«Атамекен» — қазақ кескіндемешісі Қанапия Телжановтың 1958 жылы салған суреті.
| |
Қанапия Телжанов | |
Атамекен, 1958 | |
кенеп пен майлы бояу. 140×345 см | |
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы |
Тың игеру эпопеясына арналған бұл туынды қоңыр және сары-күрең түстерге бай, ал алқызыл мен алтын түстердің сирек үшкір жағылымдары шығармаға қарқынды сипат сыйлайды. Жыртылған жерге қарап, тоқтап қалған салт атты адам өз бабаларымен және табиғаттың өзімен сұхбат құрғандай етіп бейнеленген.
Жарты қабырғаны тұтас алатын зор картинаның бергі бөлігі соқа жыртқан соқта да, оның арғы беті боз жусаны омыраулатқан киелі байтақ. Екі өркениеттің шекарасында тұрған кейіпкердің көзқарасындағы ұзақ ой көп мағына сыйдыра алатындай көрінеді.
Қанапия Телжанов 1950-шы жылдары жаңа өнерді қалыптастыруға атсалысқан суретшілердің бірі еді. Оның шығармашылығына екпінділік, рухани тебіреніс, кейде романтизм де тән деуге болады. Сюжет жағын алсақ, ол өз замандастары сияқты социалистік реализм бағытында жұмыс істеді, сондықтан сол заманның көкейкесті тақырыптарын ол да суреттерінде айқындауға тырысқан.
Алайда осы суретте ол жаттанды композициялық бейнелерге жүгіне бермей, тақырыпты ашу үшін драмалық сарын қосады. Өнертанушы Р. Ерғалиеваның айтуынша, Телжанов осы суретінде «орталықтың өктемдігі мен байырғы халықтың көзқарасындағы айырмашылығын жеткізе алды». Ал өнертанушы И. Рыбакованың пікірінше, мұнда табиғаттың таңы және адамның таңы романтикалық параллелизммен суреттеледі: «аспанның аясында салт аттының бейнесі жерден көтеріліп шыққандай болады, сол оятылған жердің өзіндей көне әрі пәрменді болып көрінеді».
Жалпы, «Атамекен» бірден көпшіліктің көңілінен шығып, көрерменнен көрікті пікірлер алып жатты. Мәскеуде сол жылы ұйымдастырылған Қазақ КСР бейнелеу өнерінің көрмесінде де Телжановтың бұл шығармасы негізгі орынды иемденді. Мұндай орынға республика өнері жетістіктері арасында бүгінгі күнге дейін де ие.
Дереккөздер
- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана Мұрағатталған 25 шілденің 2021 жылы.. Алматы, 2013.
- «Атамекен» астарындағы ақиқат — «Егемен Қазақстан», 19.02.2018.
- Праздник жизни — «Казахстанская правда», 17.03.2017.
- Онтологические импликации творчества Жанатая Шарденова и Канафии Тельжанова
- Қ.Т. Телжанов шығармашылығына байланысты библиографиялық шолу
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atameken kazak keskindemeshisi Қanapiya Telzhanovtyn 1958 zhyly salgan sureti Қanapiya TelzhanovAtameken 1958kenep pen majly boyau 140 345 smӘ Қasteev atyndagy oner murazhajy Tyn igeru epopeyasyna arnalgan bul tuyndy konyr zhәne sary kүren tүsterge baj al alkyzyl men altyn tүsterdin sirek үshkir zhagylymdary shygarmaga karkyndy sipat syjlajdy Zhyrtylgan zherge karap toktap kalgan salt atty adam oz babalarymen zhәne tabigattyn ozimen suhbat kurgandaj etip bejnelengen Zharty kabyrgany tutas alatyn zor kartinanyn bergi boligi soka zhyrtkan sokta da onyn argy beti boz zhusany omyraulatkan kieli bajtak Eki orkeniettin shekarasynda turgan kejipkerdin kozkarasyndagy uzak oj kop magyna syjdyra alatyndaj korinedi Қanapiya Telzhanov 1950 shy zhyldary zhana onerdi kalyptastyruga atsalyskan suretshilerdin biri edi Onyn shygarmashylygyna ekpindilik ruhani tebirenis kejde romantizm de tәn deuge bolady Syuzhet zhagyn alsak ol oz zamandastary siyakty socialistik realizm bagytynda zhumys istedi sondyktan sol zamannyn kokejkesti takyryptaryn ol da suretterinde ajkyndauga tyryskan Alajda osy surette ol zhattandy kompoziciyalyk bejnelerge zhүgine bermej takyrypty ashu үshin dramalyk saryn kosady Өnertanushy R Ergalievanyn ajtuynsha Telzhanov osy suretinde ortalyktyn oktemdigi men bajyrgy halyktyn kozkarasyndagy ajyrmashylygyn zhetkize aldy Al onertanushy I Rybakovanyn pikirinshe munda tabigattyn tany zhәne adamnyn tany romantikalyk parallelizmmen suretteledi aspannyn ayasynda salt attynyn bejnesi zherden koterilip shykkandaj bolady sol oyatylgan zherdin ozindej kone әri pәrmendi bolyp korinedi Zhalpy Atameken birden kopshiliktin konilinen shygyp korermennen korikti pikirler alyp zhatty Mәskeude sol zhyly ujymdastyrylgan Қazak KSR bejneleu onerinin kormesinde de Telzhanovtyn bul shygarmasy negizgi oryndy iemdendi Mundaj orynga respublika oneri zhetistikteri arasynda bүgingi kүnge dejin de ie DerekkozderM O Әuezov atyndagy Әdebiet zhәne oner instituty 100 shedevrov iskusstva Kazahstana Muragattalgan 25 shildenin 2021 zhyly Almaty 2013 Atameken astaryndagy akikat Egemen Қazakstan 19 02 2018 Prazdnik zhizni Kazahstanskaya pravda 17 03 2017 Ontologicheskie implikacii tvorchestva Zhanataya Shardenova i Kanafii Telzhanova Қ T Telzhanov shygarmashylygyna bajlanysty bibliografiyalyk sholuTagy karanyz Baska magynalar үshin Atameken ajryk degen betti karanyz