Айғожа ишан күмбезі – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші.
Айқожа кесенесі | |
![]() | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі | қала құрылысы және сәулет |
Орналасуы | Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы |
Ғимараттың маңыздылығы | киелі нысан |
Жөнделген уақыты | 1989 ж |
Биіктігі | |
Биіктігі | 8 м |
Төбесі | күмбезді |
Ғимараттың ішкі ауданы | 9х9 м (сыртқы ауданы) |
Орналасқан жері
Жаңақорған ауданындағы Бесарық бекетінің оңтүстігінде 6 км қашықтықта орналасқан.
Кезеңі
XVIII–XIX ғасырлар.
Тарихи деректер
Айқожа кесенесі Сырдарияның оң жағалауындағы биіктікте орналасқан және ортаазиялық кейінгі ортағасырлық діни архитектураның орталық күмбезді құрылысы типіне жатады. Жалпы алғанда, Айқожа кесенесі мен тағы да бес адам жерленген (әйелі мен төрт көмекшілері) жерлеу кешені болып табылады.
Дуана қожа тегінен шыққан Айқожа ишан Жұмаділлаұлы (1773-1857 жж.) – шынайы тарихи тұлға, атақты дін қызметкері, ағартушы және рухани тәлімгер. Ишан қарапайым және адал өмір сүрді, төрт отбасының бастауы болған 11 бала тәрбиелеп өсірді. Жергілікті аңыздарға сүйенсек, Айқожа ишан аса күшті және тылсым күштің иесі болды, емшілікпен, көріпкелдікпен айналысты, суды сезіну қабілеті жоғары болатын (бұлақтар мен жерасты суларын іздеу).
Күмбезді ишан қабірінің басына үлкен ұлы Ибадулла бұхаралық Хамит (Халид) деген шеберге орнаттырған, кірпішін жергілікті халық құйған.
2008 жылы Айқожа ишанның 235 жылдығын үлкен аспен атап өтті (еске алу рәсімі), оған 3500 аса адам қатысты, көбінесе Өзбекстаннан, Түркиядан, сондай-ақ Қазақстанның басқа облыстарынан ұрпақтары келді. Бүгінгі таңда ескерткішті қайта жаңғыртты. Алғашында-ақ кесененің сырт көрінісі геометриялық және өсімдік тәрізді оюлармен безендірілгені белгілі. Нысанды қайта жаңарту барысында түпнұсқадағы зері жойылып кетті.
Кесене сипаты
Кесене күйдірілген төртбұрыш пішінді кірпіштен (26x26x5 см) тұрғызылған. Нысанның қабырғаларында екі жарма есігінің орны орналасқан екі негізгі қасбеттен тұрады. Айқожа ишанның дін өкілдеріне жататындығын Меккеге қарай бағытталған қабырғаның батыс бөлігіндегі кішігірім есіктен байқауға болады.
Күмбез шаршы пішіндес, ауданы 9х9 м, биіктігі 8 м. Қабырғалары геометриялық және шырмауықты ою-өрнекпен безендірілген, 8 қырлы барабанды күмбезінде жарық түсетін 4 терезесі бар. Маңдайшасын бөренеден қиған. Ішіне сағана түрінде құлпытас жасалып, үстіне арқардың мүйізі қойылған. Қабырғалары сыртынан тепкішекті қалаумен бекітілген, ірге тасының биіктігі 4 м.
1989 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен қайта жөндеуден өткізілді. Айғожа ишан күмбезіне қатысты құжаттар Алматыдағы "Қазақ жобалау-қалпына келтіру" институты мұражайында сақтаулы. Күмбез республикалық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне алынған.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- "Қазақ Энциклопедиясы"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ajgozha ishan kүmbezi Қyzylorda oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine engen kieli nysan eskertkishi Ajkozha kesenesiZhalpy mәlimetStatusyRespublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiTүrikala kurylysy zhәne sәuletOrnalasuyҚyzylorda oblysy Zhanakorgan audanyҒimarattyn manyzdylygykieli nysanZhondelgen uakyty1989 zhBiiktigiBiiktigi8 mTobesikүmbezdiҒimarattyn ishki audany9h9 m syrtky audany Ornalaskan zheriZhanakorgan audanyndagy Besaryk beketinin ontүstiginde 6 km kashyktykta ornalaskan KezeniXVIII XIX gasyrlar Tarihi derekterAjkozha kesenesi Syrdariyanyn on zhagalauyndagy biiktikte ornalaskan zhәne ortaaziyalyk kejingi ortagasyrlyk dini arhitekturanyn ortalyk kүmbezdi kurylysy tipine zhatady Zhalpy alganda Ajkozha kesenesi men tagy da bes adam zherlengen әjeli men tort komekshileri zherleu kesheni bolyp tabylady Duana kozha teginen shykkan Ajkozha ishan Zhumadillauly 1773 1857 zhzh shynajy tarihi tulga atakty din kyzmetkeri agartushy zhәne ruhani tәlimger Ishan karapajym zhәne adal omir sүrdi tort otbasynyn bastauy bolgan 11 bala tәrbielep osirdi Zhergilikti anyzdarga sүjensek Ajkozha ishan asa kүshti zhәne tylsym kүshtin iesi boldy emshilikpen koripkeldikpen ajnalysty sudy sezinu kabileti zhogary bolatyn bulaktar men zherasty sularyn izdeu Kүmbezdi ishan kabirinin basyna үlken uly Ibadulla buharalyk Hamit Halid degen sheberge ornattyrgan kirpishin zhergilikti halyk kujgan 2008 zhyly Ajkozha ishannyn 235 zhyldygyn үlken aspen atap otti eske alu rәsimi ogan 3500 asa adam katysty kobinese Өzbekstannan Tүrkiyadan sondaj ak Қazakstannyn baska oblystarynan urpaktary keldi Bүgingi tanda eskertkishti kajta zhangyrtty Algashynda ak kesenenin syrt korinisi geometriyalyk zhәne osimdik tәrizdi oyularmen bezendirilgeni belgili Nysandy kajta zhanartu barysynda tүpnuskadagy zeri zhojylyp ketti Kesene sipatyKesene kүjdirilgen tortburysh pishindi kirpishten 26x26x5 sm turgyzylgan Nysannyn kabyrgalarynda eki zharma esiginin orny ornalaskan eki negizgi kasbetten turady Ajkozha ishannyn din okilderine zhatatyndygyn Mekkege karaj bagyttalgan kabyrganyn batys boligindegi kishigirim esikten bajkauga bolady Kүmbez sharshy pishindes audany 9h9 m biiktigi 8 m Қabyrgalary geometriyalyk zhәne shyrmauykty oyu ornekpen bezendirilgen 8 kyrly barabandy kүmbezinde zharyk tүsetin 4 terezesi bar Mandajshasyn boreneden kigan Ishine sagana tүrinde kulpytas zhasalyp үstine arkardyn mүjizi kojylgan Қabyrgalary syrtynan tepkishekti kalaumen bekitilgen irge tasynyn biiktigi 4 m 1989 zhyly zhergilikti turgyndardyn kүshimen kajta zhondeuden otkizildi Ajgozha ishan kүmbezine katysty kuzhattar Almatydagy Қazak zhobalau kalpyna keltiru instituty murazhajynda saktauly Kүmbez respublikalyk manyzdagy tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine alyngan DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazak Enciklopediyasy