Azərbaycanca AzərbaycancaБеларускі БеларускіDansk DanskDeutsch DeutschEspañola EspañolaFrançais FrançaisIndonesia IndonesiaItaliana Italiana日本語 日本語Қазақ ҚазақLietuvos LietuvosNederlands NederlandsPortuguês PortuguêsРусский Русскийසිංහල සිංහලแบบไทย แบบไทยTürkçe TürkçeУкраїнська Українська中國人 中國人United State United StateAfrikaans Afrikaans
Қолдау
www.wp1.kk-kz.nina.az
  • Уикипедия

Жылқы аурулары жылқы организмінің қалыпты жағдайының бұзылуы Сауса сусын жесе ас мінсе көлік жауға шапса жарақ сатса пұл

Жылқы аурулары

Жылқы аурулары
www.wp1.kk-kz.nina.azhttps://www.wp1.kk-kz.nina.az

Жылқы аурулары – жылқы организмінің қалыпты жағдайының бұзылуы. "Сауса сусын, жесе ас, мінсе көлік, жауға шапса жарақ, сатса пұл" деп баға берген жылқы түлiгiнiң ауру, сырқат, жарақатын емдеуге қазақ халқы ерекше мән берген. Жылқы малын сан алуан емдеу тәсілдері осы түлікті бағу, күту және баптау үрдісінің құрамдас саласы болып табылады. Торғайда қызмет еткен мал дәрiгерi В.Лавровтың мәліметіне қарағанда, «Қазақ жылқысы өте сирек ауырады. Өйткені, жаратылысынан төзiмдi. Оның үстіне мiнiс пен шаруашылық барысында әбден шыныққандықтан ауруға онша бейім емес. Сонымен бірге қазақ жылқысы әртүрлі ауруларға табиғатынан төзімді болып келедi...». Қазақ жылқысының осындай қасиеттеріне байланысты осы түлікті емдеудің сан ғасырлық тәжірибесі қалыптасты. ХІХ ғасырда қазақ жерінде болған зерттеушілер, қазақ емшілері мал ауруының жұқпалы, жұқпалы емес түрлеріне қарсы әр түрлі шаралар жасай алады, әсіресе жылқы түлігін емдеуге жақсы машықтанған деп баға берген.

image

Аурулардың пайда болуы мен емдеу ерекшеліктері

Жылқы аурулары пайда болу мен оларды емдеу ерекшілігіне байланысты шартты түрде төмендегідей төрт топқа бөледі:

  • Түрлі жұқпалы аурулар мен індеттер. Бұл аурулар жылқы малында онша көп кездеспейді;
  • Малдың мертігу және сүйектерінің сыну салдарынан болатын жарақат түрлері. Оның қатарында жылқы тұяғында пайда болатын аурулар да бар;
  • Арқа мен шоқтықта пайда болатын жара түрлері;
  • Түлікті шаруашылыққа немесе мініске қинап пайдаланудан оның ішек құрлысында пайда болатын аурулар. Мұндай ауруларды жалпылама "өлi тию" деп атайды. Бұл топқа жылқы түлігін жарату, баптау немесе жемдеу тәсілдерінің дұрыс қолданбағандығынан болатын аурулар да жатады. Ондай аурулар көбінесе жорық пен саятқа мінілетін аттарда және жүйрікте жиі кездеседі.

Түлікті қинап пайдаланудан оның ішек құрлысында пайда болатын аурулар

Өлi тию тобына жататын аурулардың түрлерi мен пайда болу себебi де әр алуан. Аурудың басты себептерi тоқ малды қатты қинап пайдалану мен құнарсыз, әрі сапасыз жем-шөпке байланысты. "Өлі тию" ауруларының басты белгілері: жылқының екi бүйiрi қампиып кетеді, мойыны мен құлақ тұсына дейiн iседі. Ауру асқынған кезде мал әлсiн-әлсiн бүйiрiне қарай бередi, жерге аунай кетеді, алдыңғы аяқтарымен жер тарпиды. Ауру қатты қинаған кезде қанша күшенсе де, құмалақ пен зәр шығара алмайды, ақырында "ит тәрізді" шоқиып отыра кетеді. Қазақ емшілерінің пайымдауынша, "өлі тиген" жылқының ішектері бұралып немесе кептеліп қалады. Және құрсақ қуысындағы жапсарлас жатқан ішектің шумақтары бір-бірінің арасына өтіп, "ілініп" қалады деседі. Кейде ішектің айналасындағы шажырқай мен бүйрекмай шандырларының тұйығына асылып қалатын жайттар де кездесетін көрінеді. "Өлі тию" тобының ішінде, әсіресе, көбірек кездесетіндері – түйнек, талақ, шемiршек және қата деп аталатын аурулар. Оның iшекте жын немесе құмақ жүрмей қалудан болатын түрі – қата (төлде кездесетін түрін қоя деп атайды) деп аталады. Ал, iшек-қарнына топырақтың ұсақ қиыршықтары шөгіп қалудан құмқата өршиді. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы құрғақ от (шөп) жеп, суды аз ішкен жылқының ішек-қарынына жем-шөп кебiрлеп, жабысып қалудан "өлі тиюдің" құмаққата деген түрі өршидi. "Өлі тиюдің" түрі – түйнекке iш майы кеткен кәрiтамыс мал мен арық жылқылар жиірек ұшырайды. Қазақ емшілері түйнектi қи, қара, көк түйнек деген үш түрге ажыратады.

Емдеудің дәстүрлі түрі

"Өлi тию" тобындағы ауруларды емдеудiң дәстүрлі тәсілдері оның түрлеріне қарамастан бір-біріне ұқсас болып келеді. Ертеректе бұл ауруларға қарсы Құран аяттарын оқу, "өлі тиген" жылқының бүйiрiне айран тамызып, итке жалату сияқты шаралар жасалған. Ауырған атпен бейiтке шауып барып, "ей, аруақ өлiңдi тарт, тiрiңдi бер!" деп үш мәрте дауыстап айтып, моланы айналады. Бейiт топырағынан әкелiп, ауырған жылқыға шашқан. Бұл шаралардың мәні жылқыға келген "өлі" ауруының себепкері аруақтардың дәметуінен болады деп түсінікпен байланысты көрінеді. Олардың әсері қаншалықты екендігі белгісіз.
Емшілердің емдеу тәжірибесінде мұнан басқа рационалды шаралар да кең қолданылған. Мысалы, жылқы құйрығының ұшындағы жіңішке тамырға өткір бізді бойлата сұғу жақсы нәтиже берген. Сондай-ақ, жылқының құлағының ұшындағы тамырдан қан ағызған соң атты сауырына дейiн келетiн суға бiраз "жүздіреді". Ал, суық маусымда "өлі тиген" атпен біраз жерге дейін желе жортып келген соң, оны жабулайды да, тік iшегiнен жылытқан май немесе сабынды су құяды. Сонымен бірге, аурудан болатын ішектің түйілуін немесе бұралуын жазу үшін жылқыны жерге жығып әрлі-берлі аунатқан соң, екі бүйiрiне қыздырылған шым басады. Бұл емді "шым бұлау" деп атайды.

Тышқаншық ауруы

Қата ауруы асқынып кетсе, деп аталатын ауруға ұласады. Оның белгісі туралы сол В.Лавров рапортында былай деп жазды: «Жылқының сағағында көлемi кiшкене, бiрақ тез үлкейетін iсiк пайда болады. Оның тышқан тәрiздi бұлтылдап тұратындығына байланысты ауруды тышқаншық атаған. Ондай аурумен ауырған жылқы әрең дем алады. Қазақтар тышқаншық iсiгiне кездік шаншып, оның төңірегін қыздырылған темiрмен қариды". Ауру жылқы мұндай емнен де жазылмаса алақарақ, шемiршек деп аталатын асқынған түріне көшеді. Бұл ауру малдың жанына қатты бататындықтан жылқының көзi алақтап, танауының шеміршегі делдиiп кетеді. Ауру атауы оның сыртқы белгілеріне байланысты аталған дейді экспедиция барысында мәлімет берушілер. "Өлі тиюдің" аталған түрлерін емдеу үшін малдың «жанды жерлеріне», яғни дененің терісі жұқа бөліктеріне ине немесе бiз шаншиды. Оған қыл құйрықтың майда түбі және ұшы, шұра, құлақ ұшы сияқты дене бөліктері жатады. Сондай-ақ жылқының ерінін шылбырмен қылқындырып бұрау шарасын жасайды. Бұл тәсілді шұралау деп те атайды.

Күтімнің бұзылуынан пайда болатын аурулар

Мініс жылқысында пайдалану және күту, жемдеу ережесі бұзылудан бөгелу, қызылмай, топқазы, зорық, көтеу, аяғына қан түсу сияқты аурулар өршиді. Ұзақ жүрістен соң сол бойда қимылдамай қалса немесе терлеп тұрған атты көңге байласа аттың кеудесiне немесе аяғына қан түседі. Оның белгісі – басын төмен салбыратып алып, ақсап басады. Барақ, бiраз жүрген соң ақсағаны басылады. Бұл ауруды емдеу үшін шашаның барлау тамырынан, тобығының екi жағындағы тамырдан және таңдайынан қан алады. Ал, жүйрікті жарату мен баптау ережесі толық сақталмаса бәйге жолында түйiлу, бұрдығу, тығылу, сайткелді, мiшаяқ деп аталатын ауруларға тап болуы мүмкін. Алқым безi iсiп аунай беретiн "мiшаяқ", зорық ауруына шалдыққан жылқының бауыры мен буындары іседі, әлсірейді. Оның себептеріне қарай сузорық және майзорық деген түрге бөледі. Ондай ауруларды емдеу жолдары оңайырақ; қою шай қайнатындысымен суарып, маймен ыстайды. Зорыққан атты жылы сумен шамадан тыс суарса ауруы асқынып "сайткелдi" деп аталатын кеселге ұласады.

Жауыр ауруы

Жылқы түлігінде өршитін аурудың бiр бөлiгi – жауыр деп аталатын топтағы аурулар. Жауыр ұғымы аясында мiнiс және жегін малының шоқтық, иық, қырарқа, қаптал сияқты дене бөлiгiнің терісі зақымданып, оңай жазыла қоймайтын жараға айналуын айтады. Бұған жайдақ жауыр, арқа кету, жалақ, ыстық шығу, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет сияқты аурулар жатады. Халықтық ветеринарияда қолданылған жауыр түрлерін емдеу, сақтандыру шараларының тиімділігіне байланысты олар әлі де болса практикалық мәнін жойған жоқ.

Толық мақаласы: Жауыр

Мертігу және сүйектерінің сыну салдарынан болатын жарақат түрлері

«Жылқы түлігінде әртүрлi себептерге байланысты мертiгу, сүйектері сыну, жарақаттану жиi ұшырасады. Бұлар жылқының шығынының 4/5 бөлiгiн құрайды. Бірақ, арам өлмей сойылып алынады. Ал шығынның азғана бөлігі жұт, аяз, боранның кесiрiнен болады. Жұт шығынының 10-15 пайызы құлындарға тиесілі», – деген мәлімет келтіреді Қазақстанның Торғай облысында көп жыл қызмет істеген малдәрігері В.Лавров. Мұндай мезгілсіз кезде "мал болудан" қалған аяқты малды (жылқы мен түйені) арам өлтірмей сойған соң еттерін бөлісіп, оның өтеуіне ұсақ мал береді. Бұл салтты дәстүрлі ортада "қызыл көтеру" деп атайды.

Сирегірек болса да мал сүйегінде сынатын жағдайлар кездседі. Сынықты сипатына қарай жарықшақ, шорт, айқаспа деген түрлерге бөлiп, cоған сай емдеу шараларын жасайды. Мысалы, жарықшақтанып сынған сынықты сынықшы саусағымен сипалай отырып орнына келтіреді. Сөйтіп қалпына келген сынықтың сыртынан ағаш таяқтармен сүйемелдеп (емшілер оны "қарғашалау" деп атайды) таңып тастайды. Оған қоса түйе шудасын тұзды суға малып сорбақта етіп тартса, әрі ісiгін қайтарады, әрі сүйекті жетілдіріп тез бітіреді деп есептейді.

Буын таю

Жылқыда сүйек сыну, буын шығу, сiңiр созылу сияқты қауіпті жарақаттармен қатар, кісе басу, табандау, қол түсу, сырға таю, бөксесі сал болу сияқты оп-оңай емдеп жазуға келетіндер түрлері кездеседі. Жиі кездесетін буын таю деп аталатын жарақат түрiне топшы (иық), толарсақ, мойын, тобық, ұршық буындары жиi ұшырайды. Тайған буынның бiр жағы ойыс, екiншi жағы дөңес болып көрінеді. Әрі, ол буынды мал денесінің келесі жағымен салыстырғанда созылыңқы немесе бүгiлiңкi екендігі бірден көзге шалынады. Тайған буынды тәжірибелі емшілер дүмпіте ұру, арқанмен байлап алып соза тарту сияқты тәсілдермен орнына келтiрген. Мұндай шарадан кейін iсiгі қайтып, буын қозғалысқа келсе емнің дұрыс жасалғаны деп есептейді. Кейде қарапайым тәсілдер тайған буынды орнына келтіреді. Мысалы, тобықтың төменгі жағынан тұраның көбесін инемен қатты пiсіп алса, кенет шошынған мал тепкiлене қозғалады да, буын орнына түсетін көрінеді.

Сырғасы таю

Тосын қимыл кезінде аттың артқы тұяғының маңдайын шалыс басылса, тұра сүйек пен бақалшық сүйектерге зақым келеді. Әсіресе, ондағы ұсақ сүйектердің бірі сырға орнынан тайып кетедi. Ол дереу білінеді. Ақсай қалған жылқынның тұяғын ұстап көрсе суық екендігі білінеді. Тайған сырғаны орнына салу онша қиын емес, ептiлiктi ғана қажет етеді. Оның тiрсегiнен арқанмен қатты тартып бұрау салып байлап қойса орнына түседі. Тағы бір жолы сырғасы тайған аяққа арқан байлап алып, iрке тартып қалса оп-оңай орнына келеді.

Кесе басу

Ат қарғып секіргенде және керiле шапқанда қалыпты аяқ алысынан жаңылып, артқы аяғы тұяғының маңдайымен алдыңғы аяғының шашасын немесе шiдерлiгiн шалыс басуды кесе басу деп атайды. Оған қарсы жаңа сойған қойдың ыстық жынын тартып, сыртын құрым киiзбен орап тастайды. Жиналған арам қан болса шабақтап шығарады.

Аттың мойын омыртқалары шығып кететін жайттар да кездеседі. Ондай мойын иiрленiп көрінеді. Оның емі – аттың құлағына су құйып жiберу. Басын оқыс шайқаған кезде шыққан мойын буыны түседi деседi. Оған кескек ағашты таңып байлап, 1-2 күн бойы қаңтарып қояды.

Уақұрт ауруы

Асқынып кеткен буын ауруларының қатарында "уақұрт" деп аталатын толарсақ буынның қабынуын жиі кездеседі. Этнограф Х.Арғынбаевтың еңбектерінде оған қарсы шаралар мыналдар деп көрсетеді: аттың арт жағына жақындата аспанға қаратып мылтық атады. Мұндайда оқыс қимылдағаннан кешiкпей жазылып кетедi деп сенген. Ал, Алтайдағы қазақтар көксамырсын (пихта) шайырын жағып шүберекпен орап емдеген. Тәжірибелі емшілер оташылық жасап, алмас, тотияйын, уқорғасын, қасқыр өтi тәрізді улы, күшті дәрілердің бірін жіпке түйіп салады. Бұл тәсілді "дәріні арқандап салу" деп атайды.

Тұяқ аурулары

Түрлi жарақат пен ауру салдарынан жылқы тұяғында зыртұяқ, дүмпу, қосқыртыстану, тұяқ кебу (бүрiсу), жарылу, майтабан борсу, көбесi сөгiлу, тұяқ шiру, табандау, майтабан жарылу сияқты ауру түрлері пайда болады. Халықтың мал емдеу тәжірибесінде асқынбаған тұяқ ауруларын уқалау, жылы басу (компресс), жаңадан сойылған қой терiсiн тарту сияқты шаралармен емдейді. Ал, асқынған түрлерін қан алып емдейді. Ондай шаралардың тұяқтың қай тұсына жасалатындығына байланысты емшілер тілінде шашадан қан алу, майтабанды шету және табан аршу деп атайды. Мамыр аталатын аяқ ауруын алғашқы қазақ мал дәрiгерi С.Сейдалин "острое воспаление копыта" деп пайымдаған және оған қарсы атты суық суға тұрғызу немесе батпақпен сылап емдеу оң нәтиже берген деп жазады.

Арқа мен шоқтықта пайда болатын жара түрлері

Ауыр жүк артудан алдыңғы аяқта қолы түсу, санда шойырылу деп аталатын ауру тап болады.

  • Қол түсу деген жауырын, тоқбас жiлiк, иық айналасындағы бұлшық еттердiң жаншылуынан болады деп түсіндіреді. Ойпыл-тойпыл болып тұрған етті балта сабымен еппен дүмпіте ұрады да, соңынан отқа қыздырған бiздi арлы-берлi шаншиды. Соңынан өткір қандауырмен пiскiлеп қанатады. Мұндай ат жазылғанымен кейiндер аяғын сылтып басатын әдет пайда болады. Ондай жылқыны қазақтар майқолтық деп атайды.
  • Ал, шойырылған малдың белгісі – артқы екi аяғы шалынысып, бөксесiн сүйреп ирелеңдеп қалады. Дәстүрлі емдеу тәсілінде оған қарсы бөксе, белдеме, сауыр тұсына ыстық тас басу немесе қыздырылған темiрмен қару сияқты "жылы тәсілмен" дауалайды. Соңынан сауырша немесе атжабу жауып, күтімге алады.
  • Жылқыдағы (және түйеде) қауіпті жарақат – белi кету. Белді кеткен мал басын кегжитiп, сауырын қозғалта алмай қиралаңдайды. Жылқының белі кетуінің екі түрі бар: бірі – көк еті кету, екіншісі – белдемеден кету. Егер белдеменің арасындағы "азабы" деп аталатын шеміршегі қаракемік буыннан тайса, жылқы қайқалаңдап қалады. Ал, сүйегі кетсе денесін билей алмайды. Белi кеткендi емдеу қиын дейді ел арасындағы емшілер. Бірақ, сау аяғын бүкпелеп немесе күрделеп қояды. Немесе құйрығын бiр жағына қарай бұралау және белдемеге жалпақ ағаш қойып үстiнен дүмпiте ұрады. Сондай-ақ оқтаумен ыспалау және қамшыны қойып үстiнен ерттеу қатарлы шараларды жасайды. Емдеуге жарамайтындығы белгілі болса арам өлтірмей сойып, бірнеше үй "қызыл көтеру" салтымен бөлісіп алады.

Жұқпалы аурулар

Жоғарыда айтылғандай, жұқпалы аурулар жылқыда онша көп кездесе бермейді. Дегенмен, делбе, мандам (мандом), маңқа, сақау (шығу, саржақ), қара өкпе, сары ауру, жамандат, жаман түйме, cенделме сияқты ауруларды жұқпалы деп саналды. Аталған ауруларды дәстүрлі ортада жақсы айыра бiлген және оларға қарсы әртүрлі шаралар жасаған.

Жамандат

Жылық аурулары ішінде ең қауіптісі жамандат – топалаң індетінің жылқыда кездесетін түрі. Қазақтар оны iсiк тегене, жаман iсiк, жамалдат, арам iсiк, қарын деген түрлерге бөледі. Жамандат жарасын күмiспен күйдiрген немесе жара уытын қайтаруға құрбақаны тартып қояды. Сондай-ақ ақжұмыр және уқорғасын сияқты емдік шөптердің тамырының тосабымен жуып, жара iшiне сақар мен бұйырғынның үгiндiсiн сепкен. Асқынған інджет жарасына апиын, тотияйын, алмас түйiрiн аз уақыт салып қойған.

Толық мақаласы: Жамандат

Сақау ауруы

Ауырған тай, құнанның танауынан су, жалқаяқ ағады, алқым бездерi iсiнгеннен от пен судан қалатындықтан "сақау" аталған. Бұл ісікті оташылар кездікпен піскілеп, соқтасын ағызады. Немесе екі-үш аптадан соң жара өздiгiнен жарылып, іріңі жақ тұсына қатып қалады. Соған байланысты оның "сарыжақ" деген атауы да бар. Сақау ауруының зілді түріне қазақ даласындағы жылқылардың 30-40 пайызы шалдығады, оның 10%-ға жуығы шығынға ұшыраған деген мәлiмет бар.

Толық мақаласы: Сақау ауруы

Делбе ауруы

Делбе болып ауырған жылқының маңдай сүйегін қуысқұлақпен тесiп, бiр шөкiмдей мылтық дәрiсiн түтiкпен миға үрлейдi. Делбеге ұқсас "сенделме" деген ауру бiлiнсе, таңдайдың, тiлдiң, танаудың екi жағынан бiрдей қан алып, тұз жегiзiп бусандыру қажет деген.

Жұқпалу ауруларды пайымдау

Жұқпалы аурудың себептерін әрқалай пайымдаған.

  • Орман-тоғай жылқылары жаз мезгілінде бекi деп аталатын ауруы кезінде шоқтығынан қан тамшылайды.
  • Жас жылқыда кездесетін бөген ауруы оның жал-құйрығын түсiрiп, сымпитып кетеді.
  • Жылқының аяқ, тамақ тұстарын iсiрiп iрiңдететiн маңқа індетінің танау маңқа, без маңқа, көкiрек (көпiрек) маңқа немесе ақ, сары, көкiрек деген үш түрiн ажыратады. Маңқаның себебiн Торғай қазақтары жылқы танауына кiрiп, кеуiлжiр кеңсiрiгiн жайлайтын құртпен байланыстырады. Оған қарсы жыланды бөлiп жұтқызған немесе тiрi кесiрткенi дәрiлiк шөптермен бірге аттың кекiлiне байлап қояды.
  • Маңқа індетіне сыртқы білгелері ұқсайтын шұбыртпа ауруын С.Сейдалин "кожный сап" деп сипаттады. Атауы ауру жарасының арқан тәрiздi шұбатылып таралатындығына байланысты аталған. Оның емі жөнінде Торғай дәрiгерi М.Воробьевтің қолжазбасынджа былай дейді: "шұбыртпа жарасына күкiрт ұнтағын сеуіп, отқа қыздырылған қылыштың ұшымен күйдiреді".
  • Жылқының иық, бас және кеуде терiсiнiң астына сансыз бүдiр мен түйiндер жасап, iсiріп жіберетін мандам iндетін бірнеше түрге ажыратқан. Оның тамыр бойын қуалай шыққанын желi мандам, тұла бойға бөртіп қаптаған түрін жаңбыр мандам деп атайды.

Дереккөздер

  1. ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9

Әдебиеттер

  • ЦГА РК. Ф.25, О.1, Д.4199, Св.387. О коневодстве в Тургайской области (20.03.1892 г. - 10.10.1895 г.) 187 л.;
  • Тилло А.А. Лечение болезней лошади у киргизов // ЗИРГО. 1873. №27. С.42-44;
  • Тельскевищ О. Медицинский отчет по внутренней Киргизской орды за 1880 г. // АВН. СПб., 1881. №100. С.105;
  • Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург, 1895;
  • Алекторов А.Е. Скотоводство киргизов // ОЛ. 1888. №17-19. С.65-74;
  • Сейдалин С. Ветеринария у киргизов // ВОВ. 1906. С.195-158;
  • Арғынбаев Х. Мал ауруларын емдеудегi қазақтың халықтық тәжiрибесi туралы этнографиялық очерк // ТИИАЭ. Т.16. Вопросы этнографии и антропологии Казахстана. Алма-Ата, 1962. С.3-35;
  • Ветеринария в дореволюционном Казахстане // Ветеринария Казахстана. Сост.: Казкенов А.А. Алма-Ата, 1970;
  • Бәделхан Қ. Халықтық мал емдеу тәжірибелерінен. Өлгей, 1977;
  • Бабалықұлы Ж. Мал ауруларын қазақша атаулары. Алматы: Қайнар, 1986;
  • Тоқтабаев А. Жылқы ауруларын емдеудiң халықтық тәсiлдерi // Марғұлан оқулары. Алма-Ата, 1989. 279-283-бб.;
  • Қаржаубай С., Айдаубай Қ. Аттың сыны және жүйрiктi баптау жолдары // Жұлдыз. 1994. №10. 160-180-бб.;
  • Ruth M. Early Turkic Contributions on Veterinary Medicine // International Journal of Central Asian Studies. Vol. 1. 1996. Seoul. Pp.127-140;
  • Қинаятұлы Б. Жүйрік жылқыда жиі кездесетін ауру-жарақаттарды емдеу // Жаршы. 1997. №12. 28-33-бб.;
  • Қинаятұлы Б. Бап пен жарату үйлеспеуден пайда болатын жылқы аурулары // Маңмаңкер. Республикалық ұлттық ат спорты Федерациясының журналы. 1999. № 1. 45-49 б.;
  • Хинаят Б. Қазақтың дәстүрлі малдәрігерлік білім жүйесі (тарихи-этнологиялық зерттеу). Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертацияның қолжазбасы. Ғылыми жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы, 2001.

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер

Zhylky aurulary zhylky organizminin kalypty zhagdajynyn buzyluy Sausa susyn zhese as minse kolik zhauga shapsa zharak satsa pul dep baga bergen zhylky tүliginin auru syrkat zharakatyn emdeuge kazak halky erekshe mәn bergen Zhylky malyn san aluan emdeu tәsilderi osy tүlikti bagu kүtu zhәne baptau үrdisinin kuramdas salasy bolyp tabylady Torgajda kyzmet etken mal dәrigeri V Lavrovtyn mәlimetine karaganda Қazak zhylkysy ote sirek auyrady Өjtkeni zharatylysynan tozimdi Onyn үstine minis pen sharuashylyk barysynda әbden shynykkandyktan auruga onsha bejim emes Sonymen birge kazak zhylkysy әrtүrli aurularga tabigatynan tozimdi bolyp keledi Қazak zhylkysynyn osyndaj kasietterine bajlanysty osy tүlikti emdeudin san gasyrlyk tәzhiribesi kalyptasty HIH gasyrda kazak zherinde bolgan zertteushiler kazak emshileri mal auruynyn zhukpaly zhukpaly emes tүrlerine karsy әr tүrli sharalar zhasaj alady әsirese zhylky tүligin emdeuge zhaksy mashyktangan dep baga bergen Aurulardyn pajda boluy men emdeu erekshelikteriZhylky aurulary pajda bolu men olardy emdeu erekshiligine bajlanysty shartty tүrde tomendegidej tort topka boledi Tүrli zhukpaly aurular men indetter Bul aurular zhylky malynda onsha kop kezdespejdi Maldyn mertigu zhәne sүjekterinin synu saldarynan bolatyn zharakat tүrleri Onyn katarynda zhylky tuyagynda pajda bolatyn aurular da bar Arka men shoktykta pajda bolatyn zhara tүrleri Tүlikti sharuashylykka nemese miniske kinap pajdalanudan onyn ishek kurlysynda pajda bolatyn aurular Mundaj aurulardy zhalpylama oli tiyu dep atajdy Bul topka zhylky tүligin zharatu baptau nemese zhemdeu tәsilderinin durys koldanbagandygynan bolatyn aurular da zhatady Ondaj aurular kobinese zhoryk pen sayatka miniletin attarda zhәne zhүjrikte zhii kezdesedi Tүlikti kinap pajdalanudan onyn ishek kurlysynda pajda bolatyn aurularӨli tiyu tobyna zhatatyn aurulardyn tүrleri men pajda bolu sebebi de әr aluan Aurudyn basty sebepteri tok maldy katty kinap pajdalanu men kunarsyz әri sapasyz zhem shopke bajlanysty Өli tiyu aurularynyn basty belgileri zhylkynyn eki bүjiri kampiyp ketedi mojyny men kulak tusyna dejin isedi Auru askyngan kezde mal әlsin әlsin bүjirine karaj beredi zherge aunaj ketedi aldyngy ayaktarymen zher tarpidy Auru katty kinagan kezde kansha kүshense de kumalak pen zәr shygara almajdy akyrynda it tәrizdi shokiyp otyra ketedi Қazak emshilerinin pajymdauynsha oli tigen zhylkynyn ishekteri buralyp nemese keptelip kalady Zhәne kursak kuysyndagy zhapsarlas zhatkan ishektin shumaktary bir birinin arasyna otip ilinip kalady desedi Kejde ishektin ajnalasyndagy shazhyrkaj men bүjrekmaj shandyrlarynyn tujygyna asylyp kalatyn zhajttar de kezdesetin korinedi Өli tiyu tobynyn ishinde әsirese kobirek kezdesetinderi tүjnek talak shemirshek zhәne kata dep atalatyn aurular Onyn ishekte zhyn nemese kumak zhүrmej kaludan bolatyn tүri kata tolde kezdesetin tүrin koya dep atajdy dep atalady Al ishek karnyna topyraktyn usak kiyrshyktary shogip kaludan kumkata orshidi Sondaj ak uzak uakyt bojy kurgak ot shop zhep sudy az ishken zhylkynyn ishek karynyna zhem shop kebirlep zhabysyp kaludan oli tiyudin kumakkata degen tүri orshidi Өli tiyudin tүri tүjnekke ish majy ketken kәritamys mal men aryk zhylkylar zhiirek ushyrajdy Қazak emshileri tүjnekti ki kara kok tүjnek degen үsh tүrge azhyratady Emdeudin dәstүrli tүri Өli tiyu tobyndagy aurulardy emdeudin dәstүrli tәsilderi onyn tүrlerine karamastan bir birine uksas bolyp keledi Erterekte bul aurularga karsy Қuran ayattaryn oku oli tigen zhylkynyn bүjirine ajran tamyzyp itke zhalatu siyakty sharalar zhasalgan Auyrgan atpen bejitke shauyp baryp ej aruak olindi tart tirindi ber dep үsh mәrte dauystap ajtyp molany ajnalady Bejit topyragynan әkelip auyrgan zhylkyga shashkan Bul sharalardyn mәni zhylkyga kelgen oli auruynyn sebepkeri aruaktardyn dәmetuinen bolady dep tүsinikpen bajlanysty korinedi Olardyn әseri kanshalykty ekendigi belgisiz Emshilerdin emdeu tәzhiribesinde munan baska racionaldy sharalar da ken koldanylgan Mysaly zhylky kujrygynyn ushyndagy zhinishke tamyrga otkir bizdi bojlata sugu zhaksy nәtizhe bergen Sondaj ak zhylkynyn kulagynyn ushyndagy tamyrdan kan agyzgan son atty sauyryna dejin keletin suga biraz zhүzdiredi Al suyk mausymda oli tigen atpen biraz zherge dejin zhele zhortyp kelgen son ony zhabulajdy da tik isheginen zhylytkan maj nemese sabyndy su kuyady Sonymen birge aurudan bolatyn ishektin tүjiluin nemese buraluyn zhazu үshin zhylkyny zherge zhygyp әrli berli aunatkan son eki bүjirine kyzdyrylgan shym basady Bul emdi shym bulau dep atajdy Tyshkanshyk auruy Қata auruy askynyp ketse dep atalatyn auruga ulasady Onyn belgisi turaly sol V Lavrov raportynda bylaj dep zhazdy Zhylkynyn sagagynda kolemi kishkene birak tez үlkejetin isik pajda bolady Onyn tyshkan tәrizdi bultyldap turatyndygyna bajlanysty aurudy tyshkanshyk atagan Ondaj aurumen auyrgan zhylky әren dem alady Қazaktar tyshkanshyk isigine kezdik shanshyp onyn toniregin kyzdyrylgan temirmen karidy Auru zhylky mundaj emnen de zhazylmasa alakarak shemirshek dep atalatyn askyngan tүrine koshedi Bul auru maldyn zhanyna katty batatyndyktan zhylkynyn kozi alaktap tanauynyn shemirshegi deldiip ketedi Auru atauy onyn syrtky belgilerine bajlanysty atalgan dejdi ekspediciya barysynda mәlimet berushiler Өli tiyudin atalgan tүrlerin emdeu үshin maldyn zhandy zherlerine yagni denenin terisi zhuka bolikterine ine nemese biz shanshidy Ogan kyl kujryktyn majda tүbi zhәne ushy shura kulak ushy siyakty dene bolikteri zhatady Sondaj ak zhylkynyn erinin shylbyrmen kylkyndyryp burau sharasyn zhasajdy Bul tәsildi shuralau dep te atajdy Kүtimnin buzyluynan pajda bolatyn aurular Minis zhylkysynda pajdalanu zhәne kүtu zhemdeu erezhesi buzyludan bogelu kyzylmaj topkazy zoryk koteu ayagyna kan tүsu siyakty aurular orshidi Ұzak zhүristen son sol bojda kimyldamaj kalsa nemese terlep turgan atty konge bajlasa attyn keudesine nemese ayagyna kan tүsedi Onyn belgisi basyn tomen salbyratyp alyp aksap basady Barak biraz zhүrgen son aksagany basylady Bul aurudy emdeu үshin shashanyn barlau tamyrynan tobygynyn eki zhagyndagy tamyrdan zhәne tandajynan kan alady Al zhүjrikti zharatu men baptau erezhesi tolyk saktalmasa bәjge zholynda tүjilu burdygu tygylu sajtkeldi mishayak dep atalatyn aurularga tap boluy mүmkin Alkym bezi isip aunaj beretin mishayak zoryk auruyna shaldykkan zhylkynyn bauyry men buyndary isedi әlsirejdi Onyn sebepterine karaj suzoryk zhәne majzoryk degen tүrge boledi Ondaj aurulardy emdeu zholdary onajyrak koyu shaj kajnatyndysymen suaryp majmen ystajdy Zorykkan atty zhyly sumen shamadan tys suarsa auruy askynyp sajtkeldi dep atalatyn keselge ulasady Zhauyr auruy Zhylky tүliginde orshitin aurudyn bir boligi zhauyr dep atalatyn toptagy aurular Zhauyr ugymy ayasynda minis zhәne zhegin malynyn shoktyk iyk kyrarka kaptal siyakty dene boliginin terisi zakymdanyp onaj zhazyla kojmajtyn zharaga ajnaluyn ajtady Bugan zhajdak zhauyr arka ketu zhalak ystyk shygu zhauyr shili kara lonka oli et siyakty aurular zhatady Halyktyk veterinariyada koldanylgan zhauyr tүrlerin emdeu saktandyru sharalarynyn tiimdiligine bajlanysty olar әli de bolsa praktikalyk mәnin zhojgan zhok Tolyk makalasy ZhauyrMertigu zhәne sүjekterinin synu saldarynan bolatyn zharakat tүrleri Zhylky tүliginde әrtүrli sebepterge bajlanysty mertigu sүjekteri synu zharakattanu zhii ushyrasady Bular zhylkynyn shygynynyn 4 5 boligin kurajdy Birak aram olmej sojylyp alynady Al shygynnyn azgana boligi zhut ayaz borannyn kesirinen bolady Zhut shygynynyn 10 15 pajyzy kulyndarga tiesili degen mәlimet keltiredi Қazakstannyn Torgaj oblysynda kop zhyl kyzmet istegen maldәrigeri V Lavrov Mundaj mezgilsiz kezde mal boludan kalgan ayakty maldy zhylky men tүjeni aram oltirmej sojgan son etterin bolisip onyn oteuine usak mal beredi Bul saltty dәstүrli ortada kyzyl koteru dep atajdy Siregirek bolsa da mal sүjeginde synatyn zhagdajlar kezdsedi Synykty sipatyna karaj zharykshak short ajkaspa degen tүrlerge bolip cogan saj emdeu sharalaryn zhasajdy Mysaly zharykshaktanyp syngan synykty synykshy sausagymen sipalaj otyryp ornyna keltiredi Sojtip kalpyna kelgen synyktyn syrtynan agash tayaktarmen sүjemeldep emshiler ony kargashalau dep atajdy tanyp tastajdy Ogan kosa tүje shudasyn tuzdy suga malyp sorbakta etip tartsa әri isigin kajtarady әri sүjekti zhetildirip tez bitiredi dep eseptejdi Buyn tayu Zhylkyda sүjek synu buyn shygu sinir sozylu siyakty kauipti zharakattarmen katar kise basu tabandau kol tүsu syrga tayu boksesi sal bolu siyakty op onaj emdep zhazuga keletinder tүrleri kezdesedi Zhii kezdesetin buyn tayu dep atalatyn zharakat tүrine topshy iyk tolarsak mojyn tobyk urshyk buyndary zhii ushyrajdy Tajgan buynnyn bir zhagy ojys ekinshi zhagy dones bolyp korinedi Әri ol buyndy mal denesinin kelesi zhagymen salystyrganda sozylynky nemese bүgilinki ekendigi birden kozge shalynady Tajgan buyndy tәzhiribeli emshiler dүmpite uru arkanmen bajlap alyp soza tartu siyakty tәsildermen ornyna keltirgen Mundaj sharadan kejin isigi kajtyp buyn kozgalyska kelse emnin durys zhasalgany dep eseptejdi Kejde karapajym tәsilder tajgan buyndy ornyna keltiredi Mysaly tobyktyn tomengi zhagynan turanyn kobesin inemen katty pisip alsa kenet shoshyngan mal tepkilene kozgalady da buyn ornyna tүsetin korinedi Syrgasy tayu Tosyn kimyl kezinde attyn artky tuyagynyn mandajyn shalys basylsa tura sүjek pen bakalshyk sүjekterge zakym keledi Әsirese ondagy usak sүjekterdin biri syrga ornynan tajyp ketedi Ol dereu bilinedi Aksaj kalgan zhylkynnyn tuyagyn ustap korse suyk ekendigi bilinedi Tajgan syrgany ornyna salu onsha kiyn emes eptilikti gana kazhet etedi Onyn tirseginen arkanmen katty tartyp burau salyp bajlap kojsa ornyna tүsedi Tagy bir zholy syrgasy tajgan ayakka arkan bajlap alyp irke tartyp kalsa op onaj ornyna keledi Kese basu At kargyp sekirgende zhәne kerile shapkanda kalypty ayak alysynan zhanylyp artky ayagy tuyagynyn mandajymen aldyngy ayagynyn shashasyn nemese shiderligin shalys basudy kese basu dep atajdy Ogan karsy zhana sojgan kojdyn ystyk zhynyn tartyp syrtyn kurym kiizben orap tastajdy Zhinalgan aram kan bolsa shabaktap shygarady Attyn mojyn omyrtkalary shygyp ketetin zhajttar da kezdesedi Ondaj mojyn iirlenip korinedi Onyn emi attyn kulagyna su kujyp zhiberu Basyn okys shajkagan kezde shykkan mojyn buyny tүsedi desedi Ogan keskek agashty tanyp bajlap 1 2 kүn bojy kantaryp koyady Uakurt auruy Askynyp ketken buyn aurularynyn katarynda uakurt dep atalatyn tolarsak buynnyn kabynuyn zhii kezdesedi Etnograf H Argynbaevtyn enbekterinde ogan karsy sharalar mynaldar dep korsetedi attyn art zhagyna zhakyndata aspanga karatyp myltyk atady Mundajda okys kimyldagannan keshikpej zhazylyp ketedi dep sengen Al Altajdagy kazaktar koksamyrsyn pihta shajyryn zhagyp shүberekpen orap emdegen Tәzhiribeli emshiler otashylyk zhasap almas totiyajyn ukorgasyn kaskyr oti tәrizdi uly kүshti dәrilerdin birin zhipke tүjip salady Bul tәsildi dәrini arkandap salu dep atajdy Tuyak aurulary Tүrli zharakat pen auru saldarynan zhylky tuyagynda zyrtuyak dүmpu koskyrtystanu tuyak kebu bүrisu zharylu majtaban borsu kobesi sogilu tuyak shiru tabandau majtaban zharylu siyakty auru tүrleri pajda bolady Halyktyn mal emdeu tәzhiribesinde askynbagan tuyak aurularyn ukalau zhyly basu kompress zhanadan sojylgan koj terisin tartu siyakty sharalarmen emdejdi Al askyngan tүrlerin kan alyp emdejdi Ondaj sharalardyn tuyaktyn kaj tusyna zhasalatyndygyna bajlanysty emshiler tilinde shashadan kan alu majtabandy shetu zhәne taban arshu dep atajdy Mamyr atalatyn ayak auruyn algashky kazak mal dәrigeri S Sejdalin ostroe vospalenie kopyta dep pajymdagan zhәne ogan karsy atty suyk suga turgyzu nemese batpakpen sylap emdeu on nәtizhe bergen dep zhazady Arka men shoktykta pajda bolatyn zhara tүrleri Auyr zhүk artudan aldyngy ayakta koly tүsu sanda shojyrylu dep atalatyn auru tap bolady Қol tүsu degen zhauyryn tokbas zhilik iyk ajnalasyndagy bulshyk etterdin zhanshyluynan bolady dep tүsindiredi Ojpyl tojpyl bolyp turgan etti balta sabymen eppen dүmpite urady da sonynan otka kyzdyrgan bizdi arly berli shanshidy Sonynan otkir kandauyrmen piskilep kanatady Mundaj at zhazylganymen kejinder ayagyn syltyp basatyn әdet pajda bolady Ondaj zhylkyny kazaktar majkoltyk dep atajdy Al shojyrylgan maldyn belgisi artky eki ayagy shalynysyp boksesin sүjrep irelendep kalady Dәstүrli emdeu tәsilinde ogan karsy bokse beldeme sauyr tusyna ystyk tas basu nemese kyzdyrylgan temirmen karu siyakty zhyly tәsilmen daualajdy Sonynan sauyrsha nemese atzhabu zhauyp kүtimge alady Zhylkydagy zhәne tүjede kauipti zharakat beli ketu Beldi ketken mal basyn kegzhitip sauyryn kozgalta almaj kiralandajdy Zhylkynyn beli ketuinin eki tүri bar biri kok eti ketu ekinshisi beldemeden ketu Eger beldemenin arasyndagy azaby dep atalatyn shemirshegi karakemik buynnan tajsa zhylky kajkalandap kalady Al sүjegi ketse denesin bilej almajdy Beli ketkendi emdeu kiyn dejdi el arasyndagy emshiler Birak sau ayagyn bүkpelep nemese kүrdelep koyady Nemese kujrygyn bir zhagyna karaj buralau zhәne beldemege zhalpak agash kojyp үstinen dүmpite urady Sondaj ak oktaumen yspalau zhәne kamshyny kojyp үstinen ertteu katarly sharalardy zhasajdy Emdeuge zharamajtyndygy belgili bolsa aram oltirmej sojyp birneshe үj kyzyl koteru saltymen bolisip alady Zhukpaly aurularZhogaryda ajtylgandaj zhukpaly aurular zhylkyda onsha kop kezdese bermejdi Degenmen delbe mandam mandom manka sakau shygu sarzhak kara okpe sary auru zhamandat zhaman tүjme cendelme siyakty aurulardy zhukpaly dep sanaldy Atalgan aurulardy dәstүrli ortada zhaksy ajyra bilgen zhәne olarga karsy әrtүrli sharalar zhasagan Zhamandat Zhylyk aurulary ishinde en kauiptisi zhamandat topalan indetinin zhylkyda kezdesetin tүri Қazaktar ony isik tegene zhaman isik zhamaldat aram isik karyn degen tүrlerge boledi Zhamandat zharasyn kүmispen kүjdirgen nemese zhara uytyn kajtaruga kurbakany tartyp koyady Sondaj ak akzhumyr zhәne ukorgasyn siyakty emdik shopterdin tamyrynyn tosabymen zhuyp zhara ishine sakar men bujyrgynnyn үgindisin sepken Askyngan indzhet zharasyna apiyn totiyajyn almas tүjirin az uakyt salyp kojgan Tolyk makalasy Zhamandat Sakau auruy Auyrgan taj kunannyn tanauynan su zhalkayak agady alkym bezderi isingennen ot pen sudan kalatyndyktan sakau atalgan Bul isikti otashylar kezdikpen piskilep soktasyn agyzady Nemese eki үsh aptadan son zhara ozdiginen zharylyp irini zhak tusyna katyp kalady Sogan bajlanysty onyn saryzhak degen atauy da bar Sakau auruynyn zildi tүrine kazak dalasyndagy zhylkylardyn 30 40 pajyzy shaldygady onyn 10 ga zhuygy shygynga ushyragan degen mәlimet bar Tolyk makalasy Sakau auruy Delbe auruy Delbe bolyp auyrgan zhylkynyn mandaj sүjegin kuyskulakpen tesip bir shokimdej myltyk dәrisin tүtikpen miga үrlejdi Delbege uksas sendelme degen auru bilinse tandajdyn tildin tanaudyn eki zhagynan birdej kan alyp tuz zhegizip busandyru kazhet degen Zhukpalu aurulardy pajymdauZhukpaly aurudyn sebepterin әrkalaj pajymdagan Orman togaj zhylkylary zhaz mezgilinde beki dep atalatyn auruy kezinde shoktygynan kan tamshylajdy Zhas zhylkyda kezdesetin bogen auruy onyn zhal kujrygyn tүsirip sympityp ketedi Zhylkynyn ayak tamak tustaryn isirip irindetetin manka indetinin tanau manka bez manka kokirek kopirek manka nemese ak sary kokirek degen үsh tүrin azhyratady Mankanyn sebebin Torgaj kazaktary zhylky tanauyna kirip keuilzhir kensirigin zhajlajtyn kurtpen bajlanystyrady Ogan karsy zhylandy bolip zhutkyzgan nemese tiri kesirtkeni dәrilik shoptermen birge attyn kekiline bajlap koyady Manka indetine syrtky bilgeleri uksajtyn shubyrtpa auruyn S Sejdalin kozhnyj sap dep sipattady Atauy auru zharasynyn arkan tәrizdi shubatylyp taralatyndygyna bajlanysty atalgan Onyn emi zhoninde Torgaj dәrigeri M Vorobevtin kolzhazbasyndzha bylaj dejdi shubyrtpa zharasyna kүkirt untagyn seuip otka kyzdyrylgan kylyshtyn ushymen kүjdiredi Zhylkynyn iyk bas zhәne keude terisinin astyna sansyz bүdir men tүjinder zhasap isirip zhiberetin mandam indetin birneshe tүrge azhyratkan Onyn tamyr bojyn kualaj shykkanyn zheli mandam tula bojga bortip kaptagan tүrin zhanbyr mandam dep atajdy DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterCGA RK F 25 O 1 D 4199 Sv 387 O konevodstve v Turgajskoj oblasti 20 03 1892 g 10 10 1895 g 187 l Tillo A A Lechenie boleznej loshadi u kirgizov ZIRGO 1873 27 S 42 44 Telskevish O Medicinskij otchet po vnutrennej Kirgizskoj ordy za 1880 g AVN SPb 1881 100 S 105 Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg 1895 Alektorov A E Skotovodstvo kirgizov OL 1888 17 19 S 65 74 Sejdalin S Veterinariya u kirgizov VOV 1906 S 195 158 Argynbaev H Mal aurularyn emdeudegi kazaktyn halyktyk tәzhiribesi turaly etnografiyalyk ocherk TIIAE T 16 Voprosy etnografii i antropologii Kazahstana Alma Ata 1962 S 3 35 Veterinariya v dorevolyucionnom Kazahstane Veterinariya Kazahstana Sost Kazkenov A A Alma Ata 1970 Bәdelhan Қ Halyktyk mal emdeu tәzhiribelerinen Өlgej 1977 Babalykuly Zh Mal aurularyn kazaksha ataulary Almaty Қajnar 1986 Toktabaev A Zhylky aurularyn emdeudin halyktyk tәsilderi Margulan okulary Alma Ata 1989 279 283 bb Қarzhaubaj S Ajdaubaj Қ Attyn syny zhәne zhүjrikti baptau zholdary Zhuldyz 1994 10 160 180 bb Ruth M Early Turkic Contributions on Veterinary Medicine International Journal of Central Asian Studies Vol 1 1996 Seoul Pp 127 140 Қinayatuly B Zhүjrik zhylkyda zhii kezdesetin auru zharakattardy emdeu Zharshy 1997 12 28 33 bb Қinayatuly B Bap pen zharatu үjlespeuden pajda bolatyn zhylky aurulary Manmanker Respublikalyk ulttyk at sporty Federaciyasynyn zhurnaly 1999 1 45 49 b Hinayat B Қazaktyn dәstүrli maldәrigerlik bilim zhүjesi tarihi etnologiyalyk zertteu Tarih gylymdarynyn kandidaty dәrezhesin alu үshin usynylgan dissertaciyanyn kolzhazbasy Ғylymi zhetekshisi Nursan Әlimbaj Almaty 2001

Жарияланған күні: Желтоқсан 08, 2024, 01:17 am
Ең көп оқылған
  • Наурыз 27, 2025

    Ольмичча

  • Наурыз 26, 2025

    Ольмето

  • Наурыз 25, 2025

    Оллен (Оңтүстік Корсика)

  • Наурыз 25, 2025

    Оливезе

  • Наурыз 27, 2025

    Ньель

Күнделікті
  • Қазақша Уикипедия

  • Жануарлар

  • Бактериялар

  • Вирустар

  • 11 наурыз

  • Оскар сыйлығы

  • Қазақстан қазақтарының аттас-тектестер тізімі

  • Ангола

  • Ресей

  • 1893 жыл

NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия

Ақпараттық бюллетеньге тіркелу

Біздің пошталық тізімге жазылу арқылы сіз әрқашан бізден соңғы жаңалықтарды аласыз.
Байланысу
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap Feeds
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар сақталған.
Авторлық құқық: Dadaş Mammedov
Жоғарғы