Aлa арқан - ақ пен қара жіптен аралас етіп есілген арқан түрі - ғұрыптық және моральдық-этикалық мәнді бұйым. Оның символикалық мәні тоқтаусыз алмасып келіп отыратын күн мен түннің антиномиялық байланысын бейнелейді. Сонымен бірге магиялық күші бар деп есептелді. Қазақта ала арқан мен ала жіпке қатысты ырымдар-тыйымдар өте көп. Аяғы ауыр әйелге арқан естірмеген және ала арқанды аттап өтуіне тыйым салған. Өйткені, баланың кіндігі мойнына оралып тұншығады-мыс. Сондай-ақ, жасөспірім баланың керіліп тұрган ала арқанның астынан өтуіне тыйым салынған. Себебі, бойы тапал болып, өспей қалады деседі. Малды ауылдағы қотан сыртынан бөріден сақтану үшін арқан керіп коятын сақтану шарасы — магиялық ырым. Халық ұғымында адам тұтынған заттың (арқанның т.б.) иісін сезген қасқыр арқаннан аттамайды, яғни қорадагы малға шаба алмайды. Жаз жайлауға көшіп, далада қонғанда айналдыра тасталған ала арқанның ішіне жатса жын-шайтан да, жылан да жоламайды-мыс. Өйткені, жылан ала арқаннан аттамаймын деп серт берген деседі. Ала арқанды ұрлауға болмайды, ұрлаган жағдайда мойнына ала арқан түседі деп ырым еткен. Қыз артынан апарған буылған жасаудың да арқанын кеспейді және қайта әкетпейді. Әйтпесе, ұзатқан қыздың «ырыс, берекесі» кетіп қалады-мыс. Біреуге мал сатқанда немесе сыйлағанда «малымның құты қашады» деп, басындағы ала жіпті алып қалатын үрдіс бар. Сондай-ақ, жұқпалы індеттің шыққанын білдіру үшін ауылдың және үйдің кіре берісіне ала арқан керіледі.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ala arkan ak pen kara zhipten aralas etip esilgen arkan tүri guryptyk zhәne moraldyk etikalyk mәndi bujym Onyn simvolikalyk mәni toktausyz almasyp kelip otyratyn kүn men tүnnin antinomiyalyk bajlanysyn bejnelejdi Sonymen birge magiyalyk kүshi bar dep esepteldi Қazakta ala arkan men ala zhipke katysty yrymdar tyjymdar ote kop Ayagy auyr әjelge arkan estirmegen zhәne ala arkandy attap otuine tyjym salgan Өjtkeni balanyn kindigi mojnyna oralyp tunshygady mys Sondaj ak zhasospirim balanyn kerilip turgan ala arkannyn astynan otuine tyjym salyngan Sebebi bojy tapal bolyp ospej kalady desedi Maldy auyldagy kotan syrtynan boriden saktanu үshin arkan kerip koyatyn saktanu sharasy magiyalyk yrym Halyk ugymynda adam tutyngan zattyn arkannyn t b iisin sezgen kaskyr arkannan attamajdy yagni koradagy malga shaba almajdy Zhaz zhajlauga koship dalada konganda ajnaldyra tastalgan ala arkannyn ishine zhatsa zhyn shajtan da zhylan da zholamajdy mys Өjtkeni zhylan ala arkannan attamajmyn dep sert bergen desedi Ala arkandy urlauga bolmajdy urlagan zhagdajda mojnyna ala arkan tүsedi dep yrym etken Қyz artynan apargan buylgan zhasaudyn da arkanyn kespejdi zhәne kajta әketpejdi Әjtpese uzatkan kyzdyn yrys berekesi ketip kalady mys Bireuge mal satkanda nemese syjlaganda malymnyn kuty kashady dep basyndagy ala zhipti alyp kalatyn үrdis bar Sondaj ak zhukpaly indettin shykkanyn bildiru үshin auyldyn zhәne үjdin kire berisine ala arkan keriledi DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet