Абзал Жұмашұлы Ералиев — (28 наурыз, 1960 жыл, Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) — Қазақстанның Еңбек Ері (2013 жылы), Қызылорда облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі және Қызылорда облыстық мәслихат депутаты.
Абзал Жұмашұлы Ералиев | ||
Өмірбаяны | ||
---|---|---|
Партиясы | Нұр Отан | |
Білімі | Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институты Қызылорда қаласындағы филиалы (1977-1982). | |
Мамандығы | инженер-құрылысшы | |
Дүниеге келуі | 28 наурыз 1960 (64 жас) Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы | |
Әкесі | Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) | |
Анасы | Сәрсенбайқызы Кенжегүл | |
Жұбайы | Ильясова Алтынай Абдикаримқызы | |
Балалары | Ералиева Гулнұр Абзалқызы Ералиев Мағжан Абзалұлы | |
Сайты | www.abzal.org | |
Марапаттары |
| |
өңдеу |
Өмірбаяны
Ералиев Абзал Жұмашұлы 1960 жылы 28 наурызда Қызылорда облысы қазіргі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы ауылдық округінде Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) пен Сәрсенбайқызы Кенжегүлдің отбасында дүниеге келген.
Әкесі – Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра ауылының тумасы. 1939 жылы медицина мамандығын дайындайтын курсты бітірген уақытында әскерге шақыртылып, азаматтық борышын өтеп жүрген уақытында Ұлы Отан соғысы басталады. Бұл сұрапыл уақыттарда Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) фельдшер-санинструктор қызметін атқарады. 1946 жылы елге оралып, келісімен мамандығы бойынша 12 жыл бойы Аламесек, Шымбөгет, Ақарық, Қосарық, Бесікті ауылдық округтерінде фельдшер қызметін атқарады. 1958-1996 жылдар аралығында Нағи Ілиясов ауылдық округінің учаскелік ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады.
Анасы – Сәрсенбайқызы Кенжегүл Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Ақарық ауылының тумасы. 8 баланың анасы.
Ералиев Абзал Жұмашұлы 1967 жылы қазіргі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылындағы №132 Түймебай Айтбаев атындағы қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына барады. 10 жылдық оқу орнын бітірген шағында, 1977 жылы Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалына оқуға түседі. 1982 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1982 жылы әскер қатарына шақыртылып, Отан алдындағы борышын Ресейдің Череповец қаласында Кеңес әскерінің қатарында жүріп өтейді.
Еңбек жолы
- 1984 жылы әскерден оралып, Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері болып өзінің еңбек жолын бастайды. 1994 жылға дейін аталмыш мекемеде 10 жылға жуық мастер, прораб, құрастыру учаскесінің бастығы қызметтерін атқарады.
- 1994 жылы Қызылорда облысының негізгі еңбек көзі – асыраушысы болып есептелінетін күріш өндірісімен айналысуды ұйғарады. Сойтіп, осы жылы күріш өсірумен және оны өңдейтін «Абзал және Компания» толық серіктестігін ашып, осы компанияның директоры болып қазіргі таңға дейін қызметін атқарып келеді.
- 2008 жылдан бастап қоғамдық негізде Облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті болып сайланады.
- 2011 жылдан бастап «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясының белді мүшелерінің қатарында.
- 2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық мәслихат депутаты болып табылады.
Жетістігі
- 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 25 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
- 2010 жылы Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 7-ші желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталды.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 10-шы қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
- 2012 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Меценат» алтын медалімен марапатталды.
- 2013 жылы қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен наградталды.
- 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің желтоқсандағы Жарлығы бойынша елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» орденімен марапатталды.
Отбасы
Ералиев Абзал Жұмашұлы 1987 жылы отбасын құрады. Жары – Ильясова Алтынай Абдикаримқызы 1964 жылы 14-ші қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жанұясында 1 ұлы және 1 қызы бар. Қызы – Ералиева Гулнұр Абзалқызы Ұлы – Ералиев Мағжан Абзалұлы
Сыртқы сілтемелер
- УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
- [1] Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
- [2]
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abzal Zhumashuly Eraliev 28 nauryz 1960 zhyl Nagi Iliyasov auyly Syrdariya audany Қyzylorda oblysy Қazakstannyn Enbek Eri 2013 zhyly Қyzylorda oblystyk kүrish ondirushiler zhәne ondeushiler kauymdastygynyn Prezidenti Nur Otan Halyktyk demokratiyalyk partiyasynyn mүshesi zhәne Қyzylorda oblystyk mәslihat deputaty Abzal Zhumashuly EralievӨmirbayanyPartiyasyNur OtanBilimiZhambyl gidromeliorativtik kurylys instituty Қyzylorda kalasyndagy filialy 1977 1982 Mamandygyinzhener kurylysshyDүniege kelui 28 nauryz 1960 1960 03 28 64 zhas Nagi Iliyasov auyly Syrdariya audany Қyzylorda oblysyӘkesi Eralyuly Zhumash Erbatyr Anasy Sәrsenbajkyzy KenzhegүlZhubajy Ilyasova Altynaj AbdikarimkyzyBalalary Eralieva Gulnur Abzalkyzy Eraliev Magzhan AbzalulySajtywww abzal orgMarapattaryҚR Konstituciyasyna 10 zhyl Қurmet ordeniҚurmet ordeni ҚR tәuelsizdigine 20 zhyl medali Қazakstannyn Enbek EriҚazakstannyn Enbek Eri Otan ordeniondeu ӨmirbayanyEraliev Abzal Zhumashuly 1960 zhyly 28 nauryzda Қyzylorda oblysy kazirgi Syrdariya audanynyn Nagi Iliyasov atyndagy auyldyk okruginde Eralyuly Zhumash Erbatyr pen Sәrsenbajkyzy Kenzhegүldin otbasynda dүniege kelgen Әkesi Eralyuly Zhumash Erbatyr Aktobe oblysy Yrgyz audanynyn Nura auylynyn tumasy 1939 zhyly medicina mamandygyn dajyndajtyn kursty bitirgen uakytynda әskerge shakyrtylyp azamattyk boryshyn otep zhүrgen uakytynda Ұly Otan sogysy bastalady Bul surapyl uakyttarda Eralyuly Zhumash Erbatyr feldsher saninstruktor kyzmetin atkarady 1946 zhyly elge oralyp kelisimen mamandygy bojynsha 12 zhyl bojy Alamesek Shymboget Akaryk Қosaryk Besikti auyldyk okrugterinde feldsher kyzmetin atkarady 1958 1996 zhyldar aralygynda Nagi Iliyasov auyldyk okruginin uchaskelik auruhanasynyn bas dәrigeri bolyp kyzmet atkarady Anasy Sәrsenbajkyzy Kenzhegүl Қyzylorda oblysy Zhalagash audanynyn Akaryk auylynyn tumasy 8 balanyn anasy Eraliev Abzal Zhumashuly 1967 zhyly kazirgi Syrdariya audanynyn Nagi Iliyasov auylyndagy 132 Tүjmebaj Ajtbaev atyndagy kazak orta mektebinin birinshi synybyna barady 10 zhyldyk oku ornyn bitirgen shagynda 1977 zhyly Zhambyl gidromeliorativtik kurylys institutynyn Қyzylorda kalasyndagy filialyna okuga tүsedi 1982 zhyly inzhener kurylysshy mamandygy bojynsha bitirip shygady 1982 zhyly әsker kataryna shakyrtylyp Otan aldyndagy boryshyn Resejdin Cherepovec kalasynda Kenes әskerinin katarynda zhүrip otejdi Enbek zholy1984 zhyly әskerden oralyp Қyzylorda үj kurylys kombinatynda kurylys sheberi bolyp ozinin enbek zholyn bastajdy 1994 zhylga dejin atalmysh mekemede 10 zhylga zhuyk master prorab kurastyru uchaskesinin bastygy kyzmetterin atkarady 1994 zhyly Қyzylorda oblysynyn negizgi enbek kozi asyraushysy bolyp eseptelinetin kүrish ondirisimen ajnalysudy ujgarady Sojtip osy zhyly kүrish osirumen zhәne ony ondejtin Abzal zhәne Kompaniya tolyk seriktestigin ashyp osy kompaniyanyn direktory bolyp kazirgi tanga dejin kyzmetin atkaryp keledi 2008 zhyldan bastap kogamdyk negizde Oblystyk kүrish ondirushiler zhәne ondeushiler kauymdastygynyn prezidenti bolyp sajlanady 2011 zhyldan bastap Nur Otan halyktyk demokratiyalyk partiyasynyn beldi mүshelerinin katarynda 2012 zhyldan bastap Қyzylorda oblystyk mәslihat deputaty bolyp tabylady Zhetistigi2005 zhyly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin 25 tamyzdagy Zharlygymen Қazakstan Konstituciyasyna 10 zhyl merekelik medalimen nagradtaldy 2010 zhyly Memlekettik zhәne kogamdyk kyzmeti үshin elimizdin әleumettik ekonomikalyk zhәne mәdeni damuyna үles koskany үshin Қazakstan Respublikasy Prezidentinin 7 shi zheltoksandagy Zharlygymen Қazakstan Respublikasynyn Memlekettik nagradasy Қurmet ordenimen marapattaldy 2011 zhyly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin 10 shy karashadagy Zharlygymen Қazakstan Respublikasynyn tәuelsizdigine 20 zhyl merekelik medalimen nagradtaldy 2012 zhyly Қazakstan Respublikasynyn bilim beru salasyna koskan ajryksha үlesi үshin Mecenat altyn medalimen marapattaldy 2013 zhyly kazakstan Respublikasy Auyl sharuashylygy ministrliginin Auyl sharuashylygy salasynyn үzdigi tos belgisimen nagradtaldy 2013 zhyly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin zheltoksandagy Zharlygy bojynsha elge zhasagan eren enbegi үshin Қazakstannyn Enbek Eri atagy men Otan ordenimen marapattaldy OtbasyEraliev Abzal Zhumashuly 1987 zhyly otbasyn kurady Zhary Ilyasova Altynaj Abdikarimkyzy 1964 zhyly 14 shi kantarda Қyzylorda kalasynda dүniege kelgen Zhanuyasynda 1 uly zhәne 1 kyzy bar Қyzy Eralieva Gulnur Abzalkyzy Ұly Eraliev Magzhan AbzalulySyrtky siltemelerUKAZ PREZIDENTA RESPUBLIKI KAZAHSTAN Muragattalgan 26 mamyrdyn 2015 zhyly 1 Muragattalgan 26 mamyrdyn 2015 zhyly 2