Кездік – қыны кісе белбеуге тағылатын, аңшылықта қолданылатын, басы бір жүзді кішкене пышақ.
Атау түсінігі
Түркі халықтарында көне магиялық түсініктерге байланысты аңшылықта қолданылатын құралдардың атын атауға тыйым салынып, өз атауының орнына зат пен оның әрекетінің, жасалған материалының метонимиялық байланысына негізделген эвфемистік жанама атау қолданылды.
Осы секілді кесетін қару – пышақтың атын да аңшылық кезінде тура атамай кездік, кестік деп («кескір құрал» деген мағынада) атап, кейін бұл атау түркі халықтарында пышақтың аңшылықта қолданылатын түрінің атауы болып қалыптасты.
Жасалуы мен қолданысы
Қазақтар кездіктің сабын ағаштан, сүйектен, аңның мүйізінен жасап, жүзін шынықтырылған асыл құрыштан соққан. Аңға шыққанда кездікті теріден тігілген қынға салып, белге тағып алып жүрді. Пышақтың кішкентай түрін кейде "құс кездік" деп атау ертеден қалыптасқан. Бұл туралы: "Арсалақтап жүгіріп, асығыста сүрініп, кеудесіне мініпті. Құс кездігін суырып, кеудесінен тіліпті", – деп келетін этномәдени дерек «Алпамыс» жырында сақталған.
Сонымен бірге кездік өлшем құралы ретінде де қолданған. Мәселен, шөбін орып алған жерге шыққан, шөптің кездік бойы өсіп қалған кезін «кездік бойы алқымдағанда» деп сипаттайды.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Кайдаров А.Г. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение. ИАН КазССР. Серия общественная. 1976. №6;
- Ахметжан К.С. Этнография традиционного вооружения казахов. Алматы: Алматыкітап, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kezdik kyny kise belbeuge tagylatyn anshylykta koldanylatyn basy bir zhүzdi kishkene pyshak Kezdik ҚR ҰM korynan Atau tүsinigiTүrki halyktarynda kone magiyalyk tүsinikterge bajlanysty anshylykta koldanylatyn kuraldardyn atyn atauga tyjym salynyp oz atauynyn ornyna zat pen onyn әreketinin zhasalgan materialynyn metonimiyalyk bajlanysyna negizdelgen evfemistik zhanama atau koldanyldy Osy sekildi kesetin karu pyshaktyn atyn da anshylyk kezinde tura atamaj kezdik kestik dep keskir kural degen magynada atap kejin bul atau tүrki halyktarynda pyshaktyn anshylykta koldanylatyn tүrinin atauy bolyp kalyptasty Zhasaluy men koldanysyҚazaktar kezdiktin sabyn agashtan sүjekten annyn mүjizinen zhasap zhүzin shynyktyrylgan asyl kuryshtan sokkan Anga shykkanda kezdikti teriden tigilgen kynga salyp belge tagyp alyp zhүrdi Pyshaktyn kishkentaj tүrin kejde kus kezdik dep atau erteden kalyptaskan Bul turaly Arsalaktap zhүgirip asygysta sүrinip keudesine minipti Қus kezdigin suyryp keudesinen tilipti dep keletin etnomәdeni derek Alpamys zhyrynda saktalgan Sonymen birge kezdik olshem kuraly retinde de koldangan Mәselen shobin oryp algan zherge shykkan shoptin kezdik bojy osip kalgan kezin kezdik bojy alkymdaganda dep sipattajdy DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterKajdarov A G Dospehi i vooruzhenie voina batyra v kazahskom epose i ih etno lingvisticheskoe obyasnenie IAN KazSSR Seriya obshestvennaya 1976 6 Ahmetzhan K S Etnografiya tradicionnogo vooruzheniya kazahov Almaty Almatykitap 2007