Таусоғар - қазақ мифологиясындағы қиял-ғажайып ертегілері иен ежелгі эпос кейіпкерлерінің бірі. Таусоғар серіктері - , , ‘’арғы әлем’’ мен ‘’осы әлемнің’’ шекаралық мекенінде өмір сүретін мифтік бейнелер. Таусоғар достарымен бірге екі әлемнің аясында ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп,’’арғы әлем’’ өкілдерімен кездесіп, кейіпкерлердің жеңіске жетуіне ықпал етеді. Ертегі сюжеттерінде кейіпкер зәулім бәйтерекке шығып,самұрыққа мініп,’’ өзге әлемге ’’сапар шегеді, сол тұста Таусоғарға жолығып достасады. Зерттеушілер қиял-ғажайып ертегілерінің аталмыш кейіпкерлерін табиғаттың дүлей күштері елесінің адам қалпына түскен бейнесі екендігін айтады (В.Я.Пропп,С.Қасқабасов). Ежелгі түркілер түсінігінде бұл кейіпкерлер табиғат күштерінің, рухтың иелері саналған. Олардың әрбірінің өзіндік мекені бар, олар сол межеден аспай, өз мекенінде қала береді, демек сол кеңістікте ғана билік жүргізе алады. Мифтік таным бойынша Көлтауысар - көл иесі, Желаяқ - жел иесі, Таусоғар - таудың –рухани иесі саналған. Ал ертегілерде Таусоғар бас кейіпкердің көп көмекшілерінің бірі ретінде ғана көрінеді,Таусоғардың мекені тауда немесе таумен тығыз байланысты. Оның бұл қасиеті алып дәу бейнесіне ұқсас келеді,бірақ екеуінің арасында айырма бар.Алып дәу-жартылай адам, жартылай мифтік тұлға,оның дене бітімі кейде құрал-сайманы тауға айналып кетеді. Мысалы оның Толағай тауына, Тасбас шоқысына,енді бірде Бөрітастаған тауына айналады.
Дереккөздер
- «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tausogar kazak mifologiyasyndagy kiyal gazhajyp ertegileri ien ezhelgi epos kejipkerlerinin biri Tausogar serikteri argy әlem men osy әlemnin shekaralyk mekeninde omir sүretin miftik bejneler Tausogar dostarymen birge eki әlemnin ayasynda ertegi kejipkerlerine komektesip argy әlem okilderimen kezdesip kejipkerlerdin zheniske zhetuine ykpal etedi Ertegi syuzhetterinde kejipker zәulim bәjterekke shygyp samurykka minip ozge әlemge sapar shegedi sol tusta Tausogarga zholygyp dostasady Zertteushiler kiyal gazhajyp ertegilerinin atalmysh kejipkerlerin tabigattyn dүlej kүshteri elesinin adam kalpyna tүsken bejnesi ekendigin ajtady V Ya Propp S Қaskabasov Ezhelgi tүrkiler tүsiniginde bul kejipkerler tabigat kүshterinin ruhtyn ieleri sanalgan Olardyn әrbirinin ozindik mekeni bar olar sol mezheden aspaj oz mekeninde kala beredi demek sol kenistikte gana bilik zhүrgize alady Miftik tanym bojynsha Koltauysar kol iesi Zhelayak zhel iesi Tausogar taudyn ruhani iesi sanalgan Al ertegilerde Tausogar bas kejipkerdin kop komekshilerinin biri retinde gana korinedi Tausogardyn mekeni tauda nemese taumen tygyz bajlanysty Onyn bul kasieti alyp dәu bejnesine uksas keledi birak ekeuinin arasynda ajyrma bar Alyp dәu zhartylaj adam zhartylaj miftik tulga onyn dene bitimi kejde kural sajmany tauga ajnalyp ketedi Mysaly onyn Tolagaj tauyna Tasbas shokysyna endi birde Boritastagan tauyna ajnalady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas red B Ayagan 8 tom Almaty Қazak enciklopediyasy Almaty 2006