Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Атырауда үш облыстық — «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Ар-Честь», бір қалалық «Ақ Жайық» және жеті аудандық - «Кең Жылыой» (Жылыой ауданы), «Мақат тынысы» (Мақат), «Серпер» (Құрманғазы), «Жайық шұғыласы» (Махамбет), «Дендер» (Индер), « Қызылқоға » (Қызылқоға), «Нарын таңы» (Исатай ауданы) газеттері шығады.
Тарихы
Облыстың мерзімді баспасөз тарихы 20- жылдардан бастау алады. Ұлт тіліндегі басылымдардың тұңғыш саны 1923 жылдың 1 сәуірінен шыға бастаған «Ерік» (қазіргі «Атырау») газеті. 1920 жылғы наурызда «Трудовая правда» атты газет (қазіргі «Прикаспийская коммуна») шығарыла бастады. 30-жылдардан бастап аудандық газеттер өмірге келді. Олардың облыстағы алғашқылары: 1930, 1933, 1934 ж. жарық көрген Теңіз (Құрманғазы) аудандық «Балықшылар үні» («Серпер»), Жылыой аудандық «Социалды ауыл» («Кең Жылыой»), Индер аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» («Дендер») газеттері.
20-30-жылдары өлкедегі баспасөз беттерінде сауатсыздықты жою, мектептер ашу, отырықшылық тұрмыс салтына ауысу, әйел теңдігі сияқты өз кезеңінің көптеген маңызды мәселелері көтерілді. Жаңадан мұнай кәсіпшіліктерінің ашылуы, жұмысшы кенттерінің дүниеге келуі, екпінді құрылыстар хақында хабарлар басылды.
Отан соғысы, одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдерінде облыс баспасөзі халықты жеңіске үндеп, еңбек майданында табысқа жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Мұнайлы Ембіде және Маңғыстау өңірінде жаңа кен орындарының қатарға қосылуы, темір жолдардың, мұнай, газ құбырларының тартылуы, балық өнеркәсібінің дамуы, мал шаруашылығының науқанды жұмыстары газет беттерінде кеңінен көрініс тауып отырды. Алғашқы кезеңдерде-ақ облыстық, аудандық газеттер өз төңіректеріне ауыл және жұмысшы тілшілерін топтастырып, соларға арқа сүйеді. Сол жылдары облыс баспасөзінде маман журналистер аз еді. Сонымен қатар өткен кезеңдердегі әміршілдік-әкімшілдік жүйенің үстемдігі, коммунистік партияның бірыңғай өктем билігі барлық жердегідей облыс баспасөзіне өз ықпалын тигізбей қоймады. Газеттердің мазмұн-бағыты бірсыпыра реттерде белгілі шеңберден көп ауытқымай, қолғанаттық қызмет сипатында болды. Газет беттерінде озат тәжірибені, жетістіктерді дәріптеу, социалистік жарыс барысын көрсету басымдау жүргізілді. 80-жылдардың 2-жартысынан, облыстағы барлық буындағы газеттер өмір құбылыстарын талдап, барлаңқырап қарауға бағыт ұстады, ұжымдардың, кадрлардың қызметіне, оқиғаларға дұрыс, сын тұрғысында баға беруге елеулі бетбұрыс жасады. Партия комитеттерінің тарауына байланысты Атырау облыстық газеттері де қоғамдық- саяси басылымдарға айналып, өздері тең құрылтайшы болды. Көптеген газеттердің бұрынғы аттары өзгертіліп, халық бұқарасына етене жақын, жергілікті жерге бейім, өңірдің өзіндік ерекшелігін білдіретін атаулар қойыла бастады. Ақпарат құралдарының еркіндік алуы жаңа басылымдарға жол ашты. «Атырау» газетінің әдеби-тарихи серігі ретінде «Ата- мекен», облыстық Қазақ тілі қоғамының үні «Мұра», Мәдениет басқармасының «Көкжиек» сияқты тәуелсіз басылымдар өмірге келді.
Тәуелсіздік жылдары
Тоталитарлық жүйенің ыдырап, республиканың тәуелсіздік алуы Атыраудың мерзімді басылымдарының да тақырыбы мен стилінің жаңаруына ықпал етті. Есеп, хабарлама сипатындағы, даңғаза сарындағы материалдар азайды, олардың орнына журналистердің, авторлардың өзіндік көзқарасын білдіретін, оқырмандармен ортақ ой бөлісу тұрғысындағы әңгімелесулері басым көріне бастады. Облыстық, көптеген аудандық газеттер империялық үстемдік тұсында аяқасты болған қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді қалпына келтіру, өткен тарихты байыппен ой елегінен өткізіп қайта қарау, халық бостандығы мен азаттығы жолында арпалысып, өмір кешкен қаһарман ұлдарды дәріптеу, ұлттық сананы ояту сияқты арнайы
тақырыптарды өзек етті. Рухани дүниеге, мәдени игіліктерге ден қойылды. Пікір алуандығы мен көп партиялылық жағдайында әр түрлі көзқарасты білдіретін материалдарға орын беріле бастады. «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде, облыстық теледидар мен радио хабарларында экономиканың өзекті мәселелері, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу, еркін бағанын енуі, меншікті мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, адамдарды әлеуметтік қолдау сияқты күрделі жайлар әр алуан жанрлар арқылы көтеріліп отырды. Облыстық, Жылыой, Мақат аудандық газеттерінің журналистері әлемге әйгілі Теңіз кен орнының ашылып, игерілуін, шетелдің іскер топтарының, әсіресе Американың «Шеврон» корпорациясының келуін, бірлескен кәсіпорындар, еркін экономикалық аймақ құру мәселелерін назарда ұстайды.
Облыс баспасөзі экология, қоршаған ортаны қорғау, Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарының қызметін тоқтату, Каспий мен Ақжайықтың балық қорын сақтау, ауыл шаруашылығын жеке игілікке алудың ерекшеліктері, малшы тұрмысын көтеру мәселелерін ұдайы қойып отырады. Әсіресе «Қазақстанкаспийшельф» корпорациясының Каспийде мұнай мен газға геофизикалык іздестіру жұмыстарын жүргізуіне, «ОКИОК» компаниясының теңіз қайраңына бұрғы түсіруіне орай әр қилы, тіптен бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге кең орын беріледі. Барлық басылымдарда да негізінен жоғары білімді журналистер қызмет істейді. Облыстық, Мақат, Қызылқоға аудандық газеттері және көп таралымды газеттер Атыраудағы «Ақ Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік баспаханасында басылады. Басқа аудандардың бәрінде де өз баспаханалары бар.
Аудан газеттері
«Кең Жылыой» - Жылыой ауданындағы қоғамдық-саяси газет. Алғаш саны «Социалды ауыл» деген атпен 1933 ж. шыға бастады. 1941-92 ж. газет «Социалистік ауыл», «Коммунизмге алға», «Ембі» деген атпен шығып келді. 1992 жылдан «Кең Жылыой» атанды. Тұңғыш редакторы - Төлеген Мұхамбетов.
«Мақат тынысы» - Мақат аудандық газеті. Алғашқы саны 1937 жылдың қыркүйек айында «Жұмыскер» деген атпен шыға бастады. Одан кейін «Социалистік Ембі», 1966 ж. біраз үзілістен соң «Мұнайшы» деген атпен, оқырмандарымен қайта табысты. Газеттің тұңғыш редакторы Қ.Берікқұлақов болды.
«Серпер» - Құрманғазы аудандық газеті. Облыстың аудандық газеттері арасында алғаш жарық көрген басылым. Алғашқы саны «Балықшылар үні» деген атпен 1930 жылы 10 қазанда шықты. 1945 жылдың 1 қаңтарынан «Социалистік жол», 1963 жылдан «Ленин жолы», кейін «Кеңес үні», 1994 жылдан «Серпер». Газеттің алғашқы редакторы - Шайдолла Молдабеков.
«Жайық шұғыласы» - Махамбет аудандық қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны 1941 жылы 19-наурызда «Ленин жолы» деген атпен жарық көрді. Бұған облыста тұңғыш құрылған «Бақсай» кеңшарында (осы аудан аумағында) 30-жылдар ортасында шығып тұрған «Қой шаруашылығы» деп аталатын көп тиражды газет негіз болған. 1963 жылы «Малды өңір» деген атпен қайта шықты, 1978 жылдан «Жайық шұғыласы» деген атпен шығып келеді. Бірінші редакторы Мақсот Жалмұхатов.
«Дендер» - Индер аудандық газеті. 1934 жылдан «Социалистік мал шаруашылығы», 1958—94 ж. газет «Коммунизм туы», «Индер», 1994 жылдан «Дендер» болып шыға бастады. Газеттің алғаш редакторы («Социалистік мал шаруашылығы») - Ғ. Аманғалиев.
«Қызылқоға» - Қызылқоға аудандық газеті. Газеттің тұңғыш саны 1953 жылдың 31 қаңтарында оқырмандардың қолына тиді. «Сталин туы» деген атпен аптасына бір рет, екі бет болып шыққан газет арада өткен жылдары «Социалды еңбек», «Коммунизм туы» аталды. 1989 жылдан бері «Қызылқоға» деген атауға ие. Алғашқы редактор Әлімбай Жанғазиев.
«Нарын таңы» - Исатай аудандық газеті. Алғашқы саны «Малшылар үні» деген атпен 1953 ж. 18 ақпанда жарық көрді. Новобогат (Исатай) ауданының осы кезең ішінде таратылып, қайта құрылуына байланысты газет те бірнеше рет жұмысын тоқтатты. 1991 жылдың 1 қаңтарынан «Нарын таңы» газеті тұрақты шыға бастады. Алғашқы жылдарда газетке Т. Сатқанбаев, М. Шәріпов, кейінірек Қ. Батыров басшы болды.
Атырау облысы бойынша тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары
№ | атауы | Меншік иесі | Мерзімділігі |
---|---|---|---|
1 | «Атырау» газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 2 рет |
2 | «Прикаспийская коммуна» газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 2 рет |
3 | «Кең Жылой» газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
4 | "Нарын таңы" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
5 | "Жайық шұғыласы" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
6 | "Серпер" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
7 | "Дендер" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
8 | "Қызылқоға" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
9 | "Мақат тынысы" газеті | «Атырау-ақпарат» ЖШС | аптасына 1 рет |
10 | "Атырау өңірінің энергетигі" газеті | "Аяз би" ауыл мәдениетін қолдау қоры | аптасына 1 рет |
11 | "Сахара" газеті | "Ар-честь" мекемесі | аптасына 1 рет |
12 | "Мұнайлы Астана" газеті | "Издательский дом "Батыс" ЖШС | аптасына 1 рет |
13 | "Алтын сақа" газеті | «Дәу бол» ЖШС | айына 1 рет |
14 | "Ақ Жайық" газеті | "Ақ Жайық" ЖШС | аптасына 1 рет |
15 | "Городской парк" газеті | "Ақ Жайық" ЖШС | аптасына 1 рет |
16 | «Жайық самалы» газеті | "Ақ Жайық" ЖШС | аптасына 1 рет |
17 | "Алтын ғасыр" газеті | «Демократияны қолдау Атырау орталығы» мемлекеттік емес мекемесі | аптасына 1 рет |
18 | "Қайсар" газеті | Атырау облысының Прокуратурасы | айына 1 рет |
19 | "Новатор" газеті | "АМӨЗ" ЖШС | аптасына 1 рет |
20 | "Университет" газеті | Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті | 2 айда 1 рет |
21 | "Студенттік өмір-студенческая жизнь" газеті | Атырау мұнай және газ университеті | айына 1 рет |
22 | "ТШО жаңалықтары" газеті | "Теңізшевройл" ЖШС | айына 1 рет |
23 | "Бизнес инфо Атырау + Актобе, Актау, Уральск" газеті | "Барыс" жарнама агентігі | аптасына 1 рет |
24 | "Квартал" газеті | "Квартал" ЖШС | аптасына 1 рет |
25 | "Құлсары" газеті | "Әбдіхалық Жәңкейұлы Сисенбердиев" ЖК | аптасына 1 рет |
26 | "Мегаполис Атырау" газеті | "Нсангалиева" ЖК | аптасына 1 рет |
27 | "Жылой жарнамасы" газеті | "Білім" толық серіктестігі | аптасына 1 рет |
28 | "Алтын аймақ" газеті | "Қайрат" аймақтық қайырымдылық қоры" | аптасына 1 рет |
29 | "Мұнайлы Қазақстан" газеті | "Мұнайлы Қазақстан-Нефтяной Казахстан газеті" ЖШС | айына 1 рет |
30 | "Өркенді өңір" газеті | "СТУДИЯ ДИЛЬНАЗ" ЖК | аптасына 1 рет |
31 | "Руханият әлемі" газеті | Атырау облысы Дін істері басқармасының "Ақпараттық талдау орталығы" КММ | айына 2 рет |
32 | «Ұстаздық еңбек» газеті | «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ (Атырау қаласы) | айына 2 рет |
33 | "Мерейлі мекен" журналы | "Аяз би" ауыл мәдениетін қолдау қоры | 3 айда 1 рет |
34 | "Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жаршысы" ғылыми журналы | Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті | 3 айда 1 рет |
35 | "Вестник Атырауского института нефти и газа" журналы | Атырау мұнай және газ университеті | 3 айда 1 рет |
36 | Хабаршы-Вестник "Өрлеу" журналы | «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» | 2 айда 1 рет |
37 | «Brandroom» журналы | «AISA» ЖШС | тоқсан сайын |
38 | «Marco ECO DISCOUNTER» журналы | «Shanyrak Management» ЖШС | айына 2 рет |
39 | «BAIZAAR» журналы | «Shanyrak Management» ЖШС | айына 2 рет |
40 | "Молодежный портал города Атырау" ақпараттық агенттігі | "Инфо Центр" ҚБ | - |
41 | "NefteGaz.kz" ақпараттық агенттігі | "Инженерная компания "Нобель" ЖШС | - |
42 | Аймақтық ақпараттық ресурс "ATPress" | "Атырау-Ақпарат" ЖШС | күн сайын |
43 | "www. deputatyrau.kz" ақпарат агенттігі | "Асыл өлке" қоғамдық бірлестігі | тәулік бойы |
44 | «Аймақтық ақпараттық ресурс atyrau-akparat» ақпарат агенттігі | «Атырау-Ақпарат» ЖШС | тәулік бойы |
45 | "Тулепова" кабельдік операторы | "Мустахимус" ЖШС | тәулік бойы |
46 | "Токтар Бонус Системс" кабельдік операторы | "Токтар Бонус Системс" ЖШС | тәулік бойы |
Дереккөздер
- Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
- Т.Жауыров. Аудан ақиқаты және жұмысшы-село тілшілері.-А,. 1977
- https://engime.org/atirau-oblisi-bojinsha-tirkelgen-barali-aparat-raldari-2017-ji.html Мұрағатталған 14 шілденің 2020 жылы. Атырау облысы бойынша тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makala әli tekseristen otpedi Tekserilmegen makalalardagy mәlimetter senimsiz boluy mүmkin Tekserushilerge nuskaulykty oku үshin on zhaktagy korset degendi basynyz Makala tekserushilerge makalany tekserildi dep belgileu үshin bul үlgini alyp tastanyz Makalany tirkelgenine 6 aj bolgan 500 ondeme zhasagan barlyk katysushylar zhәne osy eki sharttyn bireuin bolsada kanagattandyratyn katysushylar tekserildi dep belgilej alady 2015 zhyldyn shildesinen bergi tekserilmegen makalalar myna sanatta tizimdeledi Sanat Uikipediya Tekserilmegen makalalar Osy ajdagy tekserilmegen makalalar sanatyn bastau Osy ajdagy tekserildi dep belgilengen makalalar https kk wikipedia org w index php title Arnajy Zhuyktagy ozgerister amp tagfilter Tekserildi dep belgiledi Bul makalany 2025 01 10 12 48 kezinde 2 kүn buryn 1nter pares zhurnaly үlesi songy ret ondedi Tekserilmegender 2130 5 shilde 2020 Atyrauda үsh oblystyk Atyrau Prikaspijskaya kommuna Ar Chest bir kalalyk Ak Zhajyk zhәne zheti audandyk Ken Zhylyoj Zhylyoj audany Makat tynysy Makat Serper Қurmangazy Zhajyk shugylasy Mahambet Dender Inder Қyzylkoga Қyzylkoga Naryn tany Isataj audany gazetteri shygady TarihyOblystyn merzimdi baspasoz tarihy 20 zhyldardan bastau alady Ұlt tilindegi basylymdardyn tungysh sany 1923 zhyldyn 1 sәuirinen shyga bastagan Erik kazirgi Atyrau gazeti 1920 zhylgy nauryzda Trudovaya pravda atty gazet kazirgi Prikaspijskaya kommuna shygaryla bastady 30 zhyldardan bastap audandyk gazetter omirge keldi Olardyn oblystagy algashkylary 1930 1933 1934 zh zharyk korgen Teniz Қurmangazy audandyk Balykshylar үni Serper Zhylyoj audandyk Socialdy auyl Ken Zhylyoj Inder audandyk Socialistik mal sharuashylygy Dender gazetteri 20 30 zhyldary olkedegi baspasoz betterinde sauatsyzdykty zhoyu mektepter ashu otyrykshylyk turmys saltyna auysu әjel tendigi siyakty oz kezeninin koptegen manyzdy mәseleleri koterildi Zhanadan munaj kәsipshilikterinin ashyluy zhumysshy kentterinin dүniege kelui ekpindi kurylystar hakynda habarlar basyldy Otan sogysy odan kejingi halyk sharuashylygyn kalpyna keltiru kezenderinde oblys baspasozi halykty zheniske үndep enbek majdanynda tabyska zhumyldyruda үlken rol atkardy Munajly Embide zhәne Mangystau onirinde zhana ken oryndarynyn katarga kosyluy temir zholdardyn munaj gaz kubyrlarynyn tartyluy balyk onerkәsibinin damuy mal sharuashylygynyn naukandy zhumystary gazet betterinde keninen korinis tauyp otyrdy Algashky kezenderde ak oblystyk audandyk gazetter oz tonirekterine auyl zhәne zhumysshy tilshilerin toptastyryp solarga arka sүjedi Sol zhyldary oblys baspasozinde maman zhurnalister az edi Sonymen katar otken kezenderdegi әmirshildik әkimshildik zhүjenin үstemdigi kommunistik partiyanyn biryngaj oktem biligi barlyk zherdegidej oblys baspasozine oz ykpalyn tigizbej kojmady Gazetterdin mazmun bagyty birsypyra retterde belgili shenberden kop auytkymaj kolganattyk kyzmet sipatynda boldy Gazet betterinde ozat tәzhiribeni zhetistikterdi dәripteu socialistik zharys barysyn korsetu basymdau zhүrgizildi 80 zhyldardyn 2 zhartysynan oblystagy barlyk buyndagy gazetter omir kubylystaryn taldap barlankyrap karauga bagyt ustady uzhymdardyn kadrlardyn kyzmetine okigalarga durys syn turgysynda baga beruge eleuli betburys zhasady Partiya komitetterinin tarauyna bajlanysty Atyrau oblystyk gazetteri de kogamdyk sayasi basylymdarga ajnalyp ozderi ten kuryltajshy boldy Koptegen gazetterdin buryngy attary ozgertilip halyk bukarasyna etene zhakyn zhergilikti zherge bejim onirdin ozindik ereksheligin bildiretin ataular kojyla bastady Akparat kuraldarynyn erkindik aluy zhana basylymdarga zhol ashty Atyrau gazetinin әdebi tarihi serigi retinde Ata meken oblystyk Қazak tili kogamynyn үni Mura Mәdeniet baskarmasynyn Kokzhiek siyakty tәuelsiz basylymdar omirge keldi Tәuelsizdik zhyldaryTotalitarlyk zhүjenin ydyrap respublikanyn tәuelsizdik aluy Atyraudyn merzimdi basylymdarynyn da takyryby men stilinin zhanaruyna ykpal etti Esep habarlama sipatyndagy dangaza saryndagy materialdar azajdy olardyn ornyna zhurnalisterdin avtorlardyn ozindik kozkarasyn bildiretin okyrmandarmen ortak oj bolisu turgysyndagy әngimelesuleri basym korine bastady Oblystyk koptegen audandyk gazetter imperiyalyk үstemdik tusynda ayakasty bolgan kazak tilin ulttyk salt dәstүrlerdi kalpyna keltiru otken tarihty bajyppen oj eleginen otkizip kajta karau halyk bostandygy men azattygy zholynda arpalysyp omir keshken kaһarman uldardy dәripteu ulttyk sanany oyatu siyakty arnajyAtyrau akparat takyryptardy ozek etti Ruhani dүniege mәdeni igilikterge den kojyldy Pikir aluandygy men kop partiyalylyk zhagdajynda әr tүrli kozkarasty bildiretin materialdarga oryn berile bastady Atyrau Prikaspijskaya kommuna gazetterinde oblystyk teledidar men radio habarlarynda ekonomikanyn ozekti mәseleleri әsirese naryktyk katynastarga koshu erkin baganyn enui menshikti memleket ieliginen alu zhekeshelendiru adamdardy әleumettik koldau siyakty kүrdeli zhajlar әr aluan zhanrlar arkyly koterilip otyrdy Oblystyk Zhylyoj Makat audandyk gazetterinin zhurnalisteri әlemge әjgili Teniz ken ornynyn ashylyp igeriluin sheteldin isker toptarynyn әsirese Amerikanyn Shevron korporaciyasynyn keluin birlesken kәsiporyndar erkin ekonomikalyk ajmak kuru mәselelerin nazarda ustajdy Oblys baspasozi ekologiya korshagan ortany korgau Azgyr Tajsojgan Naryn poligondarynyn kyzmetin toktatu Kaspij men Akzhajyktyn balyk koryn saktau auyl sharuashylygyn zheke igilikke aludyn erekshelikteri malshy turmysyn koteru mәselelerin udajy kojyp otyrady Әsirese Қazakstankaspijshelf korporaciyasynyn Kaspijde munaj men gazga geofizikalyk izdestiru zhumystaryn zhүrgizuine OKIOK kompaniyasynyn teniz kajranyna burgy tүsiruine oraj әr kily tipten bir birine karama kajshy pikirlerge ken oryn beriledi Barlyk basylymdarda da negizinen zhogary bilimdi zhurnalister kyzmet istejdi Oblystyk Makat Қyzylkoga audandyk gazetteri zhәne kop taralymdy gazetter Atyraudagy Ak Zhajyk zhauapkershiligi shekteuli seriktestik baspahanasynda basylady Baska audandardyn bәrinde de oz baspahanalary bar Audan gazetteri Ken Zhylyoj Zhylyoj audanyndagy kogamdyk sayasi gazet Algash sany Socialdy auyl degen atpen 1933 zh shyga bastady 1941 92 zh gazet Socialistik auyl Kommunizmge alga Embi degen atpen shygyp keldi 1992 zhyldan Ken Zhylyoj atandy Tungysh redaktory Tolegen Muhambetov Makat tynysy Makat audandyk gazeti Algashky sany 1937 zhyldyn kyrkүjek ajynda Zhumysker degen atpen shyga bastady Odan kejin Socialistik Embi 1966 zh biraz үzilisten son Munajshy degen atpen okyrmandarymen kajta tabysty Gazettin tungysh redaktory Қ Berikkulakov boldy Serper Қurmangazy audandyk gazeti Oblystyn audandyk gazetteri arasynda algash zharyk korgen basylym Algashky sany Balykshylar үni degen atpen 1930 zhyly 10 kazanda shykty 1945 zhyldyn 1 kantarynan Socialistik zhol 1963 zhyldan Lenin zholy kejin Kenes үni 1994 zhyldan Serper Gazettin algashky redaktory Shajdolla Moldabekov Zhajyk shugylasy Mahambet audandyk kogamdyk sayasi gazet Algashky sany 1941 zhyly 19 nauryzda Lenin zholy degen atpen zharyk kordi Bugan oblysta tungysh kurylgan Baksaj kensharynda osy audan aumagynda 30 zhyldar ortasynda shygyp turgan Қoj sharuashylygy dep atalatyn kop tirazhdy gazet negiz bolgan 1963 zhyly Maldy onir degen atpen kajta shykty 1978 zhyldan Zhajyk shugylasy degen atpen shygyp keledi Birinshi redaktory Maksot Zhalmuhatov Dender Inder audandyk gazeti 1934 zhyldan Socialistik mal sharuashylygy 1958 94 zh gazet Kommunizm tuy Inder 1994 zhyldan Dender bolyp shyga bastady Gazettin algash redaktory Socialistik mal sharuashylygy Ғ Amangaliev Қyzylkoga Қyzylkoga audandyk gazeti Gazettin tungysh sany 1953 zhyldyn 31 kantarynda okyrmandardyn kolyna tidi Stalin tuy degen atpen aptasyna bir ret eki bet bolyp shykkan gazet arada otken zhyldary Socialdy enbek Kommunizm tuy ataldy 1989 zhyldan beri Қyzylkoga degen atauga ie Algashky redaktor Әlimbaj Zhangaziev Naryn tany Isataj audandyk gazeti Algashky sany Malshylar үni degen atpen 1953 zh 18 akpanda zharyk kordi Novobogat Isataj audanynyn osy kezen ishinde taratylyp kajta kuryluyna bajlanysty gazet te birneshe ret zhumysyn toktatty 1991 zhyldyn 1 kantarynan Naryn tany gazeti turakty shyga bastady Algashky zhyldarda gazetke T Satkanbaev M Shәripov kejinirek Қ Batyrov basshy boldy Atyrau oblysy bojynsha tirkelgen bukaralyk akparat kuraldaryAtyrau oblysy bojynsha tirkelgen bukaralyk akparat kuraldary atauy Menshik iesi Merzimdiligi1 Atyrau gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 2 ret2 Prikaspijskaya kommuna gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 2 ret3 Ken Zhyloj gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret4 Naryn tany gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret5 Zhajyk shugylasy gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret6 Serper gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret7 Dender gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret8 Қyzylkoga gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret9 Makat tynysy gazeti Atyrau akparat ZhShS aptasyna 1 ret10 Atyrau onirinin energetigi gazeti Ayaz bi auyl mәdenietin koldau kory aptasyna 1 ret11 Sahara gazeti Ar chest mekemesi aptasyna 1 ret12 Munajly Astana gazeti Izdatelskij dom Batys ZhShS aptasyna 1 ret13 Altyn saka gazeti Dәu bol ZhShS ajyna 1 ret14 Ak Zhajyk gazeti Ak Zhajyk ZhShS aptasyna 1 ret15 Gorodskoj park gazeti Ak Zhajyk ZhShS aptasyna 1 ret16 Zhajyk samaly gazeti Ak Zhajyk ZhShS aptasyna 1 ret17 Altyn gasyr gazeti Demokratiyany koldau Atyrau ortalygy memlekettik emes mekemesi aptasyna 1 ret18 Қajsar gazeti Atyrau oblysynyn Prokuraturasy ajyna 1 ret19 Novator gazeti AMӨZ ZhShS aptasyna 1 ret20 Universitet gazeti H Dosmuhamedov atyndagy Atyrau memlekettik universiteti 2 ajda 1 ret21 Studenttik omir studencheskaya zhizn gazeti Atyrau munaj zhәne gaz universiteti ajyna 1 ret22 TShO zhanalyktary gazeti Tenizshevrojl ZhShS ajyna 1 ret23 Biznes info Atyrau Aktobe Aktau Uralsk gazeti Barys zharnama agentigi aptasyna 1 ret24 Kvartal gazeti Kvartal ZhShS aptasyna 1 ret25 Қulsary gazeti Әbdihalyk Zhәnkejuly Sisenberdiev ZhK aptasyna 1 ret26 Megapolis Atyrau gazeti Nsangalieva ZhK aptasyna 1 ret27 Zhyloj zharnamasy gazeti Bilim tolyk seriktestigi aptasyna 1 ret28 Altyn ajmak gazeti Қajrat ajmaktyk kajyrymdylyk kory aptasyna 1 ret29 Munajly Қazakstan gazeti Munajly Қazakstan Neftyanoj Kazahstan gazeti ZhShS ajyna 1 ret30 Өrkendi onir gazeti STUDIYa DILNAZ ZhK aptasyna 1 ret31 Ruhaniyat әlemi gazeti Atyrau oblysy Din isteri baskarmasynyn Akparattyk taldau ortalygy KMM ajyna 2 ret32 Ұstazdyk enbek gazeti Қazakstandyk salalyk bilim zhәne gylym kyzmetkerleri kәsiptik odagynyn Atyrau oblystyk ujymy ҚB Atyrau kalasy ajyna 2 ret33 Merejli meken zhurnaly Ayaz bi auyl mәdenietin koldau kory 3 ajda 1 ret34 H Dosmuhamedov atyndagy AMU zharshysy gylymi zhurnaly H Dosmuhamedov atyndagy Atyrau memlekettik universiteti 3 ajda 1 ret35 Vestnik Atyrauskogo instituta nefti i gaza zhurnaly Atyrau munaj zhәne gaz universiteti 3 ajda 1 ret36 Habarshy Vestnik Өrleu zhurnaly Өrleu biliktilikti arttyru ulttyk ortalygy AҚ filialy Atyrau oblysy bojynsha pedagogikalyk kyzmetkerlerdin biliktiligin arttyru instituty 2 ajda 1 ret37 Brandroom zhurnaly AISA ZhShS toksan sajyn38 Marco ECO DISCOUNTER zhurnaly Shanyrak Management ZhShS ajyna 2 ret39 BAIZAAR zhurnaly Shanyrak Management ZhShS ajyna 2 ret40 Molodezhnyj portal goroda Atyrau akparattyk agenttigi Info Centr ҚB 41 NefteGaz kz akparattyk agenttigi Inzhenernaya kompaniya Nobel ZhShS 42 Ajmaktyk akparattyk resurs ATPress Atyrau Akparat ZhShS kүn sajyn43 www deputatyrau kz akparat agenttigi Asyl olke kogamdyk birlestigi tәulik bojy44 Ajmaktyk akparattyk resurs atyrau akparat akparat agenttigi Atyrau Akparat ZhShS tәulik bojy45 Tulepova kabeldik operatory Mustahimus ZhShS tәulik bojy46 Toktar Bonus Sistems kabeldik operatory Toktar Bonus Sistems ZhShS tәulik bojyDerekkozderAtyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 T Zhauyrov Audan akikaty zhәne zhumysshy selo tilshileri A 1977 https engime org atirau oblisi bojinsha tirkelgen barali aparat raldari 2017 ji html Muragattalgan 14 shildenin 2020 zhyly Atyrau oblysy bojynsha tirkelgen bukaralyk akparat kuraldary 2017 zhyldyn akpan ajy zhagdajymen