Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып аталады. Жер аумағы 356,96 мың км2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы. Халқының 94 % немістер. Ресми тілі – неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар мүшелерінің бірдей санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықаралық жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы – қос палаталы (бундестаг және будесрат) парламент. аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы – . Ұлттық мерекесі – Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 жылы Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған күні). Федеральдік Конституциясы 1949 жылы қабылданған. Ірі қалалары Бонн, Гамбург, Мюнхен, т.б.
Табиғаты
Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі Солтүстік теңізге, Оңтүстігіндегі өзендер Дунайға құяды. Батысы мен солтүстік батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік – шығысының климаты қоңыржай – континентік болып келеді. Қаңтардағы орташа температурасы 0оС, ал шілде айында 16-17 оС, оңтүстігінде 20-22 оС. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500-600 мм, тау бөктерлерінде 1000-2000 мм.
Тарихы
Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстанған. Б.з.б. 3-2 мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б 1-мыңжылдықта темір қорытуды меңгерді. Б.з.б 1 ғасырда Рейіннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4-ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстен келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5 ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. 6-8 ғасырларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. Олар христиан дінін де осы кезде қабылдады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-нің басшылығымен 919 жылы Герман корольдігі құрылды. Алғашқыда бұл корольдікке 4 тайпалық герцогтік бағынды. Кейін Лоторингия және Фризия қосылды. 962 жылы герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін «Қасиетті Рим империясы» тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032-34 ж империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды. Корольдік 11 ғасырдың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. 18 ғасырға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты. 13 ғасырда корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен шыққан княздер шығысқа жорықтар жасап, лив, эстон, пруссия тайпаларының жерлерін жаулап алды. Соның нәтижесінде Германияның аумағы шығысқа қарай екі есеге жуық ұлғайды. Алайда Италиядан бастап Балтық бойына дейін созылып жатқан корольдікте ықпалды әулеттер билеген жеке-жеке князьдіктердің беделі күшті болды. Әсіресе, корольді сайлау құқығын иеленіп алған курфюреттер жеткеші топқа айналды. 1517-1648 жылдардағы діни реформалар, 1524-25 ж шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс т.б. оқиғалардан кейін де герман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Напалеон І Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейін «Қасиетті Рим империясы» жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылы әрі қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатты бөгет жасады. 1815 жылы Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман Одағы құрылды. Бірақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез дамып, 1866 жылы Австрияға күрйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты Солтүстік Герман одағын құрды.
«Темір Канцлер» О.Бисмарктың басшылығымен Пруссия 1870 жылы Францияға қарсы соғыс ашып, елдің бірігуін аяқтады. Дүние жүзіне үстемдік орнату мақсатында Германия 1879-81 жылы Австро-Венгрия және Италиямен «Үштік Одақ» құрды. Бұған қарсы 1891-93 жылы Франция – Ресей одағы, 1904-07 жылы Антанта одағы құрылды. Бұл әскери одақтар арасындағы қайшылық бірінші дүниежүзілік соғысқа әкелді.
1933 жылы Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан кейін елде кең көлемде жазалау шаралары басталды. Германияда фашистік диктатура орнады. 1939 жылы Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-дүниежүзілік соғыс басталды. Дүние жүзі елдері Гитлерге қарсы одақ құрды. Осы одақтың, ең алдымен, КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Германия 1945 жылы 8 мамырда тізе бүгу туралы актіге қол қойды.
1949 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Франция әскерлері тұрған аймақтар біріктіріліп Германия Федеративтік Республикасы, 1949 жылы қазанда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия Демократиялық Республикасы құрылды.
1985 жылы КСРО да, кейіннен басқа да социалистік елдерде басталған саяси реформалардың нәтижесінде 1990 жылы 3 қазанда Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті.
Экономикасы
Германия аса жоғары дамыған индустриялы – аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6 % -ін өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ін ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономиканың негізгі салалары: қоңыр көмір мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Электр энергиясы негізінен , жылу электр станцияларынан және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында халықтың 5 %-і ғана жұмыс істегенмен, еңбек өнімділігі өте жоғары. Ол екі үлкен салаға: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Елдегі темір жолдың ұзындығы 91,6 мың км, автомобиль жолының ұзындығы 496,6 мың км, теңіз-сауда флотының жылдық тасымал көл 5,6 млн тонна шамасында. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарды.
Германия Қазақстанның егемендігін 1991 жылы 31 желтоқсанда таныды және дипломатиялық қатынастар орнатты. Екі ел арасында экономика, ғылым, техника т.б. салалар бойынша келісімдер жасалған. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды. Қазақстанның Германияға жіберетін экспорт мөлшері 495 млн, ал ол елден импорт – 160 млн неміс маркасы көлемінде. Қазақстанда 80-нен аса неміс компанияларының өкілдіктері ашылған, олар 102 бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істейді. Германия инвестициясы Батыс Қазақстандағы мұнай және газ орындарын барлау қызметіне, Солтүстік Қазақстанда аса ірі электр станциясын салуға, Астанада әуежай салуға, т.б. салаларға жұмсалуда. 400 ден аса қазақстандық жастар Германияда білім алуда. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға ұлғая түсуде.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Germaniya Federativtik Respublikasy Ortalyk Europada ornalaskan memleket Kejbir tүrki tilderinde Almaniya bolyp atalady Zher aumagy 356 96 myn km2 Halky 81 7 mln Astanasy 1991 zhyldan Berlin kalasy Halkynyn 94 nemister Resmi tili nemis tili Halkynyn kopshiligi hristian dininin protestant zhәne katolik tarmagyn ustanady Germaniya kuralgan federativti respublika Әr ajmaktyn oz konstituciyasy parlamenti zhәne үkimeti bar Federaldik prezident arnajy shakyrylgan bundestag zhәne landtagtar mүshelerinin birdej sanynan kuralgan federaldik zhinalysta 5 zhyl merzimge sajlanyp otyrady Prezident memleket basshysy retinde halykaralyk zhiyndarga katysady shet eldermen kelisimsharttarga kol koyady elshilerdi federaldik sottardy tagajyndajdy t b Eldegi atkarushy bilikti federaldik kancler zhүrgizedi Zhogargy zan shygarushy organy kos palataly bundestag zhәne budesrat parlament ajmak okilderinen kuralgan Akshasy Ұlttyk merekesi German birligi kүni 3 kazan 1990 zhyly Germaniya Demokratiyalyk Respublikasynyn Germaniya Federativtik Respublikasyna kosylgan kүni Federaldik Konstituciyasy 1949 zhyly kabyldangan Iri kalalary Bonn Gamburg Myunhen t b TabigatyGermaniyanyn soltүstigin Orta Europa zhazygy alyp zhatyr Ontүstiginde Shygys Alpi tau zhotalary ornalaskan Өzenderinin kopshiligi Soltүstik tenizge Ontүstigindegi ozender Dunajga kuyady Batysy men soltүstik batysynyn klimaty konyrzhaj tenizdik al ontүstik shygysynyn klimaty konyrzhaj kontinentik bolyp keledi Қantardagy ortasha temperaturasy 0oS al shilde ajynda 16 17 oS ontүstiginde 20 22 oS Zhauyn shashynnyn ortasha zhyldyk molsheri 500 600 mm tau bokterlerinde 1000 2000 mm TarihyGermaniya zherin adam balasy paleolit dәuirinde ak konystangan B z b 3 2 mynzhyldykta zhergilikti turgyndar mal sharuashylygymen zhәne eginshilikpen ajnalysty al b z b 1 mynzhyldykta temir korytudy mengerdi B z b 1 gasyrda Rejinnin batys zhagalauy Rim imperiyasynyn kol astyna karady 4 gasyrdyn ayagynda germandyktardyn algashky tajpalyk odaktary pajda boldy Olar shygysten kelgen gun tajpalarymen kosylyp 5 gasyrda Batys Rim imperiyasyn talkandady 6 8 gasyrlarda german tajpalary frankterdin kol astyna karady Olar hristian dinin de osy kezde kabyldady 843 zhyly Frank imperiyasy ydyragan kezde Shygys Frank koroldigine bagyndy Osy memlekettin negizinde german tajpalary kajtadan biriktirilip Germaniyanyn tungysh koroli Genrih I nin basshylygymen 919 zhyly German koroldigi kuryldy Algashkyda bul koroldikke 4 tajpalyk gercogtik bagyndy Kejin Lotoringiya zhәne Friziya kosyldy 962 zhyly german koroli Otton I Rimdi zhaulap alyp Rim papasy tagyna otyrdy Osy kezden bastap german korolderi ozderin Қasietti Rim imperiyasy tagynyn muragerleri dep zhariyalady 1032 34 zh imperiya kuramyna Burgundiya koroldigi kosyp alyndy Koroldik 11 gasyrdyn ortasynan bastap sayasi bytyrankylykty bastan keshirdi 18 gasyrga dejin koroldikti bileushi 17 әulet auysty 13 gasyrda koroldik kuramyndagy kejbir knyazder әsirese Sakson әuletinen shykkan knyazder shygyska zhoryktar zhasap liv eston prussiya tajpalarynyn zherlerin zhaulap aldy Sonyn nәtizhesinde Germaniyanyn aumagy shygyska karaj eki esege zhuyk ulgajdy Alajda Italiyadan bastap Baltyk bojyna dejin sozylyp zhatkan koroldikte ykpaldy әuletter bilegen zheke zheke knyazdikterdin bedeli kүshti boldy Әsirese koroldi sajlau kukygyn ielenip algan kurfyuretter zhetkeshi topka ajnaldy 1517 1648 zhyldardagy dini reformalar 1524 25 zh sharualar sogysy otyz zhyldyk sogys t b okigalardan kejin de german knyazdikteri ortalyk bilikke tutas bagyna kojmady Francuz imperatory Napaleon I Avstriya men Prussiyany talkandagannan kejin Қasietti Rim imperiyasy zhojylyp german knyazdikterinin bytyrankyly әri karaj zhalgasty Bul zhagdaj Germaniyanyn әleumettik ekonomikalyk damuyna katty boget zhasady 1815 zhyly Vena kongresinin sheshimimen Avstriyanyn baskaruyndagy German Odagy kuryldy Birak Prussiya әskeri ekonomikalyk zhagynan tez damyp 1866 zhyly Avstriyaga kүrjrete sokky berdi de ozine tikelej bagynyshty Soltүstik German odagyn kurdy Temir Kancler O Bismarktyn basshylygymen Prussiya 1870 zhyly Franciyaga karsy sogys ashyp eldin biriguin ayaktady Dүnie zhүzine үstemdik ornatu maksatynda Germaniya 1879 81 zhyly Avstro Vengriya zhәne Italiyamen Үshtik Odak kurdy Bugan karsy 1891 93 zhyly Franciya Resej odagy 1904 07 zhyly Antanta odagy kuryldy Bul әskeri odaktar arasyndagy kajshylyk birinshi dүniezhүzilik sogyska әkeldi 1933 zhyly Gitler kancler bolyp tagajyndalgannan kejin elde ken kolemde zhazalau sharalary bastaldy Germaniyada fashistik diktatura ornady 1939 zhyly Germaniya әskerlerinin Polshaga basyp kiruimen 2 dүniezhүzilik sogys bastaldy Dүnie zhүzi elderi Gitlerge karsy odak kurdy Osy odaktyn en aldymen KSRO әskerlerinin zhankiyarlyk kүsh zhiger zhumsauynyn nәtizhesinde Germaniya 1945 zhyly 8 mamyrda tize bүgu turaly aktige kol kojdy 1949 zhyly AҚSh Ұlybritaniya Franciya әskerleri turgan ajmaktar biriktirilip Germaniya Federativtik Respublikasy 1949 zhyly kazanda Kenes әskerleri turgan ajmakta Germaniya Demokratiyalyk Respublikasy kuryldy 1985 zhyly KSRO da kejinnen baska da socialistik elderde bastalgan sayasi reformalardyn nәtizhesinde 1990 zhyly 3 kazanda Berlin kabyrgasy kulatylyp eki german memleketi kajtadan birikti EkonomikasyGermaniya asa zhogary damygan industriyaly agrarly el Eldegi ulttyk tabystyn 33 6 in onerkәsip pen kurylys onimderi al 1 2 in auyl sharuashylygy onimderi men orman sharuashylygy beredi Ekonomikanyn negizgi salalary konyr komir men tas komir shygaru kara zhәne tүsti metallurgiya himiya elektrtehnikasy men radioelektronika mashina zhasau keme zhasau stanok shygaru kurylys materialdary zhenil zhәne tamak onerkәsipteri Elektr energiyasy negizinen zhylu elektr stanciyalarynan zhәne shamamen i AES terden alynady Bugan kosa farfor onimderi men muzykalyk aspaptar baspa mashinalary men ogan kazhetti onimder shygaru da zhaksy zholga kojylgan Auyl sharuashylygynda halyktyn 5 i gana zhumys istegenmen enbek onimdiligi ote zhogary Ol eki үlken salaga mal sharuashylygy men egin sharuashylygyna bolinedi Sharap shygaru men balyk aulau zhaksy damygan Eldegi temir zholdyn uzyndygy 91 6 myn km avtomobil zholynyn uzyndygy 496 6 myn km teniz sauda flotynyn zhyldyk tasymal kol 5 6 mln tonna shamasynda Turizm zhaksy damygan El eksportka mashina kural sajmandar himiya onimderin zhenil onerkәsip onimderin shygardy Germaniya Қazakstannyn egemendigin 1991 zhyly 31 zheltoksanda tanydy zhәne diplomatiyalyk katynastar ornatty Eki el arasynda ekonomika gylym tehnika t b salalar bojynsha kelisimder zhasalgan Tarihi otanyna kajtuga ruksat etilgennen kejin 700 mynnan asa kazakstandyk nemister Germaniyaga konys audardy Қazakstannyn Germaniyaga zhiberetin eksport molsheri 495 mln al ol elden import 160 mln nemis markasy koleminde Қazakstanda 80 nen asa nemis kompaniyalarynyn okildikteri ashylgan olar 102 birlesken kәsiporyndarda zhumys istejdi Germaniya investiciyasy Batys Қazakstandagy munaj zhәne gaz oryndaryn barlau kyzmetine Soltүstik Қazakstanda asa iri elektr stanciyasyn saluga Astanada әuezhaj saluga t b salalarga zhumsaluda 400 den asa kazakstandyk zhastar Germaniyada bilim aluda Eki el arasyndagy karym katynas zhyldan zhylga ulgaya tүsude Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet