Ашамайға мінгізу - қазақы ортада жастық- жыныстық жіктелуді айғақтайтын этностың тіршілік цикліне қатысты ғұрыптардың бірі. Қазақ салтында сәбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала ретінде алғаш рет жыныстық жағынан жіктеледі : қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.
Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті - жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді. Капаны атқа мінгізу құрметі шабандоз, жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіп, аяғын ісикішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады.
Осы тұста:
Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын,
Жас бала жол үстінде болдырмасын,'
- деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары төмендегідей бата береді:
Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол болсын,
-
немесе:
Асқар-асқар таудан өт,
Ағыны қатты судан өт.
Ит тұмсығы батпайтын,
Іргесі биік нудан өт.
Айдын-шалқар көлден өтіп,
Жеті қылым елден өт.
Құс қанатын талдырған,
Қу мекиен шөлден өт!
Жолсыз жерде жол баста,
Жаугерлік болса қол баста.
Сәйгүлігің сай болсын,
Тілегім осы әу баста Әмин, аллаху әкпар!
Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізгсн жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ashamajga mingizu kazaky ortada zhastyk zhynystyk zhikteludi ajgaktajtyn etnostyn tirshilik cikline katysty guryptardyn biri Қazak saltynda sәbiler balalyk shaktyn birinshi satysyna zhetken kezde er bala men kyz bala retinde algash ret zhynystyk zhagynan zhikteledi kyz balaga tulym koyu kulak tesu rәsimderi otkizilip kyzsha kiindiriledi Sondaj ak er balalardy sүndetke otyrgyzyp ajdar kojgan sonyn ishinde algash ret zheke atka mingizu rәsimin otkizgen Bul rәsimde otkiziletin sharany Ashamajga mingizu nemese Ashamaj tojy dep atagan Bul bala үshin de ata ana tuyskandary үshin de erekshe okiga үlken kuanyshka sanalatyndyktan aukattylar toj zhasap at shaptyryp kokpar tartkyzgan Zhas bala esi kirip 4 5 zhaska kelgende ogan bәsire taj tartu etiledi Eger balaga arnalgan bәsire aty үjretilip minuge zharap tursa onda balany sogan mingizedi Saltanatty tүrde үjretilgen bәsire tajga ashamaj erttelinedi Kejde bәsire taj belgili bir sebepterge bajlanysty minuge zharamasa balanyn ozimen shamalas zhuas zhүrisi zhajly әri syr symbaty zharaskan kunan ne donen tandalady Balanyn ashamajga mingizilui onyn omirinde tirshiliktin zhana kezeni bastalgandygyn bildiredi Balanyn rәsimine auyl adamdary zhinalyp bala mingen attyn zhal kujrygyna balanyn shapanyna zhәne baskiimine shoktap үki tagady Bul үkinin kasieti zhyn shajtannan kagady degendi bildiredi Kapany atka mingizu kurmeti shabandoz zhigitterge zhүkteledi Balany atka mingizip ayagyn isikishekke sugyp belin ajnaldyra zhuka korpeshemen orap koltyrmash agashtarmen denesin auyrtpajtyndaj gyp tartyp tanady Osy tusta Myktap tart ashamajdyn koltyrmajyn Zhas bala zhol үstinde boldyrmasyn degen olen tүrinde eskertpe bata ajtylady At үstindegi bala alakanyn zhajyp auyldyn batagoj aksakaldarynan bata surajdy Ondajda auyl aksakaldary tomendegidej bata beredi Al ak tilek ak tilek Atka tokym sal bilek Atka da zhaksy shaba bil Zhasynnan maldy baga bil Өnege oner taba bil Ajmagyna zhaga bil Atka mindin akzhol bolsyn nemese Askar askar taudan ot Agyny katty sudan ot It tumsygy batpajtyn Irgesi biik nudan ot Ajdyn shalkar kolden otip Zheti kylym elden ot Қus kanatyn taldyrgan Қu mekien sholden ot Zholsyz zherde zhol basta Zhaugerlik bolsa kol basta Sәjgүligin saj bolsyn Tilegim osy әu basta Әmin allahu әkpar Bata berilgen son balanyn kolyna attyn tizginin on kolyna kamshy ustatady analar shashu shashyp tilekter ajtady Balany atka mingizgsn zhigit atty erttep korshi kolan auyldy aralatady Esiginin aldyna ashamajga mingizu rәsimin otkizgen bala kelgen үjdin bәri shashu shashyp balanyn kiimine үki shashak tenge monshak kadajdy Bala sharshady au degen kezde үsti basy әlem zhәlemge әshekejge tolyp auylga kajtyp oralady Sol kүni mal sojylyp at shaptyrylyp toj zhasalady Ashamajga balany mingizip attyn basyn zhetektegen zhigitke bata bergen aksakalga әke sheshesi syjlyk beredi Birte birte atpen balanyn ozi zhүredi bir eki kүnnen son ayagyn bajlamajdy sonymen bir zheti ishinde ashamajdy tastap erge otyrady Bajlar ashamajga mingen balalaryn koshtin aldynan saltanatpen zhүrgizgen DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet