Экстракциялау (лат. extractіo – бөліп алу) – таңдап алынған еріткіштер көмегімен сұйық немесе қатты заттардан бір немесе бірнеше құраушыларын бөліп алу әдісі. Экстракциялаупроцесі үш сатыдан тұрады: 1) заттардың бастапқы қоспасын экстрагентпен араластыру; 2) түзілген екі фазаны мех. жолмен ажырату; 3) екі фазадағы экстрагентті пайдалану үшін бөліп алу. Мех. жолмен бөлгенде заттың экстрагенттегі ерітіндісі (экстракт) және бастапқы ерітіндінің қалдығы (рафинад) алынады. Олардан экстрагентті дистилдеу, буландыру, кристалдау, т.б. әдістермен алады. Экстракциялауүшін алынған экстрагенттердің төмендегідей ерекшеліктері болуы керек: таңдамалылығы, жылдам қалпына келуі, бастапқы еріткіштен тығыздығы немесе тұтқырлығы бойынша өзгешелігі, ұшқыштығының аз болуы, улы болмауы, т.б. Экстракциялаудың артықшылығына: жұмыстық темп-раның төмен болуы, сұйытылған ерітіндіден бағалы құраушыны немесе қажетсіз қоспаны бөліп алу тиімділігі, қайнау температурасы жақын заттарды бөлу және ректификациялы біріктіру мүмкіндігі, т.б. жатады. Экстракциялау мұнай өнімдерінен ароматтық көмірсутектерді, минералдық кендерден металдарды, өсімдік шикізаттарынан органик. қосылыстарды, т.б. бөліп алу үшін қолданылады. Экстракциялау аналитик. химияда: элементтерді хим. талдау, оларды бөлу және тазалау, т.б. үшін қолданылады. Онда экстрагент ретінде спирт, кетон, жай және күрделі эфирлер, аминдер, т.б. қосылыстар пайдаланылады.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 10 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ekstrakciyalau lat extractio bolip alu tandap alyngan eritkishter komegimen sujyk nemese katty zattardan bir nemese birneshe kuraushylaryn bolip alu әdisi Ekstrakciyalauprocesi үsh satydan turady 1 zattardyn bastapky kospasyn ekstragentpen aralastyru 2 tүzilgen eki fazany meh zholmen azhyratu 3 eki fazadagy ekstragentti pajdalanu үshin bolip alu Meh zholmen bolgende zattyn ekstragenttegi eritindisi ekstrakt zhәne bastapky eritindinin kaldygy rafinad alynady Olardan ekstragentti distildeu bulandyru kristaldau t b әdistermen alady Ekstrakciyalauүshin alyngan ekstragentterdin tomendegidej erekshelikteri boluy kerek tandamalylygy zhyldam kalpyna kelui bastapky eritkishten tygyzdygy nemese tutkyrlygy bojynsha ozgesheligi ushkyshtygynyn az boluy uly bolmauy t b Ekstrakciyalaudyn artykshylygyna zhumystyk temp ranyn tomen boluy sujytylgan eritindiden bagaly kuraushyny nemese kazhetsiz kospany bolip alu tiimdiligi kajnau temperaturasy zhakyn zattardy bolu zhәne rektifikaciyaly biriktiru mүmkindigi t b zhatady Ekstrakciyalau munaj onimderinen aromattyk komirsutekterdi mineraldyk kenderden metaldardy osimdik shikizattarynan organik kosylystardy t b bolip alu үshin koldanylady Ekstrakciyalau analitik himiyada elementterdi him taldau olardy bolu zhәne tazalau t b үshin koldanylady Onda ekstragent retinde spirt keton zhaj zhәne kүrdeli efirler aminder t b kosylystar pajdalanylady DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy 10 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet