Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин (29.11.1924, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – өлген жылы белгісіз ) – Қаныш Сәтбаевтың әріптес шәкірті, ғылым докторы (1971), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). II дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
Қазақстан Ғылым Академиясының қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында аспирант, зертханашы, инженер, кіші, аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшы (1953-64), институт директорының орынбасары (1964-74), директоры (1974-95) әрі 1987 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының академик-хатшысы. 1988 жылдан вице-президенті. 1995 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының құрметті директоры болып қызмет атқарды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты - жалпы және аймақтық геология, тектоника, металлогения, мұнай және газ геологиясы. Айтмұхамед Орталық Қазақстанда алтын, мыс, турмалин кендерін зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар кешенді экспедициясын басқарды. Бірнеше кен орындарын (Самар алтын-мыс кені, Құмкөл, Арысқұм, Нұралы мұнай кендері, тағы басқалары) ашты. Айтмұхамедтің тапқан нақты мәліметтері бойынша республиканың тектоникалық картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань және Орталық Қазақстанның тектоникалық құрылымдарының байланысы жөніндегі теориялық мәселелер жаңа тұрғыдан шешілді, геологиялық дамуының ерекшеліктері айқындалды.
Айтмұхамед Қазақ КСР Мемлекеттік (1978) және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының (1985) лауреаты, Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Халықаралық геологиялық конгрестің алтын белгісімен, академик С.И.Вавилов медалімен марапатталған. Сәтбаевты ұстаз тұтқан ол туралы «Халықтың ұлы перзенті» («Жетісу», 1989, 12 сәуір), «Аса көрнекті ғалым, ғылым мен өндіріс ұйымдастырушысы» («Қазақстан Ғылым Академиясының хабаршысы». 1999, №2), «Сәтбаев және Геологиялық ғылымдар институты» (Академик Қаныш Сәтбаев. Жинақ. «Ғылым», 1965), тағы басқалары мақалалар жазып, Сәтбаевты «Қазақстан геологиясының атасы» деп атады. «Ұстаз» деген мақаласында: «Соғыстың каһарлы жылдарында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесіне Қаныш Сәтбаевтың келуі ғылымның жедел дамуына себеп болды.
Қазақ даласының еліміздің алып индустриялы орталығының біріне айналуына Қаныш Сәтбаев зор үлес қосты» деп жазды. Ол Сәтбаевты Орта Азия мен Қазақстан ғұламаларының Әл-Фараби - Ұлықбек - Шоқан Уәлиханов - Қаныш Сәтбаев тізбегінің ең соңғы өкілі деп бағалады. Айтмұхамед кейіннен Сәтбаев құрған геологиялық ғылымдар институтында басшылық қызмет атқарған.
Дереккөздер
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ajtmuhamed Abdollauly Lidulin 29 11 1924 Қaragandy oblysy Ұlytau audany olgen zhyly belgisiz Қanysh Sәtbaevtyn әriptes shәkirti gylym doktory 1971 professor 1973 Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn akademigi 1979 Қazak KSR inin enbek sinirgen gylym kajratkeri 1982 II dүniezhүzilik sogyska katyskan ҚazMU dy 1953 kazirgi ҚazҰU bitirgen Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn kazirgi Қanysh Sәtbaev atyndagy Geologiyalyk gylymdar institutynda aspirant zerthanashy inzhener kishi aga gylym kyzmetkeri zerthana mengerushisi galym hatshy 1953 64 institut direktorynyn orynbasary 1964 74 direktory 1974 95 әri 1987 zhyldan Қazakstan Ғylym Akademiyasy Toralkasynyn akademik hatshysy 1988 zhyldan vice prezidenti 1995 zhyldan Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn Geologiyalyk gylymdar institutynyn kurmetti direktory bolyp kyzmet atkardy Ғylymi zertteu zhumystarynyn negizgi bagyty zhalpy zhәne ajmaktyk geologiya tektonika metallogeniya munaj zhәne gaz geologiyasy Ajtmuhamed Ortalyk Қazakstanda altyn mys turmalin kenderin zertteumen shugyldandy Mugalzhar keshendi ekspediciyasyn baskardy Birneshe ken oryndaryn Samar altyn mys keni Қumkol Aryskum Nuraly munaj kenderi tagy baskalary ashty Ajtmuhamedtin tapkan nakty mәlimetteri bojynsha respublikanyn tektonikalyk kartasy zhasaldy Oral Tyan Shan zhәne Ortalyk Қazakstannyn tektonikalyk kurylymdarynyn bajlanysy zhonindegi teoriyalyk mәseleler zhana turgydan sheshildi geologiyalyk damuynyn erekshelikteri ajkyndaldy Ajtmuhamed Қazak KSR Memlekettik 1978 zhәne KSRO Memlekettik syjlyktarynyn 1985 laureaty Қazan revolyuciyasy 1 dәrezheli Otan sogysy 2 ret Қyzyl zhuldyz Enbek Қyzyl Tu ordenderimen Halykaralyk geologiyalyk kongrestin altyn belgisimen akademik S I Vavilov medalimen marapattalgan Sәtbaevty ustaz tutkan ol turaly Halyktyn uly perzenti Zhetisu 1989 12 sәuir Asa kornekti galym gylym men ondiris ujymdastyrushysy Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn habarshysy 1999 2 Sәtbaev zhәne Geologiyalyk gylymdar instituty Akademik Қanysh Sәtbaev Zhinak Ғylym 1965 tagy baskalary makalalar zhazyp Sәtbaevty Қazakstan geologiyasynyn atasy dep atady Ұstaz degen makalasynda Sogystyn kaһarly zhyldarynda KSRO Ғylym Akademiyasynyn Қazak bolimshesine Қanysh Sәtbaevtyn kelui gylymnyn zhedel damuyna sebep boldy Қazak dalasynyn elimizdin alyp industriyaly ortalygynyn birine ajnaluyna Қanysh Sәtbaev zor үles kosty dep zhazdy Ol Sәtbaevty Orta Aziya men Қazakstan gulamalarynyn Әl Farabi Ұlykbek Shokan Uәlihanov Қanysh Sәtbaev tizbeginin en songy okili dep bagalady Ajtmuhamed kejinnen Sәtbaev kurgan geologiyalyk gylymdar institutynda basshylyk kyzmet atkargan DerekkozderҚanysh Satpaev Enciklopediya Bas redaktor B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 zhyl ISBN 9965 893 74 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet