Ақпарат теориясы — математиканың ақпаратты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы. Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі. Ақпарат теориясында берілетін не сақталатын хабарлар көзі бар деп ұйғарылады. Бұл хабарлардың шығуы мен қабылдануы кездейсоқ сипатта болғанымен, оның шығу ықтималдығы белгілі деп қарастырылады. Мұндай хабарлардың “анықталмау” дәрежесін сипаттау үшін Ақпарат теориясына энтропия деп аталатын ұғым ендіріледі.
Энтропия — қандай да бір тәжірибенің (сынақтың) әр түрлі нәтижемен аяқталатын анықталмағандық өлшемі. Ақпарат теориясы хабардың байланыс арнасы арқылы бөгеуілдермен берілу тәсілдерін зерттейді. Әр түрлі ақпаратты жинау, оны түрлендіру, жеткізу және сақтау — кез келген басқару жүйесінің қызметінде кездесетін жағдай. Жүйенің әр түрлі бөліктерінің арасында ақпарат алмасу әрқашан болып тұрады. Кез келген ақпаратты бір жерден екінші жерге жеткізу үшін оның кодталынуы (таңбалануы), яғни арнаулы белгілерге (символдарға) және сигналдарға түрленуі керек. Сондықтан да Ақпарат теориясының негізгі мәселесі аз ғана белгілер арқылы көп мәнді ақпарат беруді тиімді түрде кодтау (таңбалау) тәсілін зерттеу болып табылады. Бұл — байланыс арнасында бөгеуіл болған не болмаған жағдайда шешілетін мәселе. Байланыс арнасы арқылы қабылдаушы буынға келіп жеткен таңбаланған ақпаратты алғашқы түріне келтіруді (таңбадан мағынаға көшіру) деп атайды. Ақпарат теориясындағы күрделі мәселенің бірі — ақпарат көзінде үздіксіз өндірілген ақпаратты байланыс арнасы арқылы басқа орынға дер кезінде және бөгеуілсіз жіберіп тұру үшін байланыс арнасының өткізгіштік сыйымдылығын анықтау. Бұл мәселені шешу ақпарат мөлшерін бағалай білуді қажет етеді. Ақпарат мөлшерін бағалау ықтималдық теориясының заңдарына негізделген. Ақпарат теориясының негізін 1948 — 1949 ж. ғалымы К.Э.Шеннон қалаған. Оның теориясының дамуына Ресей ғалымдары А.Н.Колмогоров (1903 — 1987), А.Я.Хинчин (1894 — 1959), ал іс жүзінде қолданылатын саласына В.А.Котельников т.б. үлкен үлес қосты.
Дереккөздер
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akparat teoriyasy matematikanyn akparatty saktau tүrlendiru zhәne tasymaldau әdisterin zerttejtin bolimi kibernetikanyn manyzdy salasy Akparat teoriyasynyn negizgi ugymy akparat habar bolyp esepteledi Akparat teoriyasynda beriletin ne saktalatyn habarlar kozi bar dep ujgarylady Bul habarlardyn shyguy men kabyldanuy kezdejsok sipatta bolganymen onyn shygu yktimaldygy belgili dep karastyrylady Mundaj habarlardyn anyktalmau dәrezhesin sipattau үshin Akparat teoriyasyna entropiya dep atalatyn ugym endiriledi Entropiya kandaj da bir tәzhiribenin synaktyn әr tүrli nәtizhemen ayaktalatyn anyktalmagandyk olshemi Akparat teoriyasy habardyn bajlanys arnasy arkyly bogeuildermen berilu tәsilderin zerttejdi Әr tүrli akparatty zhinau ony tүrlendiru zhetkizu zhәne saktau kez kelgen baskaru zhүjesinin kyzmetinde kezdesetin zhagdaj Zhүjenin әr tүrli bolikterinin arasynda akparat almasu әrkashan bolyp turady Kez kelgen akparatty bir zherden ekinshi zherge zhetkizu үshin onyn kodtalynuy tanbalanuy yagni arnauly belgilerge simvoldarga zhәne signaldarga tүrlenui kerek Sondyktan da Akparat teoriyasynyn negizgi mәselesi az gana belgiler arkyly kop mәndi akparat berudi tiimdi tүrde kodtau tanbalau tәsilin zertteu bolyp tabylady Bul bajlanys arnasynda bogeuil bolgan ne bolmagan zhagdajda sheshiletin mәsele Bajlanys arnasy arkyly kabyldaushy buynga kelip zhetken tanbalangan akparatty algashky tүrine keltirudi tanbadan magynaga koshiru dep atajdy Akparat teoriyasyndagy kүrdeli mәselenin biri akparat kozinde үzdiksiz ondirilgen akparatty bajlanys arnasy arkyly baska orynga der kezinde zhәne bogeuilsiz zhiberip turu үshin bajlanys arnasynyn otkizgishtik syjymdylygyn anyktau Bul mәseleni sheshu akparat molsherin bagalaj biludi kazhet etedi Akparat molsherin bagalau yktimaldyk teoriyasynyn zandaryna negizdelgen Akparat teoriyasynyn negizin 1948 1949 zh galymy K E Shennon kalagan Onyn teoriyasynyn damuyna Resej galymdary A N Kolmogorov 1903 1987 A Ya Hinchin 1894 1959 al is zhүzinde koldanylatyn salasyna V A Kotelnikov t b үlken үles kosty DerekkozderBiekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet