Алып Ер Тоңа — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа — Афрасияп Тұранның (Түр елі — түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға.
Алып Ер Тоңаның төрт ұлы болған. Олар: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алак. "Алып Ер Тоңа" дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді.
Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады.
Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Енді ол халық алдында "Алып Ер Тоңа" деп аталады да Тұран патшасының тағына отырады.
Алып Ер Тоңа қайтыс болғанда, артында калған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған "Түркі сөздерінің жинағы" деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептеледі.
Жоқтау жырында опасыз дүниенің Алып Ер Тонаны да аямағаны, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. Жоқтауда: "Ажал оғы жақсыларды құлатты, жамандар қалды"- дейді.
Бұл жырдың қазақ халқының әдет-ғұрпындағы жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз.
Жоқтау жырындағы ұйқастың да өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, шумақтың алғашқы үш тармағы (мысалы, бірінші шумағын алсақ, өлді ме? қалды ма? алды ма?) өзара ұйқасып, ал соңғы тармағы келесі шумақтың ақырғы жолымен ұйқасып (жыртылар, сүртілер) байланысады.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alyp Er Tona ote kone zamandarda omir sүrgen tүrkilerdin kosemi Irannyn uly akyny Firdousidin Shaһnama kitabynyn XI g kejipkeri bolgan Onda Alyp Er Tona Afrasiyap Turannyn Tүr eli tүrkiler patshasy bolyp suretteledi Akyl ajlasymen kүshimen biliktiligimen el esinde mәngilik kalgan tarihi tulga Alyp Er Tonanyn tort uly bolgan Olar Baryshan Қarahan Shide Alak Alyp Er Tona dastanynyn kyskasha mazmuny tomendegidej tүrkilerdin ata mekeni Turanga korshi otyrgan Iran elinin әskeri kajta kajta shabuyl zhasap tynyshtyk bermejdi Turan elinin sulu kyzdaryn asyl bujymdaryn kondy maldaryn әketedi Dikandardyn endi gana zhajkalyp osip kele zhatkan eginderin bau bakshalaryn parsy әskeri taptaj beredi Sol zamanda Turan elinde arystandaj ajbarly zholbarystaj zhүrekti kok boridej tәkappar Er Tona degen batyr zhigit bar eken Er Tona elden kop noker zhinap Iran әskerine karsy shygady Akyry Turan әskeri zhenip Iran әskeri ojsyraj zheniledi Sol kүnnen bastap Er Tonany alyp dep ataj bastajdy Endi ol halyk aldynda Alyp Er Tona dep atalady da Turan patshasynyn tagyna otyrady Alyp Er Tona kajtys bolganda artynda kalgan eli zhoktau shygargan Sol zhoktau atadan balaga zhetip XI gasyrda Mahmut Қashkari zhazgan Tүrki sozderinin zhinagy dep atalatyn kitapka engen Bul zhoktau ezhelgi tүrki әdebieti men folklorinin algashky nuskalarynyn biri bolyp esepteledi Zhoktau zhyrynda opasyz dүnienin Alyp Er Tonany da ayamagany tүrkilerdin onyn kazasyna kajgyryp boridej ulyp zhagasyn zhyrtyp zhylagany ajtylady Zhoktauda Azhal ogy zhaksylardy kulatty zhamandar kaldy dejdi Bul zhyrdyn kazak halkynyn әdet gurpyndagy zhoktau ajtu saltynyn ote kone zamannan kele zhatkanyn bajkajmyz Zhoktau zhyryndagy ujkastyn da ozindik ereksheligi bar Әdette shumaktyn algashky үsh tarmagy mysaly birinshi shumagyn alsak oldi me kaldy ma aldy ma ozara ujkasyp al songy tarmagy kelesi shumaktyn akyrgy zholymen ujkasyp zhyrtylar sүrtiler bajlanysady Derekkozder