Жатсыну (rus. отчуждение) – адамның іс-әрекеті мен оның нәтижелерінің ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық категория. Белгілі жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, оған үстемдік ету дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді субъекті болудан қалып, қоғамдық процестің объектісіне айналады. Жатсыну адам іс-әрекетінің тарихи ерекшелігі мен оның нәтижелерінің қоғамға қатынасын, антагонистік формациялардағы әлеуметтік өмірдің адамның жеке басына тигізетін аздырушылық әсерін сипаттайды. Жатсынудың түп-тамыры, негізі еңбек бөлінісінде. Жатсыну мәселесі буржуазиялық қатынастардың қалыптасуынан туды. Қоғамдық шарт теоретиктері (Гоббс, Руссо т.б.) тауарлық қатынастардың заңды-құқықтық түрлерін айқындай келе, жатсынудың жеке адамдардың өз құқығын саяси ұйымдарға артуы нәтижесінде туады деп түсіндіреді. Немістің классикалық философиясы жатсыну мәселесін идеалистік тұрғыдан адамның іс-әрекеті мен белсенділігіне байланысты қарады. Гегель философиясындағы басты мәселелердің бірі болды.
- Біріншіден, жатсынуды Гегель абсолюттік рухтың табиғат пен тарихтағы объективтенуі ретінде қараса,
- Екіншіден жатсынуды буржуазиялық қоғамның өзіне тән ерекше мәселесі деп зерттейді.
Фейербах жатсыну категориясын идеализм мен дінді сынау үшін пайдаланды.
Фейербах дін адамның өз күшін құдіреттің күшіне айнлдырып, оны адамның өзіне қарама-қарсы қояды дейді. Жатсыну мәселесін марксизм еңбек бөлінісі мен жеке меншікке негізделген, тарихи қалыптасып үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастардың ішкі мәні деп қарайды. Маркс пен Энгельс жатсынудың рухани саласындағы түрлерін (дін, идеалистік философия т.б.) талдап, кейіннен қоғамның саяси өмірінде мемлекеттің бюрократтануын зерттейді. «1844 жылдағы философиялық-экономикалық қолжазбаларында» К.Маркс жатсыну мәселесін ұғынудың негізгі түйініеңбектің жат болуын түсінуден басталады дейді. Антагонистік қоғамның жағдайларында жұмысшы өндіріс процесі мен еңбекке сырт күштер деп қарайды. Себебі жұмысшы еңбегінің нәтижелері басқаның, жеке капиталистің не мемлекеттік капиталдың қолына көшеді де, сол жұмысшының өзіне қарсы және оның өзін бағынышты етеін ерекше күшке айналды. К.Маркс өзінің фетишизм жөніндегі ілімінде заттардың субъектіге, ал субъектінің керісінше затқа айналу процесі қатынас формасындағы капиталды заттық формаға, қоғамдық қатынасты бойына мүлде сіңіріп алған ерекше затқа айналдырады дейді. Сөйтіп, адам заттандырылған қоғамдық күштердің кейпіне ие болады: капиталист капитал кейпінде болса, ал жұмысшы жалдамалы еңбек кейпіне түседі. Адамдар арасындағы қатынастардың бәрі дерлік әлеуметтік міндеттерді орындаушылар арасындағы қатынас болып қалыптасады.
Жатсыну және әлеуметтік институттар (қоғамдық қатынас нормалары).
Әлеуметтік институттардың қайсысы болмасын адамдардың іс-әрекетінде пайда болып, белгілі жағдайда адамдар арасындағы қатынастарды реттеу міндеттерін атқара бастайды.
Әлеуметтік институт ретінде қалыптасқан таптық мемлекет жеке адамдардың күнделікті өмір жағдайларына жат болады. Тарихи дамудың нәтижесінде жатсынудың бұл түрі тереңдей түеді де, мемлекеттің жойылуына жағдай туады. Әлеуметтік институттардың шегіне жеткен бюрократияға, иерархиялық жүйеге айналуының өзі де осы жатсынудың салдарынан.
Жатсыну және мәдениет
Таптық антагонистік қоғамда жатсыну материалды өмірді ғана емес, бүкіл рухани өмірді де қамтиды. Сананың ерекше жалған түрлері (дін, идеология және т.б.) қалыптаса бастайды. Таптық сана үстем таптың еркі мен мақсатын көздейтін, әлеуметтік шындықты теріс түсіндіретін идеологияға айналады.
Мәдениеттің өзі жіктеліп «бұқаралық мәдениет» пен «элиталық (таңдаулылар) мәдениет» қалыптасады. Мәдениетте иррационалдық ағымдар пайда болады. Еңбек бөлісінің салдарынан ғылым саласында да жатсыну процесі өріс алады. Қазіргі ғылым дамуында жеке ғалым ғылымның тұтас бір саласын қамтуы мүмкін емес. Сондықтан олар зерттеудің кейбір жақтарын, үзінділерін есептеу, көмекші операциялар сияқты жеке міндетті ғана орындайды. Қазіргі заманда империализмнің ғылым жетістктерін соғыс мақсатына, бүліншілікке пайдалануының өзі ғылымдағы осы жатсынудың айқын айғағы. Жатсынуды жою мәселесі – қоғамның даму тенденциясының бейнесі. Коммунистік қоғамның техникалық базасы болып отырған автоматтанған өндіріс, еңбектің барлық түр-сипатын түпкілікті өзгертіп, жұмысшыны өндірістің негізгі орындаушысы міндетінен құтқарады. Сөйтіп жұмысшы өндіріс процесін бақылаушы, реттеуші және басқарушы қызмет атқаратын болады. Әлеуметтік институттардың жойылуы қоғамдық өмірді ұйымдастырудың жойылуы емес, тек оның формасының өзгеруі (еңбектің қоғам қажетіне сай жоспарланған түрде саналы бөлінуі). Коммунизм нағыз гуманизмді жүзеге асыратын қоғам. Онда адамның жан-жақты жетілуі қоғам байлығының өлшемі болмақ.
Дереккөздер
- “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІІ том
- Эрнест ван ден Хааг Жатсыну (орысша). — «Скепсис» порталының мақаласы.
- Бертел Оллман Жатсыну (ағылшынша). — «DIALECTICAL MARXISM» порталының мақаласы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhatsynu rus otchuzhdenie adamnyn is әreketi men onyn nәtizhelerinin erekshe derbes kүshke ajnaluyn bejnelejtin filosofiyalyk kategoriya Belgili zhagdajlarda bul kүshter ozin tudyrgan adamga kas bolyp ogan үstemdik etu dәrezhesine zhetedi Sonyn saldarynan adam belsendi subekti boludan kalyp kogamdyk procestin obektisine ajnalady Zhatsynu adam is әreketinin tarihi ereksheligi men onyn nәtizhelerinin kogamga katynasyn antagonistik formaciyalardagy әleumettik omirdin adamnyn zheke basyna tigizetin azdyrushylyk әserin sipattajdy Zhatsynudyn tүp tamyry negizi enbek bolinisinde Zhatsynu mәselesi burzhuaziyalyk katynastardyn kalyptasuynan tudy Қogamdyk shart teoretikteri Gobbs Russo t b tauarlyk katynastardyn zandy kukyktyk tүrlerin ajkyndaj kele zhatsynudyn zheke adamdardyn oz kukygyn sayasi ujymdarga artuy nәtizhesinde tuady dep tүsindiredi Nemistin klassikalyk filosofiyasy zhatsynu mәselesin idealistik turgydan adamnyn is әreketi men belsendiligine bajlanysty karady Gegel filosofiyasyndagy basty mәselelerdin biri boldy GegelBirinshiden zhatsynudy Gegel absolyuttik ruhtyn tabigat pen tarihtagy obektivtenui retinde karasa Ekinshiden zhatsynudy burzhuaziyalyk kogamnyn ozine tәn erekshe mәselesi dep zerttejdi Fejerbah zhatsynu kategoriyasyn idealizm men dindi synau үshin pajdalandy Fejerbah Fejerbah din adamnyn oz kүshin kudirettin kүshine ajnldyryp ony adamnyn ozine karama karsy koyady dejdi Zhatsynu mәselesin marksizm enbek bolinisi men zheke menshikke negizdelgen tarihi kalyptasyp үnemi ozgerip otyratyn kogamdyk katynastardyn ishki mәni dep karajdy Marks pen Engels zhatsynudyn ruhani salasyndagy tүrlerin din idealistik filosofiya t b taldap kejinnen kogamnyn sayasi omirinde memlekettin byurokrattanuyn zerttejdi 1844 zhyldagy filosofiyalyk ekonomikalyk kolzhazbalarynda K Marks zhatsynu mәselesin ugynudyn negizgi tүjinienbektin zhat boluyn tүsinuden bastalady dejdi Antagonistik kogamnyn zhagdajlarynda zhumysshy ondiris procesi men enbekke syrt kүshter dep karajdy Sebebi zhumysshy enbeginin nәtizheleri baskanyn zheke kapitalistin ne memlekettik kapitaldyn kolyna koshedi de sol zhumysshynyn ozine karsy zhәne onyn ozin bagynyshty etein erekshe kүshke ajnaldy K Marks ozinin fetishizm zhonindegi iliminde zattardyn subektige al subektinin kerisinshe zatka ajnalu procesi katynas formasyndagy kapitaldy zattyk formaga kogamdyk katynasty bojyna mүlde sinirip algan erekshe zatka ajnaldyrady dejdi Sojtip adam zattandyrylgan kogamdyk kүshterdin kejpine ie bolady kapitalist kapital kejpinde bolsa al zhumysshy zhaldamaly enbek kejpine tүsedi Adamdar arasyndagy katynastardyn bәri derlik әleumettik mindetterdi oryndaushylar arasyndagy katynas bolyp kalyptasady Zhatsynu zhәne әleumettik instituttar kogamdyk katynas normalary Әleumettik instituttardyn kajsysy bolmasyn adamdardyn is әreketinde pajda bolyp belgili zhagdajda adamdar arasyndagy katynastardy retteu mindetterin atkara bastajdy Әleumettik institut retinde kalyptaskan taptyk memleket zheke adamdardyn kүndelikti omir zhagdajlaryna zhat bolady Tarihi damudyn nәtizhesinde zhatsynudyn bul tүri terendej tүedi de memlekettin zhojyluyna zhagdaj tuady Әleumettik instituttardyn shegine zhetken byurokratiyaga ierarhiyalyk zhүjege ajnaluynyn ozi de osy zhatsynudyn saldarynan Zhatsynu zhәne mәdenietTaptyk antagonistik kogamda zhatsynu materialdy omirdi gana emes bүkil ruhani omirdi de kamtidy Sananyn erekshe zhalgan tүrleri din ideologiya zhәne t b kalyptasa bastajdy Taptyk sana үstem taptyn erki men maksatyn kozdejtin әleumettik shyndykty teris tүsindiretin ideologiyaga ajnalady Mәdeniettin ozi zhiktelip bukaralyk mәdeniet pen elitalyk tandaulylar mәdeniet kalyptasady Mәdeniette irracionaldyk agymdar pajda bolady Enbek bolisinin saldarynan gylym salasynda da zhatsynu procesi oris alady Қazirgi gylym damuynda zheke galym gylymnyn tutas bir salasyn kamtuy mүmkin emes Sondyktan olar zertteudin kejbir zhaktaryn үzindilerin esepteu komekshi operaciyalar siyakty zheke mindetti gana oryndajdy Қazirgi zamanda imperializmnin gylym zhetistkterin sogys maksatyna bүlinshilikke pajdalanuynyn ozi gylymdagy osy zhatsynudyn ajkyn ajgagy Zhatsynudy zhoyu mәselesi kogamnyn damu tendenciyasynyn bejnesi Kommunistik kogamnyn tehnikalyk bazasy bolyp otyrgan avtomattangan ondiris enbektin barlyk tүr sipatyn tүpkilikti ozgertip zhumysshyny ondiristin negizgi oryndaushysy mindetinen kutkarady Sojtip zhumysshy ondiris procesin bakylaushy retteushi zhәne baskarushy kyzmet atkaratyn bolady Әleumettik instituttardyn zhojyluy kogamdyk omirdi ujymdastyrudyn zhojyluy emes tek onyn formasynyn ozgerui enbektin kogam kazhetine saj zhosparlangan tүrde sanaly bolinui Kommunizm nagyz gumanizmdi zhүzege asyratyn kogam Onda adamnyn zhan zhakty zhetilui kogam bajlygynyn olshemi bolmak Derekkozder Қazak Sovet Enciklopediyasy III tom Ernest van den Haag Zhatsynu oryssha Skepsis portalynyn makalasy Bertel Ollman Zhatsynu agylshynsha DIALECTICAL MARXISM portalynyn makalasy