Космос – бұрынғы Кеңес Одағынан ұшырылған Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде және атмосфераның жоғарғы қабатында ғылыми, техникалық, т.б. зерттеулер жүргізуге арналған ЖЖС-тері сериясының атауы. “Космос” ЖЖС-терін ұшыру 1962 ж. 16 наурыздан басталды. “Космос”-тың ғылыми бағдарламасында: зарядты бөлшектердің концентрациясын, корпускулалық ағынды, радиотолқындардың таралуын, Жердің радиациялық белдеуін, ғарыш сәулелерін, Жердің магнит өрісін, Күн сәулесін, метеорлық заттарды, Жер атмосферасындағы бұлттар жүйесін, ғарыш кеңістігінің әсерлерін, ғарыштық ұшулардың техникалық проблемаларын шешу (орбитада түйісу, ғарыштық ұшу аппаратының атмосфераға енуі, сәулеленуден қорғану, т.б.), ғарыштық ұшу аппаратының құралымдық элементтері мен борттық жүйелерін сынау, сондай-ақ, әскери-ғарыштық барлау мәселелері болды. “Космос” ЖЖС-тері көтерілу биіктігі 140 км-ден (“Космос-244”) 60600 км-ге (“Космос-159”) дейінгі дөңгелек не эллипстік орбитаға жіберілді. Олардың орбиталарының еңкею диапазоны 0,1-тен (“Космос-775”) 98-қа дейін (“Космос-1484”) болды. Бұл еңкею диапазоны ғылыми аппаратураларды Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінің кез келген ауданына жеткізуге мүмкіндік берді. “Космос” ЖЖС-терінің айналу периоды 87,3 минуттан (“К.-244”) 24 сағат 2 минутқа (“Космос-775”) дейін, қызмет көрсету уақыты орбитаның параметрлері мен борттық жүйе ресурстарының жұмысына байланысты болды. Мысалы, “Космос-27” орбитада 1 тәулік болған, ал “Космос-80-нің” орбитада болуы 10 жылға есептелінген. Олармен хабар алмасу, негізінен, 20, 30 және 90 МГц диапазондарында өтті, кейбір “Космос” ЖЖС теледидар байланысымен жабдықталған. Бірқатар “Космос” ЖЖС серияларында ғылыми аппаратуралардың Жерге қайта оралатын капсулалары болды. 1.1.1984 жылға дейін 1521 “Космос” ЖЖС-тері ұшырылған.
Пайдаланған әдебиет
, 11 - том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kosmos buryngy Kenes Odagynan ushyrylgan Zher toniregindegi garysh kenistiginde zhәne atmosferanyn zhogargy kabatynda gylymi tehnikalyk t b zertteuler zhүrgizuge arnalgan ZhZhS teri seriyasynyn atauy Kosmos ZhZhS terin ushyru 1962 zh 16 nauryzdan bastaldy Kosmos tyn gylymi bagdarlamasynda zaryadty bolshekterdin koncentraciyasyn korpuskulalyk agyndy radiotolkyndardyn taraluyn Zherdin radiaciyalyk beldeuin garysh sәulelerin Zherdin magnit orisin Kүn sәulesin meteorlyk zattardy Zher atmosferasyndagy bulttar zhүjesin garysh kenistiginin әserlerin garyshtyk ushulardyn tehnikalyk problemalaryn sheshu orbitada tүjisu garyshtyk ushu apparatynyn atmosferaga enui sәulelenuden korganu t b garyshtyk ushu apparatynyn kuralymdyk elementteri men borttyk zhүjelerin synau sondaj ak әskeri garyshtyk barlau mәseleleri boldy Kosmos ZhZhS teri koterilu biiktigi 140 km den Kosmos 244 60600 km ge Kosmos 159 dejingi dongelek ne ellipstik orbitaga zhiberildi Olardyn orbitalarynyn enkeyu diapazony 0 1 ten Kosmos 775 98 ka dejin Kosmos 1484 boldy Bul enkeyu diapazony gylymi apparaturalardy Zher toniregindegi garysh kenistiginin kez kelgen audanyna zhetkizuge mүmkindik berdi Kosmos ZhZhS terinin ajnalu periody 87 3 minuttan K 244 24 sagat 2 minutka Kosmos 775 dejin kyzmet korsetu uakyty orbitanyn parametrleri men borttyk zhүje resurstarynyn zhumysyna bajlanysty boldy Mysaly Kosmos 27 orbitada 1 tәulik bolgan al Kosmos 80 nin orbitada boluy 10 zhylga eseptelingen Olarmen habar almasu negizinen 20 30 zhәne 90 MGc diapazondarynda otti kejbir Kosmos ZhZhS teledidar bajlanysymen zhabdyktalgan Birkatar Kosmos ZhZhS seriyalarynda gylymi apparaturalardyn Zherge kajta oralatyn kapsulalary boldy 1 1 1984 zhylga dejin 1521 Kosmos ZhZhS teri ushyrylgan Pajdalangan әdebiet 11 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet