де, мұсылмандардың бірауызды келісімі де дәлелi болады.
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Расында, олардың қайтатын жері Біз жақ. Шын мәнінде, Біз оларды есепке аламыз» (Ғашия сүресі, 25-26-аяттар).
Аллаһ Тағала былай деді:
«Кiм бiр жақсылықпен келсе, оған сондайдың он есе сыйы беріледі. Ал кім бiр жамандық iстесе, сондай ғана жаза алады. Әрі олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» (Ән`ам сүресі, 160-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтқан:
«Қиямет күнi туралық таразысын орнатамыз. Сонда ешкiм әдiлетсiздiкке ұшырамайды. Егер бiр ұрық түйiрiнiң салмағындай болса да әкелемiз. Есеп көруде жеткiлiктiмiз» (Әнбия сүресі, 47-аят).
Ибн Омардан риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһ Тағала мүмінді жақындатып, оған пердесiн қойып, оны жасырады. Сөйтiп: “Мына күнәнi бiлесiң бе? Ана күнәнi бiлесiң бе?” – дейдi. Ол “Иә, Раббым!” –дейдi. Ақыры оған күнәларын мойындатып, оның “Құрыдым ғой ендi” - дегенiн көргенде, Ол расында мен сол күнәларды саған дүниеде жасырдым. Ал бүгiн сен үшiн соларды кешiрдiм дейдi. Сөйтiп, оған жақсылықтарының кiтабы берiледi. Ал кәпiрлер мен екiжүздiлерге бүкiл халайықтың алдында: “Мыналар Раббыларына өтiрiк сөйлегендер, Аллаһтың лағынеті залымдарға жаусын!” – деп үш рет айтылады» (Бухари, Муслим).
Мұсылмандар есеп-қисаптың iстеген амалдарға қарай болатындығына бір ауыздан келіскен. Сондай-ақ, ол даналыққа да жатады. Өйткенi, Аллаһ кiтаптар түсiрiп, пайғамбарлар жiберiп, пенделерiне солар алып келген шариғатпен жүрудi парыз еттi. Егер де есеп-қисап болмағанда Дана Раббыға жараспайтын ерiккеннiң ермегi болар едi. Аллаһ Тағала Құранда осы мағынаға меңзеп былай деген:
«Өздерiне елшi жiберiлгендердi сұраққа тартамыз, әрi елшiлердін өздерін де сұраққа тартамыз. Әрине оларға біліммен баян етемiз. Негiзiнде ешқашан жоқ болмадық» (А`раф сүресі, 6-7-аяттар).
- 3. Жәннат пен Тозаққа иман келтіру
Бұл екеуi адамзаттың мәңгiлiк қалатын орны. Жәннат - ол Аллаһтың сенудi мiндет еткен нәрселерiне сенiп, Аллаһқа шын ықыласпен ғибадат жасап, елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүрген тақуа мұсылмандарға арнайы дайындалған рахат орны. Ол жерде алуан түрлi рахат және ләззәт түрлерi бар. Хадисте былай айтылған: «Адамның көзі көрмеген, құлғы естiмеген, адамзаттың ойына келмеген жақсылықтар бар».
Аллаһ Тағала былай деді:
«Күдiксiз сондай иман келтiрiп, түзу iс жасағандар, мiне солар жаратылғандардың ең жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары: астарынан өзендер ағатын `Адн жәннәттары. Олар онда мәңгi қалады. Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кiсi үшiн болады» (Бәйина сүресі, 7-8-аяттар).
Тағы да Аллаһ былай айтты:
«Істегендері үшін сый ретінде көз айым болатын қандай нәрселер әзірленіп қойылғанын ешбір адам білмейді» (Сажда сүресі, 17-аят).
Ал Тозақ - ол Аллаһтың Өзiне қарсы келiп, пайғамбарларына бойұсынудан бас тартқан залым имансыздарға арнайы әзiрленген азап орны. Ол жерде алуан түрлi азап және адам баласының ойына келмеген қинау түрлерi бар. Бұл жөнiнде Аллаһ Тағала былай айтқан:
«Имансыздарға әзiрленген Тозақ отынан сақтаныңдар» (Әли `Имран сүресі, 131-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала былай деген:
«Расында бiз залымдар үшiн дуалдары жан жағынан қоршап алатын Тозақ отын әзiрледiк. Егер олар су сұрап жалбарынса, ерiген кен тәрiздi беттердiкүйдіретін бiр су берiледi. Ол нендей жаман су, әрi (орын) нендей жаман орын» (Кәһф сүресі, 29-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты:
«Расында Аллаһ кәпiрлерді лағынеттеді де, оларға жалындаған Тозақ әзiрледi. Олар онда мәңгi қалады. Не дос, не көмекшi таба алмайды. Олардың беттерi от iшiнде аударылатын (өзгеретін) күнi: “Әттең! Аллаһқа бойсынып, елшісінеа бағынсақ едi”-дейді» (Ахзәб сүресі, 64-66-аяттар).
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Мұхаммед ибн Салих әл-Усәймин "Иманның алты тірегі" Мұрағатталған 15 ақпанның 2013 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akyr zaman zamanakyr adam balasynyn zhәne bүkil әlemnin en songy tagdyry turaly erte zamandardan beri kalyptaskan tүsinik Әdildik pen zulymdyktyn zhaksylyk pen zharyk pen tүnektin korinbejtin zhasyryn kүresinen bastau alady Zher betinde imansyzdyk pen zulymdyk niettin basym kүsh aluy Akyr zamandy yagni adamzat urpagynyn tүgeldej apatka ushyrau sәtin zhakyndatady mys Akyr zaman turaly mundaj tүsinik dүniedegi iri dinderdin islam hristian iudej t b bәrinde de bar Musylman dininde akyr zaman turaly ugym kudajdan korku kagidasymen bajlanystyrylady Allatagala tek kudajdan korkatyn adamdardy gana sүjedi Ondaj adamdar үrejli sәtterde de kuanysh sүjinish kezinde de kajgyda da bir kudajga tabynady Өz ashularyn kop saktamaj baskalardyn kinәsin tez keshiredi Allatagala tek zhaksylyk zhasajtyn adamdardy gana sүjedi Olarga akyr zaman kezinde zhәrdem etedi Қiyamet Kүni arabsha يوم القيامة Iәum әl Қiyamә islam dini bojynsha Akyr zaman degendi bildiredi Қiyamet Kүnge iman keltiru iman tirekterinin bir musylman akidasynyn azhyramas boligi Akyret Kүni adamdardyn syj ne zhaza alu үshin zhәne esepke tartylu үshin kajta tiriletin kүn Onyn bulaj ataluynyn sebebi ojtkeni odan kejin kүn zhok ol akyrgy kүn Yagni zhәnnattyktar oz mekenine tozaktyktar oz mekenine konystanatyn kүn degen soz Akyret kүnine iman keltiru үsh nәrseni kamtidy 1 Қajta tiriluge iman keltiru Yagni ol kүni ekinshi ret Sur үrlengende oliler tirilip ayak kiimsiz zhalanash sүndetke otyrgyzylmagan kүjde bүkil әlemnin Zharatushysynyn aldynda turady Allaһ Tagala bylaj degen Әuel bastagydaj kajta zharatamyz Bul Bizge bir mindet Shynynda Biz ony oryndajmyz Әnbiya sүresi 104 ayat Қajta tirilu Қuran men Sүnnette dәleli kelgen sondaj ak bүkil musylmandar birauyzdan kelisken hak akikat bolyp tabylady Budan kejin әrine sender olesinder Sosyn Қiyamet kүni әlbette tirilesinder Muminun sүresi 15 16 ayattar Pajgambarymyz ogan Allaһtyn igligi men sәlemi bolsyn bylaj degen Adamdar Қiyamet kүninde sүndetsiz zhalan ayak zhinalady Buhari Muslim Bul musylmandarda ajtys tartysy zhok sheshimdi mәsele Akyret kүninin boluy danalyktyn suranysy desek te bolady Өjtkeni pajgambarlarynyn tilimen Allaһtan mindettelegen bujryktardy oryndagan oryndamaganyna karaj olardy sauapka bolejtin nemese zhazaga tartatyn kajta tiriltetin kүn adamzatka kerek Allaһ Tagala bylaj dedi Biz senderdi boska zharattyk әri Bizge kajtarylmajmyz dep ojlajsyndar ma Muminun sүresi 115 116 ayattar 2 Esep kisap zhәne syj men zhazaga iman keltiru Әrbir pende istegen amalyna karaj esep berip sogan karaj syj ne zhazasyn alady Bugan Қuran da hadister de musylmandardyn birauyzdy kelisimi de dәleli bolady Allaһ Tagala bylaj dejdi Rasynda olardyn kajtatyn zheri Biz zhak Shyn mәninde Biz olardy esepke alamyz Ғashiya sүresi 25 26 ayattar Allaһ Tagala bylaj dedi Kim bir zhaksylykpen kelse ogan sondajdyn on ese syjy beriledi Al kim bir zhamandyk istese sondaj gana zhaza alady Әri olar zulymdykka ushyratylmajdy Әn am sүresi 160 ayat Tagy da Allaһ bylaj ajtkan Қiyamet kүni turalyk tarazysyn ornatamyz Sonda eshkim әdiletsizdikke ushyramajdy Eger bir uryk tүjirinin salmagyndaj bolsa da әkelemiz Esep korude zhetkiliktimiz Әnbiya sүresi 47 ayat Ibn Omardan riuayat etilgen hadiste Pajgambarymyz ogan Allaһtyn igiligi men sәlemi bolsyn bylaj degen Allaһ Tagala mүmindi zhakyndatyp ogan perdesin kojyp ony zhasyrady Sojtip Myna kүnәni bilesin be Ana kүnәni bilesin be dejdi Ol Iә Rabbym dejdi Akyry ogan kүnәlaryn mojyndatyp onyn Қurydym goj endi degenin korgende Ol rasynda men sol kүnәlardy sagan dүniede zhasyrdym Al bүgin sen үshin solardy keshirdim dejdi Sojtip ogan zhaksylyktarynyn kitaby beriledi Al kәpirler men ekizhүzdilerge bүkil halajyktyn aldynda Mynalar Rabbylaryna otirik sojlegender Allaһtyn lagyneti zalymdarga zhausyn dep үsh ret ajtylady Buhari Muslim Musylmandar esep kisaptyn istegen amaldarga karaj bolatyndygyna bir auyzdan kelisken Sondaj ak ol danalykka da zhatady Өjtkeni Allaһ kitaptar tүsirip pajgambarlar zhiberip pendelerine solar alyp kelgen sharigatpen zhүrudi paryz etti Eger de esep kisap bolmaganda Dana Rabbyga zharaspajtyn erikkennin ermegi bolar edi Allaһ Tagala Қuranda osy magynaga menzep bylaj degen Өzderine elshi zhiberilgenderdi surakka tartamyz әri elshilerdin ozderin de surakka tartamyz Әrine olarga bilimmen bayan etemiz Negizinde eshkashan zhok bolmadyk A raf sүresi 6 7 ayattar 3 Zhәnnat pen Tozakka iman keltiru Bul ekeui adamzattyn mәngilik kalatyn orny Zhәnnat ol Allaһtyn senudi mindet etken nәrselerine senip Allaһka shyn ykylaspen gibadat zhasap elshisinin ogan Allaһtyn igiligi men sәlemi bolsyn zholymen zhүrgen takua musylmandarga arnajy dajyndalgan rahat orny Ol zherde aluan tүrli rahat zhәne lәzzәt tүrleri bar Hadiste bylaj ajtylgan Adamnyn kozi kormegen kulgy estimegen adamzattyn ojyna kelmegen zhaksylyktar bar Allaһ Tagala bylaj dedi Kүdiksiz sondaj iman keltirip tүzu is zhasagandar mine solar zharatylgandardyn en zhaksysy Olardyn Rabbylarynyn kasyndagy syjlyktary astarynan ozender agatyn Adn zhәnnәttary Olar onda mәngi kalady Allaһ olardan razy olar da Allaһtan razy Osy syjlyk Rabbysynan korykkan kisi үshin bolady Bәjina sүresi 7 8 ayattar Tagy da Allaһ bylaj ajtty Istegenderi үshin syj retinde koz ajym bolatyn kandaj nәrseler әzirlenip kojylganyn eshbir adam bilmejdi Sazhda sүresi 17 ayat Al Tozak ol Allaһtyn Өzine karsy kelip pajgambarlaryna bojusynudan bas tartkan zalym imansyzdarga arnajy әzirlengen azap orny Ol zherde aluan tүrli azap zhәne adam balasynyn ojyna kelmegen kinau tүrleri bar Bul zhoninde Allaһ Tagala bylaj ajtkan Imansyzdarga әzirlengen Tozak otynan saktanyndar Әli Imran sүresi 131 ayat Tagy da Allaһ Tagala bylaj degen Rasynda biz zalymdar үshin dualdary zhan zhagynan korshap alatyn Tozak otyn әzirledik Eger olar su surap zhalbarynsa erigen ken tәrizdi betterdikүjdiretin bir su beriledi Ol nendej zhaman su әri oryn nendej zhaman oryn Kәһf sүresi 29 ayat Tagy da Allaһ bylaj ajtty Rasynda Allaһ kәpirlerdi lagynettedi de olarga zhalyndagan Tozak әzirledi Olar onda mәngi kalady Ne dos ne komekshi taba almajdy Olardyn betteri ot ishinde audarylatyn ozgeretin kүni Әtten Allaһka bojsynyp elshisinea bagynsak edi dejdi Ahzәb sүresi 64 66 ayattar DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Muhammed ibn Salih әl Usәjmin Imannyn alty tiregi Muragattalgan 15 akpannyn 2013 zhyly Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz