Атом физикасы — физиканың атом құрылысын және оның қасиеттерін зерттейтін саласы. Оның тарихы 19 ғ-дың соңында ашылған электрон мен радиоактивтіліктің қасиеттерін анықтаудан басталады. Атом туралы ұғым ертедегі гректерден бастау алды. Бірақ ол материяның бөлінбейтін тұтас бөлшегі деген теріс ұғым болып қалыптасты. Атом құрылысының күрделі екендігі Дж. Томсон ашқан электронның қасиеттерінен байқала бастады. Классикалық физика негіздеріне сүйеніп атомның құрылысы мен негізгі қасиеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан. Э.Резерфорд атом құрылысының моделін ұсынды. Бұл модельді атомның ядролық немесе планеталық моделі деп атады. Өйткені, атом құрылысы Күн жүйесіне ұқсас деп қарастырылды. Бірақ бұл модель атом құрылысының орнықты күйін және олардан шығатын сәулелердің қарқынын классикалық физика ұғымдары аясында түсіндіре алмады. Сондай-ақ атом құрылысына байланысы бар жаңа ашылған құбылыстарды да ескі физиканың шеңберінде (фотоэффект, дененің жылулық сәуле шығаруы т.б.) Резерфорд моделіне сүйеніп түсіндіру мүмкін болмады. Дегенмен, бұл модельдің дұрыстығын Резерфорд өз тәжірибесінде дәлелдеп берді. Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Осының негізінде Бор сутегі атомының құрылысын, спектр заңдылықтарын түсіндіріп бергенімен атом дүниесіне қатысы бар көптеген күрделі құбылыстарды сол кездегі А. ф-ның шеңберіне сыйғыза алмады. Бор теориясында тиянақты атом теориясы бола алмады. Атом құрылысының және ондағы болатын түрлі құбылыстардың жүйелі теориясы микродүниенің кванттық заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана пайда болды (1925 — 27 ж). Қазіргі заманғы А. ф-ның мазмұны осы кванттық теорияға негізделген. А. ф. атом теориясы, атомдық (оптикалық) спектроскопия, рентгендік спектроскопия, радиоспектроскопия, атомдар мен иондар соқтығысу физикасы тәрізді бөлімдерден тұрады. А. ф-ның жетістіктері физика, химия, астрономия, биология ғылымдарында, күрделі техника мәселелерін шешкенде кеңінен пайдаланылады. Атомдар мен иондардың ішкі құрылысын анықтау және олардың өзара соқтығысу заңдылықтарын зерттеу кванттық электроника және плазма физикасы тәрізді жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпал етті. А. ф-ндағы атом жөніндегі жүйелі ілім адамзаттың дүниетанымын кеңейтті. Әдеб.: Бете Х. Квантовая механика, М., 1978; Шпольский С. Э. Атомная физика, М., 1989.
Тағы қараныз:
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — физика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atom fizikasy fizikanyn atom kurylysyn zhәne onyn kasietterin zerttejtin salasy Onyn tarihy 19 g dyn sonynda ashylgan elektron men radioaktivtiliktin kasietterin anyktaudan bastalady Atom turaly ugym ertedegi grekterden bastau aldy Birak ol materiyanyn bolinbejtin tutas bolshegi degen teris ugym bolyp kalyptasty Atom kurylysynyn kүrdeli ekendigi Dzh Tomson ashkan elektronnyn kasietterinen bajkala bastady Klassikalyk fizika negizderine sүjenip atomnyn kurylysy men negizgi kasietterin teoriyalyk turgydan tүsindiruge tyryskan E Rezerford atom kurylysynyn modelin usyndy Bul modeldi atomnyn yadrolyk nemese planetalyk modeli dep atady Өjtkeni atom kurylysy Kүn zhүjesine uksas dep karastyryldy Birak bul model atom kurylysynyn ornykty kүjin zhәne olardan shygatyn sәulelerdin karkynyn klassikalyk fizika ugymdary ayasynda tүsindire almady Sondaj ak atom kurylysyna bajlanysy bar zhana ashylgan kubylystardy da eski fizikanyn shenberinde fotoeffekt denenin zhylulyk sәule shygaruy t b Rezerford modeline sүjenip tүsindiru mүmkin bolmady Degenmen bul modeldin durystygyn Rezerford oz tәzhiribesinde dәleldep berdi Sondyktan Rezerford modeli men klassikalyk fizika arasyndagy ajtylgan kajshylyktardy sheshu үshin 1913 zh N Bor oz kagidalaryn usyndy Osynyn negizinde Bor sutegi atomynyn kurylysyn spektr zandylyktaryn tүsindirip bergenimen atom dүniesine katysy bar koptegen kүrdeli kubylystardy sol kezdegi A f nyn shenberine syjgyza almady Bor teoriyasynda tiyanakty atom teoriyasy bola almady Atom kurylysynyn zhәne ondagy bolatyn tүrli kubylystardyn zhүjeli teoriyasy mikrodүnienin kvanttyk zandylyktary ashylgannan kejin gana pajda boldy 1925 27 zh Қazirgi zamangy A f nyn mazmuny osy kvanttyk teoriyaga negizdelgen A f atom teoriyasy atomdyk optikalyk spektroskopiya rentgendik spektroskopiya radiospektroskopiya atomdar men iondar soktygysu fizikasy tәrizdi bolimderden turady A f nyn zhetistikteri fizika himiya astronomiya biologiya gylymdarynda kүrdeli tehnika mәselelerin sheshkende keninen pajdalanylady Atomdar men iondardyn ishki kurylysyn anyktau zhәne olardyn ozara soktygysu zandylyktaryn zertteu kvanttyk elektronika zhәne plazma fizikasy tәrizdi zhana gylym salalarynyn pajda boluyna ykpal etti A f ndagy atom zhonindegi zhүjeli ilim adamzattyn dүnietanymyn kenejtti Әdeb Bete H Kvantovaya mehanika M 1978 Shpolskij S E Atomnaya fizika M 1989 Tagy karanyz Yadrolyk fizika Fizika Atom Ernest RezerfordDerekkozderBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul fizika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz