Барлыбек Сыртанов (1866 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Қапал уезі, Арасан болысы - 26 қазан 1914 жыл) — Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, ағартушы, публицист, түркітанушы, шығыстанушы, болашақ тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құқықтық құжатын жасаушы, Алаш Орда партиясының жетекшісі, Әлихан Бөкейхановтың досы, құрдасы. Найман ішінде Матай руының Қаптағай атасынан шыққан.
Барлыбек Сыртанов | |
Барлыбек Сырттанұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі | Түркітанушы, шығыстанушы, қоғам |
Әкесі | Сырттан |
Әкесі Сыртан халыққа беделді болған. Оған арнап Жамбыл 1881 жылы «Сыртанға» атты өлең шығарған. Сыртанов Верный ер балалар гимназиясында орта білім алып, 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол студенттік шағында сондағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген М.Сералин, Б.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құлманов секілді қазақ жастарымен бірлесіп, «Жерлестер» атты үйірме құруға атсалысты. Бұл үйірме мүшелері студент жастарға көмек көрсетуді ұйымдастырумен бірге саяси-әлеуметтік мәселелерді қызу талқыға салды. Университетті аяқтағаннан кейін Б.Сыртанов 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында Түркістан генерал-губернаторының қазыналық палатасында қызмет етті.
- 1894 жылы 29 қыркүйекте Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыстық басқарманың іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мұның артынша ерекше тапсырмалардың кіші шенеунігі қызметін атқарды. Ол Жетісу облыстық басқармасында қызмет ете жүріп, Ресей шенеуніктерінен жәбір көрген қазақ халқының өкілдеріне көмек көрсетуді өз борышы санады.
- 1903-1907 жылдары Б.Сыртанов Ресей мен Қытай шекарасының межесін тексеру ісіне атсалысты. Патша өкіметінің орыс шаруаларының Жетісу өңіріне қоныс аударып, жергілікті халықтың мал бағуға, егін егуге жарамды жерлерін тартып алуына наразылық танытты. «Айқап» журналында қазақ халқының әлеуметтік-саяси мәселелеріне қатысты мақалалар жариялады. Сол тұстағы жергілікті халықтың мұң-мұқтажын айқындау, әрі оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жалпықазақ сиезін шақыру мәселесін көтерді. Оның мұндай ұсынысы С.Лапин, Р.Мөрсеков, Ж.Сейдалин және Б.Қаратаев секілді қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты.
- 1910-1913 жылдар аралығында Б.Сыртанов өз тарапынан құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің отары қатарынан шығаруды көздеген Жарғы әзірледі. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей отары емес, доминионы (достастық құрамына енген мемлекет, мысалы, Австралия одағы, (Жаңа Зеландия) болу керектігі көрсетілді.
- 1914 жылы 26 қазанда ол ауыр науқастан қайтыс болды.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Barlybek Syrtanov 1866 zhyly buryngy Zhetisu oblysy Қapal uezi Arasan bolysy 26 kazan 1914 zhyl Қogam kajratkeri til zhanashyry agartushy publicist tүrkitanushy shygystanushy bolashak tәuelsiz Қazakstannyn algashky kukyktyk kuzhatyn zhasaushy Alash Orda partiyasynyn zhetekshisi Әlihan Bokejhanovtyn dosy kurdasy Najman ishinde Mataj ruynyn Қaptagaj atasynan shykkan Barlybek SyrtanovBarlybek SyrttanulyTugan kүni1866 1866 Tugan zheriZhetisu oblysy Қapal uezi Arasan bolysyҚajtys bolgan kүni26 kazan 1914 1914 10 26 Қajtys bolgan zheriResejAzamattygyResej imperiyasyҰltykazak ruy Najman MatajҚyzmetiTүrkitanushy shygystanushy kogam Alashorda үkimetinin mүshesi mugalim agartushy publicistӘkesiSyrttan Әkesi Syrtan halykka bedeldi bolgan Ogan arnap Zhambyl 1881 zhyly Syrtanga atty olen shygargan Syrtanov Vernyj er balalar gimnaziyasynda orta bilim alyp 1886 zhyly Sankt Peterburg universitetinin shygystanu fakultetine okuga tүsedi Ol studenttik shagynda sondagy zhogary oku oryndarynda okyp zhүrgen M Seralin B Қarataev A Temirov B Қulmanov sekildi kazak zhastarymen birlesip Zherlester atty үjirme kuruga atsalysty Bul үjirme mүsheleri student zhastarga komek korsetudi ujymdastyrumen birge sayasi әleumettik mәselelerdi kyzu talkyga saldy Universitetti ayaktagannan kejin B Syrtanov 1891 1894 zhyldary Tashkent kalasynda Tүrkistan general gubernatorynyn kazynalyk palatasynda kyzmet etti 1894 zhyly 29 kyrkүjekte Zhetisu әskeri gubernatorynyn bujrygymen oblystyk baskarmanyn is zhүrgizu boliminin mengerushisi bolyp tagajyndaldy Munyn artynsha erekshe tapsyrmalardyn kishi sheneunigi kyzmetin atkardy Ol Zhetisu oblystyk baskarmasynda kyzmet ete zhүrip Resej sheneunikterinen zhәbir korgen kazak halkynyn okilderine komek korsetudi oz boryshy sanady 1903 1907 zhyldary B Syrtanov Resej men Қytaj shekarasynyn mezhesin tekseru isine atsalysty Patsha okimetinin orys sharualarynyn Zhetisu onirine konys audaryp zhergilikti halyktyn mal baguga egin eguge zharamdy zherlerin tartyp aluyna narazylyk tanytty Ajkap zhurnalynda kazak halkynyn әleumettik sayasi mәselelerine katysty makalalar zhariyalady Sol tustagy zhergilikti halyktyn mun muktazhyn ajkyndau әri ony sheshu zholdaryn karastyru maksatynda zhalpykazak siezin shakyru mәselesin koterdi Onyn mundaj usynysy S Lapin R Morsekov Zh Sejdalin zhәne B Қarataev sekildi kazak ziyalylary tarapynan koldau tapty 1910 1913 zhyldar aralygynda B Syrtanov oz tarapynan kupiya tүrde kazak olkesin Resejdin otary katarynan shygarudy kozdegen Zhargy әzirledi Bul Zhargyda kazak zheri Resej otary emes dominiony dostastyk kuramyna engen memleket mysaly Avstraliya odagy Zhana Zelandiya bolu kerektigi korsetildi 1914 zhyly 26 kazanda ol auyr naukastan kajtys boldy Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet