Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Философиялық құндылық
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Философиялық құндылықтар
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Шынайы және алдамшы құндылықтар
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.
Ұлттық құндылықтар
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Сілтемелер
- Беляев И. А. Ценностное содержание целостного мироотношения Мұрағатталған 13 шілденің 2019 жылы. / И. А. Беляев // Вестник Оренбургского государственного университета. — 2004. — № 2. — С. 9-13.
- Гуляихин В. Н., Серова Н. В. Агональные паттерны в системе политико-правовых ценностей российского общества Мұрағатталған 14 мамырдың 2014 жылы. // Вестник Волгоградского государственного университета. Серия 7: Философия. Социология и социальные технологии. 2009. № 2. С. 180—183.
- Қасымбеков М. Б., Пралиев С. Ж., Жампеисова К. К. Мәңгілік ел // Учебник для вузов. 2015. С. 38, 95-96.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қundylyk belgili bir zattyn manyzdylygy kerektigi Syrttaj kundylyk zat ne kubylystyn kasieti bolyp anyktalady Alajda onyn manyzdylygy men pajdalylygy tabigattan obekttin ishki kurylymynyn әserinen emes adam bolmysyna engen adam ogan kushtar ne kazhettilik sezetin nakty kasietterdin subektivti bagalanuynan bolady Қundylyktar zhүjesi adamnyn kүndelikti kogamdyk ne zheke turmystyk bagdarynda onyn ajnalasyndagy zattar men kubylystarga karym katynasynyn ornauynda oryn alady Mysalga stakan susyn ishu kuraly retinde oz pajdaly kasietin tutynushy kundylygy retinde materialdyk igilik retinde korsetedi Enbek onimi zhәne tauar ajnalymynyn zaty retinde stakan ekonomikalyk kundylyk bagalyk retinde bolady Eger stakan oner zaty bolsa ol tagy da estetikalyk kundylyk korkemdikke ie bolady Filosofiyalyk kundylykҚundylyk obektinin zhagymdy nemese zhagymsyz zhaktaryn bildiretin filosofiyalyk sociologiyalyk ugym Filosofiya tarihynda kundylyk korinisinin zandylyktary turaly zhalpy tүsinik 19 gasyrdyn ortasynda pajda boldy Қundylyk ugymyna tungysh filosiyalyk anyktamany R Lotce men G Kogen berdi Ezhelgi filosiyalyk kozkarastarda kundylyktyn әr tүrli korinisterine zhatatyn zhәne tabigi kogamdyk kubylystardy adamnyn is әreketin bagalauda pajdalanylatyn sululyk kajyrymdylyk mejirimdilik sekildi etikalyk zhәne estetikalyk ugymdar koldanyldy Қundylyk obektinin adam үshin kanshalykty manyzdy ekendigin ajkyndajdy Ol pәndik zhәne subektivtik degen eki bolikten turady Pәndik zhәne adamnyn dүniege katynasynyn eki zhagy birinshisi onyn obektisi ekinshisi subektisi Sondyktan pәndik kundylyk baga berudin obektisi al subektivtik kundylyk olardyn olshemi men әdisi bolyp tabylady Pәndik kundylykka zattardyn tabigi kazhettiligi onimnin ozindik kuny әleumettik igilik gasyrlar bojy kalyptaskan mәdeni muralar gylymi akikattyn teoriyasy manyzy men tәzhiribelik pajdasy adamdardyn is әreketindegi zhamandyk pen zhaksylyktyn iske asuy tabigi zhәne kogamdyk obektilerdin estetikalyk kasietteri zhatady Sanadagy kundylyk ugymyna kogamdagy ojlau men bagalau maksat zhәne ogan zhetudin zholdary kogamda kezdesetin tүrli normalar zhatady kundylyktar omirge enbekke shygarmashylykka adam omirinin mәnine t b baga beru katynasynan turady Қundylyktar kogam үshin en manyzdy degen әdet guryptar normalar men mәn magynalar kyzmetin ozine bagyndyrady zhәne rettejdi Қundylyktar adam mүddesinin obektisi bola tura әleumettik zattyk ortadagy kүndelikti tirshilikte bagyt beru rolin atkarady Adam ozin korshagan zattyk zhәne ruhani әlemdi kundylyktar arkyly bagalajdy Onyn shynajy omirge kundylyktyk katynasy tek sana negizinde boluy mүmkin Қundylyktyk sana zattyn biz үshin kanshalykty bagaly onyn kundylygy nede ekenin zerttejdi Filosofiyalyk kundylyktarҚundylyk mәdeniettin kuramdas boligi Mәdeniettin kuramdas boligi boluy sebepti kundylyk adamdardyn ozin ustauyn rettejdi olardyn shynajy tәrtibin ajkyndajdy Mәdeniet kundylyktary tiisinshe materialdyk zhәne ruhani bolyp bolinedi Қundylyktardyn mazmuny kogamnyn mәdeni zhetistikterimen sharttastyrylgan Қundylyktar әlemi sozdin ken magynasynda mәdeniet әlemi degen soz Ol adamnyn ruhani kyzmet ayasy onyn sanasynyn durystygyn ajgaktaushy adamnyn ruhani bajlygynyn elsheuishi ispetti Қundylyktardy mүddelerdin karapajym zhalgasy nemese bejnelenui retinde karastyruga bolmajdy Olar salystyrmaly ozindilikke ie Shynajy zhәne aldamshy kundylyktarAdamnyn ozinin solaj dep tandauyna oraj kundylyk kashanda belgili bir kanagattanarlyk nәrseni bildiredi Al materialdyk zhәne ruhani kazhettikterdin otelui turgysynan kundylyktardyn bәrin kanagattanarlyk kategoriyaga zhatkyzuga bolmajdy Adamdardyn nemese әleumettik toptardyn kazhettilikteri mүddeleri zhone talgamdary әr tүrli bolady Sondyktan barlyk kundylyktar salystyrmaly Қundylyk katynas kanagattanarlyk nemese kanagattangysyz bolyp kelui mүmkin Bireu үshin mynau ekinshi үshin anau kundy Olardyn kajsysyniki durys kajsysy katelesip turganyn relyativistik turgydan ony azhyratyp zhatuda magyna bolmajdy Shynajy dep adamga pajda әkeletin onyn sanasyna zhogary adamdyk kasietterdi siniretin adamdardyn bakyty men igiliktiligin kamtamasyz etetin adamnyn turgasyn azharlandyratyn adammen kogamnyn ilgerilej damuyn kamtamasyz etetin kundylyktardy ajtkan zhon Aldamshy kundylyktarga zheke individter kundylyk dep kabyldaganymen shynynda kogamnyn damuyna septigin tigizbejtin ony keri ketiretin adamdy azdyratyndardy ajtamyz Ұlttyk kundylyktarӘleumettik tarihi tәzhiribe әrbir zhana urpak oz halkynyn otken tәzhiribesin kajta ojlap ulttyk damudyn maksattary men mindetterin ajkyndauymen katar onyn perspektivalaryn tuzhyrymdap nakty uakytta ultka tәn sayasi ideologiyalyk ekonomikalyk mәdeni bagdarlardy kazirgi zamangy әlemge sәjkes ulttyk sana sezimdi kalyptastyratynyn korsetedi Bul process ult tarihynyn asa kүrdeli synu kezenderinde karkyndy zhүredi Ұlttyk sana sezim ult pen adam retinde osy kauymdastyktyn mүshesi retinde sipattalatyn manyzdy faktor bolyp tabylady Zheke tulga ozin ulttyn azhyramas bolshegi retinde sezine otyryp oz halkynyn tarihyn ulttyk kundylyktardy zhazu ulttyk til ruhani mәdeniet pen tagy baska zhetistikteri ulttyk mentalitet halyktyn әlemdik mәdeniet kazynasyna koskan үlesin bagalap onyn damuyna ykpal etedi Ұlttyk sana sezimnin damuy individtin oz yrymdaryn dәstүrlerin yagni etnikalyk tamyryn biluimen bajlanyskan sonymen birge osy үderiste adamgershilik zhalpyadamzattyk kundylyktardy tanu manyzdy Yagni ulttyk sana sezimdi damytudagy manyzdy tarap ondagy etnostyk ulttyk zhәne zhalpyadamzattyk kundylyktardyn arakatynasy bolyp tabylady Zheke tulganyn ulttyk sana sezimine ozinin ulttyk katystylygy turaly subektini tanystyru ozinin etnikalygyn pozitivti kabyldau ulttyn tarihi otkenine onyn bүgini men bolashagyna degen kozkaras ana tilin mengerudegi belsendilik halyk mәdenietin zerdeleudegi belsendilik ulttyk mүddeler men kundylyk bagdarlaryn ugynu zhәne kabyldau baska da etnikalyk kauymdastyktarga karym katynasty kalyptastyru onyn aumaktyk tutastygyn saktauga dajyndyk onyn bajlygyn arttyruga umtylu kiredi Ұlttyk kundylyktar olardyn tarihi ozindik ereksheligi Otan til tarih oner әdebiet zhәne tagy baskalar siyakty korinis tapkan kandaj da bir etnostyk kauymdastyk okilderinin ruhani idealdarynyn zhiyntygy Әr ulttyn dүnietanymy ojlau tүri temperamenti ulttyk sanasy zhәne t b belgili bir zholmen үjlesedi Zhalpyadamzattyk kundylyktar ulttyk kundylyktarga da tәn ornyktylyk zhәne turaktylykpen sipattalady Ұltka zhәne zheke tulgaga katysty mentalitet bastapkyda әdettegi emocionaldy tүrge ie boldy dep ajtuga bolady tek ekonomikalyk әleumettik mәdeni damuga negizdelgen kundylyktardyn pajda boluymen gana ol kop kyrly dүnietanymdyk sipatka ie bolady Ұlttyk mentalitet adamnyn ruhani zhәne materialdyk kundylyktaryn tarihi irikteu nәtizhesinde korshagan әlemge karym katynas zhүjesinde korinis tabady Zhalpyadamzattyk kundylyktardyn bir boligi retinde ulttyk kundylyktar kulyk pen kundylyktar tүrinde on tәzhiribeni saktaushy ulttyn ozin damytu sharasy bolyp individ pen etnos omirinin derbes faktory bolyp tabylady Қogamdyk katynastardyn nakty zhumys isteui onyn dengejine bajlanysty Ұlttyk zhәne әmbebap zhalpyadamzattyk kundylyktar ult subektisinin korshagan shyndykka degen shygarmashylyk katynasyn korsetedi Adam ozin ozi tanuga ozin ozi zhetildiruge belgili bir etnos okili retinde ozin ozi damytuga kabiletti zharkyn daralyk retinde zhasajdy DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қogamdyk bilim negizderi Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Nysanbaev Ғ Esim M Izotov K Zhүkeshev t b Almaty Mektep baspasy 2006 zhyl ISBN 9965 33 570 2 Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7SiltemelerBelyaev I A Cennostnoe soderzhanie celostnogo mirootnosheniya Muragattalgan 13 shildenin 2019 zhyly I A Belyaev Vestnik Orenburgskogo gosudarstvennogo universiteta 2004 2 S 9 13 Gulyaihin V N Serova N V Agonalnye patterny v sisteme politiko pravovyh cennostej rossijskogo obshestva Muragattalgan 14 mamyrdyn 2014 zhyly Vestnik Volgogradskogo gosudarstvennogo universiteta Seriya 7 Filosofiya Sociologiya i socialnye tehnologii 2009 2 S 180 183 Қasymbekov M B Praliev S Zh Zhampeisova K K Mәngilik el Uchebnik dlya vuzov 2015 S 38 95 96 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz