Майкельсон тәжірибесі
Майкельсон тәжірибесі, Жер қозғалысының жарық жылдамдығына әсерін өлшеу мақсатымен америкалық физик (1852 — 1931) жүргізген (1881). 19 ғ-дың аяғына дейін физика ғылымында жарық белгілі бір әмбебап әлемдік орта — эфирде таралады деген көзқарас қалыптасып тұрды. Мұның үстіне бірқатар құбылыстар (жарық аберрациясы, Физо тәжірибесі) негізінде эфир қозғалмайды не қозғалған дене эфирдің белгілі бір бөлігін өзімен ілестіре кетеді деген қорытындылар жасалды. Қозғалмайтын эфир жөніндегі гипотеза бойынша, Жер эфир ішінде қозғалғанда, “эфир желі” байқалуға тиіс, әрі жарық жылдамдығы жарық сәулесінің Жердің қозғалу бағытына қарағандағы бағытына ғана тәуелді болуға тиіс. Майкельсон тәжірибесі тең иінді Майкельсон интерферометрінің көмегімен жүргізілді. Оның бір иіні Жер қозғалысының бағыты бойынша, екіншісі оған перпендикуляр бағытта орналастырылды. Егер эфир қозғалмайтын болса, онда приборды 90-қа бұру кезінде сәуле жолдарының айырымы таңбасын өзгертуі керек және бейне (картина) ығысуы тиіс еді. Бірақ интерференция бейненің ығысуы байқалмады, яғни Майкельсон тәжірибесі теріс нәтиже берді. 1885 — 87 ж. Майкельсон мен оның отандасы аса үлкен дәлдікпен жасаған тәжірибесі де бастапқы тәжірибенің нәтижесін қайталады. 1964 ж. өзге америкалық физиктер жарық көздері ретінде аса жоғары дәрежелі және кеңістіктік когерентті сәулелер беретін бірдей екі гелий-неонды лазерлерді пайдаланып, Майкельсон тәжірибесін қайталап, дәлдігі бұрынғыдан да жоғары теріс нәтиже алды. Классикалық физика Майкельсон тәжірибесінің теріс нәтижесін түсіндіруге дәрменсіз болды әрі қозғалыстағы орталардың электрдинамикасының ешбір құбылыстарымен үйлестіре алмады. Салыстырмалық теориясында жарықтың таралу жылдамдығының барлық тұрақты болуы, көптеген тәжірибе нәтижелерімен расталған постулат ретінде қабылданды.
Пайдаланған әдебиет
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Majkelson tәzhiribesiMajkelson tәzhiribesi Zher kozgalysynyn zharyk zhyldamdygyna әserin olsheu maksatymen amerikalyk fizik 1852 1931 zhүrgizgen 1881 19 g dyn ayagyna dejin fizika gylymynda zharyk belgili bir әmbebap әlemdik orta efirde taralady degen kozkaras kalyptasyp turdy Munyn үstine birkatar kubylystar zharyk aberraciyasy Fizo tәzhiribesi negizinde efir kozgalmajdy ne kozgalgan dene efirdin belgili bir boligin ozimen ilestire ketedi degen korytyndylar zhasaldy Қozgalmajtyn efir zhonindegi gipoteza bojynsha Zher efir ishinde kozgalganda efir zheli bajkaluga tiis әri zharyk zhyldamdygy zharyk sәulesinin Zherdin kozgalu bagytyna karagandagy bagytyna gana tәueldi boluga tiis Majkelson tәzhiribesi ten iindi Majkelson interferometrinin komegimen zhүrgizildi Onyn bir iini Zher kozgalysynyn bagyty bojynsha ekinshisi ogan perpendikulyar bagytta ornalastyryldy Eger efir kozgalmajtyn bolsa onda pribordy 90 ka buru kezinde sәule zholdarynyn ajyrymy tanbasyn ozgertui kerek zhәne bejne kartina ygysuy tiis edi Birak interferenciya bejnenin ygysuy bajkalmady yagni Majkelson tәzhiribesi teris nәtizhe berdi 1885 87 zh Majkelson men onyn otandasy asa үlken dәldikpen zhasagan tәzhiribesi de bastapky tәzhiribenin nәtizhesin kajtalady 1964 zh ozge amerikalyk fizikter zharyk kozderi retinde asa zhogary dәrezheli zhәne kenistiktik kogerentti sәuleler beretin birdej eki gelij neondy lazerlerdi pajdalanyp Majkelson tәzhiribesin kajtalap dәldigi buryngydan da zhogary teris nәtizhe aldy Klassikalyk fizika Majkelson tәzhiribesinin teris nәtizhesin tүsindiruge dәrmensiz boldy әri kozgalystagy ortalardyn elektrdinamikasynyn eshbir kubylystarymen үjlestire almady Salystyrmalyk teoriyasynda zharyktyn taralu zhyldamdygynyn barlyk turakty boluy koptegen tәzhiribe nәtizhelerimen rastalgan postulat retinde kabyldandy Pajdalangan әdebietҚazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet