Айтуар би Үсенұлы - 1783-1856 жылдар аралығында өмір сүрген Жайық өңірінен шыққан қазақтың атақты билерінің бірі. Оның ата-тегі туралы қазақ шежіресінде былай таратылады: Кіші жүз Байұлының Беріш деген атасынан Байбақты одан Әсілбас, Шақай, Кұсылбас тарайды. Әсілбастан Себек пен Жанбырша, Себектен Сары одан Үсен, Үсеннен Айтуар би туған. Ел арасында "Беріште Есет пен Айтуар" деген есім қосарлана айтылады. Себебі Есет би мен Айтуар екеуі замандас, қатарлас, жұбы жазылмаған атақты билер. Екеуі де Баймағамбет Сұлтанның ақылшы-кеңесші бас биі болып жүрген. Екеуі талай шиеленіскен ел дауының түйінін шешіп, ел жауының бетін талай кайтарған, әрі әділ би, әрі батыры. Айтуар Алтын қорымында жерленген. Құлпытасында “Айтуар Үсенұлы 1854 ж. 74 жасында қайтыс болды. Ескерткішті баласы Мәтек бимырза орнатты” деген жазу бар. Айтуар Исатай—Махамбет козғалысына көп нәр берген от ауызды, орақ тілді шешендердің бірінен саналады. Айтуар би айтыпты деген билік-шешімдер аз емес, соның бірі мынадай: 1850 жылы шеркеш елінің батыры Тұрлан өзінің Сарыкөл жайлауында көшіп келе жатып бір шағын ауылдың өздерінен бұрын жайлауына қоныстанып жатқанын көреді. Тұрланның жігіттері:
- - Бұл кімнің ауылы? - десе, олар Дәулетқали деген төренің ауылы боп шығады.
- - Бұл біздің жайлауымыз ғой, сендерге жол болсын? - десе, төре ауылының жігіттері оларға қамшы үйіріп, өктемдік көрсетіпті. Тұрлан батыр ауылын қоныстандырып алыпты да, ертеңіне атқа қонып, Дәулетқали төреге барыпты:
- - Төренің елі деген елді қайдан көрдің, төренің жері деген жерді қайдан таптың! - деп атбауырына алып көкала қойдай қылып сабап-сабап ауылына қайтыпты.
Дәулетқали төре қан жоса болып есігінің алдында қала беріпті. Жарасы жазылған соң ол Орынбордағы Әлеке правительге барып шағынады. Әлеке атақты Баймағамбет Сұлтанның бел баласы еді. Ол "Төренің елі де жоқ, жері де жоқ, олар қаңғып жүрген кірме" деген сөзді есітіпті де қасына жасағын ертіп, өзі атқа қоныпты. Тұрлан батырдың ауылына барыпты. Өздеріне арналған үйге түсіпті: Дастарқан жайылыпты Әлеке төре:
- - Мен Тұрланның қанын ішпей, дәм татпаймын, - деп, дастарқанды қайырып тастапты.
Сөйтіп отырғанда үстіне мұздай қару-жарағын асынып Тұрлан батыр кіріп келіпті. Төре сасып қалып, жан-жағында отырған жігіттеріне, ертіп келген екі биіне қарапты. Сол тізесін басып отырған қартаңдау би өзінің төресіне бір қарап, еңгезердей боп тұрған Тұрланға бір қарап, қипақтап сөйлей алмай калыпты. Осы кезде Әлеке правительдің оң тізесін басып отырған Айтуар би, төреге қарапты да:
- - Алдияр тақсыр, хан ием, сізден бір сұрағым бар? - депті. Әлеке:
- - Сұрағын, - деп рұхсат береді. Сонда Айтуар би саспастан байыппен:
- - Алдияр тақсыр хан ием "Қара жерге халық ие, қара халыққа хан ие" деген аталы сөз бар емес пе? Сіз қайсысына иесіз? Қара жерге ие боласыз ба, әлде қара халыққа ие боласыз ба? - деп сұрапты. Сонда Әлеке:
- - Әрине, төре тұқымы халыққа ие болады да, - депті.
Сонда Айтуар би:
- - Төрелігіңізге құлдық хан ием, дұрыс айтасыз. Сіз халыққа иесіз, ал Тұрлан жерге ие, Дәулетқалидың істеп жүргені зорлық, - депті.
Әлеке правитель енді Дәулетқали Төреге қарап ақырыпты:
- - Жетесіз оңбаған, қара жерге ие боламын деп, мені халықтан айырайын деп жүр екенсің ғой... Қазір ауылыңа қайттағы, біреудің, жайлауынан қонысыңды аудар, жоғал көзіме, көрінбе! - депті.
Жиналған халық Айтуар бидің даналық тапқырлығына, әділ төрелігіне риза болып, бас иіпті.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 1-том
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ajtuar bi Үsenuly 1783 1856 zhyldar aralygynda omir sүrgen Zhajyk onirinen shykkan kazaktyn atakty bilerinin biri Onyn ata tegi turaly kazak shezhiresinde bylaj taratylady Kishi zhүz Bajulynyn Berish degen atasynan Bajbakty odan Әsilbas Shakaj Kusylbas tarajdy Әsilbastan Sebek pen Zhanbyrsha Sebekten Sary odan Үsen Үsennen Ajtuar bi tugan El arasynda Berishte Eset pen Ajtuar degen esim kosarlana ajtylady Sebebi Eset bi men Ajtuar ekeui zamandas katarlas zhuby zhazylmagan atakty biler Ekeui de Bajmagambet Sultannyn akylshy kenesshi bas bii bolyp zhүrgen Ekeui talaj shielenisken el dauynyn tүjinin sheship el zhauynyn betin talaj kajtargan әri әdil bi әri batyry Ajtuar Altyn korymynda zherlengen Қulpytasynda Ajtuar Үsenuly 1854 zh 74 zhasynda kajtys boldy Eskertkishti balasy Mәtek bimyrza ornatty degen zhazu bar Ajtuar Isataj Mahambet kozgalysyna kop nәr bergen ot auyzdy orak tildi sheshenderdin birinen sanalady Ajtuar bi ajtypty degen bilik sheshimder az emes sonyn biri mynadaj 1850 zhyly sherkesh elinin batyry Turlan ozinin Sarykol zhajlauynda koship kele zhatyp bir shagyn auyldyn ozderinen buryn zhajlauyna konystanyp zhatkanyn koredi Turlannyn zhigitteri Bul kimnin auyly dese olar Dәuletkali degen torenin auyly bop shygady Bul bizdin zhajlauymyz goj senderge zhol bolsyn dese tore auylynyn zhigitteri olarga kamshy үjirip oktemdik korsetipti Turlan batyr auylyn konystandyryp alypty da ertenine atka konyp Dәuletkali torege barypty Torenin eli degen eldi kajdan kordin torenin zheri degen zherdi kajdan taptyn dep atbauyryna alyp kokala kojdaj kylyp sabap sabap auylyna kajtypty Dәuletkali tore kan zhosa bolyp esiginin aldynda kala beripti Zharasy zhazylgan son ol Orynbordagy Әleke pravitelge baryp shagynady Әleke atakty Bajmagambet Sultannyn bel balasy edi Ol Torenin eli de zhok zheri de zhok olar kangyp zhүrgen kirme degen sozdi esitipti de kasyna zhasagyn ertip ozi atka konypty Turlan batyrdyn auylyna barypty Өzderine arnalgan үjge tүsipti Dastarkan zhajylypty Әleke tore Men Turlannyn kanyn ishpej dәm tatpajmyn dep dastarkandy kajyryp tastapty Sojtip otyrganda үstine muzdaj karu zharagyn asynyp Turlan batyr kirip kelipti Tore sasyp kalyp zhan zhagynda otyrgan zhigitterine ertip kelgen eki biine karapty Sol tizesin basyp otyrgan kartandau bi ozinin toresine bir karap engezerdej bop turgan Turlanga bir karap kipaktap sojlej almaj kalypty Osy kezde Әleke praviteldin on tizesin basyp otyrgan Ajtuar bi torege karapty da Aldiyar taksyr han iem sizden bir suragym bar depti Әleke Suragyn dep ruhsat beredi Sonda Ajtuar bi saspastan bajyppen Aldiyar taksyr han iem Қara zherge halyk ie kara halykka han ie degen ataly soz bar emes pe Siz kajsysyna iesiz Қara zherge ie bolasyz ba әlde kara halykka ie bolasyz ba dep surapty Sonda Әleke Әrine tore tukymy halykka ie bolady da depti Sonda Ajtuar bi Toreliginizge kuldyk han iem durys ajtasyz Siz halykka iesiz al Turlan zherge ie Dәuletkalidyn istep zhүrgeni zorlyk depti Әleke pravitel endi Dәuletkali Torege karap akyrypty Zhetesiz onbagan kara zherge ie bolamyn dep meni halyktan ajyrajyn dep zhүr ekensin goj Қazir auylyna kajttagy bireudin zhajlauynan konysyndy audar zhogal kozime korinbe depti Zhinalgan halyk Ajtuar bidin danalyk tapkyrlygyna әdil toreligine riza bolyp bas iipti DerekkozderҚazak enciklopediyasy 1 tom Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet