Ақбұлақ шайқасы, Қиыл қырғыны — 1836-38 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқас.
Көтерілістің бастауы
1838 жылы қуғын көріп, тайсойған құмындағы кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген ауылын құпия түрде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай, жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, Бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне, жергілікті билеушілерге наразы азаматтармен сөз байласып, қол жия бастайды. Көтерілісшілердің ізінен көз жазып қалған патша әкімшілігі Исатайдың қайда қыстағанын анықтамақ болғанымен, бір-біріне қарама-қайшы сан алуан деректерден шатасады. Ел іші жіберілген тыңшылар арқылы Исатайдың 5 наурызда Жемге беттегенін естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерге қарсы арнайы топ құрады, оның басшысы қанішер қатігездігімен аты шыққан Даниловский болады. Жансыздар арқылы Исатайдың әр қадамын бақылап отыру Баймағамбет сұлтан Айшуақұлына тапсырылады. Ол патша әкімшілігіне жолдаған ақпарында: «17 маусымда 3000 адамнан құралған көтерілісшілер Жем өзенінің жағалауындағы Көкпекті жазығында жиын өткізді» деп хабарлайды. Осы жиында Исатай батыр мен Қайыпқали сұлтан сөз сөйлеп, халықты патшындарға көтерілісшілерге қарсы қол жиюды міндеттейді. Жағдайды қадағалап отырған Орынбор генерал-губернаторы Сағыз, Ойыл алабына беттеген Исатай жасағына қарсы жазалаушы шығару туралы жарлық шығарады. Отрядқа басшы етіп Исатайға қарсы соғыста тәжірибе жинақтаған полковник К.К.Гекені тағайындайды. Геке әскерінің құрамында Орынбор тұрақты полкі (250 адам), Елек казак-орыстары (50 адам), Орал казак-орыс полкі (100), жаяу әскер бөлімі (50), артиллерия бөлімі (2 зеңбірек) және әскери-шаруашылық бөлімі болды. Қобда, Қиыл арқылы жүріп отырып, 10 шілде күні кешкі сағат 7-де жазалаушы отряд Ешкіқырған өзенінде Баймағамбет жасағымен тоғысады. Содан олар түні бойы 50 км жол жүріп, Ақбұлақ өзенінің Қарағанды арнасына қосылып, Қиылға құятын құлшасына жетеді. Таңсәріде осы адырлы қуысқа, Суықбұлақтағы Баймағамбет ауылын шабуға беттеген көтерілісшілердің жолына бекініс құрады.
Ішкі қайшылық
Шілде айының басында Ойылға 3000 қолмен жеткен көтерілісшілердің күн өткен сайын қатары сирей береді. Шілденің 5-6-сы күні Кіші жүзге хан болудан үміткер Қайыпқали сұлтан Исатаймен келісе алмай, әскерін таратып жібереді. Шекті назар руының басшысы Жүсіп би Құланұлы да кетіп қалады. Көтеріліс басшылары қатты сеніп, көмек күткен табын Жоламан Тіленшіұлы Ырғыздан бері шыққанымен, жолшыбай шекаралық бекіністерге шабуын жасап, кешігіп жатады. Ал 400 жігіт жиып, ұрысқа бел буған Асау Барақұлы аяқ асты айнып қалады. Алдын ала Исатаймен келісіп, сөз байласқан тілеуқабақ Есет Көтібарұлы да шешуші сәтте төбе көрсетпейді.
Қанды шайқас
Ақырында, 11 шілдеде Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен мұздай қаруланған Геке отряды мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып отырғанын біле тұра, Исатай кері шегінбейді, тайсалмастан шабуылға шығады. Өйткені, кері шегіну өлімге пара-пар еді: біріншіден, қансоқты жорықтан қалжырап, бастары іри бастаған көтерілісшілер тарап кетеді, екіншіден, осы жолы бетін қайтармаса, жасанған жазалаушылар отряды Исатайдың соңына түсіп, жазықсыз елді қырғынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан Исатай өзіне сеніп, қоддап-қол - паштаған елін қырғынға душар етіп, қарғыс естігеннен гөрі ата жауымен алысып өлуді абырой санайды. Әуелі АқБұлақтың арғы бетіне бекінген отрядқа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Геке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді. Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Геке отряды бекіністе қалын, Баймағамбет қарауындағы казак-орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғыдары- майтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мұндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак-орыстар сасып қалып, кері қашқанда опыр-топыр болады. Жұлдызша аққан Исатай жігіттері оларды жайпап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылады. Қашқандар жарқабақтан секіріп, ат жалдап арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак-орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңдыздап шыға келеді. Бетпе-бет шайқас басталады да, еті қызған Исатай сарбаздары оларды да жайпап өтеді. Ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жәңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км-ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак-орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады. Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек-кезек көлденең тартқанымен «ат көтіне мінгесіп қашты деген өсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі пистолетпен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак-орыстардың 8-ін өлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойнының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады. Екі жақтан біраз адам шығын болады, бірақ олардың нақты саны ресми деректерде әр түрлі көрсетілген. Хас батырлық пен қайсарлықтың үлгісіндей осы шайқас уақиғасы туралы қарсы соғысқан полковник Гекенің өзі «Исатай көзсіз батырлығының құрбаны болды» десе, тарихшы А.Ф.Рязанов «Исатай Тайманұлы қазақ халқының ұлттық батыры» деп бағалады. Осы соғыста қаза тапқан көтерілісшілердің мүрдесі «Шейітсайға» жерленген. Жергілікті жұрт оны «Қырғын мола» деп атайды.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akbulak shajkasy Қiyl kyrgyny 1836 38 zhyldardagy Isataj men Mahambet bastagan koterilis tarihyndagy en iri әri songy sheshushi shajkas T Mahatovtyn illyustraciyasynanKoterilistin bastauy1838 zhyly kugyn korip tajsojgan kumyndagy kete ruynyn batyry Konsadakty Қudajbergen auylyn kupiya tүrde kystap shykkan Isataj karap zhatpaj zhana zhorykka әzirlenedi Қarabau Қarakol Bүjrek adyrlaryn mekendegen ysyk sherkesh taz rularynyn otarshyl patsha үkimetine zhergilikti bileushilerge narazy azamattarmen soz bajlasyp kol zhiya bastajdy Koterilisshilerdin izinen koz zhazyp kalgan patsha әkimshiligi Isatajdyn kajda kystaganyn anyktamak bolganymen bir birine karama kajshy san aluan derekterden shatasady El ishi zhiberilgen tynshylar arkyly Isatajdyn 5 nauryzda Zhemge bettegenin estigen Orynbor general gubernatory Perovskij koterilisshilerge karsy arnajy top kurady onyn basshysy kanisher katigezdigimen aty shykkan Danilovskij bolady Zhansyzdar arkyly Isatajdyn әr kadamyn bakylap otyru Bajmagambet sultan Ajshuakulyna tapsyrylady Ol patsha әkimshiligine zholdagan akparynda 17 mausymda 3000 adamnan kuralgan koterilisshiler Zhem ozeninin zhagalauyndagy Kokpekti zhazygynda zhiyn otkizdi dep habarlajdy Osy zhiynda Isataj batyr men Қajypkali sultan soz sojlep halykty patshyndarga koterilisshilerge karsy kol zhiyudy mindettejdi Zhagdajdy kadagalap otyrgan Orynbor general gubernatory Sagyz Ojyl alabyna bettegen Isataj zhasagyna karsy zhazalaushy shygaru turaly zharlyk shygarady Otryadka basshy etip Isatajga karsy sogysta tәzhiribe zhinaktagan polkovnik K K Gekeni tagajyndajdy Geke әskerinin kuramynda Orynbor turakty polki 250 adam Elek kazak orystary 50 adam Oral kazak orys polki 100 zhayau әsker bolimi 50 artilleriya bolimi 2 zenbirek zhәne әskeri sharuashylyk bolimi boldy Қobda Қiyl arkyly zhүrip otyryp 10 shilde kүni keshki sagat 7 de zhazalaushy otryad Eshkikyrgan ozeninde Bajmagambet zhasagymen togysady Sodan olar tүni bojy 50 km zhol zhүrip Akbulak ozeninin Қaragandy arnasyna kosylyp Қiylga kuyatyn kulshasyna zhetedi Tansәride osy adyrly kuyska Suykbulaktagy Bajmagambet auylyn shabuga bettegen koterilisshilerdin zholyna bekinis kurady Ishki kajshylykShilde ajynyn basynda Ojylga 3000 kolmen zhetken koterilisshilerdin kүn otken sajyn katary sirej beredi Shildenin 5 6 sy kүni Kishi zhүzge han boludan үmitker Қajypkali sultan Isatajmen kelise almaj әskerin taratyp zhiberedi Shekti nazar ruynyn basshysy Zhүsip bi Қulanuly da ketip kalady Koterilis basshylary katty senip komek kүtken tabyn Zholaman Tilenshiuly Yrgyzdan beri shykkanymen zholshybaj shekaralyk bekinisterge shabuyn zhasap keshigip zhatady Al 400 zhigit zhiyp uryska bel bugan Asau Barakuly ayak asty ajnyp kalady Aldyn ala Isatajmen kelisip soz bajlaskan tileukabak Eset Kotibaruly da sheshushi sәtte tobe korsetpejdi Қandy shajkasAkyrynda 11 shildede Isataj koterilisshilerdin zhatagy Ojyldagy Akshat tauynan shygyp Bajmagambet auylyn shabu үshin 500 zhigitimen Қiylga shugyl attanady Olar ashyk dalada tүnep 12 shilde kүni tanda shabuylga shygady Sol kүni kolga tүsken tutkyndardan zenbirektermen myltykpen muzdaj karulangan Geke otryady men Bajmagambet zhasaktarynyn toskauyl kojyp zholdaryn tosyp otyrganyn bile tura Isataj keri sheginbejdi tajsalmastan shabuylga shygady Өjtkeni keri sheginu olimge para par edi birinshiden kansokty zhoryktan kalzhyrap bastary iri bastagan koterilisshiler tarap ketedi ekinshiden osy zholy betin kajtarmasa zhasangan zhazalaushylar otryady Isatajdyn sonyna tүsip zhazyksyz eldi kyrgynga ushyratuy mүmkin Sondyktan Isataj ozine senip koddap kol pashtagan elin kyrgynga dushar etip kargys estigennen gori ata zhauymen alysyp oludi abyroj sanajdy Әueli AkBulaktyn argy betine bekingen otryadka zhagalaj ok atyp zenbirektin bar zhogyna koz zhetkizedi Entelep kelip kalgan koterilisshilerdin ozennen otip ketuinen korykkan Geke zenbirekten ok atuga bujryk beredi Isataj zhasagy keri serpiledi Osy kezde Geke otryady bekiniste kalyn Bajmagambet karauyndagy kazak orys komandasymen zhәne zhasaktarymen koterilisshilerdin sonyna lap koyady Zenbirek ogydary majtyn zherge zhetken son Isataj zhasagyn keri buryp ata zhauy Bajmagambetke karsy umtylady Mundaj okys kimyldy kүtpegen sultan zhasaktary men kazak orystar sasyp kalyp keri kashkanda opyr topyr bolady Zhuldyzsha akkan Isataj zhigitteri olardy zhajpap otedi birak Bajmagambet atynyn zhүjriktiginin arkasynda kutylady Қashkandar zharkabaktan sekirip at zhaldap argy betke otedi Osy sәtte ozennen tygylyp otip sajga zhasyryngan 200 kazak orys әskeri koterilisshilerdin bir kaptalynan andyzdap shyga keledi Betpe bet shajkas bastalady da eti kyzgan Isataj sarbazdary olardy da zhajpap otedi Ұrys sәtinde 19 zhasar uly Ospannyn zhau korshauynda kalyp kojganyn korgen Isataj keri burylady Қorshaudagylardy kutkaryp Shejitsajga zhәnkilgen sarbazdardy Mahambette kuyp zhetedi Isataj ogan auyr zharakattangan Ospandy urys alanynan alyp ketudi amanattap kasyndagylardyn kutylyp ketuge үgittegenine karamastan zhaudyn zholyn bogeuge bel bajlajdy Ospandar kara үzip ketkenshe 15 km ge dejin kasha urys salyp zhauga aldyrmajdy Akyrynda Ugolnyj stanicasynyn kazak orysy Leontij Zelenin batyrdyn astyndagy kulayak atyn atyp ok darytady Қasyndagy Қozhahmet pen Үbi attaryn kezek kezek koldenen tartkanymen at kotine mingesip kashty degen osekke kalgansha olgenim artyk dep konbejdi Isekelep zhylagan Үbini akyryp kuyp zhiberedi Қansyrap әli kalmagan kulayak at kulagan son Isataj zhayau sogysady Eki pistoletpen atyp sonynan zhetken kugynshy kazaktar men kazak orystardyn 8 in oltiredi Alysyp zhүrgende Bogatyrev kylyshyn batyrdyn mojnynyn ashyk kalgan zherine takap shabady Sojtip el kamy үshin namysyn zhanygan koterilis kolbasshysy er Isataj arystandaj arpalysyp ajkasta bolady da tangy sagat 6 shamasynda bastalgan Akbulak sogysy tүski sagat 2 shamasynda ayaktalady Eki zhaktan biraz adam shygyn bolady birak olardyn nakty sany resmi derekterde әr tүrli korsetilgen Has batyrlyk pen kajsarlyktyn үlgisindej osy shajkas uakigasy turaly karsy sogyskan polkovnik Gekenin ozi Isataj kozsiz batyrlygynyn kurbany boldy dese tarihshy A F Ryazanov Isataj Tajmanuly kazak halkynyn ulttyk batyry dep bagalady Osy sogysta kaza tapkan koterilisshilerdin mүrdesi Shejitsajga zherlengen Zhergilikti zhurt ony Қyrgyn mola dep atajdy DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet