Социалистік реализм — реализм классикалық әдебиет пен көркемөнердің барлық түрлерінің ең жоғарғы әрі ерекше түрі.
Кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі. Реализмнің дамуындағы жаңа, ең жоғарғы кезеңі. Социалистік реализм XX ғасырдың басында құралып қалыптасты, кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі әдісіне айналды. Социалистік реализм елімізде коммунистік қоғам орнату, кеңес адамдарын, жаңа жасөспірімді коммунистік рухта тәрбиелеу, олардың коммунистік саналылығын арттыру, халқымызды социалистік интернационализм және патриотизм рухында тәрбиелеуді талап етеді. Социалистік реализм рухында жазылған көркем әдебиет пен көркем өнердің міндеті бейбітшілік қорғау мен прогресшіл адамзатты бақытты өмірге баулу болып табылады. Ол кеңес суретшілерін күнделікті өмір шындығын ақиқатты жырлауға шақырады. XX ғасырдың басы ұлы Абайдың ағартушылық, бостандық дәстүрiн жалғастырумен қатар отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық айтып көрсету ұғымымен басталған болатын. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин сынды қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қазақ әдебиетін алға сүйреп отырған. Ол уақытта қазақ халқының тарихы мен мәдениеті дамудан кенже қалған кез еді. Қазақ ұлты қараңғылықта қалып, елдің күш-қуаты таусылып, салы суға кетуге аз қалған өтпелі кезеңде қазақ жазба әдебиеті назардан тыс қалмады. Олар қазақтың сол уақыттағы күйiн суреттеп, халықты шыдамдылыққа шақырып, өнер-бiлiмге үгіттеген. Соның бірі Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңі халықты рухтандырып, бар дауыспен жар салды. Кеңес дәуірінде әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы толқынмен қайраттанды. Әдебиетшілеріміз қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлар туғызып, жетiлуiне үлес қосты. Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары, лирика өлеңдерi, публицистик мақалалары ақынның түрлі саладағы iзденiстерiн айшықтады. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi.
Советтік эстетиканы айрықша зерттейтін 3 негізгі бөлім бар:
1. Өнердің өмірге қарым-қатысы десек, мұның бүгінгі биік типі — социалистік реализм; 2. Ілгерішіл әдебиет пен өнердің дүние жүзілік дамуы десек, мұның бүгінгі жаңа кезеңі — социа-листік реализм; 3. Біздің суреткерлердің өз өнерлеріне жетілу жолдары десек, бұлардың бірден-бір шығармашылық әдісі — социалистік реализм.
Әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР Халық жазушысы, профессор Мұхамеджан Қаратаев реализм туралы былай деген: «Қашаннан келе жатқан қанатты сөз бар: әр ұрпақ өмір көкжиегін өзінен бұрынғы ұрпақтан гөрі кеңірек көреді, өйткені інілер әрқашан ағалардың иығында тұрады. Сол сияқты социалистік реализмнің күллі қасиеті өзінен бұрынғы реализм атаулының ең жақсы түрлері мен дәстүрлерінің заңды жалғасы болуында, оның үстіне жаңа дәуірге сай, жаңа қоғамға лайық жаңа сапа табуында жатыр. Бұл тарихи заңды процесс болатын».
XIX—XX ғасырлар аралығында бүгінгі жаңа заман жағдайына лайық ұлы философиялық ғылыммен қаруланған жаңа реализм туды. Бұл бұрынғы классикалық дәуір жасаған сыншылдық реализмнің барлық жақсы прогрессивтік дәстүрлерін эстафета ретінде қабылдап, буржуазиялық модернизмге мүлдем қарама-қарсы принциптерді жүзеге асырды. Көркемөнер мен әдебиеттің бұдан былай қарқынды дамуы нағыз революцияшыл реализм боп табылды.
Дереккөздер
- Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздік, Алматы 1981 жыл -116 бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Socialistik realizm realizm klassikalyk әdebiet pen korkemonerdin barlyk tүrlerinin en zhogargy әri erekshe tүri Kenes әdebieti men onerinin negizgi shygarmashylyk korkem әdisi Realizmnin damuyndagy zhana en zhogargy kezeni Socialistik realizm XX gasyrdyn basynda kuralyp kalyptasty kenes әdebieti men onerinin negizgi әdisine ajnaldy Socialistik realizm elimizde kommunistik kogam ornatu kenes adamdaryn zhana zhasospirimdi kommunistik ruhta tәrbieleu olardyn kommunistik sanalylygyn arttyru halkymyzdy socialistik internacionalizm zhәne patriotizm ruhynda tәrbieleudi talap etedi Socialistik realizm ruhynda zhazylgan korkem әdebiet pen korkem onerdin mindeti bejbitshilik korgau men progresshil adamzatty bakytty omirge baulu bolyp tabylady Ol kenes suretshilerin kүndelikti omir shyndygyn akikatty zhyrlauga shakyrady XX gasyrdyn basy uly Abajdyn agartushylyk bostandyk dәstүrin zhalgastyrumen katar otarshyldykka karsy kүres pen tәuelsizdikti ansau ideyasyn ashyk ajtyp korsetu ugymymen bastalgan bolatyn Kenes dәuirindegi kazak әdebietinin kornekti okilderi Ahmet Bajtursynov Mirzhakyp Dulatov Magzhan Zhumabaev Bejimbet Majlin syndy kogam kajratkerleri men akyn zhazushylar kazak әdebietin alga sүjrep otyrgan Ol uakytta kazak halkynyn tarihy men mәdenieti damudan kenzhe kalgan kez edi Қazak ulty karangylykta kalyp eldin kүsh kuaty tausylyp saly suga ketuge az kalgan otpeli kezende kazak zhazba әdebieti nazardan tys kalmady Olar kazaktyn sol uakyttagy kүjin surettep halykty shydamdylykka shakyryp oner bilimge үgittegen Sonyn biri Mirzhakyp Dulatulynyn Oyan kazak oleni halykty ruhtandyryp bar dauyspen zhar saldy Kenes dәuirinde әdebietke kelgen akyn zhazushylardyn barlygy da osy tolkynmen kajrattandy Әdebietshilerimiz kazak әdebietin korkemdik estetikalyk turgydan bajytyp zhana zhyrlar tugyzyp zhetiluine үles kosty Sultanmahmut Torajgyrov poemalary lirika olenderi publicistik makalalary akynnyn tүrli saladagy izdenisterin ajshyktady Әdebiettegi synshyldyk bagytty damytyp agartushylyk ideyany korkem soz arkyly oristetuge Sәbit Donentaev Muhamedzhan Seralin Spandiyar Kobeev Beket Өtetileuov Turmagambet Iztileuov Ғumar Қarash Narmanbet Ormanbetuly Berniyaz Kүleev t b eleuli enbek sinirdi Sovettik estetikany ajryksha zerttejtin 3 negizgi bolim bar 1 Өnerdin omirge karym katysy desek munyn bүgingi biik tipi socialistik realizm 2 Ilgerishil әdebiet pen onerdin dүnie zhүzilik damuy desek munyn bүgingi zhana kezeni socia listik realizm 3 Bizdin suretkerlerdin oz onerlerine zhetilu zholdary desek bulardyn birden bir shygarmashylyk әdisi socialistik realizm Әdebiet zertteushisi Қazak KSR Halyk zhazushysy professor Muhamedzhan Қarataev realizm turaly bylaj degen Қashannan kele zhatkan kanatty soz bar әr urpak omir kokzhiegin ozinen buryngy urpaktan gori kenirek koredi ojtkeni iniler әrkashan agalardyn iygynda turady Sol siyakty socialistik realizmnin kүlli kasieti ozinen buryngy realizm ataulynyn en zhaksy tүrleri men dәstүrlerinin zandy zhalgasy boluynda onyn үstine zhana dәuirge saj zhana kogamga lajyk zhana sapa tabuynda zhatyr Bul tarihi zandy process bolatyn XIX XX gasyrlar aralygynda bүgingi zhana zaman zhagdajyna lajyk uly filosofiyalyk gylymmen karulangan zhana realizm tudy Bul buryngy klassikalyk dәuir zhasagan synshyldyk realizmnin barlyk zhaksy progressivtik dәstүrlerin estafeta retinde kabyldap burzhuaziyalyk modernizmge mүldem karama karsy principterdi zhүzege asyrdy Korkemoner men әdebiettin budan bylaj karkyndy damuy nagyz revolyuciyashyl realizm bop tabyldy DerekkozderҚazaksha muzykalyk terminologiyalyk sozdik Almaty 1981 zhyl 116 bet