Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті – Тараз қаласындағы жоғары білікті, жаңа тұрпатты мұғалім дайындайтын жоғары оқу орны.
Тарихы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы "Жамбыл педагогикалық институты" атауымен құрылды. 1996 жылы ЖОО оңтайландыруға байланысты Жамбыл педагогикалық институтына "Жамбыл университеті" статусы берілді. ЖОО-на қойылатын барлық талаптарға сай келетін Жамбыл университетін негізге ала отырып, 1998 жылы үш жоғары оқу орнының бірігуі нәтижесінде "М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" құрылды. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174, 2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес "Тараз мемлекеттік педагогикалық институты" болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы №657 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
Жетістіктері мен тыныс-тіршілігі
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің өзгеруіне байланысты 2010 жылғы 3-ақпанда ТарМПИ-ге 29 бакалавриат және 10 магистратура мамандығы бойынша №0137347 АБ сериялы мемлекеттік лицензиясы берілді. Институт 2010 жылғы қыркүйекте Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2011 жылғы 5-қыркүйекте ТарМПИ ISO 9001 -2008 АFNOR (Франция) халықаралық сертификатын және 2011 жылғы 14- қазанда Интерсерт Консалтинг центр Азия (Қазақстан) сәйкестік сертификатын алды. 2012 жылы институт ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының миссиясы – жоғары білікті маман - жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. Институт мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 12 жылдық білім беруге көшуді жүзеге асыру барысында мұғалімдерге жүктеліп отырған жауапкершілік арта түсті. Бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың мүлдем жаңа сапасын жүзеге асыруды талап етеді. Қазіргі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуде мұғалім аса маңызды стратегиялық рөл атқарады. Елімізде білім беру жүйесін жаңартудың қазіргі кезеңі жоғары педагогикалық білім беру маңызының артуымен сипатталады. Қазақстандағы білім беру реформаларының тиімділігі, ең алдымен мұғалім тұлғасына, педагог маман дайындау сапасына тәуелді болатыны белгілі.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінде аккредитацияны табысты өтті және 2012 жылғы 27-желтоқсандағы шешімімен институционалдық аккредитациясы туралы куәлік алды.
Институт ректоры (), тарих ғылымдарының докторы, профессор, беделді ғалым, ЖОО жүйесінде тәжірибесі мол басшы Қожамжарова Дария Пернешқызы және ТарМПИ ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамаларына үн қосып, жоғары білім беру жүйесін жаңғырту ісіне белсене кірісті. Осыған байланысты институт Ғылыми кеңесі ТарМПИ-дің 2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекітті. Аталған құжатта жаңа білім беру технологияларын әзірлеу және ендіру мәселелеріне баса назар аударылған.
Білім сапасын бағалаудың қазақстандық Тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша ТарМПИ 2012 жылғы еліміздегі ең үздік төрт педагогикалық ЖОО қатарына енді.
2010 жылғы 17-қыркүйекте институтымыз қазақстандық 30 оқу орнының қатарында Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осы арқылы институт өзінің Болон үдерісінің негізгі ұстанымдары: академиялық ұтқырлықты, ЖОО дербестігін, академиялық еркіндікті, білім мен ғылым интеграциясын және т.б. қолдайтындығын танытты.
Елбасы айқындаған еліміздегі білім беру жүйесін интернационализациялау саясатының сәтті жүргізілуінің нәтижесінде халықаралық академиялық ұтқырлық аясында еуропалық ЖОО-на студенттерді оқуға жіберу мүмкіндігі туындады. Осы оқу семестрінде ТарМПИ-де конкурстық іріктеуден өткен 7 үздік студент Чехияның, Польшаның, Болгарияның жоғары оқу орындарына жіберілді.
Институтта жүргізілетін зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық деңгейдегі ғылыми тенденцияларға сәйкестендіру мақсатында ТарМПИ алыс және жақын шет елдердің 28 университеті мен зерттеу орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, жоғары білікті мамандарымен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың қатарында Адам Мицкевич атындағы университет, Вроцлав және Зеленогурск университеттері (Польша), Злин университеті (Чехия), Ақсарай университеті (Түркия), Еркін Берлин университетінің Түркология институты (Германия), Сегед университеті (Венгрия), Бериа колледжі (АҚШ), Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Зволендегі технологиялық университет (Словакия), Хобд мемлекеттік университеті (Монғолия), Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институты, Ульяновск мемлекеттік университеті, Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясы (Ресей) бар. Оқу үдерісін демократияландыру бағытында кредиттік оқыту технологиясы жүйесін жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңашыл әдістерін қолдану, Дублин дескрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын дайындау, көптілді білім беруді жетілдіру сияқты ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
Академиялық еркіндікті дамыту бағытында білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны таңдау пәндерімен толықтырылып отырады. Тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге және 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән берілетін жаңа элективті пәндер оқу үдерісіне кеңінен енгізілуде.
Элективті пәндер жұмыс берушілердің және еңбек нарығы сұраныстарын талдау негізінде дайындалады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы тапсырмасына сәйкес 2012-2013 оқу жылы қабылданған студенттерге «Өлкетану», «Акмеология негіздері» және «Қазақстан құқығы» пәндері жүргізіледі.
Заман талабына сай студенттердің оқытушыларды таңдау мүмкіндігін ескере отырып, білім берудің дәстүрлі әдістерінен инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана бастады. Қазіргі кезде институт ұжымы білім сапасын бағалаудың Тәуелсіз Қазақстандық агентігінде институционалдық аккредитацияның екінші кезеңінен өтуде. ISO 9001:2008 стандарты бойынша француздық АФФНОР агентігінің сертификатын иеленді. Оқытушылар мен студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу деңгейі күн санап өсумен қатар, оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту технологиялары енгізілуде.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрықтарына сәйкес үстіміздегі жылы көптілді білім беруді дамыту аясында институт “5В011400-Тарих”, “5В011100-Информатика” мамандықтары бойынша арнайы бөлімдер ашылатын ЖОО-ның тізіміне енгізілді. Осы арқылы шетелдік серіктес оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі өз жалғасын тапты.
Еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық ЖОО - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 29 бакалавр мамандығы бойынша болашақ мұғалімдер дайындау, білім беру, тәрбие жұмыстарын 26 кафедрада 365 оқытушы іске асырады, олардың 149-ы ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, 95-і магистрлер. 2010 жылы институт жанынан ашылған Инновациялық-педагогикалық колледж 2011 жылы Жамбыл облысы әкімінің шешімімен Мәдениет және өнер колледжі болып қайта құрылды. Аймақтың мәдениет және өнер салаларындағы білікті мамандарға сұранысы колледж бейінінің өзгеруіне әкелді. Қазіргі уақытта колледжде 6 мамандық бойынша мамандар даярланып, 700-ден аса студент білім алуда.
Ректораттың маман даярлау саясатындағы ұстанымы – іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті мәселелері, оның ішінде 12 жылдық білім беру, педагогика, математика, физика, биология, химия, психология, филология салалары бойынша және арнайы құрылған ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу бағытын жандандыратын жоғары білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру. Институтта «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көреді. Жалпы педагогикалық ғылым жетістіктері мен мектеп тәжірибесінің бірлігінсіз педагогтардың сапалы дайындығын жүзеге асырудың мүмкін еместігі анық. Институттың ғылыми-зерттеу бағыты осы келелі мәселені шешуге негізделген. Осыған орай ауыл мектептеріне оқу-әдістемелік және ғылыми-кеңестік көмек көрсететін «ТарМПИ – ауыл мектебіне» атты кешенді бағдарламасы жүзеге асырылады.
Институт 2012 жылғы 15-наурызда ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден табысты өтті. Бұл біздің ғалымдардың ҚР БҒМ-нің Ғылым комитеті қаржыландырылатын байқауларға қатысуына жол ашты. Қазіргі таңда профессор М.Мұратбеков, доценттер А.Ибрашева және А.Мәжібаев республикалық гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми-зерттеу жобалары аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Оқу ордамызда қалыптасқан жаңа дәстүр ретінде алдыңғы қатарлы шет елдік ғалымдарды «қонақтық» дәрістер оқуға шақыруды айтуға болады. Соңғы екі жылда институт өз қаражаты есебінен циклді дәрістер оқу үшін Сегед университетінен (Венгрия), Еркін Берлин университетінен (Германия), Әулие Климент Охридский атындағы София университетінен (Болгария), Ресей Федерациясының ірі ЖОО-нан ғалымдар шақырды.
Институт Қазақстанның барлық аймақтарында білім, ғылым, өнер, спорт және мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген 30 мыңға жуық мамандарды дайындады. Олардың ішінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Қазақстан мұғалімдері арасында «Еңбек Ері» атағының тұңғыш иегері Аягүл Миразова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева, психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Оспан Сангилбаев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов, ТарМПИ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Талант Бөлеевтерді атауға болады. Бір ғана Тараз қаласында жалпы білім беретін 54 мектептің 30-да біздің институт түлектері директор қызметін атқаруда. Мектепке дейінгі балалар мекемелері басшыларының арасында да ТарМПИ-дің түлектері көп. Бүгінгі таңда ТарМПИ – студенттерінің оқу үдерісін, тұрмыс-тіршілігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағдайында инфрақұрылымы дамыған жоғары оқу орны. Заманауи зертханалармен, лингафонды кабинеттермен, компьютерлік және интернет дәрісханаларымен, интерактивті тақтамен, электронды оқу залдарымен жабдықталған 8 оқу ғимаратында 29 бакалавриат мамандығы бойынша 7 мыңға жуық студент білім алады.
Заманауи оптоталшықты байланыс жүйелерінің көмегімен ТарМПИ-дің студенттері мен оқытушыларына Интернет кластарда, кафедралар мен электронды оқу залдарында жоғары жылдамдықты Интернетті тегін пайдалану мүмкіндігі бар. Институттың ғылыми кітапханасының әмбебап кітап қоры үнемі толықтырылып отырады. Ғылыми кітапханада автоматтандырылған КАБИС жүйесін, Республикалық электронды кітапханасын, Springer, Web Knowledge, Thomson Reuters мәліметтер базасын пайдалануға болады.
460 орынды «Студенттер үйінде» оқу залы, Интернет класс, сұлулық салоны, тренажер залы, «Жан сыры», «Айша бибі», «Бәйтерек» клубтары жұмыс істейді. 6 жабық спорт залы мен 2 ашық спорт кешенінде институтымыздың студенттері спорт түрлерімен шұғылданады, олардың қатарында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары ретінде танылған көптеген студенттеріміз бар. Институтта 19 компьютерлік класс, оның ішінде 5 интернет класс, 2 электронды оқу залы бар, 15 аудитория интерактивті тақта проекторларымен, 1 лингофонды кабинет жабдықталған.
ЖОО барлық құрылымдық бөлімдері корпоративтік компьютерлік желі арқылы байланыстырылған. Институттың Web-сайттары бар http://www.tarmpi.kz Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы., http://www.tarmpi-innovation.kz Мұрағатталған 2 сәуірдің 2016 жылы., http://ecat.tarmpi.kz Мұрағатталған 13 мамырдың 2020 жылы., http://bibl.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://e-islam.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://portal.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://itb.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы.. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің, талантты өнер жұлдыздарының, спорт саңлақтарының легі дайындалды. Олардың қатарында республикалық «Жігер» байқауының лауреаты Д.Өмірәлиев, Мальтада өткен эстрадалық әндерден халықаралық байқаудың лауреаты Т.Әшімбекова, қазақ эстрадасының жұлдыздары Д.Таңатаров, Қ.Маханов, «Жас толқын» республикалық орындаушылар байқауының лауреаты Д.Маханбаева, «Жас қанат» республикалық байқауының лауреаты Б.Сейдуалиева және т.б. бар.
Институттың оқу-тәрбие бағыты бойынша болашақ педагогтардың рухани, адамгершілік қырларын дамыту мәселесіне де жете көңіл бөлінеді. Студенттер парламенті, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттердің кәсіподақ комитеті, студенттердің заң бұзушылық және жемқорлықтың алдын-алу кеңесі, «Жас Отан» жастар қанаты, ТарМПИ студенттер Альянсы, «Шаңырақ» студенттік ассамблеясы - студенттердің өзін-өзі басқару істері тәрбие саласындағы жұмыс механизмінің жанды көрінісі болып табылады. Жарты ғасырға жуық тарихы бар институт дамуының перспективалары нақты айқындалды. Алдымызда бірқатар мамандықтардың халықаралық аккредитациясын жүзеге асыру, олардың реестрін кеңейту, оқу үдерісінде жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану, педагог мәртебесін көтеру, студенттердің білім алуы мен Студенттер үйінде тұруына қолайлы жағдай жасау, институттың материалдық-техникалық базасын нығайту сынды келелі жұмыстар күтуде.
Бұл мақаладағы кейбір мәлімет ескірген. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті мәліметті енгізіп Қазақша Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз. Мәліметті жаңартқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. |
Факультеттер
- Педагогика факультеті
- Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті
- Физика-математика факультеті
- Химия-биология факультеті
- Филология факультеті
- Өнер және мәдениет факультеті
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Taraz memlekettik pedagogikalyk universiteti Taraz kalasyndagy zhogary bilikti zhana turpatty mugalim dajyndajtyn zhogary oku orny TarihyҚazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komiteti men ҚazSSR Zhogargy Kenesinin 1967 zhylgy 13 mamyrdagy 340 Қaulysyna sәjkes ҚazSSR Zhogary zhәne arnajy orta bilim beru ministrliginin 401 bujrygymen Oktyabrdin 50 zhyldygy atyndagy Zhambyl pedagogikalyk instituty atauymen kuryldy 1996 zhyly ZhOO ontajlandyruga bajlanysty Zhambyl pedagogikalyk institutyna Zhambyl universiteti statusy berildi ZhOO na kojylatyn barlyk talaptarga saj keletin Zhambyl universitetin negizge ala otyryp 1998 zhyly үsh zhogary oku ornynyn birigui nәtizhesinde M H Dulati atyndagy Taraz memlekettik universiteti kuryldy 2004 zhyldyn sәuirinde Қazakstan Respublikasy Bilim zhәne gylym ministrliginin Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 128 2004 zhylgy 3 akpandagy sheshimderin zhүzege asyru turaly 174 2004 zhylgy 4 nauryzdagy bujrygyna sәjkes Taraz memlekettik pedagogikalyk instituty bolyp kajta kuryldy Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 2017 zhylgy 20 kazandagy 657 Қaulysyna sәjkes Қazakstan Respublikasy Bilim zhәne gylym ministrligi Taraz memlekettik pedagogikalyk universiteti sharuashylyk zhүrgizu kukygyndagy respublikalyk memlekettik kәsiporny Қazakstan Respublikasy Bilim zhәne gylym ministrliginin Taraz memlekettik pedagogikalyk universiteti sharuashylyk zhүrgizu kukygyndagy respublikalyk memlekettik kәsiporny bolyp kajta kuryldy Zhetistikteri men tynys tirshiligiҚazakstan Respublikasynyn zhogary zhәne zhogary oku ornynan kejingi bilim mamandyktary zhikteuishinin ozgeruine bajlanysty 2010 zhylgy 3 akpanda TarMPI ge 29 bakalavriat zhәne 10 magistratura mamandygy bojynsha 0137347 AB seriyaly memlekettik licenziyasy berildi Institut 2010 zhylgy kyrkүjekte Bolonyada Universitetterdin Ұly Hartiyasyna kol kojdy 2011 zhylgy 5 kyrkүjekte TarMPI ISO 9001 2008 AFNOR Franciya halykaralyk sertifikatyn zhәne 2011 zhylgy 14 kazanda Intersert Konsalting centr Aziya Қazakstan sәjkestik sertifikatyn aldy 2012 zhyly institut gylymi kyzmet subektisi retinde akkreditteldi Taraz memlekettik pedagogikalyk institutynyn missiyasy zhogary bilikti maman zhalpy elge zhәne ajmakka kazhetti zhana turpatty mugalim dajyndau Institut memlekettin bilim beru salasyndagy strategiyalyk maksattaryna sәjkes bilim beru zhүjesin tүbegejli zhangyrtudy basty maksat tutady Bүgingi tanda Қazakstan Respublikasynda Bilim berudi damytudyn 2011 2020 zhyldarga arnalgan memlekettik bagdarlamasyn zhәne 12 zhyldyk bilim beruge koshudi zhүzege asyru barysynda mugalimderge zhүktelip otyrgan zhauapkershilik arta tүsti Bul bilim berudin barlyk dengejlerinde okytudyn mүldem zhana sapasyn zhүzege asyrudy talap etedi Қazirgi bilim beru zhүjesin tүbegejli ozgertude mugalim asa manyzdy strategiyalyk rol atkarady Elimizde bilim beru zhүjesin zhanartudyn kazirgi kezeni zhogary pedagogikalyk bilim beru manyzynyn artuymen sipattalady Қazakstandagy bilim beru reformalarynyn tiimdiligi en aldymen mugalim tulgasyna pedagog maman dajyndau sapasyna tәueldi bolatyny belgili Taraz memlekettik pedagogikalyk instituty 2012 zhyly bilim beru sapasyn kamtamasyzdandyru zhonindegi Tәuelsiz Қazakstandyk Agenttiginde akkreditaciyany tabysty otti zhәne 2012 zhylgy 27 zheltoksandagy sheshimimen institucionaldyk akkreditaciyasy turaly kuәlik aldy Institut rektory tarih gylymdarynyn doktory professor bedeldi galym ZhOO zhүjesinde tәzhiribesi mol basshy Қozhamzharova Dariya Perneshkyzy zhәne TarMPI uzhymy Elbasy N Ә Nazarbaevtyn zhaһandyk bastamalaryna үn kosyp zhogary bilim beru zhүjesin zhangyrtu isine belsene kiristi Osygan bajlanysty institut Ғylymi kenesi TarMPI din 2011 2020 zhyldarga arnalgan Strategiyalyk damu zhosparyn bekitti Atalgan kuzhatta zhana bilim beru tehnologiyalaryn әzirleu zhәne endiru mәselelerine basa nazar audarylgan Bilim sapasyn bagalaudyn kazakstandyk Tәuelsiz agenttiginin korytyndysy bojynsha TarMPI 2012 zhylgy elimizdegi en үzdik tort pedagogikalyk ZhOO kataryna endi 2010 zhylgy 17 kyrkүjekte institutymyz kazakstandyk 30 oku ornynyn katarynda Bolonyada Universitetterdin Ұly Hartiyasyna kol kojdy Osy arkyly institut ozinin Bolon үderisinin negizgi ustanymdary akademiyalyk utkyrlykty ZhOO derbestigin akademiyalyk erkindikti bilim men gylym integraciyasyn zhәne t b koldajtyndygyn tanytty Elbasy ajkyndagan elimizdegi bilim beru zhүjesin internacionalizaciyalau sayasatynyn sәtti zhүrgiziluinin nәtizhesinde halykaralyk akademiyalyk utkyrlyk ayasynda europalyk ZhOO na studentterdi okuga zhiberu mүmkindigi tuyndady Osy oku semestrinde TarMPI de konkurstyk irikteuden otken 7 үzdik student Chehiyanyn Polshanyn Bolgariyanyn zhogary oku oryndaryna zhiberildi Institutta zhүrgiziletin zertteulerdin bәsekege kabilettiligin arttyru halykaralyk dengejdegi gylymi tendenciyalarga sәjkestendiru maksatynda TarMPI alys zhәne zhakyn shet elderdin 28 universiteti men zertteu ortalyktarymen әriptestik bajlanys ornatyp zhogary bilikti mamandarymen birlese gylymi zertteu zhumystaryn zhүrgizip keledi Olardyn katarynda Adam Mickevich atyndagy universitet Vroclav zhәne Zelenogursk universitetteri Polsha Zlin universiteti Chehiya Aksaraj universiteti Tүrkiya Erkin Berlin universitetinin Tүrkologiya instituty Germaniya Seged universiteti Vengriya Beria kolledzhi AҚSh Әulie Kliment Ohridskij atyndagy Sofiya universiteti Bolgariya Zvolendegi tehnologiyalyk universitet Slovakiya Hobd memlekettik universiteti Mongoliya Sankt Peterburg memlekettik psihologiya zhәne әleumettik zhumystar instituty Ulyanovsk memlekettik universiteti Kuzbass memlekettik pedagogikalyk akademiyasy Resej bar Oku үderisin demokratiyalandyru bagytynda kredittik okytu tehnologiyasy zhүjesin zhosparlau men ujymdastyrudyn zhanashyl әdisterin koldanu Dublin deskriptorlaryna sәjkes moduldik bilim beru bagdarlamalaryn dajyndau koptildi bilim berudi zhetildiru siyakty aukymdy zhumystar zhүzege asyryluda Akademiyalyk erkindikti damytu bagytynda bilim beru bagdarlamalarynyn kurylymy men mazmuny tandau pәnderimen tolyktyrylyp otyrady Tilderdi mengeruge elektrondy okytuga inklyuzivti bilim beruge zhәne 12 zhyldyk mektepke arnalgan maman dayarlauga basa mәn beriletin zhana elektivti pәnder oku үderisine keninen engizilude Elektivti pәnder zhumys berushilerdin zhәne enbek narygy suranystaryn taldau negizinde dajyndalady Elbasy N Ә Nazarbaevtyn Қazakstannyn әleumettik zhangyrtyluy Zhalpyga Ortak Enbek Қogamyna karaj 20 kadam bagdarlamasyndagy tapsyrmasyna sәjkes 2012 2013 oku zhyly kabyldangan studentterge Өlketanu Akmeologiya negizderi zhәne Қazakstan kukygy pәnderi zhүrgiziledi Zaman talabyna saj studentterdin okytushylardy tandau mүmkindigin eskere otyryp bilim berudin dәstүrli әdisterinen innovaciyalyk tehnologiyalar men okytudyn interaktivti әdisterin koldana bastady Қazirgi kezde institut uzhymy bilim sapasyn bagalaudyn Tәuelsiz Қazakstandyk agentiginde institucionaldyk akkreditaciyanyn ekinshi kezeninen otude ISO 9001 2008 standarty bojynsha francuzdyk AFFNOR agentiginin sertifikatyn ielendi Okytushylar men studentterdin ishki zhәne syrtky akademiyalyk utkyrlyk bagdarlamalaryna katysu dengeji kүn sanap osumen katar oku үderisine kashyktyktan okytu tehnologiyalary engizilude ҚR Bilim zhәne gylym ministrligi bujryktaryna sәjkes үstimizdegi zhyly koptildi bilim berudi damytu ayasynda institut 5V011400 Tarih 5V011100 Informatika mamandyktary bojynsha arnajy bolimder ashylatyn ZhOO nyn tizimine engizildi Osy arkyly sheteldik seriktes oku oryndarymen birlesken bilim beru bagdarlamalaryn zhүzege asyru mәselesi oz zhalgasyn tapty Elimizdin aldyngy katarly pedagogikalyk ZhOO Taraz memlekettik pedagogikalyk institutynda 29 bakalavr mamandygy bojynsha bolashak mugalimder dajyndau bilim beru tәrbie zhumystaryn 26 kafedrada 365 okytushy iske asyrady olardyn 149 y gylym doktorlary men gylym kandidattary 95 i magistrler 2010 zhyly institut zhanynan ashylgan Innovaciyalyk pedagogikalyk kolledzh 2011 zhyly Zhambyl oblysy әkiminin sheshimimen Mәdeniet zhәne oner kolledzhi bolyp kajta kuryldy Ajmaktyn mәdeniet zhәne oner salalaryndagy bilikti mamandarga suranysy kolledzh bejininin ozgeruine әkeldi Қazirgi uakytta kolledzhde 6 mamandyk bojynsha mamandar dayarlanyp 700 den asa student bilim aluda Rektorattyn maman dayarlau sayasatyndagy ustanymy irgeli zhәne koldanbaly gylymnyn ozekti mәseleleri onyn ishinde 12 zhyldyk bilim beru pedagogika matematika fizika biologiya himiya psihologiya filologiya salalary bojynsha zhәne arnajy kurylgan gylymi ortalyktarynda gylymi zertteu bagytyn zhandandyratyn zhogary bilikti okytushylar kuramyn kalyptastyru Institutta Taraz memlekettik pedagogikalyk institutynyn Habarshysy gylymi pedagogikalyk zhurnaly zharyk koredi Zhalpy pedagogikalyk gylym zhetistikteri men mektep tәzhiribesinin birliginsiz pedagogtardyn sapaly dajyndygyn zhүzege asyrudyn mүmkin emestigi anyk Instituttyn gylymi zertteu bagyty osy keleli mәseleni sheshuge negizdelgen Osygan oraj auyl mektepterine oku әdistemelik zhәne gylymi kenestik komek korsetetin TarMPI auyl mektebine atty keshendi bagdarlamasy zhүzege asyrylady Institut 2012 zhylgy 15 nauryzda gylymi kyzmet subektisi retinde akkreditteuden tabysty otti Bul bizdin galymdardyn ҚR BҒM nin Ғylym komiteti karzhylandyrylatyn bajkaularga katysuyna zhol ashty Қazirgi tanda professor M Muratbekov docentter A Ibrasheva zhәne A Mәzhibaev respublikalyk granttyk karzhylandyru negizinde gylymi zertteu zhobalary ayasynda zertteu zhumystaryn zhүrgizude Oku ordamyzda kalyptaskan zhana dәstүr retinde aldyngy katarly shet eldik galymdardy konaktyk dәrister okuga shakyrudy ajtuga bolady Songy eki zhylda institut oz karazhaty esebinen cikldi dәrister oku үshin Seged universitetinen Vengriya Erkin Berlin universitetinen Germaniya Әulie Kliment Ohridskij atyndagy Sofiya universitetinen Bolgariya Resej Federaciyasynyn iri ZhOO nan galymdar shakyrdy Institut Қazakstannyn barlyk ajmaktarynda bilim gylym oner sport zhәne memlekettik kyzmet pen biznes salasynda tabysty enbek etip zhүrgen 30 mynga zhuyk mamandardy dajyndady Olardyn ishinde ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin vice ministri Mahmetgali Sarybekov Қazakstan mugalimderi arasynda Enbek Eri atagynyn tungysh iegeri Ayagүl Mirazova ҚR Parlamenti Mәzhilisinin deputaty Gүlmira Isimbaeva psihologiya gylymdarynyn doktory Abaj atyndagy ҚazҰPU professory Ospan Sangilbaev Taraz innovaciyalyk gumanitarlyk universitetinin rektory Erbolat Saurykov TarMPI gylymi zhumystar zhәne halykaralyk bajlanystar zhonindegi prorektory Talant Boleevterdi atauga bolady Bir gana Taraz kalasynda zhalpy bilim beretin 54 mekteptin 30 da bizdin institut tүlekteri direktor kyzmetin atkaruda Mektepke dejingi balalar mekemeleri basshylarynyn arasynda da TarMPI din tүlekteri kop Bүgingi tanda TarMPI studentterinin oku үderisin turmys tirshiligi men bos uakytyn tiimdi ujymdastyru zhagdajynda infrakurylymy damygan zhogary oku orny Zamanaui zerthanalarmen lingafondy kabinettermen kompyuterlik zhәne internet dәrishanalarymen interaktivti taktamen elektrondy oku zaldarymen zhabdyktalgan 8 oku gimaratynda 29 bakalavriat mamandygy bojynsha 7 mynga zhuyk student bilim alady Zamanaui optotalshykty bajlanys zhүjelerinin komegimen TarMPI din studentteri men okytushylaryna Internet klastarda kafedralar men elektrondy oku zaldarynda zhogary zhyldamdykty Internetti tegin pajdalanu mүmkindigi bar Instituttyn gylymi kitaphanasynyn әmbebap kitap kory үnemi tolyktyrylyp otyrady Ғylymi kitaphanada avtomattandyrylgan KABIS zhүjesin Respublikalyk elektrondy kitaphanasyn Springer Web Knowledge Thomson Reuters mәlimetter bazasyn pajdalanuga bolady 460 oryndy Studentter үjinde oku zaly Internet klass sululyk salony trenazher zaly Zhan syry Ajsha bibi Bәjterek klubtary zhumys istejdi 6 zhabyk sport zaly men 2 ashyk sport kesheninde institutymyzdyn studentteri sport tүrlerimen shugyldanady olardyn katarynda halykaralyk zhәne respublikalyk zharystardyn zhenimpazdary retinde tanylgan koptegen studentterimiz bar Institutta 19 kompyuterlik klass onyn ishinde 5 internet klass 2 elektrondy oku zaly bar 15 auditoriya interaktivti takta proektorlarymen 1 lingofondy kabinet zhabdyktalgan ZhOO barlyk kurylymdyk bolimderi korporativtik kompyuterlik zheli arkyly bajlanystyrylgan Instituttyn Web sajttary bar http www tarmpi kz Muragattalgan 25 sәuirdin 2016 zhyly http www tarmpi innovation kz Muragattalgan 2 sәuirdin 2016 zhyly http ecat tarmpi kz Muragattalgan 13 mamyrdyn 2020 zhyly http bibl tarmpi kz Muragattalgan 28 nauryzdyn 2016 zhyly http e islam tarmpi kz Muragattalgan 28 nauryzdyn 2016 zhyly http portal tarmpi kz Muragattalgan 28 nauryzdyn 2016 zhyly http itb tarmpi kz Muragattalgan 28 nauryzdyn 2016 zhyly Taraz memlekettik pedagogikalyk institutynyn kabyrgasynda koptegen tanymal kogam kajratkerlerinin talantty oner zhuldyzdarynyn sport sanlaktarynyn legi dajyndaldy Olardyn katarynda respublikalyk Zhiger bajkauynyn laureaty D Өmirәliev Maltada otken estradalyk әnderden halykaralyk bajkaudyn laureaty T Әshimbekova kazak estradasynyn zhuldyzdary D Tanatarov Қ Mahanov Zhas tolkyn respublikalyk oryndaushylar bajkauynyn laureaty D Mahanbaeva Zhas kanat respublikalyk bajkauynyn laureaty B Sejdualieva zhәne t b bar Instituttyn oku tәrbie bagyty bojynsha bolashak pedagogtardyn ruhani adamgershilik kyrlaryn damytu mәselesine de zhete konil bolinedi Studentter parlamenti zhastar isi zhonindegi komitet studentterdin kәsipodak komiteti studentterdin zan buzushylyk zhәne zhemkorlyktyn aldyn alu kenesi Zhas Otan zhastar kanaty TarMPI studentter Alyansy Shanyrak studenttik assambleyasy studentterdin ozin ozi baskaru isteri tәrbie salasyndagy zhumys mehanizminin zhandy korinisi bolyp tabylady Zharty gasyrga zhuyk tarihy bar institut damuynyn perspektivalary nakty ajkyndaldy Aldymyzda birkatar mamandyktardyn halykaralyk akkreditaciyasyn zhүzege asyru olardyn reestrin kenejtu oku үderisinde zhana akparattyk zhәne pedagogikalyk tehnologiyalardy keninen koldanu pedagog mәrtebesin koteru studentterdin bilim aluy men Studentter үjinde turuyna kolajly zhagdaj zhasau instituttyn materialdyk tehnikalyk bazasyn nygajtu syndy keleli zhumystar kүtude Bul makaladagy kejbir mәlimet eskirgen Makalany zhetildiru үshin kazhetti mәlimetti engizip Қazaksha Uikipediyaga үlesinizdi kosynyz Mәlimetti zhanartkannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz FakultetterPedagogika fakulteti Tarih zhәne әleumettik pedagogika fakulteti Fizika matematika fakulteti Himiya biologiya fakulteti Filologiya fakulteti Өner zhәne mәdeniet fakulteti