Ақмешіт әулие үңгірі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір.
Ақмешіт әулие үңгірі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 254 м |
Орналасуы | |
43°00′22″ с. е. 69°42′14″ ш. б. / 43.00611° с. е. 69.70389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°00′22″ с. е. 69°42′14″ ш. б. / 43.00611° с. е. 69.70389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Түркістан облысы |
Сипаты
Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.
Шығу тарихы
Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Солардың бірі – Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда кенеттен нөсер жауып кетеді. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылыпты. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың есімімен атауға ұсыныс тастайды. Алайда Есіркеп Қойгелді батыр бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық танытады.
"Бұл Қаратаудың қасиеті дарыған таудың етегі. Бізді және астымыздағы аттарымызды жаңбырдан қорғап қалды. Сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай әппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны "Ақмешіт" деп атайық" депті.
Міне, содан бері қасиетті орын ұрпақтан-ұрпаққа Ақмешіт деп аталып кетіпті.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- https://sputniknews.kz/regions/20181031/7855722/turkistan-aqmeshit-yngiri.html
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akmeshit әulie үngiri Tүrkistan oblysy Bәjdibek audanynda ornalaskan әktasty zhynystar kabatynda pajda bolgan ojyk zharkabak үngir Akmeshit әulie үngiriSipattamasyҰzyndygy254 mOrnalasuy43 00 22 s e 69 42 14 sh b 43 00611 s e 69 70389 sh b 43 00611 69 70389 G O Ya Koordinattar 43 00 22 s e 69 42 14 sh b 43 00611 s e 69 70389 sh b 43 00611 69 70389 G O Ya T El ҚazakstanAjmakTүrkistan oblysyAkmeshit әulie үngiriAkmeshit әulie үngiriSipatyҰzyndygy 254 eni 65 biiktigi 25 m Zharkabak sanylaularynan mezgil mezgil su tamyp turady Ishinen karaganda erneui kiiz үjdin shanyragy sekildi korinedi El arasynda bir kezderi onda bir әulie әuletimen kiiz үj tigip satymen shygyp tүsip zhүrgen degen de anyz ajtylady Үngirge perzent kormegen kejbir erli zajyptylar auru adamdar әli kүnge dejin tүnep minәzhat etedi Shygu tarihyAkmeshit үngiri turaly anyz әngimeler ote kop Solardyn biri Esirkep Қojgeldi batyrga katysty ajtylgan anyz Batyr kalmakka karsy zhorykka shygarda kenetten noser zhauyp ketedi On mynnan astam sarbaz pana izdep osy үngirge tүsedi de tangy namazga zhygylypty Atauy zhok үngirdi zhauyngerlerdin biri batyrdyn esimimen atauga usynys tastajdy Alajda Esirkep Қojgeldi batyr bul usynyska үzildi kesildi karsylyk tanytady Bul Қarataudyn kasieti darygan taudyn etegi Bizdi zhәne astymyzdagy attarymyzdy zhanbyrdan korgap kaldy Sәzhdege zhygylyp namaz okuymyzga mүmkindik berdi Үngir ishindegi tastary da ak ulpadaj әppak keremet әser kaldyrady Munyn kasiettiligi sol shygar sondyktan ony Akmeshit dep atajyk depti Mine sodan beri kasietti oryn urpaktan urpakka Akmeshit dep atalyp ketipti DerekkozderҚazak enciklopediyasy ҚR tabigaty Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 https sputniknews kz regions 20181031 7855722 turkistan aqmeshit yngiri html