Саяси жарнаманың типологиясы
Соңғы жылдардағы көптеген өзгерістер нарықтық қатынастардың дамуына әсер етуімен қатар, саяси коммуникациялардың жаңа түрлерін айқындап, айшықтай түсті. Қоғамда орын алып жатқан барлық жағдайларды таныту, ақпараттандыру барысында саяси жарнаманың қажеттілігі байқала бастады. Саяси жарнаманы өз дәрежесінде қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болатындығы айқындала түсті. Жарнама ұғымына қатысты түрлі коммуникативтік үлгілер мен теорияларды қарастыру барысында, кибернетикалық-басқарулық бағытты айтпаса болмайды. Оның негізгі зерттеулері ақпарат, коммуникация және кибернетика теорияларымен байланысты. Осы бағыт туралы тұжырымдама К. Дойч (К. Deutsch) еңбегінде баяндалады . Оның ақпараттық-кибернетикалық үлгісіндегі ақпараттық ағындары түрлі фазалармен байланысқан төрт одақпен ерекшеленеді: 1) ақпаратты алу және жинау; 2) ақпаратты өңдеу және бағалау; 3) шешім қабылдау; 4) кері байланыс шешімдерін қабылдау. Берілген үлгіні саяси жарнаманың әдістері мен технологияларында толықтай қолдануға болады деп түсінеміз. Өйткені, басқарушы элита қоғамдағы кез келген мәселенің туындауына байланысты алынған және қайта өңделген ақпараттар негізінде тиімді шешім қабылдайды. К. Дойч саяси жүйедегі коммуникацияның үш негізгі түрін көрсетеді: 1) жеке, формальды емес коммуникациялар; 2) ұйымдар арқылы жүргізілетін коммуникациялар; 3) БАҚ арқылы жүргізілген коммуникациялар. Мұндай жағдайларда түрлі байланыстарды құру формасы ретінде саяси жарнама қолданылуы мүмкін: бірінші жағдайда жағымды бейне қалыптастыру үшін кандидаттар имидждік технологияларды пайдаланады; екінші жағдайда корпоративтік жарнама ұйымдастырылып, қоғам алдында партия, саяси институттар мен басқа ұйымдардың “қажетті” имиджі дайындалады; үшінші жағдайда берілген ақпараттық технологиялардағы субъектілер мен объекттілердің өзара қатынасы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған жарнама материалдары (жарнама роликтері, мақалалар, парақшалар) көмегімен жүреді. Демек, К. Дойчтың ақпараттық-кибернетикалық үлгісінің терминдерінен саяси жарнаманы саяси жүйедегі түрлі элементтер арасындағы қатынастарды реттейтін әдіс ретінде қарауға болады: мемлекет және қоғам, мемлекет пен түрлі қозғалыстар мен ұйымдар (партиялар, сайлау блоктары, қысым көрсету топтары) . Саяси жарнаманы коммуникативтік қимыл ретінде қарастыруға болатындығы туралы жоғарыда айтылған болатын. Оның көмегімен лидер, партия, мемлекет пен мүдделі топтар, қоғам арасындағы ақпарат алмасу жүреді. Саяси жарнама қоғамда нақты көрініс тапқан құндылықтарды көпшілікке таратады. Жарнама берушінің тиімді қимылдары мақсатты топтардың оларға дауыс беруін оятады. Кез келген саяси жарнамалық науқан барлық әлеуметтік топтардың өзіндік ережелеріне сай болуы тиіс.Саяси науқан туралы ақпараттар тарататын саяси жарнама саяси ғылымдардың түрлі салаларымен қатар, тікелей жарнама және маркетингпен тығыз байланыста. Саясаттағы әрбір субъект өз өнімімен шығып, ақпараттық кеңістікті түрлі идеялық суреттемелермен толықтырады. Демек, бүгінгі қоғамның коммерциялық жарнамасы, идеологиялық және саяси құндылықтарды меңзейтін, тәуелсіздік алғанға дейін көзқарасымыз басқа болған саяси жарнаманы дамыта түсті. Әрине, саяси жарнаманың коммерциялық жарнамадан айырмашылығы жетерлік. Алдымен екі жақ объектілерінің әр-түрлілігі. Егер сайлау науқанын алар болсақ, оның басты кейіпкері - кандидат, тірі тұлға. Бірақ, американдық мамандар пікірінше, саяси кандидатты “сатудан”, тауарды өткізу анағұрлым жеңілірек. Сонымен бірге, коммерциялық жарнаманың негізгі мақсаты - табыс табу болса, саяси жарнамада қажетті құндылықтарды қоғам мүшелерінің санасында қалыптастыру болып табылады. Саясат пен экономика бір-бірімен тығыз байланысқан, өзара ажырамайтын ұғымдар. Мәселен, ірі экономикалық құрылымдар, корпорациялар, ассоциациялар саяси күштер қимылдарына әсер етеді, белгілі бір саясаткерді қолдап, оның шешімдерін орындауға ықпал жасайды. Сонымен бірге, саясаткер іскер адам секілді нарық конъюнктурасын сезініп, қоғамдағы өзгерістерді жылдам қабылдауы тиіс. Сондықтан болар, экономикада тиімді қолданылатын түрлі әдістер мен технологиялар саясатта да жүргізіледі. Саясат пен экономиканың өзара тығыз байланысын Т. Парсонс (Т. Parsons) өз еңбегінде көрсетеді . Ол саяси қызмет пен банк қызметі арасындағы қимылдарды қатар жүргізді. Мәселен, сайлау науқанына қатысушы үміткер банк қызметкері секілді билікке “үлес” бөледі, нәтижесінде сайлаушылар оның ұсыныстарын бұл сайлауда қолдамаса да, банк жұмысының режиміне ұқсас, келесі сайлау науқанында және басқа шарттарда қолдау табуы мүмкін. И. Шумпетердің “Капитализм, социализм және демократия” еңбегінде: “партиялар мен саясаткерлер кәсіподақ ассоциациялары сияқты саяси белсенділікті реттейді. Партияларды басқару, оның жарнамалық науқаны, ұрандар мен марштар психотехникасы - жай әсемдік құралы емес. Бұл саясаттағы қимылдардың мәні” . Саяси жарнамадағы экономикалық тәсілдерді орындауға “Қоғамдық пікір” тұжырымдамасы ерекше ықпал жасады. Берілген әдістеме саясаттың “нарықтық” тұжырымдамасын қалыптастырады: сайлаушы тұтынушыға теңеледі; саяси партиялар мен лидерлер - қызметтің кең түрлерін ұсынатын кәсіпкерлер; саяси үгіт-насихат коммерциялық жарнамамен трансформацияланады; үкіметтік орындар саяси қызметті қолдауға жұмсалған шығынды өтейтін мемлекеттік фирма ретінде қарастырылады. Қоғамдық сайлау саяси жүйедегі “қоғамдық тауарлар мен қызметтің” алып сұраныстары мен ұсыныстарының нарқы ретінде бағаланады. Ал индивидтің дауыс беру мінез-құлқы - оның жеке экономикалық қызығушылықтарымен теңестіріледі. Осыған байланысты, саяси адам толығымен экономикалық азаматқа айналады . Саясат саласындағы саяси маркетинг және маркетингтік технологиялар, “өз түріндегі “бизнес” “философиясына” ұқсатылады, ал лидерлер, партиялардың сайлау алды бағдарламалары тұтыну тауарлары қатарына қосылады. Ресейлік ғалым Е.Г. Морозова саяси және экономикалық тауарлар арасындағы алты ұқсастықты атайды: 1) экономикалық және саяси тауардың өз имиджі бар; 2) барлық тауардың этикеткасы, маркасы бар: саясаткер сәйкесінше партия арқылы ұсынылады, консерватор немесе жаңашыл бейнесін көрсетеді; 3) әрбір тауармен бірге оның “қызметтік” бағдарламасы қосылып сатылады; барлық саясаткер сайлау науқаны барысында өзінің тұғырнамасын сайлаушылар назарына ұсынады; 4) экономикалық және саяси тауар нарықта бірдей технологиялармен “алға жылжиды”; 5) экономикалық және саяси тауардың бәсекелестері бар; 6) тауарды “алға жылжыту” үшін (экономикалық, саяси) нарықта осы тауардың келешегіне байланысты қаржы жұмсалады . Дегенмен, экономикалық және саяси нарық арасындағы сәйкес келмейтін тұстарын да айта кету қажет. Экономикалық тәсілдерге сәйкес, азамат партияны, үміткерді немесе саяси шешімді қабылдау арқылы өз мінез-құлқын экономикалық мүдделерге бағындырады. Ал, саяси рынокта нарықтық экономикадағыдай өзіндік көріністері жоқ идеологияны азаматтардың мінез-құлқына ықпал ету факторы болады. Оның кейбір мәселелері үгіт-насихат түсініктеріне байланысты жүргізілген талдауларда қарастырылады. Коммерциялық жарнамада ұсынылатын тауардың ерекшеліктері баяндалып, тауар “ақшаға” айырбасталады, ал сәйкесінше саяси жарнамада тауар сайлаушылар дауысына, саяси қолдауы мен сенімдеріне айырбасталады. Саяси жарнаманы коммерциялық жарнамамен салыстырғанда, ол көп жағдайларда сайлау науқандары тұсында қысқа мерзімге созылады. Мәселен, сайлау науқанында сайлаушылардың бір үміткерді таңдауға сендіру үшін бірнеше апталар қажет болса, экономикалық алға жылжыту мәселелері бірнеше кезеңдерге бөлінген уақыттық мерзімдерге созылады. Сонымен қатар, саяси жарнамада этикалық құндылықтарға ерекше мән беріледі. Сондықтан, коммерциялық заңдылықтар, технологиялар, әдістерді саяси салаға оның өзіндік ерекшеліктерін ескермей байланыстыру кері нәтижелерге ұрындыруы әбден мүмкін. Осындай ерекшеліктерді сезіну арқылы саяси кеңістіктің өзгешеліктерін түсінеміз және саяси жарнаманың келесі айырмалық белгілерін айқындаймыз: -қызметтік тұрғыдан қарағанда - саяси жарнаманың азаматтарға қысқамерзімді әсер етуі, оның мақсатты топқа сол сәтте дәл ықпал жасау және жеке мінез-құлқын өзгерту; -жарнамалық мәтінді қарастырсақ - әмбебаптық үлгі шегіндегі мазмұнда жүргізу; уәде мен серт; қарсыластарды сынға алу; -мазмұндық кілті - жарнамалық мәтін элементтерінде бәсекелес жағына сыни пікірлер айту; -жарнамалық хабарламаның байланысы коммуникатор қызығушылығымен ұштасып, таратылып жатқан ақпарат мазмұнын толықтай қадағалау; -формальды тұрғыдан қарасақ - ақпараттық нарықта жарнамалық хабарламаны ақылы негізде төлеу; -азаматтардың саяси қатысуының қажеттіліктеріне қарай, билік салаларында әлеуметтік тауарды жасанды тұтынуда қозғаушы ретінде сапалылығын көрсету; -қолданатын құралдардың шектеулілігі, мысалы, азаматтардың ақпаратпен толық қамтамасыз етілмеуі; -берілген хабарламаны қабылдауда “сатып алушы” саяси жарнаманы “тұтынушымен” ұқсас. Саяси жарнаманың берілген сапаларын бөлу арқылы, жарнамалық науқанды жүргізуге сәйкес қажетті хабарламалар әлеуметтік мәселелерді жеңіл шешу және байланыстырудың басқа да түрлері тек азаматтарды саясат сахнасын маркетингтік тәсілдермен ғана ақпараттандырмайды, сонымен бірге, үгіт-насихаттық түрдегі жұмылдыру стратегиялары қолданылады. Саяси жарнаманың берілген ерекшеліктері жұмыс барысында кездесетін мәселелерді түсіндіріп, басқа да саяси технологиялармен байланыстарын орнықтырады. Саяси жарнама саясатпен бірге пайда болды. Алғашқы мемлекеттер құрылысымен-ақ, билік тұрғындармен байланыс орнату арқылы елдегі тәртіп реттелетінін түсінді. Билік азаматтар мінез-құлқына ақпараттар көмегімен әсер ету жолын таңдады. Демек, бұл ұғым саяси нарық, саяси мәдениет және саяси қатынастардың бөлшегі болып табылады. Электоралдық қабылдауда сайлаушының өз таным-түйсігін жаңа ақпаратқа байланысты түзеу қабілеті өте маңызды. Бұл арада ресейлік саяси ғылымдарының докторлары Е. Егорова-Гантман мен К. Плешаков атап көрсеткен бірнеше нұсқалардың болуы мүмкін: 1 нұсқа. Сайлаушы саяси жарнаманың ықпалымен үміткер жайлы тосын ақпаратпен танысуы мүмкін. Егер бұл мәлімет оның осы саясаткер туралы бұрынғы ой-пікірімен орайлас келсе, дұрыс деп есептейді, онда сайлаушы өзінің танып-қабылдауының дәрежесінен тыс үміткердің образын жағымды жағынан бекіте түседі. 2 нұсқа. Егер осы жарнамалық ақпарат мәні бойынша дұрыс болса, қабылдаудың маңызы зор. Өз таңдауының тиімділігі жөнінде таразылай білетін сайлаушы, жағдайды қайтадан бағамдайды, сөйтіп өзінің бағытын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қасаң түйсікті сайлаушы жаңа ақпаратты теріске шығарады, өз санасында қалыптасқан стереотиппен образға шаң жуытпайды. 3 нұсқа. Саяси жарнамада мазмұндалған жаңа ақпарат бұрынғы қабылданған қалыптасқан пікірді жойып жіберуі мүмкін. Күдікшіл, күмәншіл сайлаушы толқиды, нәтижесінде дұрыс пікірді теріс пікірмен шатастырып алуы мүмкін. Өз пікіріне берік сайлаушы тұрақты бейнесін, ой-пікірін сақтап қалады. 4 нұсқа. Бұрынырақ бұрыс мәліметпен танысқан сайлаушы, кейінірек жаңа бір мәліметті кездестіреді. Бірінші аталған сайлаушы бейнені қайта бағалап, өзіндік ой-пікір қорытады, ал екіншісі жарнаманы теріске шығарып өзінің бастапқы, үйреншікті пікірінде қалады. 5 нұсқа. Бұрынғы күмәнді образды бекітетін жаңа ақпарат қандай сайлаушының болмасын сол бейне туралы осындай ойын қуаттай түседі. 6 нұсқа. Бұрынғы жағымсыз бейнені теріске шығаратын жаңа лайықсыз ақпарат бір сайлаушыны өз бағдарын қайта қарауға бағыттауы тиіс. Екінші сайлаушы БАҚ-та, жарнамада берілген ақпаратты мойындамай, өз жолында қалады. Демек, саяси жарнаманы қабылдауға азаматтардың саяси мәдениеті деңгейі, білімділігі мен біліктілігі дәйек болмақ . Саяси жарнама біздің қоғамымызға өте қажетті құрал. Мәселен, партиялардың көптігі және тұғырнамаларындағы ұқсастық халықты әбден шатастырады. Сонымен қатар, түрлі партиялардың бағдарламаларымен толықтай танысып шығатын азаматтардың саны аз болатындығы белгілі. Сондықтан жарнама саяси тұжырымдамалар мен бағдарламалар түсінігін жеңілдетіп, оның мәтіндерін эмоцияландырады, лозунгтік, ұрандық сөздерге айналдыра отырып, сайлаушылардың сенімін қалыптастырады. Саяси коммуникацияның үздігі, Франсуа Миттеран, Жак Ширак, Лионель Жоспен, Александр Квасьневский сынды саясатшылардың саяси кампанияларын жетістікке жеткізген Жак Сегела: “Жарнама қазір тек сауданың ғана сөзі емес. Ол саясаттағы сөз, қоғамдық қатынастардағы сөз, адамгершілік сөзі”, - деп есептейді. Ол сайлау науқанын ұйымдастырушылар мен үміткерлерге өзінің ұсынған сегіз өсиетін ұстанғандарын қалайды: 1) дауысты партияға емес, адамға береді; 2) дауысты идеологияға емес, идеяға береді; 3) дауысты өткенге емес, болашаққа береді; 4) саяси емес, әлеуметтік бейнеге дауыс береді; 5) дарынсыздыққа емес, адам-аңызға дауыс береді; 6) үйреншіктілікке емес, тағдырға дауыс береді; 7) жолы болмаушыға емес, жеңіскерге дауыс береді; 8) түсініксіз құндылықтарға емес, шын орындалатын құндылықтарға дауыс береді . “Сайлау бұл - драматургия, - деп тағы жазады Ж. Сегела. Сайлаушылыр тек үміткерге сенген тұста ғана дауыс береді. Саяси кеңесші науқанның барысын халық күткендей етіп дайындауға тиіс. Жалған уәделерге орын бермей, тек орындалатын уәделерді сайлаушыларға ұсыну керек. Дегенмен, бәрін бірге емес, қажетіне қарай кезеңдерге бөлген дұрыс. Сонда ғана фильм ырғағы жағдайларға мойын сұнып және оның соңы біреу ғана: сіздің жеңіс”. С.Ф. Лисовский өзінің еңбегінде А. Дейянның төмендегі анықтамасы саяси жарнама ұғымына сай келетінін айтады: “Жарнама - бұл бұқаралық ақпарат құралдары және басқа байланыс түрлері арқылы кез келген тауарды, өнімді, фирманы, мекемені, кандидатты, үкіметті ақылы және біржақты үндеу” . “Никколо М” саяси кеңес беру орталығының шығармашылық тобы дайындаған ғылыми еңбекте, саяси жарнаманың келесі типологиялары ұсынылған: Саяси жарнаманы қабылдауға байланысты классификациялау: -визуалдық (буклеттер, сыртқы жарнама, плакаттар, листовкалар, күнтізбелер); -аудиолық (радиохабарлама); -аудиовизуалдық (теледидарлық және киножарнама). А. Дейянның классификациясы: -қатаң саяси жарнама - қысқа мерзімді мақсаттарға қолданылатын, жылдам реакцияны қажет ететін жарнама; -жайлы саяси жарнама - белгілі тұлғаны, қажетті көңіл-күйді қалыптастыратын жарнама. Саяси жарнама қызметтерін Ф. Коттлердің классификациялауы: -ақпараттық; -ақыл-кеңестік; -салыстырмалы; -ескертпелі; -бекітуші. Саяси жарнаманы тарату түріне байланысты Л. Девлин классификациясы: 1 қарапайым - кандидаттың журналист пен телекөрермен алдындағы жауабы; 2 негативтік - бәсекелестердің танымалдылығын түсіруге ұмтылатын жарнама; 3 концептуалдық - сайлауға түскелі жатқан кандидат идеяларын сайлаушыларға жеткізу; 4 “шыншыл кино” - кандидаттың сайлаушылармен әңгімелесу кадрлары; 5 “жеке сенім” - беделді тұлғалар мен кездейсоқ азаматтардың саясаткер туралы айтқан позитивті пікірлері; 6“нейтральді репортер” - журналист кандидат туралы ақпарат береді; 7 “қимылдағы кандидат” - саясаткердің маңызды мәселелерді шешудегі қатынасын көрсетеді. М. Керн жарнамалық роликтің екі түрін бөліп көрсетеді: -кандидат тұғырнамасы ұсынылған ролик; -кандидат ұраны берілген ролик. Р. Джослин классификациясы: Саяси жарнаманың риторикалық типтері: -кандидатты танымал ете түсу; -бәсекелес оппонентке шабуыл; -шабуылға берілген жауап . Саяси менеджмент саласының маманы Г.В. Пушкарева саяси жарнаманың төрт ерекшелігін көрсетеді. Біріншіден, ақпараттық өнімді дайындаушы коммуникатордың қимылы мен қабылдаушы реципиенттің аралығы мезгілмен бөлінеді. Екіншіден, саяси кампанияны жүргізушілер өнім жасау процесінде толық бақылау жүргізе алады. Үшіншіден, жарнамалық өнім реципиентке өзгеріссіз ұсынылады. Төртіншіден, саяси жарнама тегін түрде еш жағдайда жүргізілмейді . Саяси жарнама саласындағы белгілі американдық маман Роджер Эйлис пікірінше: “Науқан тұсындағы баспасөзді болып жатқан оқиғалар суреттемесі, қатысушылар қателіктері, кадрға түскен тараптар қақтығыстары, сайлау жарысы жолындағы қоғамдық пікір қорытындылары қызықтырады” . Саяси менеджерлер мен имиджмейкерлер саяси жарнамамен жұмыс жасауда оның таралуының төмендегі түрлеріне көңіл бөледі: 1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама: а) процестегі жарнама: жарнамалық үндеу, мақалалар, шолулар, сұхбат, басқа да саяси жарнамалық сарындағы репортаждар; б) радио және тележарнама: радиожарнама: радиолық үндеу, радиороликтер, радиожурналдар, репортаждар, сұхбат, эфирдегі әңгімелесулер; тележарнама: телероликтер, телеүндеу, телехабарлар, телерепортаждар, телеқойылымдар, телебаяндама, теледебаттар, “дөңгелек үстелдер”; в) аудиовизуалдық (экрандық) жарнама: жарнамалық кино және бейнефильмдер, роликтер, бейнеэкспресс-ақпарат, слайд-фильмдер. 2. Сыртқы жарнама: жарнамалық қалқан, панно, стендтер, афишалар, транспоранттар, плакаттар, үлкен формадағы парақшалар; - жарықтық экрандар, табло, жүгіртпе жолдар; -көліктегі жарнама: салонішілік, сыртқы жапсырмалық; -басқа да сыртқы жарнамалар: әуе шарлары, аэростаттар, сенсациялық қойылымдар. 3. Паблик рилейшнз шаралары: - тұсаукесерлер, баспасөз конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар; - қайырымдылық шаралары, қоғамдық шаралардағы демеушілік; - қоғамдық маңызды тақырыптағы көрермендік сөйлеулер. 4. Баспалық жарнама: парақшалар, плакаттар, конверттер, открыткалар, хаттар, брошюралар, үндеу, шақырулар, бағдарламалар, күнтізбелер, визиттік карточкалар. 5. Тікелей почталық жарнама: баспалық жарнама материалдарын тарату. 6. Жарнамалық ескерткіштер: күнтізбелер, вымпелдер, значоктар, іскерлік сыйлықтар. 7. Компьютерленген жарнама: жарнамалық ақпараттарды арнайы компьютерлік жүйелерге орналастыру . Жоғарыда аталған жағдайларға қарап, бүгінгі таңда саяси жарнаманың ұғымы мен мазмұны айқындала түскенін байқау қиын емес. Сонымен бірге, аталған тәсілдер күнделікті түрде тиімді қолданылып жатыр.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sayasi zharnamanyn tipologiyasySongy zhyldardagy koptegen ozgerister naryktyk katynastardyn damuyna әser etuimen katar sayasi kommunikaciyalardyn zhana tүrlerin ajkyndap ajshyktaj tүsti Қogamda oryn alyp zhatkan barlyk zhagdajlardy tanytu akparattandyru barysynda sayasi zharnamanyn kazhettiligi bajkala bastady Sayasi zharnamany oz dәrezhesinde koldanu nәtizhesinde koptegen zhetistikterge zhetuge bolatyndygy ajkyndala tүsti Zharnama ugymyna katysty tүrli kommunikativtik үlgiler men teoriyalardy karastyru barysynda kibernetikalyk baskarulyk bagytty ajtpasa bolmajdy Onyn negizgi zertteuleri akparat kommunikaciya zhәne kibernetika teoriyalarymen bajlanysty Osy bagyt turaly tuzhyrymdama K Dojch K Deutsch enbeginde bayandalady Onyn akparattyk kibernetikalyk үlgisindegi akparattyk agyndary tүrli fazalarmen bajlanyskan tort odakpen erekshelenedi 1 akparatty alu zhәne zhinau 2 akparatty ondeu zhәne bagalau 3 sheshim kabyldau 4 keri bajlanys sheshimderin kabyldau Berilgen үlgini sayasi zharnamanyn әdisteri men tehnologiyalarynda tolyktaj koldanuga bolady dep tүsinemiz Өjtkeni baskarushy elita kogamdagy kez kelgen mәselenin tuyndauyna bajlanysty alyngan zhәne kajta ondelgen akparattar negizinde tiimdi sheshim kabyldajdy K Dojch sayasi zhүjedegi kommunikaciyanyn үsh negizgi tүrin korsetedi 1 zheke formaldy emes kommunikaciyalar 2 ujymdar arkyly zhүrgiziletin kommunikaciyalar 3 BAҚ arkyly zhүrgizilgen kommunikaciyalar Mundaj zhagdajlarda tүrli bajlanystardy kuru formasy retinde sayasi zharnama koldanyluy mүmkin birinshi zhagdajda zhagymdy bejne kalyptastyru үshin kandidattar imidzhdik tehnologiyalardy pajdalanady ekinshi zhagdajda korporativtik zharnama ujymdastyrylyp kogam aldynda partiya sayasi instituttar men baska ujymdardyn kazhetti imidzhi dajyndalady үshinshi zhagdajda berilgen akparattyk tehnologiyalardagy subektiler men obekttilerdin ozara katynasy bukaralyk akparat kuraldarynda taratylgan zharnama materialdary zharnama rolikteri makalalar parakshalar komegimen zhүredi Demek K Dojchtyn akparattyk kibernetikalyk үlgisinin terminderinen sayasi zharnamany sayasi zhүjedegi tүrli elementter arasyndagy katynastardy rettejtin әdis retinde karauga bolady memleket zhәne kogam memleket pen tүrli kozgalystar men ujymdar partiyalar sajlau bloktary kysym korsetu toptary Sayasi zharnamany kommunikativtik kimyl retinde karastyruga bolatyndygy turaly zhogaryda ajtylgan bolatyn Onyn komegimen lider partiya memleket pen mүddeli toptar kogam arasyndagy akparat almasu zhүredi Sayasi zharnama kogamda nakty korinis tapkan kundylyktardy kopshilikke taratady Zharnama berushinin tiimdi kimyldary maksatty toptardyn olarga dauys beruin oyatady Kez kelgen sayasi zharnamalyk naukan barlyk әleumettik toptardyn ozindik erezhelerine saj boluy tiis Sayasi naukan turaly akparattar taratatyn sayasi zharnama sayasi gylymdardyn tүrli salalarymen katar tikelej zharnama zhәne marketingpen tygyz bajlanysta Sayasattagy әrbir subekt oz onimimen shygyp akparattyk kenistikti tүrli ideyalyk surettemelermen tolyktyrady Demek bүgingi kogamnyn kommerciyalyk zharnamasy ideologiyalyk zhәne sayasi kundylyktardy menzejtin tәuelsizdik alganga dejin kozkarasymyz baska bolgan sayasi zharnamany damyta tүsti Әrine sayasi zharnamanyn kommerciyalyk zharnamadan ajyrmashylygy zheterlik Aldymen eki zhak obektilerinin әr tүrliligi Eger sajlau naukanyn alar bolsak onyn basty kejipkeri kandidat tiri tulga Birak amerikandyk mamandar pikirinshe sayasi kandidatty satudan tauardy otkizu anagurlym zhenilirek Sonymen birge kommerciyalyk zharnamanyn negizgi maksaty tabys tabu bolsa sayasi zharnamada kazhetti kundylyktardy kogam mүshelerinin sanasynda kalyptastyru bolyp tabylady Sayasat pen ekonomika bir birimen tygyz bajlanyskan ozara azhyramajtyn ugymdar Mәselen iri ekonomikalyk kurylymdar korporaciyalar associaciyalar sayasi kүshter kimyldaryna әser etedi belgili bir sayasatkerdi koldap onyn sheshimderin oryndauga ykpal zhasajdy Sonymen birge sayasatker isker adam sekildi naryk konyunkturasyn sezinip kogamdagy ozgeristerdi zhyldam kabyldauy tiis Sondyktan bolar ekonomikada tiimdi koldanylatyn tүrli әdister men tehnologiyalar sayasatta da zhүrgiziledi Sayasat pen ekonomikanyn ozara tygyz bajlanysyn T Parsons T Parsons oz enbeginde korsetedi Ol sayasi kyzmet pen bank kyzmeti arasyndagy kimyldardy katar zhүrgizdi Mәselen sajlau naukanyna katysushy үmitker bank kyzmetkeri sekildi bilikke үles boledi nәtizhesinde sajlaushylar onyn usynystaryn bul sajlauda koldamasa da bank zhumysynyn rezhimine uksas kelesi sajlau naukanynda zhәne baska sharttarda koldau tabuy mүmkin I Shumpeterdin Kapitalizm socializm zhәne demokratiya enbeginde partiyalar men sayasatkerler kәsipodak associaciyalary siyakty sayasi belsendilikti rettejdi Partiyalardy baskaru onyn zharnamalyk naukany urandar men marshtar psihotehnikasy zhaj әsemdik kuraly emes Bul sayasattagy kimyldardyn mәni Sayasi zharnamadagy ekonomikalyk tәsilderdi oryndauga Қogamdyk pikir tuzhyrymdamasy erekshe ykpal zhasady Berilgen әdisteme sayasattyn naryktyk tuzhyrymdamasyn kalyptastyrady sajlaushy tutynushyga teneledi sayasi partiyalar men liderler kyzmettin ken tүrlerin usynatyn kәsipkerler sayasi үgit nasihat kommerciyalyk zharnamamen transformaciyalanady үkimettik oryndar sayasi kyzmetti koldauga zhumsalgan shygyndy otejtin memlekettik firma retinde karastyrylady Қogamdyk sajlau sayasi zhүjedegi kogamdyk tauarlar men kyzmettin alyp suranystary men usynystarynyn narky retinde bagalanady Al individtin dauys beru minez kulky onyn zheke ekonomikalyk kyzygushylyktarymen tenestiriledi Osygan bajlanysty sayasi adam tolygymen ekonomikalyk azamatka ajnalady Sayasat salasyndagy sayasi marketing zhәne marketingtik tehnologiyalar oz tүrindegi biznes filosofiyasyna uksatylady al liderler partiyalardyn sajlau aldy bagdarlamalary tutynu tauarlary kataryna kosylady Resejlik galym E G Morozova sayasi zhәne ekonomikalyk tauarlar arasyndagy alty uksastykty atajdy 1 ekonomikalyk zhәne sayasi tauardyn oz imidzhi bar 2 barlyk tauardyn etiketkasy markasy bar sayasatker sәjkesinshe partiya arkyly usynylady konservator nemese zhanashyl bejnesin korsetedi 3 әrbir tauarmen birge onyn kyzmettik bagdarlamasy kosylyp satylady barlyk sayasatker sajlau naukany barysynda ozinin tugyrnamasyn sajlaushylar nazaryna usynady 4 ekonomikalyk zhәne sayasi tauar narykta birdej tehnologiyalarmen alga zhylzhidy 5 ekonomikalyk zhәne sayasi tauardyn bәsekelesteri bar 6 tauardy alga zhylzhytu үshin ekonomikalyk sayasi narykta osy tauardyn keleshegine bajlanysty karzhy zhumsalady Degenmen ekonomikalyk zhәne sayasi naryk arasyndagy sәjkes kelmejtin tustaryn da ajta ketu kazhet Ekonomikalyk tәsilderge sәjkes azamat partiyany үmitkerdi nemese sayasi sheshimdi kabyldau arkyly oz minez kulkyn ekonomikalyk mүddelerge bagyndyrady Al sayasi rynokta naryktyk ekonomikadagydaj ozindik korinisteri zhok ideologiyany azamattardyn minez kulkyna ykpal etu faktory bolady Onyn kejbir mәseleleri үgit nasihat tүsinikterine bajlanysty zhүrgizilgen taldaularda karastyrylady Kommerciyalyk zharnamada usynylatyn tauardyn erekshelikteri bayandalyp tauar akshaga ajyrbastalady al sәjkesinshe sayasi zharnamada tauar sajlaushylar dauysyna sayasi koldauy men senimderine ajyrbastalady Sayasi zharnamany kommerciyalyk zharnamamen salystyrganda ol kop zhagdajlarda sajlau naukandary tusynda kyska merzimge sozylady Mәselen sajlau naukanynda sajlaushylardyn bir үmitkerdi tandauga sendiru үshin birneshe aptalar kazhet bolsa ekonomikalyk alga zhylzhytu mәseleleri birneshe kezenderge bolingen uakyttyk merzimderge sozylady Sonymen katar sayasi zharnamada etikalyk kundylyktarga erekshe mәn beriledi Sondyktan kommerciyalyk zandylyktar tehnologiyalar әdisterdi sayasi salaga onyn ozindik erekshelikterin eskermej bajlanystyru keri nәtizhelerge uryndyruy әbden mүmkin Osyndaj erekshelikterdi sezinu arkyly sayasi kenistiktin ozgeshelikterin tүsinemiz zhәne sayasi zharnamanyn kelesi ajyrmalyk belgilerin ajkyndajmyz kyzmettik turgydan karaganda sayasi zharnamanyn azamattarga kyskamerzimdi әser etui onyn maksatty topka sol sәtte dәl ykpal zhasau zhәne zheke minez kulkyn ozgertu zharnamalyk mәtindi karastyrsak әmbebaptyk үlgi shegindegi mazmunda zhүrgizu uәde men sert karsylastardy synga alu mazmundyk kilti zharnamalyk mәtin elementterinde bәsekeles zhagyna syni pikirler ajtu zharnamalyk habarlamanyn bajlanysy kommunikator kyzygushylygymen ushtasyp taratylyp zhatkan akparat mazmunyn tolyktaj kadagalau formaldy turgydan karasak akparattyk narykta zharnamalyk habarlamany akyly negizde toleu azamattardyn sayasi katysuynyn kazhettilikterine karaj bilik salalarynda әleumettik tauardy zhasandy tutynuda kozgaushy retinde sapalylygyn korsetu koldanatyn kuraldardyn shekteuliligi mysaly azamattardyn akparatpen tolyk kamtamasyz etilmeui berilgen habarlamany kabyldauda satyp alushy sayasi zharnamany tutynushymen uksas Sayasi zharnamanyn berilgen sapalaryn bolu arkyly zharnamalyk naukandy zhүrgizuge sәjkes kazhetti habarlamalar әleumettik mәselelerdi zhenil sheshu zhәne bajlanystyrudyn baska da tүrleri tek azamattardy sayasat sahnasyn marketingtik tәsildermen gana akparattandyrmajdy sonymen birge үgit nasihattyk tүrdegi zhumyldyru strategiyalary koldanylady Sayasi zharnamanyn berilgen erekshelikteri zhumys barysynda kezdesetin mәselelerdi tүsindirip baska da sayasi tehnologiyalarmen bajlanystaryn ornyktyrady Sayasi zharnama sayasatpen birge pajda boldy Algashky memleketter kurylysymen ak bilik turgyndarmen bajlanys ornatu arkyly eldegi tәrtip retteletinin tүsindi Bilik azamattar minez kulkyna akparattar komegimen әser etu zholyn tandady Demek bul ugym sayasi naryk sayasi mәdeniet zhәne sayasi katynastardyn bolshegi bolyp tabylady Elektoraldyk kabyldauda sajlaushynyn oz tanym tүjsigin zhana akparatka bajlanysty tүzeu kabileti ote manyzdy Bul arada resejlik sayasi gylymdarynyn doktorlary E Egorova Gantman men K Pleshakov atap korsetken birneshe nuskalardyn boluy mүmkin 1 nuska Sajlaushy sayasi zharnamanyn ykpalymen үmitker zhajly tosyn akparatpen tanysuy mүmkin Eger bul mәlimet onyn osy sayasatker turaly buryngy oj pikirimen orajlas kelse durys dep eseptejdi onda sajlaushy ozinin tanyp kabyldauynyn dәrezhesinen tys үmitkerdin obrazyn zhagymdy zhagynan bekite tүsedi 2 nuska Eger osy zharnamalyk akparat mәni bojynsha durys bolsa kabyldaudyn manyzy zor Өz tandauynyn tiimdiligi zhoninde tarazylaj biletin sajlaushy zhagdajdy kajtadan bagamdajdy sojtip ozinin bagytyn tүbegejli ozgertui mүmkin Қasan tүjsikti sajlaushy zhana akparatty teriske shygarady oz sanasynda kalyptaskan stereotippen obrazga shan zhuytpajdy 3 nuska Sayasi zharnamada mazmundalgan zhana akparat buryngy kabyldangan kalyptaskan pikirdi zhojyp zhiberui mүmkin Kүdikshil kүmәnshil sajlaushy tolkidy nәtizhesinde durys pikirdi teris pikirmen shatastyryp aluy mүmkin Өz pikirine berik sajlaushy turakty bejnesin oj pikirin saktap kalady 4 nuska Burynyrak burys mәlimetpen tanyskan sajlaushy kejinirek zhana bir mәlimetti kezdestiredi Birinshi atalgan sajlaushy bejneni kajta bagalap ozindik oj pikir korytady al ekinshisi zharnamany teriske shygaryp ozinin bastapky үjrenshikti pikirinde kalady 5 nuska Buryngy kүmәndi obrazdy bekitetin zhana akparat kandaj sajlaushynyn bolmasyn sol bejne turaly osyndaj ojyn kuattaj tүsedi 6 nuska Buryngy zhagymsyz bejneni teriske shygaratyn zhana lajyksyz akparat bir sajlaushyny oz bagdaryn kajta karauga bagyttauy tiis Ekinshi sajlaushy BAҚ ta zharnamada berilgen akparatty mojyndamaj oz zholynda kalady Demek sayasi zharnamany kabyldauga azamattardyn sayasi mәdenieti dengeji bilimdiligi men biliktiligi dәjek bolmak Sayasi zharnama bizdin kogamymyzga ote kazhetti kural Mәselen partiyalardyn koptigi zhәne tugyrnamalaryndagy uksastyk halykty әbden shatastyrady Sonymen katar tүrli partiyalardyn bagdarlamalarymen tolyktaj tanysyp shygatyn azamattardyn sany az bolatyndygy belgili Sondyktan zharnama sayasi tuzhyrymdamalar men bagdarlamalar tүsinigin zhenildetip onyn mәtinderin emociyalandyrady lozungtik urandyk sozderge ajnaldyra otyryp sajlaushylardyn senimin kalyptastyrady Sayasi kommunikaciyanyn үzdigi Fransua Mitteran Zhak Shirak Lionel Zhospen Aleksandr Kvasnevskij syndy sayasatshylardyn sayasi kampaniyalaryn zhetistikke zhetkizgen Zhak Segela Zharnama kazir tek saudanyn gana sozi emes Ol sayasattagy soz kogamdyk katynastardagy soz adamgershilik sozi dep eseptejdi Ol sajlau naukanyn ujymdastyrushylar men үmitkerlerge ozinin usyngan segiz osietin ustangandaryn kalajdy 1 dauysty partiyaga emes adamga beredi 2 dauysty ideologiyaga emes ideyaga beredi 3 dauysty otkenge emes bolashakka beredi 4 sayasi emes әleumettik bejnege dauys beredi 5 darynsyzdykka emes adam anyzga dauys beredi 6 үjrenshiktilikke emes tagdyrga dauys beredi 7 zholy bolmaushyga emes zheniskerge dauys beredi 8 tүsiniksiz kundylyktarga emes shyn oryndalatyn kundylyktarga dauys beredi Sajlau bul dramaturgiya dep tagy zhazady Zh Segela Sajlaushylyr tek үmitkerge sengen tusta gana dauys beredi Sayasi kenesshi naukannyn barysyn halyk kүtkendej etip dajyndauga tiis Zhalgan uәdelerge oryn bermej tek oryndalatyn uәdelerdi sajlaushylarga usynu kerek Degenmen bәrin birge emes kazhetine karaj kezenderge bolgen durys Sonda gana film yrgagy zhagdajlarga mojyn sunyp zhәne onyn sony bireu gana sizdin zhenis S F Lisovskij ozinin enbeginde A Dejyannyn tomendegi anyktamasy sayasi zharnama ugymyna saj keletinin ajtady Zharnama bul bukaralyk akparat kuraldary zhәne baska bajlanys tүrleri arkyly kez kelgen tauardy onimdi firmany mekemeni kandidatty үkimetti akyly zhәne birzhakty үndeu Nikkolo M sayasi kenes beru ortalygynyn shygarmashylyk toby dajyndagan gylymi enbekte sayasi zharnamanyn kelesi tipologiyalary usynylgan Sayasi zharnamany kabyldauga bajlanysty klassifikaciyalau vizualdyk bukletter syrtky zharnama plakattar listovkalar kүntizbeler audiolyk radiohabarlama audiovizualdyk teledidarlyk zhәne kinozharnama A Dejyannyn klassifikaciyasy katan sayasi zharnama kyska merzimdi maksattarga koldanylatyn zhyldam reakciyany kazhet etetin zharnama zhajly sayasi zharnama belgili tulgany kazhetti konil kүjdi kalyptastyratyn zharnama Sayasi zharnama kyzmetterin F Kottlerdin klassifikaciyalauy akparattyk akyl kenestik salystyrmaly eskertpeli bekitushi Sayasi zharnamany taratu tүrine bajlanysty L Devlin klassifikaciyasy 1 karapajym kandidattyn zhurnalist pen telekorermen aldyndagy zhauaby 2 negativtik bәsekelesterdin tanymaldylygyn tүsiruge umtylatyn zharnama 3 konceptualdyk sajlauga tүskeli zhatkan kandidat ideyalaryn sajlaushylarga zhetkizu 4 shynshyl kino kandidattyn sajlaushylarmen әngimelesu kadrlary 5 zheke senim bedeldi tulgalar men kezdejsok azamattardyn sayasatker turaly ajtkan pozitivti pikirleri 6 nejtraldi reporter zhurnalist kandidat turaly akparat beredi 7 kimyldagy kandidat sayasatkerdin manyzdy mәselelerdi sheshudegi katynasyn korsetedi M Kern zharnamalyk roliktin eki tүrin bolip korsetedi kandidat tugyrnamasy usynylgan rolik kandidat urany berilgen rolik R Dzhoslin klassifikaciyasy Sayasi zharnamanyn ritorikalyk tipteri kandidatty tanymal ete tүsu bәsekeles opponentke shabuyl shabuylga berilgen zhauap Sayasi menedzhment salasynyn mamany G V Pushkareva sayasi zharnamanyn tort ereksheligin korsetedi Birinshiden akparattyk onimdi dajyndaushy kommunikatordyn kimyly men kabyldaushy recipienttin aralygy mezgilmen bolinedi Ekinshiden sayasi kampaniyany zhүrgizushiler onim zhasau procesinde tolyk bakylau zhүrgize alady Үshinshiden zharnamalyk onim recipientke ozgerissiz usynylady Tortinshiden sayasi zharnama tegin tүrde esh zhagdajda zhүrgizilmejdi Sayasi zharnama salasyndagy belgili amerikandyk maman Rodzher Ejlis pikirinshe Naukan tusyndagy baspasozdi bolyp zhatkan okigalar surettemesi katysushylar katelikteri kadrga tүsken taraptar kaktygystary sajlau zharysy zholyndagy kogamdyk pikir korytyndylary kyzyktyrady Sayasi menedzherler men imidzhmejkerler sayasi zharnamamen zhumys zhasauda onyn taraluynyn tomendegi tүrlerine konil boledi 1 Bukaralyk akparat kuraldaryndagy zharnama a procestegi zharnama zharnamalyk үndeu makalalar sholular suhbat baska da sayasi zharnamalyk saryndagy reportazhdar b radio zhәne telezharnama radiozharnama radiolyk үndeu radiorolikter radiozhurnaldar reportazhdar suhbat efirdegi әngimelesuler telezharnama telerolikter teleүndeu telehabarlar telereportazhdar telekojylymdar telebayandama teledebattar dongelek үstelder v audiovizualdyk ekrandyk zharnama zharnamalyk kino zhәne bejnefilmder rolikter bejneekspress akparat slajd filmder 2 Syrtky zharnama zharnamalyk kalkan panno stendter afishalar transporanttar plakattar үlken formadagy parakshalar zharyktyk ekrandar tablo zhүgirtpe zholdar koliktegi zharnama salonishilik syrtky zhapsyrmalyk baska da syrtky zharnamalar әue sharlary aerostattar sensaciyalyk kojylymdar 3 Pablik rilejshnz sharalary tusaukeserler baspasoz konferenciyalary simpoziumdar seminarlar gylymi tәzhiribelik konferenciyalar kajyrymdylyk sharalary kogamdyk sharalardagy demeushilik kogamdyk manyzdy takyryptagy korermendik sojleuler 4 Baspalyk zharnama parakshalar plakattar konvertter otkrytkalar hattar broshyuralar үndeu shakyrular bagdarlamalar kүntizbeler vizittik kartochkalar 5 Tikelej pochtalyk zharnama baspalyk zharnama materialdaryn taratu 6 Zharnamalyk eskertkishter kүntizbeler vympelder znachoktar iskerlik syjlyktar 7 Kompyuterlengen zharnama zharnamalyk akparattardy arnajy kompyuterlik zhүjelerge ornalastyru Zhogaryda atalgan zhagdajlarga karap bүgingi tanda sayasi zharnamanyn ugymy men mazmuny ajkyndala tүskenin bajkau kiyn emes Sonymen birge atalgan tәsilder kүndelikti tүrde tiimdi koldanylyp zhatyr Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet