Александрия шамшырағы — «Әлемнің жеті кереметінің» бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птолемей әулетінің өкілі) бұйрығымен тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына «Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды» деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы | |
Φάρος της Αλεξάνδρειας | |
Теңіз | |
---|---|
Салынған | ~ б.з.д. 279 ж. |
Сәулетші | Книдтік Сострат |
Материалдар | Тас |
Биіктігі | 150 метр |
Қашықтық | 47 шақырым |
|
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғасырда жер сілкінісінен қираған.
Александрия маягы
Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
Салыну себептері
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.
Маяктың құлауы
Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.
- Крепость Кайт-Бей
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Ғажайып фактілер
- Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің заманымыздың 6-ғасырында енгізілген.
- Бір жазушының айтуына қарағанда, маяктың биіктігі «360 фатом» – көп қабатты үйлерден де биік болған.
- Бір дерекке байланысты Фаростың құрылысына «800 талант» күміс жұмсалған. Бұл қазіргі 6,4 млн долларға барабар.
- Кейбірлеулердің пайымдауынша, ең бас жағындағы айна 1250 км Византиядан (Стамбул) келген сигналдың сәулесін түсіріп тұрған.
- 20-ғасырдың 90-шы жылдары француз археологы Жан-Ив Эмперер және оның командасы су астынан маяктың қалдықтарын, сонымен бірге мүсіндер тапқан, мүмкін бұл мүсіндер маякта болған шығар.
Бүгінгі келбеті
Көптеген сарапшылар мұсылмандардың Каит Бей бекінісі Александрия маягының орнында тұр деп болжайды. Каит Бей сұлтан 1840 жылы салғызған форттың кейбір бөліктерін салуға қираған маяктың кейбір материалдары пайдаланылған болуы керек. Қалған бөліктері жер сілкінісі кезінде суға батып кеткен.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Әлемнің ұлы кереметтері, Алматыкітап. Авторы — Рассел Эш.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aleksandriya shamshyragy Әlemnin zheti keremetinin biri sanalatyn b z b 280 zh salyngan arhitekturalyk kurylys Aleksandriya shamshyragyn Nil angaryna tayau aralynyn shygys boligine Mysyr patshasynyn Ptolemej әuletinin okili bujrygymen turgyzgan Kejingi urpakka oz atyn kaldyrgysy kelgen sәuletshi shamshyraktyn mәrmәr kabyrgasyna Knidten shykkan Dekstifonuly Sostrat tenizshilerdin amandygy үshin kutkarushy kudajlarga bagyshtajdy dep zhazgan Birak patshanyn kaһarynan korkyp zhazudyn үstin sylap betine әmirshinin atyn zhazgan Uakyt ote kele sylak tүsip kalyp el sәuletshinin oz atyn bildi Aleksandriya shamshyragyFaros ths Ale3andreiasTenizZherorta teniziSalyngan b z d 279 zh SәuletshiKnidtik SostratMaterialdarTasBiiktigi150 metrҚashyktyk47 shakyrym Aleksandriya shamshyragy oz zamanyndagy oner men gylymnyn gazhajyp үlgisi bolyp tabylady Biiktigi 120 m shamasyndagy үsh kabatty munaranyn birinshi kabaty orasan zor sharshy kolemde әktastan turgyzylgan Ekinshi kabat segiz kyrly munaradan turady onyn segiz kyry belgili segiz zheldin bagytyna karaj ornalastyrylgan Bizge zhetken derekterden osy ekinshi kabatta flyuger zheldin bagyty men zhyldamdygyn anyktajtyn kural mindetin atkargan eskertkish mүsinderdin bolgany anyktaldy Mәrmәrmen kaptalgan munara zәulim shamshyrakpen ayaktalady Osy үshinshi kabat granit kolonnalar tirep turgan kүmbezben zhabylgan Kүmbez basyna ote alystan anyk korinip turgan teniz kudajy Posejdonnyn 7 metrlik kola mүsini kojylgan Aleksandriya shamshyragy ozinin negizgi mindeti tenizshilerge zhol korsetuden baska bekinis kyzmetin de atkargan Қurylystyn ishinde auyz su kujylgan kүbi saktalgan Ishki burama baspaldak arkyly alauga zhanarmaj berilip turgan Temir ajnalardy sheber koldanu nәtizhesinde alau oty birneshe eselenip ote alystan korinetin bolgan Aleksandriya shamshyragy 14 gasyrda zher silkinisinen kiragan Aleksandriya mayagyAleksandriya mayagy keremet korinis boldy ol tүnde zharyk shashyp kemelerdi su astyndagy zhartastarga sogylyp kalmaularynan saktandyryp turatyn Әlemnin zheti keremetinin en songysy bolyp salyngan mayaktyn praktikalyk pajdasy da boldy ol әri bekinis әri karauyl munarasy boldy Zhүz zhyldar bojy Faros әlemdegi adamdar turatyn en biik kurylys kataryna zhatty Ol 1700 zhyl bojy turgan ol osy kezge dejin salyngan mayaktardyn ishindegi en biigi bolyp tabylady Salynu sebepteriAleksandr Makedonskij Aleksandriya kalasynyn negizin b z b 332 zh kalady Algashynda bul shagyn balykshylar turatyn auyl bolatyn onyn zhagasyndagy zhartastarga үnemi kemeler sogylyp apat bolgan Қalanyn osip damuyna bajlanysty kalaga keletin kemelerdin portka shygynsyz zhetuleri үshin mayak kazhettiligi tugan B z b 229 zh Aleksandrdyn murageri Ptolemej Soter zhakyn zherdegi Faros aralynda mayaktyn kurylysyn bastajdy Bul 20 zhyl mezgilge sozylady Mayaktyn kulauyAkyrynda Aleksandriyany arabtar basyp alyp kala kuldyrap tomendep ketti keme toktajtyn zherdi batpak basty Farostyn endi kazheti bolmady Zher silkinisterinin terbelis saldarynan gimarat kirap birtindep tenizge kulagan Krepost Kajt BejҒazhajyp faktilerFaros keremetterdin kataryna shamamen bizdin zamanymyzdyn 6 gasyrynda engizilgen Bir zhazushynyn ajtuyna karaganda mayaktyn biiktigi 360 fatom kop kabatty үjlerden de biik bolgan Bir derekke bajlanysty Farostyn kurylysyna 800 talant kүmis zhumsalgan Bul kazirgi 6 4 mln dollarga barabar Kejbirleulerdin pajymdauynsha en bas zhagyndagy ajna 1250 km Vizantiyadan Stambul kelgen signaldyn sәulesin tүsirip turgan 20 gasyrdyn 90 shy zhyldary francuz arheology Zhan Iv Emperer zhәne onyn komandasy su astynan mayaktyn kaldyktaryn sonymen birge mүsinder tapkan mүmkin bul mүsinder mayakta bolgan shygar Bүgingi kelbetiKoptegen sarapshylar musylmandardyn Kait Bej bekinisi Aleksandriya mayagynyn ornynda tur dep bolzhajdy Kait Bej sultan 1840 zhyly salgyzgan forttyn kejbir bolikterin saluga kiragan mayaktyn kejbir materialdary pajdalanylgan boluy kerek Қalgan bolikteri zher silkinisi kezinde suga batyp ketken DerekkozderҚazak enciklopediyasy Әlemnin uly keremetteri Almatykitap Avtory Rassel Esh Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet