Домалақ Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған.
Домалақ ана - есімі Нұрила 1378–1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі қожаның үйінде қалдырады.
Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила - араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған.
Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болған, сол жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. XI–XV ғасырлар аралығында Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Домалақ ана кесенесі жерден 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. XX ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған.
1906–1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867–1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942–1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады, бірақ ол көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков. Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталған. Домалақ ана кесенесі - көпшілік тәу етер қасиетті орын.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Domalak Ana Kesenesi Қarataudyn kүngej betinde Balabogen ozeninin angarynda Halyk arasynda Domalak ana atangan Nurila Әli Sylankyzynyn ziratyna turgyzylgan 42 52 30 s e 69 40 11 sh b 42 87500 s e 69 66972 sh b 42 87500 69 66972 G O Ya Domalak ana esimi Nurila 1378 1456 zhyldary omir sүrgen Tүrkistandagy Yassy kystagynda tugan Maktym Agzymnyn zhalgyz uly erzhүrek batyr Aksak Temirdin karamagynda әsker baskargan Әli Slannyn kyzy Sheshesinin esimi Nurbike Uәjis hannyn apasy edi Domalak ananyn әkesi Әli Slan 1388 zhyly Aksak Temir әskerinin kuramynda Altyn Ordaga attanarda әjeli Nurbike men Nurilany Domala ana Tүrkistandagy әkesi kozhanyn үjinde kaldyrady Birde Tүrkistan manyndagy Қarashyk ozeninde suga tүsip zhatkanda Nurbikeni zhylan shagyp oltiredi Әkesi әskerden kelmegen anasynan tiridej ajyrylgan Nurila babasy Maktym Agzamnyn tәrbiesinde osedi Maktym Agzam Қozha Ahmet Yassauidin kyzy Gauһar bibinin urpagy edi Nurila arab sozi kazaksha Allanyn nury degen ugym beredi Parsy tilinen audarganda Dihnat mama yagni Әulie ana magynasyn bildiredi Kejinnen Dihnat degen soz Domalak dep auystyrylgan Nurila Domalak ana Bәjdibek babamyzdyn үshinshi әjeli Tarihi zhazbalarda Domalak ananyn adamgershiligi әdeptiligi parasattylygy men shynshyldygy zhәne analyk kasietinin arkasynda Domalak ana ataluy zhajly koptegen derekter zhazylgan Nurila ana 1456 zhyly mamyrdyn 28 zhuldyzynda kajtys bolgan sol zhyly Domalak ananyn nemeresi Dulat Buharadan Abdulla Sheri esimdi sheberdi aldyrtyp ana basyna tort kanatty kүmbezdelgen kesene tam turgyzady XI XV gasyrlar aralygynda Domalak ana kesenesi birneshe ret kajta zhondeuden otken Domalak ana kesenesi zherden 12 metr biiktikte segiz zhapyrakty etip orilip negizgi boliginin үstine kүmbez ornatylgan Anyz bojynsha Domalak ana kesenesinde eki kasietti tas bar osy eki tastyn arasynan tek zhany taza adam ote alady XX gasyrda salyngan kesene 6 baganaly bolgan 1906 1908 zhyldary Resejden konys audaryp kelgen orystardyn tobyry kүmbez eskertkishterdi buzyp talkandap zhiberedi 1908 zhyldyn zhazynda akyn Orynbaj Tajmanov 1867 1949 zhana eskertkish kүmbez saldyrady 1942 1943 zhyldary Shoshkabulaktyn turgyn orystary kәristeri tagy da buzyp tastajdy 1957 zhyly tagy da zhana kүmbez salynady birak ol kop saktalmagan 1966 zhyly Mangystaudan alyp kelingen ak tastarmen kajta kalandy 1998 zhyly Domalak ana kesenesi zhanartylyp 2000 zhyly ajnalasyn korkejtu kogaldandyru zhumystary ayaktaldy Kesenenin kurylysyn zhүrgizushi zhәne zhobasyn zhasaushy sәuletshisi Sain Nazarbekov Domalak ana murazhajynda tүrli kone kolzhazbalar koldan zhasalgan koptegen zattar saktalgan Domalak ana kesenesi kopshilik tәu eter kasietti oryn DerekkozderҚazak Enciklopediyasy Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz