Жидебай қорығы — тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық, экологиялық аймақ. Мемлекет қамқорлығына алынған. Абай облысы, Абай ауданы жеріңде орналасқан. 1990 ж. Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылды. Қорықтың жалпы аумағы 64 кв. км.
Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан және Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер кешені енген. Бұлардың бәрі күрделі жөндеуден өткізілді. Жидебай қорығы. облыстық, республикалық туристік саяхат жасайтын қасиетті орынға айналдырылған.
Жидебай — Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты - аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. Құнанбай Жидебайдан 15 шақырым жердегі Ескі Там қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай 8 жасынан бастап осы медреседе оқып сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. Құнанбай қажы дүние салған соң, 1885-91 ж. Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне тиген. 1891 ж. інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абай иелігіне көшкен. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі.
Кешеннің құрылысы 1993 жылы басталған болатын. Жоба авторлары - КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі, Жапония мен Болгариядағы Халықаралық конкурстардың лауреаты басшылық еткен сәулетшілердің шығармашылық тобы. Мемориал тұжырымдамасының негізіне қазақтардың дүниетанымын толыққанды да барынша білдіретін дәстүрлі космогониялық түсініктері алынған. Сәулетшi өз идеясында, тұтас кесене Сарыарқаның кең даласының төсiнде поэзия айдыныда баяу жүзiп бара жатқан Абай мен Шәкәрiмнiң қос желкендi кемесi сынды болып көрiнуi керек деген шешiмге келген болатын. Бұл кесененiң кеме сияқты жақсы көрiнiс беретiнi, күн қатты ысыған кезде далада сағым көтерiледi. Көрген адамға осы сағымда алыстан теңiз толқығандай болып тұрған заматта, Абай-Шәкәрiм кесенесi сол сағым-теңiздiң үстiнде үлкен бiр ой құшағында қалықтап тұрған, ойдың алып кемесi сияқты әсер етедi. Кесенелердің келбеті мұнара тәрізді, бір-бірінен пластикалық қасбетімен және күмбездерінің қалай біткендігімен ерекшеленеді. Абай мұнарасының биіктігі 38,5 метр, ал Шәкәрім мұнарасының биіктігі 37. Кесененiң iргетасының ұзындығы - 200 метр. Көлдеңiнен (енi) - 65 метр, биіктігі – 5м. Қабірлер арасы – 140 м. Бұл - қазiр әлемде үлкендiгi жағынан бiрiншi орында тұрған алып космостық құрылыс. Өйткенi, жер бетiнде мұның ауқымындағы ескерткiш-зират жоқ екен.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Сілтемелер
- Жидебайдан фоторепортаж Мұрағатталған 20 қазанның 2020 жылы.
- Экскурсия в заповедник-музей «Жидебай»
- «Отандастар» - Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы YouTube сайтында
- Жидебай, родина Абая YouTube сайтында
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhidebaj korygy tarihi mәdeni zhәne әdebi memorialdyk ekologiyalyk ajmak Memleket kamkorlygyna alyngan Abaj oblysy Abaj audany zherinde ornalaskan 1990 zh Abaj Ibraһim Қunanbaevtyn 150 zhyldyk merej tojy karsanynda ujymdastyryldy Қoryktyn zhalpy aumagy 64 kv km Abaj men Shәkәrim kesenelerinin zhanyndagy zhazuAbaj murazhaj үjinin bir bolmesi Қoryk kuramyna Abajdyn әdebi memorialdyk murazhaj үji Abaj Zere Ұlzhan Ospan zhәne Shәkәrim Ahat Қudajberdi Ғabithan molda Shәuken baj Erkezhan zirattary t b tarihi mәdeni eskertkishter kesheni engen Bulardyn bәri kүrdeli zhondeuden otkizildi Zhidebaj korygy oblystyk respublikalyk turistik sayahat zhasajtyn kasietti orynga ajnaldyrylgan Zhidebaj Abajdyn ata konysy Қarauyl ozeninin zhajylmasynda zhatkan kalyn koryk shurajly zher Zhidebajdy Tobykty ruynyn Zhigitek atasy meken etken 19 gasyrdyn orta tusynda Zhidebaj Borsykbaj Barakty aga sultan Қunanbaj Өskenbajuly iemdenip kystau saldyrgan 1850 zh Қunanbaj Zhidebajdan 15 shakyrym zherdegi Eski Tam konysyna medrese saldyryp ozinin zhәne tuystarynyn balalaryn okytkan Abaj 8 zhasynan bastap osy medresede okyp sauat ashkan 1880 zh Abaj Zhidebajda oz karazhatymen zhanadan medrese saldyrgan Қunanbaj kazhy dүnie salgan son 1885 91 zh Zhidebaj konysy Қunanbajdyn Ұlzhannan tugan balasy Ospannyn enshisine tigen 1891 zh inisi Ospan kajtys bolgannan kejin kystau Abaj ieligine koshken Қazir munda akynnyn murazhaj үji zhumys istejdi Zhidebaj Euraziya materiginin ortalygy nak ortasy bolyp esepteledi Keshennin kurylysy 1993 zhyly bastalgan bolatyn Zhoba avtorlary KSRO Sәuletshiler odagynyn mүshesi Zhaponiya men Bolgariyadagy Halykaralyk konkurstardyn laureaty basshylyk etken sәuletshilerdin shygarmashylyk toby Memorial tuzhyrymdamasynyn negizine kazaktardyn dүnietanymyn tolykkandy da barynsha bildiretin dәstүrli kosmogoniyalyk tүsinikteri alyngan Sәuletshi oz ideyasynda tutas kesene Saryarkanyn ken dalasynyn tosinde poeziya ajdynyda bayau zhүzip bara zhatkan Abaj men Shәkәrimnin kos zhelkendi kemesi syndy bolyp korinui kerek degen sheshimge kelgen bolatyn Bul kesenenin keme siyakty zhaksy korinis beretini kүn katty ysygan kezde dalada sagym koteriledi Korgen adamga osy sagymda alystan teniz tolkygandaj bolyp turgan zamatta Abaj Shәkәrim kesenesi sol sagym tenizdin үstinde үlken bir oj kushagynda kalyktap turgan ojdyn alyp kemesi siyakty әser etedi Kesenelerdin kelbeti munara tәrizdi bir birinen plastikalyk kasbetimen zhәne kүmbezderinin kalaj bitkendigimen erekshelenedi Abaj munarasynyn biiktigi 38 5 metr al Shәkәrim munarasynyn biiktigi 37 Kesenenin irgetasynyn uzyndygy 200 metr Koldeninen eni 65 metr biiktigi 5m Қabirler arasy 140 m Bul kazir әlemde үlkendigi zhagynan birinshi orynda turgan alyp kosmostyk kurylys Өjtkeni zher betinde munyn aukymyndagy eskertkish zirat zhok eken DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9SiltemelerZhidebajdan fotoreportazh Muragattalgan 20 kazannyn 2020 zhyly Ekskursiya v zapovednik muzej Zhidebaj Otandastar Abajdyn Zhidebajdagy koryk murazhajy YouTube sajtynda Zhidebaj rodina Abaya YouTube sajtynda Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet