Днепродзержинскідегі әуе апаты — 1979 жылы 11 тамызда болған Кеңес футболы тарихындағы ең ірі, қайғылы соқтығыс.
Днепроджержинскідегі әуе апаты | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Дата | 11 тамыз 1979 |
Уақыты | 13:35 |
Сипаты | Әуедегі соқтығыс |
Себебі | Әуедиспетчер қателігі |
Апат орны | Днепродзержинск |
Координаттары | 48°33′35″ с. е. 34°40′33″ ш. б. / 48.55972° с. е. 34.67583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°33′35″ с. е. 34°40′33″ ш. б. / 48.55972° с. е. 34.67583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Қайтыс болғандар | 178 |
Әуе кемесі | |
Модель | Ту-134А |
Сапары | 7628 |
Жолаушылар | 88 |
Экипаж саны | 6 |
Қайтыс болғандар | 94 |
Екінші әуе кемесі | |
Модель | Ту-134АК |
Сапары | 7880 |
Жолаушылар | 77 |
Экипаж саны | 7 |
Қайтыс болғандар | 84 |
Оқиға барысы
Минскіде «Динамомен» кездесу үшін ұшып бара жатқан «Пахтакор» командасының негізгі құрамы ойыншылары отырған ұшақ өзіндей тағы бір жолаушылар лайнерімен украинның Днепродзержинск қаласының аспанында бетпе-бет келіп соқтығысқан. Ташкенттен Минскіге бағыт ұстаған бірінші лайнердің бортында «Пахтакордың» 14 футболшыдан, жаттықтырушыдан, бір-бір дәрігер мен әкімгерден, жалпы саны 17 мұңлықтан құралған құрамынан бөлек, тағы 60 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Ал Челябіден Кишиневке ұшып бара жатқан келесі әуе кемесінде 88 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі отырған. Нәтижесінде екі ұшақтың күрсісіне жайғасқан 178 жолаушының, – араларында 36 бала бар, – бәрі бірі қалмай қаза тапқан. Бір тәуірі, команданың қосалқы құрамы содан бір күн бұрын ұшып кеткен екен. Т
Кейін белгілі болғанындай, сенбі күні таңертең Ташкенттің аэропортына басқа да жолаушылармен бірге «Пахтакордың» Минскідегі матчқа қатысулары ықтимал негізгі құрамының ойыншылары жиналады. Футболшылардың бәрі ауа райының қабағына бағып, жеңіл киініп келген екен, шабуылшы Владимир Фёдоров қана ерекше қымтанып алыпты. Жолдастарының «Мұның не?» деген сұрағына ол әйелінің Минскіде күннің салқын екенін білдіріп, қалың киіндіріп жібергенін айтып жауап береді.
«Аэрофлот» компаниясының «Ту-154» ұшағы Мәскеу уақыты бойынша 11:30 сағатта Ташкенттен көк жүзіне көтеріліп, Гурьев-Донецк-Минск бағытына бет түзеді. Содан 20 минут кейін Орал тауларының бөктерінен Воронеж арқылы молдован баскентіне сапар сызған келесі ұшақ – «Ту-134» әуе жолына әуен қосты. Дәл сол мәурітте бұдан кейінгі оқиғаларға тікелей қатыстары болатын Харьковтегі әуежайдың басқару бекетінде Сергей Сергеев деген басқаратын диспетчерлер командасы кезекшілік атқарып жатыр екен. Оның қарамағында аға нұсқаушы Владимир Сумской және диспетчер Николай Жуковский деген жігіттер болыпты. Бұлардың соңғысының стажёр ретінде жұмысқа қабылданғанына небәрі 2,5 ай ғана толған. Осы рейстерді қадағалаудың неге сол жігітке тапсырылғаны әлі күнге дейін анықталған жоқ. Оның өзін бақылау жасау одан гөрі тәжірибесі баршылық Сумскойға жүктеліпті. Мұны неліктен Сергеевтің өзі атқармағаны да сол жұмбақ қалпында қалып тұр.
Ал жас диспетчер екі лайнерді бар-жоғы үш минуттық қана айырмашылықпен әуе жолының бір нүктесінен ұшып өтетін етіп белгілеп қойыпты. Шын мәнінде экипаждарға бұған 60 секундтан да аз уақыт беріледі. Екі ұшақ та бұл кезде 8400 метр биіктікте, сағатына 800 шақырымдық жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағыт ұстап, заулап ағып келе жатады. Трагедияға бар болғаны екі минуттай уақыт қалған шақта Сумской стажёрдің есептерін бір тексеріп шығып, заматында құп-қу болып қалтырап сала береді. Сосын дереу басқару тізгінін қолға алып, экипаждардың біріне шұғыл жоғары көтерілуді тапсырады. Ана жақтан құптарлық жауап алғаннан кейін, «уһ» деп дем шығарып, отыра кетеді. Алайда, ол арада бірнеше минут өткеннен кейін «тапсырма қабылданды» деген сигналды берген 154-тің емес, 134-тің командирі екенін бір-ақ біледі...
Бұл кезде болатын оқиға болып қойған еді. Ұшақ Куриловка деген деревняның жанына құлайды. Ауыл адамдары сол күні үйлену тойында отыр екен. Аспаннан жауған ұшақ жаңқалары бұлар жайғасқан жерге жетеді. Қауесет бойынша, сол жерде отырған жұрт арасында жүректері жарылып өлгендер де кездесіпті.
Бірақ ұшақтардың бір-бірімен қандай жағдайда соқтығысқандары жөнінде нақты болжам жоқ. Әркім әртүрлі айтады. Соның ішінде екі версия көбірек ауызға алынады. Бұлардың біріншісі екі лайнердің бетпе-бет келіп түйіскендерін алға тартса, келесісі Челябіден келе жатқан ұшақ Ташкент лайнерінің артқы жағына қанатымен келіп соққан деген тұжырымға қазық байлайды. Екінші болжам пилоттар бір-біріне жақындап қалған сәттерін апатқа санаулы мезеттер қалған шақта көріп үлгерген, бірақ жалтарып кетуге еш мүмкіндік болмаған деген түсініктен туып отыр.
Екі лайнердің соқтығысқан уақыты 13:35 сағатта орын алды деп тіркелді. Дәл сол күні кешке Мәскеуде Ленин атындағы стадионында футболдан КСРО Кубогының финалдық матчы ойналған еді. Кездесудің соңғы жағында жанкүйерлер алаңдағы тартысқа оншалықты көңіл бөлмей, дүрлігісіп кетті. Бұған сол аралықта «Пахтакордың» әуе апатына ұшырап, толық құрамымен опат болғаны туралы қауесеттің стадион ішінде желдей есіп кеткені әсер етті. Сол бойда жел сөздің қау ете қалғаны сондай, «Лужники» спорт аренасында отырғандардың көпшілігі мұның Леонид Брежнев отырып бара жатқан ұшақтың әуедегі жолын тазарту үшін атып түсіруден туғанына сенімді болды. Бір болжам бойынша, сол кезде бас хатшы Брежнев, екінші версияда Украинаның бірінші хатшысы Қырымға қарай ұшып бара жатады, сондықтан сол аумақта 10 мың метр биіктікке дейін басқа ешбір лайнер жіберілмеген. Бірақ бұл болжамдар ақыры айқындалмаған күйі қалып қойды.
Мұндай апаттардан кейін жиі анықталып жататынындай, бірі жолай кілтін ұмытып, үйіне қайтып барып, бірі машинасына әлдекім соғып кетіп, тағы бірін аэропортқа барар жолда жұмысқа шұғыл шақыртып, сапардан қалдырып, бірнеше жолаушының рейске үлгере алмаған оқиғалары бұл кезекте де орын алыпты. Біреулер әуежай ғимаратына енді келе бергенде, лайнер аспанға ендеп еніп бара жатқан екен. Сөйтіп, олардың бәрі туралап келгелі тұрған ажал аранынан кездейсоқ аман қалыпты. Ал «Пахтакордың» жағдайында шешуші фактор бұдан сәл басқашалау болған, онда керісінше аман қалуға тиісті футболшылардың өлімге өзі барып қойып кеткені байқалған. Айталық, соның алдында Ташкентте «Зарямен» өткен ойында жарақат алған жартылай қорғаушы Михаил Ан Минскіге барудан босатылған екен. Команданы сапарға шығарып салуға келген оны жолдастары тек матчты көріп қайту үшін ғана қоярда-қоймай өздерімен бірге ала кетіпті. Қосалқы құрамның 18 жасар мүшесі Сирожиддин Базаров бұдан бір күн бұрын өз әріптестерімен бірге белорус ордасына ұшып кетуге тиісті еді. Бірақ сол күні әкесі келіп қалып, бортқа жетіп үлгере алмапты. Сосын жексенбі күні өтетін ойынға негізгі құраммен барып, қатыспақшы болыпты.
Сонымен бірге, бұл сапарда болуға тиісті кісілердің онда бола алмай, апатқа ұрынбай қалған деректері де бар. Мысалы, команданың аға жаттықтырушысы (ол кезде бас жаттықтырушы солай аталады – С.П.) Олег Базилевич отбасы жағдайымен Минскіге ертерек, қосалқы құраммен бірге ұшып кетеді. Қақпашы Александр Яновский мен шабуылшы Төлеген Исақов жарақаттарына байланысты сапарға аттанбайды. Қорғаушы Анатолий Могильный ұшаққа кешігіп келеді. Аэропорттың түбінде тұратын массажист Анатолий Дворников бір күн бұрын туған күнін тойлап, таңертең ұйықтап қалады.
Қаза тапқандар
Ал Днепродзержинск түбінде күлге айналып кеткен «Пахтакор» командасының шаһиттері қатарында жаттықтырушы Изгай Тазетдинов, дәрігер Владимир Чумаков, әкімгер Мансур Талибджанов, ойыншылар Сергей Покатилов, Виктор Чуркин, Юрий Загуменных, Михаил Ан, Сирожиддин Базаров, Равиль Агишев, Константин Баканов, Алым Аширов, Николай Куликов, Владимир Федоров, Владимир Сабиров, Шухрат Ишбутаев, Владимир Макаров және Александр Корченов бар еді. Бұлардың арасындағы Виктор Чуркин Шымкент футбол мектебінің түлегі болатын.
Қаза тапқан спортшылар 17 тамыз күні Өзбекстан астанасындағы Боткин мазаратында жер қойнына берілді. Кеңес Одағының орталық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиға туралы іс жүзінде көпке дейін жақ ашқан жоқ. Тіпті «Советский спорт» газетінің өзі бір аптадан кейін ғана команданың апатқа ұшырағаны туралы титтей ақпар беріп қоя салды. Алайда, футболшыларды соңғы сапарға шығарып салу жоғары деңгейде өткізілді. Оған Өзбекстанның жоғары партия басшыларының бәрі қатысты. Осыған арналған қаралы жиын Ташкент аэропортында өткізіліп, соңынан футболшылар денесі салынған табыттар қала көшелерімен алып өтілді.
Апаттан кейін
КСРО Спорт комитеті осы аралықта жаңа команда жасақтап шығару мәселесін өте қысқа мерзім ішінде шұғыл шеше білді. Оның шақыруы бойынша командаға ЦСКА (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу), «Динамо» (Мәскеу), «Динамо» (Минск), «Локомотив» (Мәскеу), «Торпедо» (Кутаиси), «Черноморец» (Одесса), «Карпаты» (Львов), «Памир» (Душанбе), «Динамо» (Киров), «Металлург» (Тула), «Актюбинец» (Ақтөбе), «Нефтяник» (Ферғана), «Янгиер» (Янгиер), «Автомобилист» (Термез) командаларынан футболшылар келді. Сөйтіп, Минскіні қоспағанда, 17-19 тамыз күндері ойналған тағы бір турды ғана жіберіп алған «Пахтакор» небәрі апаттан 12 күн кейін өзінің мүлде жаңа құрамымен 23 тамызда Ереванда «Араратпен» кездесті. Оның сапында Яновский, Нечаев, Эннс, Бондарев, Ширин, Ким, Денисов, Глушаков, Церетели, Шаймарданов, К.Новиков (Карман, 65) алаңға шықты. Бұлардың арасында қақпашыдан басқаларының бәрі шынында нұқыл бөтен ойыншылар еді. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ташкенттіктерден Валерий Глушаков 10-минутта ойынның есебін ашты.
Бұдан кейін «Пахтакор» 27 тамызда өз алаңында Тбилисидің «Динамосын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде бірінші голды Давид Кипиани 9-минутта соғып, меймандарды алға шығарса, 13-минутта Ренат Файрузов таразы басын теңестірді, ал 65-минутта Владимир Нечаев өзбек командасына жеңіс алып берді. Ойынды көру үшін стадионға 50 мың жанкүйер жиналды.
Екі ұшақ апатының себептерін анықтау тоғыз айға созылды. Оның қорытындысымен сот 29 жастағы Владимир Сумской мен 22 жасар Николай Жуковскийдің əрбірін 15 жылдан жалпы режимдегі колонияда отыру жазасына кесті. Алайда, олардың басшысы Сергей Сергеев сотқа тіпті куә ретінде де шақырылған жоқ. Мұның себебі әлі күнге дейін белгісіз. Осындай жаза арқалап кеткен Сумской алты жарым жылдан кейін жақсы мінез-құлқы үшін құлып астынан босап шықты. Бірақ Жуковскийдің тағдыры қайғылы аяқталды, ол колонияда өзін өзі асып өлтірді.
Серік Пірназардың мақаласынан
Дереккөздер
- https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=157402962044727&id=100033250715967&__cft__%5B0%5D=AZVnU8MIEMpRvgfFsw9RNEicwsb3-VeDxmBy1xZsLcNaoAk4JtKAOF2B1jOwn-PmCOjiDqazBbbEUYJXOCnSyCZOZUB8eClwXVG9ommWXpNZmRGRmkwvmCAumCk17ITwAQc&__tn__=%2CO%2CP-R
Сілтемелер
- http://www.bulvar.com.ua/arch/2008/27/487481a7a81c4/ Мұрағатталған 14 тамыздың 2013 жылы.
- http://airdisaster.ru/database.php?id=25
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dneprodzerzhinskidegi әue apaty 1979 zhyly 11 tamyzda bolgan Kenes futboly tarihyndagy en iri kajgyly soktygys Dneprodzherzhinskidegi әue apatyZhalpy maglumatData11 tamyz 1979Uakyty13 35SipatyӘuedegi soktygysSebebiӘuedispetcher kateligiApat ornyDneprodzerzhinskKoordinattary48 33 35 s e 34 40 33 sh b 48 55972 s e 34 67583 sh b 48 55972 34 67583 G O Ya Koordinattar 48 33 35 s e 34 40 33 sh b 48 55972 s e 34 67583 sh b 48 55972 34 67583 G O Ya Қajtys bolgandar178Әue kemesiModelTu 134ASapary7628Zholaushylar88Ekipazh sany6Қajtys bolgandar94Ekinshi әue kemesiModelTu 134AKSapary7880Zholaushylar77Ekipazh sany7Қajtys bolgandar84Okiga barysyMinskide Dinamomen kezdesu үshin ushyp bara zhatkan Pahtakor komandasynyn negizgi kuramy ojynshylary otyrgan ushak ozindej tagy bir zholaushylar lajnerimen ukrainnyn Dneprodzerzhinsk kalasynyn aspanynda betpe bet kelip soktygyskan Tashkentten Minskige bagyt ustagan birinshi lajnerdin bortynda Pahtakordyn 14 futbolshydan zhattyktyrushydan bir bir dәriger men әkimgerden zhalpy sany 17 munlyktan kuralgan kuramynan bolek tagy 60 zholaushy men 7 ekipazh mүshesi bolgan Al Chelyabiden Kishinevke ushyp bara zhatkan kelesi әue kemesinde 88 zholaushy men 6 ekipazh mүshesi otyrgan Nәtizhesinde eki ushaktyn kүrsisine zhajgaskan 178 zholaushynyn aralarynda 36 bala bar bәri biri kalmaj kaza tapkan Bir tәuiri komandanyn kosalky kuramy sodan bir kүn buryn ushyp ketken eken T Kejin belgili bolganyndaj senbi kүni tanerten Tashkenttin aeroportyna baska da zholaushylarmen birge Pahtakordyn Minskidegi matchka katysulary yktimal negizgi kuramynyn ojynshylary zhinalady Futbolshylardyn bәri aua rajynyn kabagyna bagyp zhenil kiinip kelgen eken shabuylshy Vladimir Fyodorov kana erekshe kymtanyp alypty Zholdastarynyn Munyn ne degen suragyna ol әjelinin Minskide kүnnin salkyn ekenin bildirip kalyn kiindirip zhibergenin ajtyp zhauap beredi Aeroflot kompaniyasynyn Tu 154 ushagy Mәskeu uakyty bojynsha 11 30 sagatta Tashkentten kok zhүzine koterilip Gurev Doneck Minsk bagytyna bet tүzedi Sodan 20 minut kejin Oral taularynyn bokterinen Voronezh arkyly moldovan baskentine sapar syzgan kelesi ushak Tu 134 әue zholyna әuen kosty Dәl sol mәuritte budan kejingi okigalarga tikelej katystary bolatyn Harkovtegi әuezhajdyn baskaru beketinde Sergej Sergeev degen baskaratyn dispetcherler komandasy kezekshilik atkaryp zhatyr eken Onyn karamagynda aga nuskaushy Vladimir Sumskoj zhәne dispetcher Nikolaj Zhukovskij degen zhigitter bolypty Bulardyn songysynyn stazhyor retinde zhumyska kabyldanganyna nebәri 2 5 aj gana tolgan Osy rejsterdi kadagalaudyn nege sol zhigitke tapsyrylgany әli kүnge dejin anyktalgan zhok Onyn ozin bakylau zhasau odan gori tәzhiribesi barshylyk Sumskojga zhүktelipti Muny nelikten Sergeevtin ozi atkarmagany da sol zhumbak kalpynda kalyp tur Al zhas dispetcher eki lajnerdi bar zhogy үsh minuttyk kana ajyrmashylykpen әue zholynyn bir nүktesinen ushyp otetin etip belgilep kojypty Shyn mәninde ekipazhdarga bugan 60 sekundtan da az uakyt beriledi Eki ushak ta bul kezde 8400 metr biiktikte sagatyna 800 shakyrymdyk zhyldamdykpen bir birine karama karsy bagyt ustap zaulap agyp kele zhatady Tragediyaga bar bolgany eki minuttaj uakyt kalgan shakta Sumskoj stazhyordin esepterin bir tekserip shygyp zamatynda kup ku bolyp kaltyrap sala beredi Sosyn dereu baskaru tizginin kolga alyp ekipazhdardyn birine shugyl zhogary koteriludi tapsyrady Ana zhaktan kuptarlyk zhauap algannan kejin uһ dep dem shygaryp otyra ketedi Alajda ol arada birneshe minut otkennen kejin tapsyrma kabyldandy degen signaldy bergen 154 tin emes 134 tin komandiri ekenin bir ak biledi Bul kezde bolatyn okiga bolyp kojgan edi Ұshak Kurilovka degen derevnyanyn zhanyna kulajdy Auyl adamdary sol kүni үjlenu tojynda otyr eken Aspannan zhaugan ushak zhankalary bular zhajgaskan zherge zhetedi Қaueset bojynsha sol zherde otyrgan zhurt arasynda zhүrekteri zharylyp olgender de kezdesipti Birak ushaktardyn bir birimen kandaj zhagdajda soktygyskandary zhoninde nakty bolzham zhok Әrkim әrtүrli ajtady Sonyn ishinde eki versiya kobirek auyzga alynady Bulardyn birinshisi eki lajnerdin betpe bet kelip tүjiskenderin alga tartsa kelesisi Chelyabiden kele zhatkan ushak Tashkent lajnerinin artky zhagyna kanatymen kelip sokkan degen tuzhyrymga kazyk bajlajdy Ekinshi bolzham pilottar bir birine zhakyndap kalgan sәtterin apatka sanauly mezetter kalgan shakta korip үlgergen birak zhaltaryp ketuge esh mүmkindik bolmagan degen tүsinikten tuyp otyr Eki lajnerdin soktygyskan uakyty 13 35 sagatta oryn aldy dep tirkeldi Dәl sol kүni keshke Mәskeude Lenin atyndagy stadionynda futboldan KSRO Kubogynyn finaldyk matchy ojnalgan edi Kezdesudin songy zhagynda zhankүjerler alandagy tartyska onshalykty konil bolmej dүrligisip ketti Bugan sol aralykta Pahtakordyn әue apatyna ushyrap tolyk kuramymen opat bolgany turaly kauesettin stadion ishinde zheldej esip ketkeni әser etti Sol bojda zhel sozdin kau ete kalgany sondaj Luzhniki sport arenasynda otyrgandardyn kopshiligi munyn Leonid Brezhnev otyryp bara zhatkan ushaktyn әuedegi zholyn tazartu үshin atyp tүsiruden tuganyna senimdi boldy Bir bolzham bojynsha sol kezde bas hatshy Brezhnev ekinshi versiyada Ukrainanyn birinshi hatshysy Қyrymga karaj ushyp bara zhatady sondyktan sol aumakta 10 myn metr biiktikke dejin baska eshbir lajner zhiberilmegen Birak bul bolzhamdar akyry ajkyndalmagan kүji kalyp kojdy Mundaj apattardan kejin zhii anyktalyp zhatatynyndaj biri zholaj kiltin umytyp үjine kajtyp baryp biri mashinasyna әldekim sogyp ketip tagy birin aeroportka barar zholda zhumyska shugyl shakyrtyp sapardan kaldyryp birneshe zholaushynyn rejske үlgere almagan okigalary bul kezekte de oryn alypty Bireuler әuezhaj gimaratyna endi kele bergende lajner aspanga endep enip bara zhatkan eken Sojtip olardyn bәri turalap kelgeli turgan azhal aranynan kezdejsok aman kalypty Al Pahtakordyn zhagdajynda sheshushi faktor budan sәl baskashalau bolgan onda kerisinshe aman kaluga tiisti futbolshylardyn olimge ozi baryp kojyp ketkeni bajkalgan Ajtalyk sonyn aldynda Tashkentte Zaryamen otken ojynda zharakat algan zhartylaj korgaushy Mihail An Minskige barudan bosatylgan eken Komandany saparga shygaryp saluga kelgen ony zholdastary tek matchty korip kajtu үshin gana koyarda kojmaj ozderimen birge ala ketipti Қosalky kuramnyn 18 zhasar mүshesi Sirozhiddin Bazarov budan bir kүn buryn oz әriptesterimen birge belorus ordasyna ushyp ketuge tiisti edi Birak sol kүni әkesi kelip kalyp bortka zhetip үlgere almapty Sosyn zheksenbi kүni otetin ojynga negizgi kurammen baryp katyspakshy bolypty Sonymen birge bul saparda boluga tiisti kisilerdin onda bola almaj apatka urynbaj kalgan derekteri de bar Mysaly komandanyn aga zhattyktyrushysy ol kezde bas zhattyktyrushy solaj atalady S P Oleg Bazilevich otbasy zhagdajymen Minskige erterek kosalky kurammen birge ushyp ketedi Қakpashy Aleksandr Yanovskij men shabuylshy Tolegen Isakov zharakattaryna bajlanysty saparga attanbajdy Қorgaushy Anatolij Mogilnyj ushakka keshigip keledi Aeroporttyn tүbinde turatyn massazhist Anatolij Dvornikov bir kүn buryn tugan kүnin tojlap tanerten ujyktap kalady Қaza tapkandarAl Dneprodzerzhinsk tүbinde kүlge ajnalyp ketken Pahtakor komandasynyn shaһitteri katarynda zhattyktyrushy Izgaj Tazetdinov dәriger Vladimir Chumakov әkimger Mansur Talibdzhanov ojynshylar Sergej Pokatilov Viktor Churkin Yurij Zagumennyh Mihail An Sirozhiddin Bazarov Ravil Agishev Konstantin Bakanov Alym Ashirov Nikolaj Kulikov Vladimir Fedorov Vladimir Sabirov Shuhrat Ishbutaev Vladimir Makarov zhәne Aleksandr Korchenov bar edi Bulardyn arasyndagy Viktor Churkin Shymkent futbol mektebinin tүlegi bolatyn Қaza tapkan sportshylar 17 tamyz kүni Өzbekstan astanasyndagy Botkin mazaratynda zher kojnyna berildi Kenes Odagynyn ortalyk bukaralyk akparat kuraldary bul okiga turaly is zhүzinde kopke dejin zhak ashkan zhok Tipti Sovetskij sport gazetinin ozi bir aptadan kejin gana komandanyn apatka ushyragany turaly tittej akpar berip koya saldy Alajda futbolshylardy songy saparga shygaryp salu zhogary dengejde otkizildi Ogan Өzbekstannyn zhogary partiya basshylarynyn bәri katysty Osygan arnalgan karaly zhiyn Tashkent aeroportynda otkizilip sonynan futbolshylar denesi salyngan tabyttar kala koshelerimen alyp otildi Apattan kejinKSRO Sport komiteti osy aralykta zhana komanda zhasaktap shygaru mәselesin ote kyska merzim ishinde shugyl sheshe bildi Onyn shakyruy bojynsha komandaga CSKA Mәskeu Spartak Mәskeu Dinamo Mәskeu Dinamo Minsk Lokomotiv Mәskeu Torpedo Kutaisi Chernomorec Odessa Karpaty Lvov Pamir Dushanbe Dinamo Kirov Metallurg Tula Aktyubinec Aktobe Neftyanik Fergana Yangier Yangier Avtomobilist Termez komandalarynan futbolshylar keldi Sojtip Minskini kospaganda 17 19 tamyz kүnderi ojnalgan tagy bir turdy gana zhiberip algan Pahtakor nebәri apattan 12 kүn kejin ozinin mүlde zhana kuramymen 23 tamyzda Erevanda Araratpen kezdesti Onyn sapynda Yanovskij Nechaev Enns Bondarev Shirin Kim Denisov Glushakov Cereteli Shajmardanov K Novikov Karman 65 alanga shykty Bulardyn arasynda kakpashydan baskalarynyn bәri shynynda nukyl boten ojynshylar edi Match 3 1 esebimen alan ielerinin pajdasyna sheshildi Tashkenttikterden Valerij Glushakov 10 minutta ojynnyn esebin ashty Budan kejin Pahtakor 27 tamyzda oz alanynda Tbilisidin Dinamosyn kabyldap 2 1 esebimen zheniske zhetti Kezdesude birinshi goldy David Kipiani 9 minutta sogyp mejmandardy alga shygarsa 13 minutta Renat Fajruzov tarazy basyn tenestirdi al 65 minutta Vladimir Nechaev ozbek komandasyna zhenis alyp berdi Ojyndy koru үshin stadionga 50 myn zhankүjer zhinaldy Eki ushak apatynyn sebepterin anyktau togyz ajga sozyldy Onyn korytyndysymen sot 29 zhastagy Vladimir Sumskoj men 22 zhasar Nikolaj Zhukovskijdin erbirin 15 zhyldan zhalpy rezhimdegi koloniyada otyru zhazasyna kesti Alajda olardyn basshysy Sergej Sergeev sotka tipti kuә retinde de shakyrylgan zhok Munyn sebebi әli kүnge dejin belgisiz Osyndaj zhaza arkalap ketken Sumskoj alty zharym zhyldan kejin zhaksy minez kulky үshin kulyp astynan bosap shykty Birak Zhukovskijdin tagdyry kajgyly ayaktaldy ol koloniyada ozin ozi asyp oltirdi Serik Pirnazardyn makalasynanDerekkozderhttps www facebook com permalink php story fbid 157402962044727 amp id 100033250715967 amp cft 5B0 5D AZVnU8MIEMpRvgfFsw9RNEicwsb3 VeDxmBy1xZsLcNaoAk4JtKAOF2B1jOwn PmCOjiDqazBbbEUYJXOCnSyCZOZUB8eClwXVG9ommWXpNZmRGRmkwvmCAumCk17ITwAQc amp tn 2CO 2CP RSiltemelerhttp www bulvar com ua arch 2008 27 487481a7a81c4 Muragattalgan 14 tamyzdyn 2013 zhyly http airdisaster ru database php id 25