Модаль сөздер— сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі қазақ тілінде модальдылықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдіреді. Модаль сөздер есімді (керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, мүмкін, бәлки, бәлкім, әрине, әлбетте, рас, анығынан, шамасы, тәрізді) және етістікті (екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем) деп екіге бөлінеді. Бұлардың модальдылық сипаты бірдей емес. Әрине, мүмкін сөзінің лексикалық мағынасының өзі әуелден модальды. Ал білем, көрінеді т. б. сөздердің лексикалық мағынасының сыртында модальдылық та мағына бар. Мысалы: Мен оны жақсы білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді. Мұндағы білем, көрінеді етістіктері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында жұмсалған. Мені оятқан сен білем, Кешегі облысқа кеткендердің бірі Асқар көрінеді дегендерде бұлар таза модальдылық мағына білдіріп тұр. Сондай-ақ қажет, керек, мүмкін, рас модаль сөздерін де дәл осы тұрғыда алып қарауға болады. Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында жұмсалады. Кейбірі қыстырма сөздердің қызметінде қолданылады. Мысалы, Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ (Мұхтар Омарханұлы Әуезов). Мүмкін, олар үйде жоқ (Н. Ғ.). Модаль сөздер мен қыстырма сөздерді шатастыруға болмайды, бұлар - өзіндік ерекшеліктері бар екі түрлі грамматикалық категориялар. Модаль сөздер баяндауыш құрамында жұмсалғанда көбіне келер шақта келеді (Олар келген кезде менің жұмыста болуым мүмкін. Байдалыға соларды салу қажет (М. Ә). Модаль сөздер болжалдық, міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік т. б. мағыналарда қолданылады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Modal sozder sojleushinin sojlem mazmunyna kozkarasyn bildiretin sozder Қazirgi kazak tilinde modaldylykty tolyk mәndi esim de etistik te komekshi sozder de bildiredi Modal sozder esimdi kerek kazhet tiis siyakty sykyldy tәrizdi sekildi mүmkin bәlki bәlkim әrine әlbette ras anygynan shamasy tәrizdi zhәne etistikti eken shygar bolar dejdi korinedi bilem dep ekige bolinedi Bulardyn modaldylyk sipaty birdej emes Әrine mүmkin sozinin leksikalyk magynasynyn ozi әuelden modaldy Al bilem korinedi t b sozderdin leksikalyk magynasynyn syrtynda modaldylyk ta magyna bar Mysaly Men ony zhaksy bilem Bul zherden auyl anyk korinedi Mundagybilem korinedi etistikteri ozderinin negizgi leksikalyk magynasynda zhumsalgan Meni oyatkan sen bilem Keshegi oblyska ketkenderdin biri Askar korinedi degenderde bular taza modaldylyk magyna bildirip tur Sondaj ak kazhet kerek mүmkin ras modal sozderin de dәl osy turgyda alyp karauga bolady Modal sozder sojlemnin bayandauyshynyn kuramynda zhumsalady Kejbiri kystyrma sozderdin kyzmetinde koldanylady Mysaly Ras Dildәni Abaj sүjip kajtkan zhok Muhtar Omarhanuly Әuezov Mүmkin olar үjde zhok N Ғ Modal sozder men kystyrma sozderdi shatastyruga bolmajdy bular ozindik erekshelikteri bar eki tүrli grammatikalyk kategoriyalar Modal sozder bayandauysh kuramynda zhumsalganda kobine keler shakta keledi Olar kelgen kezde menin zhumysta boluym mүmkin Bajdalyga solardy salu kazhet M Ә Modal sozder bolzhaldyk mindettilik mүmkindilik kazhettilik t b magynalarda koldanylady DerekkozderҚazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet