Англия — АҚШ футбол матчы (ӘЧ-1950) — Футболдан 1950 жылғы әлем біріншілігіндегі ойын. Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысқан Англия құрамасы топтық турнирдің екінші матчында күтпеген жерде АҚШ құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалған. Бұл ойын әлем чемпионаттары тарихындағы ең шулы сенсациялар қатарына кіреді.
Англия — АҚШ футбол матчы (ӘЧ-1950) | |||||||
Турнир | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Дата | 29 маусым 1950 | ||||||
Стадион |
Ойын 1950 жылы 29 маусым күні Белу-Оризонтиде өтті.
Матчқа дейін
Англия құрамасы бұған дейінгі әлем чемпионаттарына бойкот жасап қатысқан жоқ. 1950 жылы олар бірінші рет әлем чемпионатына барды. Ол кезде Англия құрамасы әлем футболының бойтұмары саналатын. 1950 жылғы әлем чемпионатында жеребе бойынша ағылшындар Испания, Чили, АҚШ клубтарымен бір топқа түсті де, квартеттің фавориті саналды.
АҚШ құрамасы болса, 1930 жылғы әлем біріншілігінде жартылай финалға шыққаны болмаса, ойнап жарытып жүргені шамалы еді. 1930 жылдан кейін қатарынан жеті матчта қарсыластарынан жалпы 2:45 есебімен ұтылды! 1950 жылғы матчтың қарсаңында ағылшын басылымдары "әлемде футболды тек эскимостар мен солтүстік америкалықтар ғана ойнай алмайды" деп жазғанынан-ақ АҚШ құрамасының сол кездегі қауқарын аңдауға болатын еді.
АҚШ құрамасы Бразилияға ұшардан алдын бір жолдастық кездесу өткізді. Басқа-басқа емес, болашақ қарсыластары Англия құрамасымен ойнап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. "Минималды есеппен ғана ұтуға әзер шамасы жетті" деп Англиядағы БАҚ өкілдері футболшыларын күлкіге айналдырды.
Ал чемпионат басталардан алдын америкалықтардың бас бапкері Билл Джеффри бұл есепті сәттілікке балап, "әлем чемпионатындағы жағдай басқаша, біз ол жерде тең түсеміз деп те үміттенбейміз" деп сұқбат берді. Өзінің футболшыларын не қылса да үндемей көне беретін кәдімгі қойға теңеді. Ағылшын газеті Daily Express болса, "бәрі де әділетті болу үшін, ағылшындар әлем чемпионатында олардың қақпасына үш гол соқса да жеткілікті, қарсыласты қатты ренжітуге болмайды" деп жазды.
Топтық турнирдің алғашқы турында Англия құрамасы Чилиді 2:0 есебімен ұтты, ал АҚШ футболшылары Испаниядан 1:3 есебімен ұтылып қалды. 29 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 15:00-де қос құрама Белу-Оризонтидегі "Индепенденсия" стадионында алаңға шықты.
Протокол
29 маусым 1950 |
| Индепенденсия, Белу-Оризонти Көрермендер саны: 10 151 Төреші: Дженерозо Даттило | ||||||
|
|
|
|
Матч
Ағылшын футболшылары матчты керемет құлшыныспен бастады. Алғашқы минутта-ақ қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ қақпашы Фрэнк Борги қырағылық танытып, өткір шабуылдың бетін қайтарды. 12-минутқа дейін Англия алты соққы бағыттады, екеуі бағанадан қайтты. Америкалықтар алғашқы қауіпті шабуылын 25-минутта жасады. Бірақ гол болмады. Ары қарай да ағылшындар қарқынын бәсеңдетпеді. 30, 31, 32-минуттарда үш соққы жасады. Екеуі биік кетті. 38-минутта америкалықтар бір шабуыл өрістетті, 23 метрден қатты соққы жасады, айып алаңындағы Джо Гатьенс қақпаға бұрып жібере салды. Доп торда тулап қалды — 0:1. Голды да, гол соққан футболшыны да ешкім суретке түсіре алмады, фотографтардың барлығы америкалықтардың қақпасының артқы жағына жиналып алған-ды. Бірінші тайм осылай күтпеген жерде АҚШ құрамасының есептегі басымдығымен аяқталды.
Гол соғылған сәтте стадион шу ете түсті. Себебі бразилиялық жанкүйерлердің өзі АҚШ құрамасына жақтасып, Англияның финалға шықпауын тілеп отыр екен.
АҚШ құрамасы екінші таймды қарқынмен бастады. 54-минутта есепті еселеуге мүмкіндік алды, бірақ пайдалана алмады. 59-минутта АҚШ-тың қақпасына айып добы белгіленді (кей деректерде айып добы емес, пенальти белгіленді деп те көрсетілген). тепкен добын қақпашы тырп еткізбей ұстап алды. Бұдан кейін де ағылшындар толассыз шаубылдаумен болды. Бір сәтте бос қалған қақпаға қатты соғылған доп қақпа сызығына жақын жердегі... ағылшын футболшысына тиіп кері серпілді де, есеп теңеспей қалды. Шабуылдардың бірінде Мортенсенді шалып құлатты, бірақ неге екенін, айып алаңының ішінде тәртіп бұзылса да, төреші пенальти емес, айып добын белгіледі. Айып добын Альф Рамсей баспен ұрып, бағыттады. Гол болуы тиіс 100 пайыздық мүмкіндік тағы жоққа шықты, доп қақпа сызығынан қайтты. Ағылшындар "доп сызықтан өтіп кетті" деп төрешіге шағымданып, олары зая кетті: тағы біраз уақыт жоғалтты. 85-минутта АҚШ футбошылары есепті еселей жаздады, бос қалған қақпаға допты дарыта алмады. Доптың жолына Альф Рамсей көлденең құлап, қақпаны аман сақтап қалды.
Ағылшындар қанша тырысса да есеп өзгеріссіз қалды. Төрешінің соңғы ысқырығы естіліп, АҚШ құрамасы жеңіске жетті. Америкалық футболшылар дереу гол соққан Гэтьенсті көтеріп алып, аспанға атты. Ал қорғаушы "Біз мына сілімтіктерді ұттық" деп бар даусымен айғайлапты... Шамасы, матчтан алдын ағылшындардың бұларды мүлде менсінбей, көзге ілмегеніне зығырданы әбден қайнаған болса керек.
Матчтан кейін
Күтпеген жеңіліс ағылшын футболшыларына қатты соққы боп тиді. Олар келесі ойында да оңала алмай, Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып қалды да, финалдық пулькаға шыға алмады. АҚШ құрамасы да ауыр жеңістен соң қайта тіктеле алмай, соңғы турда Чилиден 2:5 есебімен ойсырай ұтылды. Соған қарамастан, "жұлдызды жолақтылар" елі елдеріне орасан зор қуанышпен қайтты. Оларға топтан шығудан гөрі, Англия секілді менмендігі асып-тасқан құрамаға тосқауыл қоя алғаны маңызды боп қала берді.
Мұнан соң АҚШ құрамасы әлем чемпионатына тек 1990 жылы ғана жолдама алды.
Ойын нәтижесі 0:1 есебімен АҚШ-тың жеңісімен аяқталды деген ақпаратқа ағылшындар тарапы да, америкалықтар тарапы да сене қойған жоқ. Әсіресе ағылшындықтар "0:1 болуы мүмкін емес, телетайптан қате кеткен болар, 10:1 шығар" деп өз беттерінше шамалап, елге солай таратып жіберді. Кейін бәрі анықталып, ағылшындардың ұтылғаны белгілі болғанда, ағылшын газеттері кәдімгідей аза тұту жариялапты деген де деректер бар. Ойын барысын, тарихын елеп-екшеп тексерген Англия тарапы АҚШ құрамасындағы 11 ойыншының сегізі АҚШ азаматтары емес, жан-жақтан жиналған келімсектер екендігін анықтап, осы жәйтті желеу етіп ФИФА-ға шағымданады. Бірақ ФИФА басшылары бұл мәселені негізсіз деп тауып, аяқталып қалған ойынның нәтижесін өзгерту мүмкін емес деп мәлімдейді.
Англия құрамасы ойында көк жейде киіп шыққан-ды. Енді "көк жейде бізге сәтсіздік әкеледі екен" деп оны қайта кимеуге ұсыныс тасталады. Уолтер Бардың айтуынша, құрама қайтадан көк футболканы мүлдем кимепті, бірақ шындығында арада тоғыз жыл өткен соң көк футболкамен бәрібір алаңға шыққан. Сәйкестігі сол, тағы да ұтылып қалған. Перу құрамасы 1959 жылы бұларды 4:1 есебімен ұтып кеткен.
1953, 1954 жылдары Англия құрамасы екі рет мажарлардан оңбай сүрінді: 3:6, 1:7. Осыдан соң британдықтар "әлемдегі футболы мықты елміз" деп мақтанып жүре бермей, елдегі футбол мәселесіне шындап кірісуге мәжбүр болыпты. Олардың өздерінен басқа ешкімді менсінбей өздерін әлемдегі №1 футбол елі санауының үлкен қателік екенін ең әуелі беттеріне басқан сол баяғы 1950 жылғы АҚШ құрамасы еді...
Қалай болғанда да, бұл ойын Англия футболына үлкен төңкеріс жасады.
Басқа да деректер
- 2005 жылы осы матч жайлы түсірілген "Өмірге айналған ойын" атты көркем фильм экранға шықты.
- АҚШ мәдениетінде бұл ойын "Көгалдағы ғажайып" деп аталады.
- Бұл екі құрама әлем чемпионаттарында 60 жыл өткен соң ғана, 2010 жылғы Әлем чемпионатында кездесті. Бұл жолы есеп тең аяқталды — 1:1.
Сыртқы сілтемелер
Матч жайлы мақала Мұрағатталған 1 сәуірдің 2018 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Angliya AҚSh futbol matchy ӘCh 1950 Futboldan 1950 zhylgy әlem birinshiligindegi ojyn Әlem chempionatyna tungysh ret katyskan Angliya kuramasy toptyk turnirdin ekinshi matchynda kүtpegen zherde AҚSh kuramasynan 0 1 esebimen utylyp kalgan Bul ojyn әlem chempionattary tarihyndagy en shuly sensaciyalar kataryna kiredi Angliya AҚSh futbol matchy ӘCh 1950 TurnirFutboldan әlem chempionaty 1950Angliya AҚSh0 1Data29 mausym 1950Stadion Belu Orizonti Ojyn 1950 zhyly 29 mausym kүni Belu Orizontide otti Matchka dejinAngliya kuramasy bugan dejingi әlem chempionattaryna bojkot zhasap katyskan zhok 1950 zhyly olar birinshi ret әlem chempionatyna bardy Ol kezde Angliya kuramasy әlem futbolynyn bojtumary sanalatyn 1950 zhylgy әlem chempionatynda zherebe bojynsha agylshyndar Ispaniya Chili AҚSh klubtarymen bir topka tүsti de kvartettin favoriti sanaldy AҚSh kuramasy bolsa 1930 zhylgy әlem birinshiliginde zhartylaj finalga shykkany bolmasa ojnap zharytyp zhүrgeni shamaly edi 1930 zhyldan kejin katarynan zheti matchta karsylastarynan zhalpy 2 45 esebimen utyldy 1950 zhylgy matchtyn karsanynda agylshyn basylymdary әlemde futboldy tek eskimostar men soltүstik amerikalyktar gana ojnaj almajdy dep zhazganynan ak AҚSh kuramasynyn sol kezdegi kaukaryn andauga bolatyn edi AҚSh kuramasy Braziliyaga ushardan aldyn bir zholdastyk kezdesu otkizdi Baska baska emes bolashak karsylastary Angliya kuramasymen ojnap 0 1 esebimen utylyp kaldy Minimaldy eseppen gana utuga әzer shamasy zhetti dep Angliyadagy BAҚ okilderi futbolshylaryn kүlkige ajnaldyrdy Al chempionat bastalardan aldyn amerikalyktardyn bas bapkeri Bill Dzheffri bul esepti sәttilikke balap әlem chempionatyndagy zhagdaj baskasha biz ol zherde ten tүsemiz dep te үmittenbejmiz dep sukbat berdi Өzinin futbolshylaryn ne kylsa da үndemej kone beretin kәdimgi kojga tenedi Agylshyn gazeti Daily Express bolsa bәri de әdiletti bolu үshin agylshyndar әlem chempionatynda olardyn kakpasyna үsh gol soksa da zhetkilikti karsylasty katty renzhituge bolmajdy dep zhazdy Toptyk turnirdin algashky turynda Angliya kuramasy Chilidi 2 0 esebimen utty al AҚSh futbolshylary Ispaniyadan 1 3 esebimen utylyp kaldy 29 mausym kүni zhergilikti uakyt bojynsha 15 00 de kos kurama Belu Orizontidegi Independensiya stadionynda alanga shykty Protokol29 mausym 1950 Angliya 0 1 AҚShGoldar Dzho Gatens Independensiya Belu Orizonti Korermender sany 10 151 Toreshi Dzhenerozo Dattilo United States EnglandGK Frenk BorgiRBLBRH k CHLHIRILOROLCF Dzho GatensBapker Bill Dzheffri GKRB Alf RamsejLBCH k MFMFFWFWFWFWFWBapker MatchAgylshyn futbolshylary matchty keremet kulshynyspen bastady Algashky minutta ak kauipti shabuyl ujymdastyrdy Birak kakpashy Frenk Borgi kyragylyk tanytyp otkir shabuyldyn betin kajtardy 12 minutka dejin Angliya alty sokky bagyttady ekeui baganadan kajtty Amerikalyktar algashky kauipti shabuylyn 25 minutta zhasady Birak gol bolmady Ary karaj da agylshyndar karkynyn bәsendetpedi 30 31 32 minuttarda үsh sokky zhasady Ekeui biik ketti 38 minutta amerikalyktar bir shabuyl oristetti 23 metrden katty sokky zhasady ajyp alanyndagy Dzho Gatens kakpaga buryp zhibere saldy Dop torda tulap kaldy 0 1 Goldy da gol sokkan futbolshyny da eshkim suretke tүsire almady fotograftardyn barlygy amerikalyktardyn kakpasynyn artky zhagyna zhinalyp algan dy Birinshi tajm osylaj kүtpegen zherde AҚSh kuramasynyn eseptegi basymdygymen ayaktaldy Gol sogylgan sәtte stadion shu ete tүsti Sebebi braziliyalyk zhankүjerlerdin ozi AҚSh kuramasyna zhaktasyp Angliyanyn finalga shykpauyn tilep otyr eken AҚSh kuramasy ekinshi tajmdy karkynmen bastady 54 minutta esepti eseleuge mүmkindik aldy birak pajdalana almady 59 minutta AҚSh tyn kakpasyna ajyp doby belgilendi kej derekterde ajyp doby emes penalti belgilendi dep te korsetilgen tepken dobyn kakpashy tyrp etkizbej ustap aldy Budan kejin de agylshyndar tolassyz shaubyldaumen boldy Bir sәtte bos kalgan kakpaga katty sogylgan dop kakpa syzygyna zhakyn zherdegi agylshyn futbolshysyna tiip keri serpildi de esep tenespej kaldy Shabuyldardyn birinde Mortensendi shalyp kulatty birak nege ekenin ajyp alanynyn ishinde tәrtip buzylsa da toreshi penalti emes ajyp dobyn belgiledi Ajyp dobyn Alf Ramsej baspen uryp bagyttady Gol boluy tiis 100 pajyzdyk mүmkindik tagy zhokka shykty dop kakpa syzygynan kajtty Agylshyndar dop syzyktan otip ketti dep toreshige shagymdanyp olary zaya ketti tagy biraz uakyt zhogaltty 85 minutta AҚSh futboshylary esepti eselej zhazdady bos kalgan kakpaga dopty daryta almady Doptyn zholyna Alf Ramsej koldenen kulap kakpany aman saktap kaldy Agylshyndar kansha tyryssa da esep ozgerissiz kaldy Toreshinin songy yskyrygy estilip AҚSh kuramasy zheniske zhetti Amerikalyk futbolshylar dereu gol sokkan Getensti koterip alyp aspanga atty Al korgaushy Biz myna silimtikterdi uttyk dep bar dausymen ajgajlapty Shamasy matchtan aldyn agylshyndardyn bulardy mүlde mensinbej kozge ilmegenine zygyrdany әbden kajnagan bolsa kerek Matchtan kejinKүtpegen zhenilis agylshyn futbolshylaryna katty sokky bop tidi Olar kelesi ojynda da onala almaj Ispaniyadan 0 1 esebimen utylyp kaldy da finaldyk pulkaga shyga almady AҚSh kuramasy da auyr zhenisten son kajta tiktele almaj songy turda Chiliden 2 5 esebimen ojsyraj utyldy Sogan karamastan zhuldyzdy zholaktylar eli elderine orasan zor kuanyshpen kajtty Olarga toptan shygudan gori Angliya sekildi menmendigi asyp taskan kuramaga toskauyl koya algany manyzdy bop kala berdi Munan son AҚSh kuramasy әlem chempionatyna tek 1990 zhyly gana zholdama aldy Ojyn nәtizhesi 0 1 esebimen AҚSh tyn zhenisimen ayaktaldy degen akparatka agylshyndar tarapy da amerikalyktar tarapy da sene kojgan zhok Әsirese agylshyndyktar 0 1 boluy mүmkin emes teletajptan kate ketken bolar 10 1 shygar dep oz betterinshe shamalap elge solaj taratyp zhiberdi Kejin bәri anyktalyp agylshyndardyn utylgany belgili bolganda agylshyn gazetteri kәdimgidej aza tutu zhariyalapty degen de derekter bar Ojyn barysyn tarihyn elep ekshep teksergen Angliya tarapy AҚSh kuramasyndagy 11 ojynshynyn segizi AҚSh azamattary emes zhan zhaktan zhinalgan kelimsekter ekendigin anyktap osy zhәjtti zheleu etip FIFA ga shagymdanady Birak FIFA basshylary bul mәseleni negizsiz dep tauyp ayaktalyp kalgan ojynnyn nәtizhesin ozgertu mүmkin emes dep mәlimdejdi Angliya kuramasy ojynda kok zhejde kiip shykkan dy Endi kok zhejde bizge sәtsizdik әkeledi eken dep ony kajta kimeuge usynys tastalady Uolter Bardyn ajtuynsha kurama kajtadan kok futbolkany mүldem kimepti birak shyndygynda arada togyz zhyl otken son kok futbolkamen bәribir alanga shykkan Sәjkestigi sol tagy da utylyp kalgan Peru kuramasy 1959 zhyly bulardy 4 1 esebimen utyp ketken 1953 1954 zhyldary Angliya kuramasy eki ret mazharlardan onbaj sүrindi 3 6 1 7 Osydan son britandyktar әlemdegi futboly mykty elmiz dep maktanyp zhүre bermej eldegi futbol mәselesine shyndap kirisuge mәzhbүr bolypty Olardyn ozderinen baska eshkimdi mensinbej ozderin әlemdegi 1 futbol eli sanauynyn үlken katelik ekenin en әueli betterine baskan sol bayagy 1950 zhylgy AҚSh kuramasy edi Қalaj bolganda da bul ojyn Angliya futbolyna үlken tonkeris zhasady Baska da derekter2005 zhyly osy match zhajly tүsirilgen Өmirge ajnalgan ojyn atty korkem film ekranga shykty AҚSh mәdenietinde bul ojyn Kogaldagy gazhajyp dep atalady Bul eki kurama әlem chempionattarynda 60 zhyl otken son gana 2010 zhylgy Әlem chempionatynda kezdesti Bul zholy esep ten ayaktaldy 1 1 Syrtky siltemelerMatch zhajly makala Muragattalgan 1 sәuirdin 2018 zhyly